Қаралық ғылыми­практикалық конференция I том



Pdf көрінісі
бет84/98
Дата03.03.2017
өлшемі9,92 Mb.
#6485
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   98

 

 

 

 

607 



 

Пайдаланған әдебиеттер: 

 

1  Виссон Л., Синхронный перевод с русского на английский. 6­е изд. – М.: 45 Р.Валент; 



2  Ширяев  А.Ф.  Синхронный  перевод:  Деятельность  синхронного  переводчика  и 

методика преподавания синхронного перевода. ­ М.: Воениздат, 1979; 

3  Чернов  Г.В.  Синхронный  перевод:  речевая  компрессия  ­  Лингвистическая  проблема. 

«Тетради переводчика».­М., 1969; 

4  Чернов  Г.В.  Теория  и  практика  синхронного  перевода.  –  М.,  «Международные 

отношения», 1978; 

5  Артемов В. А. Психология обучения иностранным языкам. ­ М., 1966. 

6  Ширяев  А.  Ф.  Синхронный  перевод:  деятельность  синхронного  переводчика  и 

методика преподавания синхронного перевода. ­ М., 1979. 

 

 



ӘОЖ 655.525.31 

 

Жақыпов Ж.А.  



 

ф.ғ.д., профессор, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Астана, Казақстан 

e-mail: zhan.zhak58@gmail.com 

 

ҚАЗАҚ ТІЛІНЕ АУДАРУДА ЕСКЕРІЛЕТІН ГРАММАТИКАЛЫҚ 

ЗАҢДЫЛЫҚТАР 

 

Abstract:  The  report  was  designed  within  the  framework  of  the  international  research 

project "Patterns of translation from Chinese, Russian languages into Kazakh language". We give 

the  grammatical  patterns  of  the  translation  from  Russian  into  Kazakh.  In  any  language  is 

naturally the functioning of common grammatical universals with other languages. However, the 

correspondence between the source language and target language are rare. In this regard, we face 

with the morphological and syntactic problems in translation. Hence, translation science pays the 

special  attention  to  the  differences  in  the  grammatical  structure  of  the  languages.  Processing, 

ordering of grammatical form in the original text is not subject of translation purpose; the main 

purpose of the translation is the transfer of grammatical forms that do not meet the grammatical 

forms of the source language. One of the conditions in the process of translation is to detect and 

to match the stylistic features of grammatical differences of languages. 

 

Keywords: 

grammatical 

universals 

grammatical 

correspondence, 

grammatical 

discrepancy, deep structure, surface structure, grammatical option, context 



 

Кез келген тілде басқа тілдерге де ортақ грамматикалық  универсалийлердің (ортақ 

əмбебаптықтың)  болуы  –  заңды  құбылыс.  Дей  тұрғанмен  түпнұсқа  тіл  аударма  тілде 

грамматикалық  сəйкестіктердің  болуы  сиректеу  кездеседі.  Осыдан  келіп  аударуда 

морфология,  синтаксистік  құрылысқа  байланысты  міндеттер  туады.    Тілдердің 

грамматикалық  құрылысындағы  айырмашылықтарға  аударма  теориясында  ерекше  орын 

берілуі де осыдан. 

Түпнұсқаның  грамматикалық  формасын  өңдеу,  реттеу  аударманың  мақсатына 

жатпайды.  Аударманың  мақсаты  –  түпнұсқаның  аударма  тілге  сай  келмейтін 


 

 

608 



 

грамматикалық  формаларын  жеткізу.  Бұл  жерде  басты  шарттың  бірі  сол,  түпнұсқадағы 

грамматикалық формалардың өзгешелігі белгілі бір стильдік қызмет атқару керек. Мұндай 

ерекшеліктерге, 

мысалы, 

грамматикалық 

формалардың 

ықшамдылығы, 

сөйлем 

құрылымындағы,  синтаксистік  күрделі  тірлікті  құрастырушы  сыңарлар  арасындағы 



жарыспалылық,  белгілі  бір  сөз  табын  неғұрлым  жиі  қолдану  т.б.  сипаттар  жатады.  Осы 

сияқты  грамматико­стилистикалық  бірліктерді  аудару  не  болмаса  аударма  тілде  бар 

аналогиялық құралдарды қолдану жолымен жеткізу аударманың міндеті болып табылады.  

Жат тілдегі кейбір өзгеше грамматикалық құрылымдарды игеру қиын болуы мүмкін. 

Алайда  осы  сияқты  тұлғалардың  аударма  тілге  белгілі  бір  схема  арқылы  жететіні  де 

болады.  Мысалы,  Я  знал,  что  придешь  деген  орыс  тілінің  сабақтас  құрмалас  сөйлемінің 

бағыныңқы  компоненті  («что  придешь»)  қазақ  тіліне  көбіне  тура  толықтауыш  болып 

аударылады.  Мұндағы  ерекшелік  сол,  қазақ  тілінде  толықтауыш  бағыныңқылы  сабақтас 

құрмалас  сөйлем  жоқ.  Бұл  сияқты  грамматикалық  сəйкессіздіктерді  аудару,  əдетте,  сөз 

тіркесі, сөйлем шегінде ғана жүзеге асады.  

Бұдан  аударманы  үлгі  қалыпқа  көнеді  деген  ұғым  тумасқа  керек,  өйткені, 

біріншіден,  əр  тіл  үшін  басқа  тілмен  салыстырғанда  мұндай  ерекшеліктердің  болуы 

əрқашан  шектеулі  екен;  екіншіден,  бұл  сияқты  құрылымдарды  жеткізуде,  əрине,  қатып 

қалған  стандарт  жоқ,  аудару  өзгермейтін,  тұрақты  бір  рейептке  жүгінбейді.  Мұндайда  да 

мүмкін  болатын  нұсқалардың  бірін  таңдап  алуға  тура  келеді.  Грамматикалық  балама 

таңдау да сол сөйлемнің басқа сөйлемдермен қарым­қатынасы, мəтіннің жанры, типі, стилі 

сияқты жайттарға байланысты болады. Мұны тəптіштей айтып отырған себебіміз – шетел 

тілін 


үйретуге 

арналған 

оқулықтарда, 

салыстырмалы 

грамматикаларда 

кейбір 


грамматикалық  құрылымдар  белгілі  бір  үлгі  қалыппен  аударылады  деген  пікір  орнығып, 

қалыптасқан.  Әрине,  «бірыңғайлықтан»  аулақ  болуымыз  керек,  дегенмен  аударма 

жүзесінде кейбір жиі кездесетін, типтік мəні бар тəсілдер мен оның нұсқаларын белгілеуге 

мүмкіндік бар.  

Бір тілден екінші тілге  аудару мəселесін қарастыруда басты назарды əр тілдің өзіне 

тəн  ерекшелігі  бар  грамматикалық  құбылыстарға  аудару  керек.  Дегенмен  ортақ 

грамматикалық  сипаттары  бар  тілдердің  аударма  тілден  өзгеше  грамматикалық 

құрылымдарын  аударма  тілге  қалай  жеткізудің  типтік  жолын,  мүмкіндігін  табуға  болады. 

Әрине,  бұндайда  əр  тілдегі  ерекшеліктердің  көрінісін  есепке  алып  отыру  керек  болады. 

Мəселе, орыс тіліндегі етістіктің сыпат санаттары ондай санат жоқ түркі тілдеріне (соның 

ішінде  қазақ  тіліне)  қалай  аударылатыны,  қазақ  тілінің  оны  жеткізе  алатын  мүмкіндігі 

қандай дəрежеде екенін назарда ұстау керек болады.  Бұндай сəтте нақты бір тілдің (бізше, 

қазақ тілінің) басқа тілдегі өзгеше грамматикалық құрылымдарды жеткізе білу мүмкіндігі, 

ол  өзгешеліктерге  белгілі  бір  сəйкес  элементтерге  сүйену  керек.  Аударманың  жадында 

болатын бір нəрсе – ол сəйкестіктердің тек формалық қана сипатына сене бермеу. Мəселен, 

түпнұсқа  тілдегі  морфологиялық  құралдар  (жалғау,  көмекші  сөз,  шылау  т.с.с.)  арқылы 

берілген  мағынаны  бара­бар  етіп  аудару  үшін  лексикалық  бірлік  іздеуге  немесе 

синтаксистік бірлікпен мағынаны толыққанды етіп беруге тура келуі мүмкін. 

Аудармада 

тілдік 


жүйенің 

əр 


деңгейінің 

(лексикалық, 

морфологиялық, 

фонетикалық,  синтаксистік)  бір­бірімен  тығыз  байланысты  екені  ерекше  көрінеді. 

Мəселен,  «Он  намерен  это  сделать»  деген  сөйлемді  «Ол  бұны  істемек»  деп  аударамыз. 

Байқап тұрғанымыздай, «намерен» деген лексикалық сөз қазақшаға ­мақ жұрнағы арқылы   

ауларылып  жүре  береді.  Лексикалық  бірлік  пен  морфологиялық  тұлғаның  байланысы  көз 

алдыңызда.  

Ешқандай  теория,  соның  ішінде  аударма  теориясы  да,  типтік  құбылыстарды 

жинақтаусыз  іске  аспайды.  Алайда  сол  жинақтаулардың  өзі  де  материалдың  көлеміне, 



 

 

609 



 

қандай тұсқа қолданылуына  байланысты айқындалады, жіктеледі. Тілдің (түпнұсқа жəне 

аударма  тілдің)  өзіндік  ерекшеліктерін  əрқашан  назардан  тыс  қалдырмау  керек.  Міне, 

сондықтан  да  түпнұсқа  тілінің  грамматикалық  құбылысын  басқа  тілге  жеткізудің  қолда 

бар  мүмкіндіктеріне  байланысты  қолданылатын  жинақтаушы  мəні  бар  қағидалар  жеке 

жайттарды тексеруге, зерттеуге байланысты.  

Грамматикалық  құбылыстарды  аудармаға  теліп  қарағанда  кейбір  заңдылықтар 

мынаған келіп саятын сияқты: 

Дəлме­дəл  формалды  –  грамматикалық  тұрғыдан  аудару  тұлғалық­формалық 

сəйкестіктердің  болмауына  байланысты  көбіне  мүмкін  болмай  қалады.  Грамматикалық 

тұлғаны  сол  қалпы  грамматикалық  тұлғамен  аудару  көбіне  аударма  тілдегі  сөздердің 

тіркесі  заңдылығына  сай  келмеуі  мүмкін,  ал  кейбір  жағдайда  тіларалық  тепе­теңдік 

(формалық тепе­теңдік) стильдік тұрғыдан басқаша болып шығады. Әсіресе түпнұсқа мен 

аудармадағы  сөйлемдердің  орын  тəртібі  мен  саны,  грамматикалық  санаттары,  негізі 

мағынасы сайма­сай келуі сирек кездеседі. Мысалдар: И все почему­то вздохнули (Чехов) – 

Неліктен  екені  белгісіз,  бәрі  де  күрсінді.  Байқап  отырғанымыздай,  дəлме­дəл  аударма. 

Дегенмен  бұл  аудармадан  айырмашылықтарды  байқауға  болады:  почему  то  –  неліктен 



екені  белгісіз  орыс  тілінің  бір  формасы  қыстырмалық  ораммен  беріліп  отыр.  Түпнұсқада 

бұл сөз формасы басқа сөйлем мүшелерімен синтаксистік байланыста тұр. Оның себебі 



то деген белгісіздік санатына қазақ тілінде (формалық) тұлғалық балама жоқтықтан.  

Тарихи  мəні  бар бір мысал келтірейік.  Әрі аудармашы, əрі  аударматанушы ретінде 

Мұхтар  Әуезов  «Дворянское  гнездо»  атты  Тургеневтің  шығармасын  өзі  аударуына 

байланысты былай деп жазада: 

«Мен  шамам  келгенше,  ең  алдымен  романды  дəл  аударуға  тырыстым.  Тек  дəл 

аудару ғана үлкен жазушының тіл, стиль, сөйлем ерекшеліктерін бере алатын болады. Бұл 

жөніндегі дəл аудару дегенді мен сөйлеміне сөйлем орай аудару деп түсінемін.  Сондықтан 

қанша ұзын болса да, романның өзіндегі сөйлемдері үзіліп, бөлшектеніп, бірнеше сөйлем 

болып берілмейді. Соның орайына орысша текстің өзінде болған тыныс белгілерінің көбі 

қазақша  текстте  де  мол  қолданылады.  Сөйтіп  Тургеневтің  сөйлемдері  қазақшасында  да 

өзінің ұзынды­қысқалы көлемімен дəл беріледі» [1, 353].  

Мұхтар  Әуезовтің  нақты  бір  шығармаға  байланысты  айтқан  бұл  пікірі  де 

«Дворяндар  ұясы»  шығармасын  аударуы  да  сыннан  сыртқары  қалған  жоқ.  Сын 

айтушылардың  тілге  тиек  еткен  себептерінің  бірі  сөйлем  тіркестерінің  түпнұсқаға  тіпті 

жақын  тұруы  еді.  Мұнда  бір­бірінен  тілдерінің  грамматикалық  байланысты  шамалы  екі 

халықтың  тілін  жақындастыру  мақсаты  қойылғанға  ұқсайды.  М.Әуезовтің  тіл  шеберлігі, 

дарыны  мұны  көп  орайда    жеткізе  де  білді.  Олай  дейтініміз  Мұхтар  Әуезов  түпнұсқа 

тілінің кестесін, ой астарын тамаша меңгерген. Осы аудармадан кейбір мысалдар: 



Ночь была тиха и светла, хотя луны не было. – Түн тыныш, ай болмаса да, жарық 

екен.  Лаврецкий поднялся и начал возражать Панщину: завязался спор. – Лаврецкий түре 

келіп,  Панщинге  қарсы  сөйлеп:  дау  басталды.  День  пронесся  быстро  в  этих 

размышлениях, начал вечер. – Осындай ойлармен күн тез өтті де, кеш те батты. Он ей 

сам  по  себе  не  очень  нравился,  да  и  Панщин,  под  влиянием  которого  она  находилась, 

весьма коварно, но небрежно похвалил его накануне. – Мұның өзі де оншалық ұнамайтын 

және Панщинге өзінің бұл әйелге ететін әсері бойынша кеше жігітті арам түрде және 

астамшылықпен ақтаған болған.  

Алдыңғы үш мысал  дұрыс­ақ  аударылған,  ал  соңғысында аудармашы қазақ  тілінің 

ерекшелігін  нысана  етпей  түпнұсқа  тілдің  грамматикалық  құрылысының  жетегінде  кетіп 

қалғандай. Бұл шығатын қорытынды сол, аударуда грамматикалық санаттардың айнымалы 

өзгергіштігі,  тіпті  дəл  аударылуы  дегеннің  өзінде,  əрдайым  болып  тұратын  құбылыс. 


 

 

610 



 

Формалық­грамматикалық тепе­теңдік деген нəрсе аудармада тіпті өте сирек болады екен.  

Түпнұсқа  мен  аударма  тілдегі  грамматикалық  айырмашылықтардың  болу 

жағдайлары. Түпнұсқа тіл мен аударма тілдің арасында болатын айырмашылықтардың үш 

типі бар: 

1.  Түпнұсқа  тілде  кездесетін  элементтерге  аударма  тілде  формалық­грамматикалық 

сəйкестіктердің  болмауы.  Мысал  ретінде  орыс  тілін  түпнұсқа  тіл  деп  алсақ,  ол 

тілдегі етістіктің вид категориясы, сын есімнің қысқа формасы т.с.с. 

2.  Керісінше,  аударма  тілде  бар  элементтер  түпнұсқа  тілде  болмайды.  Бұған  орыс 

тілінен  қазақ  тіліне  аударуда  кездесетін  қазақ  тіліндегі  етістіктің  нақ  осы  шағы, 

бұрынғы өткен шағы, өзгелік етіс, тəуелдік жалғау т.с. жатқызуға болады.  

3.  Аударма тіл  мен  түпнұсқа тілде формалық­грамматикалық  жағынан  бір­біріне сай 

келетін  элементтер  болғанмен  аудару  үстінде  олар  қызметтері  жағынан  əртүрлі 

болып  келуі  мүмкін.  Мəселен,  орыс  тіліндегі  «и»  көп  мағыналы  ол  кейде  себеп­

салдар  мағынасын  берсе,  кейде  шарттылық  мағынасын  да  береді.  Мысалы:  Он  не 

жених  тебе,  и  вам  вместе  жить  нельзя.  («и»  салдар  мағынасын  үстеп  тұр). 

Сумейте  создать  условия,  и  вы  удлените  жизнь  растений.  (Бұл  жерде    «и»  шарт 

мағынасын білдіріп тұр). Сол сияқты қазақ тіліндегі шартты рай тұлғасы формалық 

жағынан орыс тілінің «бы» демеулігіне балама болатындай. Алайда қазақ тіліндегі 

шартты рай басқа мағыналарда да жұмсалады. Тағы бір мысал. Қазақ тілінің дейін  

шылауы  орыс  тілінің  до  предлогымен  сай  келеді.  Алайда  «мне  не  до  шуток» 

дегеннің қазақшасы «Менің қалжыңдайтын жайым жоқ» болып шығады.  



Екі  тілдің  синтаксистік  икемділігін  қолдану.  Қай  тілде  болсын  синтаксистік 

құрылымдар екі қабатқа – беткей құрылым жəне терең құрылымдық қабаттарға – бөлініп 

жүр.  Түсіндіре  кетейік.  Мəселен,  орыс  тіліндегі    Рабочие  построили  дом.  Дом  построен 

рабочими.  Рабочие,  которые  построили  дом...  деген  сияқты  синтаксистік  түзілімдердің 

беткей құрылымы əртүрлі болғанмен терең қабаты, яғни мағыналық жағы бір­біріне жуық 

жатыр. Аударуда, əрине, осы терең құрылым (мағынасы, мағлұматтың мəні) өзгеріссіз қалу 

керек. Бірақ бұдан беткей құрылымды (формалық, грамматикалық) елемеу керек деген сөз 

тумасқа  керек,  өйткені  сыртқы  форманың  да  стильдік  рөлі  болуы  мүмкін.  Мəселен,  орыс 

тіліндегі  ырықсыз  «пассив»  құрылымды  («Дом  построен  рабочими»)  сөйлемдер  ауызекі 

сөйлеу  тілінен  гөрі  кітаби­жазба  стильде  көбірек  тараған.  Сондай­ақ  қазақ  тілінде 

баяндауыштық орын тəртібінің өзгеруі басқа стильден гөрі ауызекі сөйлеуге, поэзияға тəн 

десек болады [2, 143­169]. Аударма үдерісінде назар аударатын синтаксистік құрылыстар, 

бағамдауымызша,  төмендегідей.  Ескерте  кетер  бір  жайт,  дəл  бұл  мəселені  біз  түгендеуді 

мақсат тұтпадық, мақсат оқырманға бағыт беру, ой салу болды.    

Орыс  тіліндегі  сөйлемдегі  сөздердің  орын  тəртібі  шартты  түрде  болса  еркін  екені 

белгілі,  ал  қазақ  тіліндегі  сөйлемнің  əр  мүшесінің  белгілі  бір  қалыпты  орны  бар. 

Сондықтан  орыс  тілінен  қазақ  тіліне  аударуда  əр  қашанда  орын  тəртібін  өзгертуге  тура 

келіп  отырады.  Бір    мысал:  Приезжает  стрелец-молодец  к  царю.  Привозит  царевнино 

платье; Василиса-царевна опять заупрямилась. – Мерген-өрген патшаға келеді; қиғылық 

салыпты. (ауд. М. Әлімбаевтікі). 

Орыс тілінен қазақ тіліне аударуға байланысты тағы бір синтаксистік мəселе – орыс 

тіліндегі сабақтас құрмалас сөйлемдер қазақ  тіліне жай  сөйлем болып  аударылатындығы. 

Мысалы:  Он  сам  не  понимал,  как  это  ложь  сорвалась  с  его  языка.  –  Ол  бұл  өтіріктің 



аузынан  қалай  шығып  кеткендігін  байқамай  қалды.  Он  тот,  кто  нам  нужен.  –  Ол  бізге 

керек адамның өзі. Әрине бұл жерде де басты мəселе  мағынаны сақтау. 

Кейбір  ұзақ  периодтарды  сол  периодтық  формасын  сақтап  аудару  түпнұсқаның 

мəнді тұстарын бұрмалап жіберуге аударманы ретсіз, түсініксіз етуге соқтыратыны да бар. 


