Аралық бақылау сұрақтары: 1 Психология ғылым ретінде. Мақсаты. Міндеттері


)Тұлғаның соматикалық денсаулығын сақтау факторлары



Pdf көрінісі
бет51/53
Дата06.10.2023
өлшемі1,17 Mb.
#113329
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   53
89)Тұлғаның соматикалық денсаулығын сақтау факторлары.
Қазіргі танда әр 
адамның соматикалық және психикалық денсаулығына негативті ықпалдар әсер етіп, оны 
дағдарыстық жағдаятқа түсіруде, ал психологиялық денсаулық бөлмесі эмоциялық 
қалыпты реттеп, психологиялық үйлесімділіктің дамуына жағдай туғызады.
Адамның 
денсаулығы медико-биологиялық ғана емес, сонымен қатар алдыменен қоғамдық 
өндірістің тәсіліне тәуелді әлеуметтік факторлар мен шарттардың, қатынастардың сипаты 
мен шығу тегін анықтайтын әлеуметтік категория болып табылады. 
Н.В. Яковлева қолданбалы зерттеулерде көрініс берген, денсаулықты анықтайтын бірнеше 
келістерді бөліп көрсетеді. Солардың бірі қарама-қайшылық келісі, онда денсаулық 
аурудан арылу ретінде қарастыралады. Осы келістердің негізінде медициналық 
психологиямен тұлға психологиясында зерттеулер жүргізілген. Шындығында да 
денсаулық феноменін осылайша қарастыру, соңғы бола алмайды. Әртүрлі авторлар 
денсаулықты осылай түсіндіруде келесі кемшіліктерді келтіреді:1. денсаулықты ауру емес 
ретінде қарастырудың өзінде логикалық қателік жатыр, себебі, түсінікке терістеу арқылы 
анықтама беру болып есептелмейді;2. берілген кеміс субъективті себебі, мұнда денсаулық 
барлық белгілі ауруларды терістеу ретінде қарастырылады, бірақ белгісіз аурулар 
анықталмай қалады;3. мұндай анықтаманың сипаттамалы және механистикалық сипаты 
бар, мұның өзі индивидуалды денсаулық феноменінің негізін оның ерекшеліктерінің 
динамикасын ашуға мүмкіндік бермейді
 
90)тұлғаның психикалық денсаулығын сақтау факторлары 
Тұлғаның психологиялық денсаулығы биологиялық, әлеуметтік, психикалық, 
рухани дамуға негізделеді. Адамның психологиялық денсаулығы мәселесі 
психология ғылымында ұзақ уақыт бойы өз деңгейінде қарастырылмай келді. 
ХХ ғасырдағы психология ғылымы адамның психикалық ауытқулары мен 
тұлғалық дағдарыстарын зерттеуге бағытталды, ал психикалық және 
психологиялық денсаулық назардан тыс қалып отырды. Бұл денсаулықты 
ауытқулар мен науқастың болмауымен және статистикалық норма 
көрсеткіштерімен түсіндіруден келіп туған шектеу еді«Психологиялық 
денсаулық» терминiне қатысты екi жақты түсiнiк сақталады: бiрiншiден, 
балалардың психологиялық денсаулығы бiлiм беру жүйесiндегi 
психологтардың кәсiби шеберлiгiн, психологиялық қызметтiң тиiмдiлiгiн 
көрсететiн критерий; екiншiден, психологиялық денсаулықтың ғылыми 
анықтамасы әлi де нақтыланбаған. Осы жағдайға байланысты адамның 


психологиялық денсаулығы мәселесінің теориялық-пәндiк аспектiлерiн 
зерттеу, жас кезеңдерiне байланысты қазақ балаларының психологиялық 
денсаулығы ерекшелiктерiн, қамтамасыз ету амалдарын анықтау – 
практикалық психологиялық қызмет үшiн маңызды көкейтестi мәселе болып 
табылады. Психологиялық денсаулықты дамытудың белсендi, жедел әдiстерi 
– тренингтер, индивидуалды–коррекциялық тәсiлдер ұйымдастырылып, 
қолданылуда. Олар топтық және индивидуалды жұмыстарға негiзделiп, 
тиiмдiлiгi дәлелденген (И.В. Дубровина, В.И. Слободчиков, А.В. Шувалов, 
О.В. Хухлаева). Әлеуметтiк-психологиялық тренингтердiң әртүрi – 
сензитивтi, оқытып-жаттықтырушы, өнер-би, арт (сурет) тренингтердiң және 
индивидуалды коррекциялық тәсiлдердiң – бастауыш сынып жасындағы 
балалардың психологиялық денсаулығын қамтамасыз етуде тигiзетiн 
психологиялық әсерi әлi де болса кеңейтiле зерттелмеген. Қазақ 
балаларының психологиялық денсаулығын қамтамасыз ету жолдары мен 
амалдары, осы мақсатта бастауыш сынып жасындағы қазақ балаларымен 
жүргiзiлетiн тренингтер және индивидуалды коррекциялық тәсiлдердiң 
ерекшелiктерi осы күнге дейiн назардан тыс қалып отыр.Баланың жалпы 
физикалық және психикалық денсаулығы көптеген факторларға тәуелдi: 
дұрыс тамақтану, күн тәртiбi, таза ауада болу, қимыл-қозғалыс белсендiлiгi, 
шынықтырушы шаралар, психологиялық комфорт-жайлылық. Н.И. Гуткина 
[2] психологиялық жайлылықты психосоматикалық науқастардың алдын алу 
шарты ретiнде қарастырады. Баланың қажеттiлiктерi фрустрацияға ұшыраған 
кезде өте жиi психологиялық дискомфорт - жайсыздық пайда болады. 
Бiрiншi ретте мұнда белгiлi депривация феноменi жатады, ол сәбидiң 
анасының зейiнi мен қамқорлығы жетiспеген жағдайда нәтижесiнде 
психикалық және физикалық дамуында артта қалуынан көрiнедi. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   53




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет