8.Насекомдардың ауыз аппараты
Таракан-кеміргіш.Барлық бөліктері сақталған.Төменгі ерін,төменгі және үстіңгі жақ,үстіңгі ерін,иек (астыңғы)
Ара-кеміргіш-жалағыш (сорғыш) құрылысы кеміргіш аппаратқа ұқсас.Төменгі жақ пен төменгі ерін,ұзын тұмсыққа айналған.жоғарғы жақ-кеміреді.(жоғарғы ерін)
Көбелек-сорғыш аппарат.төменгі жақтары ұзарып,сорғыш тұмсыққа айналған.Қалған бөліктері редукцияға ұшыраған.
Шыбын-жалағыш аппарат.Астыңғы ерінінің 2 қалағы болады.Ол жалағыш және сүзгіш қызметін атқарады.Жоғары жақтары мен төменгі жақтары жойылған.Тек жақ қармалаушы ғана сақталған.Жоғарғы ерін мен төменгі ерін бірігіп түтік түзеді.
Маса-шаңшып-сорғыш аппарат.Төменгі жақтары мен жоғарғы жақтары шаңышқыш қылтанға айналған.Ауыз қуысындағы өсіндісі-гипофарикс.Төменгі ерні 3 қырлы қанжар тәрізді текіш аппаратқа айналған.Оның сыртын жоғарғы ерін жабады.
Қандала Төменгі жақ соратын түтікке айналған.Төменгі еріннің қызметі жоқ.Жоғары ерін мен жоғарғы жақ шаңышқыш аппаратты құрайды.
9.Бас сегменттерімен санағанда жалпы 18-ге тең сегменттері бар жануарлар (өзен шаяны)
Шаянтәрізділердің әртүрлі формаларында кеуде және құрсақ сигменттерінің саны бірдей емес, тек жоғарғы сатыдағы шаяндарда сигменттерн саны тұрақты: кеуде бөлімінде – 8, құрсақ бөлімінде – 6. Бас сегменттерімен бірге санағанда жалпы саны 18-ге тең. Құрсақ бөлімінде аналь тесігімен аяқталатын аналь қалқаны немесе тельсоны бар. Бұлшық еттері басқа буынаяқтылардағыдай көлденең жолақты, шоғырланған. Бұлар өзара қаңқаның әр түрлі нүктелерін байланыстырады. Олардың бір ұшы дененің бір сегментіне немесе аяқ буынына жалғасып, екіншісі басқасының қабырғасына жалғасатындай етіп орналасады.
Достарыңызбен бөлісу: |