 

 

611 



 

Бұл  –  форма  қуудың  салдарынан  болады.  Түпнұсқа  мағлұмат  толыққанды  етіп  жеткізу 

үшін  бұндайда  оларды  бірнеше  сөйлем  етіп  беруге  де  тура  келеді.  Мысал  ретінде  М. 

Әуезовтің  Л.  Толстойдың  «Думаннан  соң»  атты  əңгімесін  аударуына  қатысты  жасаған  Ә. 

Сатыбалдиевтің талдауына назар аударайық: «...Дождавшись начала мазурочного мотива, 

он  бойко  топнул  одной  ногой,  выкинул  другую,  и  высокая,  грузная  фигура  его  то  тихо  и 

плавно,  то  шумно  и  бурно,  с  топотом  подошви  ноги  об  ногу,  задвигалась  вокруг  залы» 

деген  сөйлемнің  бөлшектенуін  көрейік.  «Мазурка  күйінің  басы  балтала  бергенде,  ол  бір 



аяғын  екпінмен  тарс  еткізіп,  екіншісін  соза  бастады.  Зор  ауыр  денесі  кейде  жай,  кейде 

қалқып, кейде құлшынып, екіленіп кетеді. Бір аяғын бір аяғына соғып, немесе табанымен 

тақтай теуіп, зал бойымен жылжып берді».  

Бір  сөйлемнен  үш  сөйлем  шығарған.  Бірақ,  соңғы  екеуі  бастауышсыз  сөйлемдер 

болғандықтан  ,  қисындық  жағынан  алдыңғысымен  еріксіз  жалғасып,  бəрі  біртұтас  ойды 

білдіреді,  бүтін  бір  көріністі  бейнелейді.  Автордың  стилін  сақтауға  себін  тигізді  деп 

отырғанымыз да содан. Ал егер осыларды толымсыз сөйлем етіп алмай, əрқайсын дербес 

құрған  болса,  онда  əлдеқандай    бір  ортақ  бастауышты  амалсыз  қайталап,    ойдың  екпінін 

əлсіретіп жіберген болар еді де, автордың стилінен алшақтай берер еді [3, 136­137].  

Байқап  тұрғанымыздай,  бұл  тəсілде  де  стиль  басты  бағдар  болуы  керек  екен. 

Аударуда  тыныс  белгілерін  сақтау  көбіне  əріпқойлыққа  жатқызылып  жүр.  Алайда 

аударматанушы Ә. Сатыбалдиев аударуда тыныс белгілеріне айрықша көңіл бөлудің қажет 

екенін қисынын дəлелдейді [3, 142­149]. Өйткені тыныс белгілері автордың өзіндік стиліне, 

сөз саптау ерекшелігіне, кейіпкердің характері, беруге түпнұсқаның ырғағына қызмет етіп 

тұруы мүмкін. 

Аударуда  грамматикалық  вариантты  таңдап  алу.  Қай  тілді   алсақ  та, кейде бір 

мағына-мазмұн  əр  түрлі  грамматикалық  варианттар  арқылы  да  беріледі  [4,  201­2017]. 

Айталық,  қазақ  тіліндегі  «қаладан  шықты,  қала  маңынан  шықты,  қала  жақтан  шықты» 

деген сияқты сөз тіркестер контекске қарай бір ғана мазмұнға ие болып тұруы мүмкін. Сол 

сияқты  «Тегінде,  біреуді  жамандағанда  үйіп-төге  бермей,  шектен  шықпаған  жөн  ғой», 

«Тегінде, біреуді жамандағанда да шектен шықпай, барды-жоқты үйіп-төге бермеген  жөн 

ғой» деген сияқты сөйлемдер əр түрлі ретте тұрғанмен, мазмұны өте ұқсас. 

Грамматикалық варианттардың синонимдігі көбінесе конструкцияны тұтас алғанда 

көрінеді.  Мəселен,  жаңағы  «қала,  қала  жақ,  қала  маңы»  деген  сөз  формалары  жеке  алсақ 

синоним емес. 

Грамматиқалық  синонимдер  бірыңғай  мағына-мазмұн  береді  дегенімізбен,  олар 

стильдік  тұрғыдан  бірдей  бола  бермейді,  бірін-бір  əрқашан  ауыстыра  бермейді.  Бұл 

тəріздес  синонимдердің  бір  ғана  вариантын  таңдап  алу  не  керекті  мағынаны  анықтайтын 

тар  көлемді  контекске,  не  тілдік  стиль  жүйесін  анықтайтын  кең  көлемді  контекске 

байланысты.  Салыстырыңыз:  Тегінде  біреуді  жамандағанда  барды-жоқты  үйіп-төге 

бермей,  шектен  шықпаған  жөн.  Тегінде,  біреуді  жамандаған  екенсің,  сонда  да  барды-

жоқты үйіп-төге бермей, шектен шықпаған жөн деген синонимдес сөйлемдерді алайық. 

Бірінші  вариантында  ақыл  айтып  қана  тұр,  ал  екіншісінде  «жамандама»  деп  тұрған  жоқ, 

бірақ  «шамасын  біл»  деп  тұр.  Бұл  –  тар  көлемді  контекске  байланысты  құбылыс, 

айтылатын  дəл  мағыналық  реңкті  аша  түсу  үшін  керек  заңдылық.  Енді  кең  көлемде 

контекске  келейік:  Алтын  қылыштан  қураған  үйеңкі  артық  –  Алтын  қылышпен 

салыстырғанда  қураған  үйеңкі  артық;  Қағазыңыз  бар  ма?  –  Қағазыңыз  бар,  ә?  Бұл 

сөйлемдердегі бірінші вариант жазба тіл  стилінде тəн де, екіншісі ауызекі сөйлеу стиліне 

тəн. Аудару үстінде түпнұсқа тілдің осындай қасиеттерін ескеріп отыруға тура келеді. 

Кейбір қорытындылар: 

Түпнұсқа  тіл  мен  аудар  тілдің  грамматикалық  жүйелерінің  сəйкессіздігі,  осыдан 


 

 

612 



 

келіп  шығатын  кейбір  грамматикалық  формаларды  дəлме-дəл  бере  алмау  сияқты 

қиындықтан  басқа  грамматикалық  құралдармен  немесе  грамматикалық  тұлғалардың 

орнына лексикалық сөз қолданумен игеріледі. 

Екіншіден,  аударуда  екі  тілдің  тұтас  грамматикалық  жүйесін  есепке  алып  отыру 

керек, жекелеген жайттарды қуалап кету олқылыққа ұшыратады. 

Келесі  бір  əрқашан  есте  ұстар  мəселе,  грамматикалық  құрылымдарды  аударуда  да 

мағыналық-стильдік бояуды, контексті назардан тыс қалдыруға болмайды. 



 

Пайдаланған әдебиеттер: 

 

1  Әуезов  М.Уақыт  жəне  əдебиет.  –  Қазақтың  мемлекеттік  көркем  əдебиет  баспасы.  – 

Алматы, 1962. – Б.353. 

2  Бархударов Л.С. – Язык и перевод. – М., Международные отношения, 1975. С. 

3  Сатыбалдиев Ә. Рухани қазына. – Алматы: Жазушы, 1987. 

4  Алексеева  И.С.  Введение  в  переводоведение.  –  СПб.:  Филологический  факультет 

СПбГУ; Издательский центр «Академия», 2004.  

 

ӘОЖ 801.313:802.0:809.434.2 



 

Жұмаева Э.С. 

 

пед.ғылымд.магистрі, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда  

мемлекеттік университеті, Қызылорда, Қазақстан 

e-mail: e-zhumayeva@mail.ru 

 

ҚАЗАҚ ЖӘНЕ АҒЫЛШЫН ТІЛДЕРІНДЕГІ АНТРОПОНИМДЕРДІҢ  

ТАНЫМДЫҚ  СИПАТЫ 

 

 

Abstract: This article is devoted to the study problems of ethno­cultural phenomenon of 

Kazakh and English anthroponyms from cognitive point of view. In the modern philology the 

newest, most complex and urgent problem is linguo­cultural and linguo­cognitive study of 

anthroponyms of Kazakh and English languages. The study of anthroponyms in unity and 

interrelationship with their national history, ethnoculture, spirituality and world­view allows 

revealing the true nature of anthroponyms. 



 

Keywords:  anthroponym,  onomastic,  аnthroponimicon,  proper  name,    precedent 

anthroponyms. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   98




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет