6.Сүліктер класы.Сүліктердің систематикасы,құрылысы,көбеюі және дамуы.Медициналық сүлік және оны пайдалану
Сүлік – буылтық құрттар типінің бір классы.Тіршілік ететін 400 түрі белгілі, еркін қозғалатын жыртқыштар немесе жануарлардың қанымен қореқтснстін эктопаразиттер. Сүліктерде сегменттер саны тұрақты, параподиялары, кылтандары болмайды. Сүліктер дене пішіні жағынан жалпақ құрттарға ұксас. Денесі арқа-кұрсақ жағына қарай қысылған, ұзындығы 20 см-ге дейін. Сыртқы жінішке сегменттері ішкі ірі сегменттеріне сәйкес емес. Әдетте бір ішкі сегментіне 3-5-ке дейін сыртқы жіңішке сақина сәйкес келеді.Параподиялары, қылтандары, қармалауыштары және желбезектері жоқ, тек Асаnthobdella туысының өкілдерінде алдыңғы 5 сегментінде кылтандары болады, бұл олардың азқылтанды кұрттарға жақындығын көрсетсді.
Денесі тығыз кутикуламен капталған, оның астын кілегейлі без клеткаларға бай эпителий астарлап жатады. Эпителий клеткалардың түбінде көптеген түрлі түсті түйіршіктелген пигментті клеткалары шашыранқы орналасқан. СүлІктердің түсі - осы пигменттердің түсі. Эпителидің астында сақина тәрізді әрі өте күшті дамыған ұзына бойы бұлшықеттер орналасқан. Сонымен катар дорзо-вентральды бұлшықеттері де бар.
Жыныс жүйесі–гермафродитті. Медициналық сүліктің (Hirudo medicinalis) аналық жүйесі ұрық қапшығының ішінде орналасқан, тек бір жұп жұмыртқа безінен тұрады, одан жұмыртқа жолы шығып қысқа жатынға косылады. Жатын кең бұлшықетті кынапқа жалғасады. Жыныс тесігі кұрсақ жағында аталық шағылыс мүшесінің жанында ашылады. Аталық жыныс жүйесіндегі 9 жұп аталық бездері тұкым капшық-тарының ішінде, денесінің ортаңғы бөлігінде метамерлі орналасқан. ¥рық қапшықтарының әрбіреуінен жіңішке ұрық түтікшелері тарайды, олар оң және сол жақтағы ұрық жолына ашылады. Ұрық жолдары дененің алғашқы үштен бір бөлігіне келіп домалақтанып ұрық қалтасын түзейді. Екі ұрық жолы осы қалтадан шығып, бірігіп тақ ұрық шашатын түтігіне ұласады. Түтік бұлшыкетті шағылыс мүшенің ішінде орналасып жыныс тесігімен аяқталады. Тұқым бүрку түтігіне қосымша бездер ашылады. Мамандардың анықтауынша, адамнан қан алу қандағы плазма құрамындағы лимфоциттердің мөлшерін өзгертеді. Ал сүлік сілекейінде 40-қа жуық ферменттер бар. Бұл ферменттер адам ағзасындағы қанның, жасушалардың, лимфалардың микроцеркуляциясын жақсартып, қалпына келтіреді. Нәтижесінде қан қысымы бір қалыпқа түсіп, мүшелердің ісуі басылып, аурулар басылып, ишемия дерті емделеді.
Достарыңызбен бөлісу: |