Аралық бақылау сұрақтары: Мантия қуысының қызметі



бет4/18
Дата09.05.2022
өлшемі29,6 Kb.
#33451
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18
4.Аскариданың дамуы

Аскарида жұмырқұрттар класына жататын дара жынысты құрт; нематод тұқымдасына жатады. Омыртқалы жануарларының ішек тоғышарлары.

Негізгі аскарида туысына 18 түр жатады. ТМД-да 8 түрі бар. Оның кейбіреулері: адамда, жылқыда, қасқырда т.б. кездеседі. Адам Аскаридасы паразиттік түрде тіршілік етеді. Оның ұрғашысының ұзындығы 25 – 40 см, еркегінің ұзындығы 15 – 25 см-ге жетеді. Ұрғашысы тәулігіне 200 – 250 мың жұмыртқа салады. Сыртқы ортада 20 – 30°С жылылықта дамыған жұмыртқадан 10 – 15 күнде дернәсіл пайда болады. Ащы ішекте дамыған дернәсіл жұмыртқа қабын жарып шығады. Олар ішектің сілекей қабатын тесіп өтіп, венаға енеді. Қан жүйесі арқылы бауырға, оң жақ жүрекшесіне, одан өкпеге жетеді. Біршама жетілгеннен кейін дернәсілдер қолқаға, трахеяға жылжып, жөтелгенде ауыз қуысына түседі. Сілекеймен қайта жұтылып, екінші рет ас қорыту жолына түскен соң, ас ішекте тұрақтап, 1,5 – 2,5 айда ересек Аскаридаға айналады. Әлбетте Аскаридалар ішектегі қорытылған аспен қоректеніп, адам организмінде 7 – 10 айдай өмір сүреді. Организмде бірден бірнеше жүзге дейін Аскаридалар кездеседі. Соның нәтижесінде адамның орталық жүйке жүйесі зақымданады, мазасыздық пайда болады, зат алмасу процесі бұзылады. Әсіресе дернәсілдерінің зақымдау әрекеті басым келеді. Олар алғашқы өсу кезінде қан түйіршіктерін, бауыр тінін, өкпе альвеоларын теседі, аллергиялық қоздыру тудырады. Адамда Аскарида әсерінен пайда болған ауруды қазақ бөсір деп атайды



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет