Аралық бақылау сұрақтары: Мантия қуысының қызметі


Бауыраяқты моллюскалар.Кластың құрылыс



бет9/18
Дата09.05.2022
өлшемі29,6 Kb.
#33451
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   18
10.Бауыраяқты моллюскалар.Кластың құрылыс ерекшеліктері,систематикасы,көбеюі мен дамуы.Маңызы

Бауыраяқтылар немесе ұлулар– 90000-нан астам түрі бар, көпшілігі теңіздерде, сондай-ақ тұщы сулар мен құрлықта және паразиттік тіршілік ететін түрлері де бар. Кейбіреуі тоғандарда, құрлықта тіршілік етеді. Жұмсақ денесін бақалшақ қаптаған, тұлғасы бүкіл бауыр жағын қамтитын жәндіктер бауыраяқтылар немесе ұлулар класына жатады. Аяқ бөлігі бақалшақтың астыңғы бөлігін қамтып, дененің сол бөлігімен жүретін болғандықтан, бұлар бауыраяқтылар деп аталады. Бауыраяқтылардың дене пішіні алуан түрлі, көпшілігінің денесі ұзынша және арқа жағы томпайып шығыңқы болып келеді. Жақсы жетілген басының бауыр жағында аузы, арқа жағында 1-2 жұп қармалауышы мен жұп көздері орналасқан. Екі жұп қармалауыштың бірінші жұбы сипап сезу қызметін атқарады, ал артқы қармалауыштың үстінде көзі орналасады. Басының алдыңғы бөлігі анда-санда ұзын тұмсықша ретінде созылып тұрады. Бауыраяқтылардың жыныс жүйесі гермафродитті, тек алдыңғыжелбезектілер класс тармағының түрлері дара жыныстылар. Соңғыларының жыныс диморфизмі байқалмайды, жыныс бездері (аналық пен аталық) әрқашан да біреу. Аналығының жұмыртқа безі аналық жолына ауысады да, оның шеті жуандап жатынға, кейде тұқым қабылдағыш қапшығына айналады. Дамуы.Бауыраяқтылардың сырттай ұрықтануымен қатар (қарапайым түрлерінде), көпшілігінде іштей ұрықтану дамып қалыптасқан. Жұмыртқаларын денесінен бөліп, ауада тез қатпайтын сұйық заттың — пілләнің ішіне салады. Жұмыртқаның бөлшектенуі көпқылтанды құрттардікі (Polychaeta) сияқты толық, біркелкі емес, спиральді, детерминативті. Бұларда да төрт макро-мен микромерлері құралады (А,В,С,Д және a,B,c,d) және Д бластомерадан, оның 4d ұрпағынан мезодерма қалыптасады. Төменгі сатыдағы алдыңғыжелбезекті (Prosobranchia) моллюскалардың жұмыртқаларынан көпқылтанды құрттарға тән трохофора тәрізді дернәсіл шығады. Бауыраяқты моллюскалардың кейбіреуі тағамға (Қытайда және т.б. елдерде теңізқұлақты) пайдаланылса, көпшілігі түрлі түсті әдемі бақалшағы үшін әр түрлі безендірулерге пайдаланылады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет