Пайдаланған әдебиеттер тізімі:
1 Əдеби жəдігерлер, V том (Жүсіп Баласағұн, «Құтты білік», А.Қ, Егеубаев), Алматы:
Таймас баспасы, 2007.536 б.
2 С. Жолдасбайұлы, «Ежелгі жəне ортағасырдағы Қазақ елінің тарихы», Кітап баспасы,
Алматы қаласы, 2010. 208 б.
498
3 И. Кафесұлы, Түрік мəдениет тарихы, Ыстанбул, 1996225 б.
4 С. Жолдасбайұлы «Ежелгі жəне ортағасырдағы Қазақ елінің тарихы», кітап баспасы,
Алматы қаласы, 2010. 138 б.
5 В. В. Бартольд, Тюркидвенацать лекций по истории турецких народов Средней Азии,
Алматы, 199847 б.
6 К. Аманжолов, Түркі халықтарының тарихы2, Алматы: Білім баспасы, 1997 26 б.
7 Решат Генч, Қарахандардың мемлекеттік құрылымы, Ыстанбул, 199885 б.
8 Расони Лазло, Түріктердің Тарихы(Tarihte Tűrklűk), Aнкара:TAKE баспасы, 19914 б.
9 И. Кафесұлы, Түрік мəдениет тарихы, Ыстанбул, 1996230 б.
10 Жүсіп Баласағұн, Құтты Білік, ауд.А.Қ, Егеубаев Алматы: Таймас баспасы, 2007.538
б.
11 Жүсіп Баласағұн, Құтты Білік, ауд.А.Қ, Егеубаев Алматы: Таймас баспасы, 2007.536
б.
ƏОЖ 327/339.9
Мұсатаев С.Ш.
1
, Сақбекова Ә.Б.
2
əл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Саясаттану жəне саяси
технологиялар кафедрасының профессоры, саяси ғылымдарының докторы
E-mail:
mceka@mail.ru
əл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Саясаттану жəне саяси
технологиялар кафедрасының магистранты
ЕАЭО ТРАНЗИТТІК ӘЛЕУЕТІН АРТТЫРУДАҒЫ ҚАЗАҚСТАННЫҢ РӨЛІ
Abstract. The article examines geostrategy of the Republic of Kazakhstan, Kazakhstan's
role in improving the transit potential of the EAEC, aimed at efficient use of its transit
potential,as well as topical issues of state policy in the sphere of transport and communications.
Kazakhstan has initiated projects such as the international transit corridor "Western Europe
Western China", "Eurasian transcontinental corridor" state program "Nurly Jol" that contribute to
the development of the transcontinental infrastructure. The authors carried out political analysis
of the work done in the field of transport and logistics.
Key words: Transit potential, geostrategic, transport and communications, international
transport corridor
Қазақстан Президенті Н.Ə. Назарбаевтың «Ұлт жоспары – қазақстандық арманға
бастайтын жол» атты мақаласы – Қазақстанның дағдарысты еңсеруіне бағытталған, бүкіл
қоғам өмірі мен ұлттық экономиканың жаңаша даму жолдары кешенді қарастырылған
бағдарламалық құжатқа тең. Елбасымыздың жаңа Ұлт жоспарында еліміздің көліктранзит
логистикалық əлеуетін арттыруға баса назар аударылып отыр [1]. Еуразия кіндігінде
орналасқан Қазақстан қазіргі заманғы көліктік инфрақұрылымды қалыптастыру мен
дамытуды жүйелі түрде іске асыруда. Жалпы, Қазақстан тарихына шолу жасасақ геосаяси
жағдайына байланысты қасиетті қазақ жері ғасырлар бойына тоғыз жолдың торабын,
түрлі бағыттағы керуен жолдарын тоғыстырған. Алтай мен Атыраудың арасында жатқан
кеңбайтақ қазақ жері Шығыс пен Батыс өркениеттерін тоғыстырып, ұлы дала арқылы
қазіргі заманғы халықаралық қатынастарға негіз болған Ұлы Жібек жолы өткен. Ал
бүгінгі таңда Еуразия құрылығының көп елдеріне, ірі көліктік тораптары мен
499
терминалдарына жол ашатын автомобиль жəне темір жолдардың Еуропалық жəне
Азиялық аумақтық жүйелеріне белсенді интеграция процесі жүруде. Бұл процесте
Қазақстанның алар орны мен атқаратын рөлі ерекше. Осыған байланысты мемлекет
басшысының ұлт жоспарында «көлік тасымалдары жүйесі мен транзитті дамыту
мақсатында, «Нұрлы жол» Мемлекеттік бағдарламасында қаралғандай, республикалық
маңыздағы 7 мың шақырымнан астам автомобиль жолдары қайта жаңғыртылатын
болады» деп көрсетілген. Сонымен қатар, Қазақстанды халықаралық көліктік
коммуникациялық ағындарға интеграциялау мақсатында мультимодальды «Еуразиялық
трансқұрлықтық дəлізін» құру бойынша жоба басталды.
Қазақстан Президенті Н.Ə. Назарбаев саясиэкономикалық интеграцияның идеялық
генераторы ретінде əлемге танылған саясаткер. Ұлт көшбасшысы 2007 жылы
Қазақстанның ашық теңіз жолдарынан алыстығын кемшілікке емес, керісінше, тиімді
ерекшелікке айналдыруды көздеп, еуразиялық көліктік қатынастарды нығайтатын Шығыс
пен Батыс, Оңтүстік пен Солтүстік арасында транзиттік тасымалдың оңтайлы жолы
ретінде «Батыс Еуропа–Батыс Қытай» транзиттік көлік дəлізін салуды ұсынған
болатын. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ə. Назарбаев «Жаңа əлемдегі жаңа
Қазақстан» атты 2007 жылғы 28 ақпандағы ел халқына арнаған Жолдауында «Батыс
ҚытайБатыс Еуропа» автожолын салу туралы Қазақстан Үкіметіне нақты тапсырма берді:
«Үкімет жарты жылдың ішінде халықаралық маңызы бар негізгі автожолдарды
халықаралық стандарттарға сəйкес келтіруге қажетті стратегия əзірлеуі керек. Сонымен
қатар көліклогистикалық кластерді дамыту ауқымында Батыс Еуропаны Батыс Қытаймен
жалғастыратын Қазақстанның аумағы арқылы өтетін автомобиль жолы салынуға тиіс» [2].
Бұл халықаралық жоба қазір толықтай жүзеге асудың алдында тұр. «Батыс Еуропа–
Батыс Қытай» халықаралық транзиттік дəлізі – бұл XXI ғасырдың құрылысы, əлемдегі
бірегей жоба. Көлік дəлізінің жалпы ұзындығы – 8445 шақырым. Мұның ішінде
Қазақстанның үлесіне 2787 шақырым тиесілі. Ресей Федерациясына жолдың 2233 км
тиесілі. Ал Қытай арқылы көлік дəлізінің 3425 км өтеді. Жолды басынан аяғына дейін 10
14 күн ішінде жүріп өтуге болады. Бұл жобаны «Ұлы Жібек жолының» жаңғыруы деп
бағалауға тұрарлық. Аталмыш жобаның баламалы дəліздерден, Транссібір автожол дəлізі,
Суэц арнасы арқылы өтетін теңіз жол дəлізімен салыстырғандағы артықшылығы оның
ұзындығы мен жолда жүретін уақыты болып табылады. Қытай мен Еуропа арасындағы
теңіз дəлізі арқылы жолда жүретін уақыт 45 тəулік, ал «Трансібір» темір жол магистралі
бойынша екі аптадан астам уақыт керек. Мамандардың есептеуінше, «Батыс Еуропа
Батыс Қытай» дəлізі арқылы Ляньюньгань портынан Еуропа мемлекеттерінің шекарасына
дейін 14 тəулікте жетуге болады екен (егер 2 жүргізуші кезектесіп, тəулігіне 10 сағаттан,
сағатына 7080 шақырым жылдамдықпен жол жүрсе) [3].
«Батыс Еуропа – Батыс Қытай» жолының стратегиялық маңызы еліміз үшін өте зор.
Сондықтан Елбасымыз оны үнемі назарда ұстап отыр. Осы жерде салыстыру үшін айта
кетсек: кезінде дүрілдеген кеңес өкіметі кезінде БАМ, яғни БайкалАмур магистралінің
құрылысының жалпы ұзындығы 3300 шақырым, оны салуға 150 мың жұмысшы күшімен
17 жыл жүргізді.
Ал «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» жолы 2007 жылы бастау алып, 2017 жылы
толықтай бітеді деп жоспарланып отыр. Ондағы жұмыс күшінің саны 50 мың адамға дейін
жетіп, жұмысқа 10 мың жолқұрылыс техникасы тартылды.
Жоба негізгі үш бағыт арқылы, ҚытайҚазақстан; ҚытайОрталық Азия; Қытай
ҚазақстанРесейБатыс Еуропа бағыттары арқылы жүк тасымалдауды қамтамасыз етеді.
500
Жобаның техникалықэкономикалық негіздемесін əзірлеу барысында жүргізілген
зерттеулер 2020 жылға қарай жүк тасымалдаудың көлемі жылына 13 миллион тоннадан 33
миллион тоннаға дейін артып, 2,5 есе ұлғаятынын көрсетіп отыр. Жобаның жүзеге
асырылуынан болатын жалпы экономикалық нəтиженің жылдық орташа көрсеткіші
инфляция деңгейінің ықпал етуін есептемегенде: жол жүру уақытын қысқартқаннан 33,9
миллиард теңге; жолкөлік апаттары санының азаюынан 49,9 миллион теңге; жолкөлік
апаттарынан қаза тапқандар санының азаюынан 19,3 миллиард теңге; автотасымалдау
құралдарын пайдалануға жұмсалған шығынның қысқаруынан 9,5 миллиард теңге; жалпы
аймақтық өнімнің өсуіне байланысты 82,9 миллиард теңге. Жалпы жобаның толық құны
825,1 миллиард теңгені құрайды. Осымен қатар, мемлекеттік бюджеттен ең төменгі
шығындар жұмсалады. Əлемдік қаржы дағдарысы жағдайында елдегі экономикалық пен
саяси тұрақтылықтың арқасында халықаралық қаржы институттарынан тарихи қысқа
мерзімде мол қаражат алып іске асыруға мүмкіндік беріп отырғандықтан болар.
Халықаралық қайта құру жəне даму банкі өзінің тарихында алғаш рет бір жобаны іске
асыру үшін 2 миллиард 125 миллион АҚШ долларын бөлді. Аталған қаржының есебінен
Қызылорда жəне Оңтүстік Қазақстан облыстары арқылы өтетін жолдың 1062 шақырымы
қайта жаңартудан өткізілетін болады. Еуропа қайта құру жəне даму банкі 102 шақырым
ұзындықтағы «Ресей Федерациясы шекарасы (Мəртөк) Ақтөбе» аумағын 180 миллион
доллар көлеміндегі несиемен қамтамасыз етті. Азия даму банкі Жамбыл облысындағы 303
шақырымға созылатын аумаққа үш траншпен қоса, 702 миллион АҚШ долларын бөлді.
Ислам даму банкі Жамбыл облысында 172 шақырым ұзындықтағы аумаққа екі траншпен
қоса, 394 миллион доллар көлемінде қаржы ұсынды. Республикалық бюджеттен жалпы
ұзындығы 304 шақырым болатын дəліздің жеке аумақтарының құрылысы үшін, сондайақ
қосымша қаржыландыру үшін 136,1 миллиард теңге бөлу жоспарлануда. 301 шақырым
қашықтыққа созылатын «АлматыҚорғас» жəне 209 шақырымды алатын «Ташкент
ШымкентЖамбыл облысының шекарасы» аумақтарын жеке инвесторлардың концессия
негізінде бөлген жалпы көлемі 267 миллиард теңге болатын қаржысы есебінен жүзеге
асырылуда [5].
«Батыс Қытай–Батыс Еуропа» халықаралық автокөлік дəлізімен қатар, Қазақстан
халықаралық темір жол қатынасын дамытуға барынша күш салуда. Аймақтар арасындағы
ішкі коммуникацияларды қамтамасыз ету, Қазақстанның экспорттық жəне транзиттік
əлеуетін арттыру үшін Президентіміз Н.Ə. Назарбаевтың тапсырмаларына сəйкес
тəуелсіздік жылдары Ақсу–Дегелең (187 км), Хромтау–Алтынсарин (404 км), Шар–
Өскемен (150 км), Өзен–Түрікменстанмен мемлекеттік шекара (146 км), Жетіген–Қорғас
(293 км) жаңа теміржол желілері салынды. Елбасымыз «Қазақстан2050» Стратегиясын
елге жариялай отырып: «Біз «ӨзенТүркіменстан шекарасы» теміржол желісін салып,
Парсы шығанағы мен Үлкен Шығыс елдеріне жол аштық. «ҚорғасЖетіген» жолын төсеп,
Қытайдың жəне күллі Азия құрлығының нарықтарына еніп, Шығыс қақпасын айқара
аштық. Біз «ЖезқазғанБейнеу» теміржолын салуды бастадық», – деуі тегін емес [4].
Еліміздің көлік жүйесін дамытуда транзиттік əлеуетті пайдалануға үлкен мүмкіндік
беретін «Жетіген–Қорғас» халықаралық темір жол жобасының негізі Қазақстан мен Қытай
мемлекет басшыларының кездесуінде қаланған болатын. Президент Н. Назарбаевтың 2006
жылғы 20 желтоқсандағы ҚХРға мемлекеттік сапары аясында ҚР Көлік жəне
коммуникациялар министрлігі мен ҚХР Теміржол министрлігі арасында екі ел
теміржолын шекаралық аймақтағы Қорғас стансасы арқылы жалғастыру мақсатында
«ЖетігенҚорғас» желісі құрылысын жүргізу туралы меморандумға қол қойылды.
501
«ЖетігенҚорғас» темір жолының құрылысы 2009 жылы тамыз айында басталған
болатын. «Жетіген Қорғас» теміржолы құрылысы кезеңінде 5 мыңнан астам жұмыс орны
пайда болды. Жобаны жүзеге асыруға кіріскен 2009 жылғы тамыздан бері 293 шақырым
теміржол төсемі тартылды, 5 станса, 9 разъезд, 28 көпір жəне 2 құбыржол салынды. 2011
жылы «ЖетігенҚорғас» темір жол магистралінің құрылысы аяқталды (293 км), ал 2012
жылы Қытаймен шекарада орналасқан өткізу қабілеті 20 млн тонна болатын «Алтынкөл
Қорғас» екінші темір жол өткелі пайдалануға берілді. Осы бағдарлардың негізгі мақсаты
Қытайдан жəне Оңтүстік Шығыс Азия елдерінен жүк ағындарын тарту жəне оларды
Орталық Азия, Ресей, Еуропа мемлекеттеріне жəне кері қарай өткізу.
«СолтүстікОңтүстік» көлік дəлізін одан əрі дамыту үшін 2011 жылғы желтоқсанда
«ӨзенТүркіменстанның шекарасы» жаңа темір жол құрылысы аяқталды жəне 2013
жылғы мамырда Қазақстан мен Түркіменстанның арасында «БолашақСерхетяка
стансасы» ашылғаны белгілі. Теңіз порттарының жүктемесін (негізгі порт Ақтауда) екі
есеге жылына 40 млн тоннаға дейін арттыру жоспарлануда. Жаңа жолдарды жылжымалы
құраммен қамтамасыз ету үшін осында жақын арада локомотивтер мен вагондар өндірісі
жолға қойылып отыр. «Жаңа Жібек жолы» авто жол мен темір жол салумен қатар, басқа
да тоғыз жоба кіреді. Олардың кейбірі əзірге жоспарлануда, ал бір бөлігі басталып та
қойды (мысалы, Ақтау портын кеңейту), енді бірі аяқталу кезеңінде. Қытайлық
Ляньюньган портында қытайлыққазақстандық бірлескен компаниясы салып жатқан
терминал пайдалануға жақын. Ол Қытай жəне Оңтүстік Шығыс Азия елдерінің нарығына
Қазақстанның экспорттық жəне транзиттік əлеуетін арттыруға мүмкіндік береді. Ал
«Қорғас халықаралық шекаралық ынтымақтастық орталығы» мен «ҚорғасШығыс
қақпасы» арнаулыэкономикалық аймағы Қазақстанның ғана емес, бүкіл Еуразияның
экономикалық өсім орталығына айналары сөзсіз.
2014 жылғы 22 тамызда Жезқазған–Бейнеу (1036 км) жəне Арқалық– Шұбаркөл (214
км) желілері бойынша пойыз қозғалысы ашылып, уақытша пайдалануға берілді. Бұл
желілердің жалпы ұзындығы 2 500 шақырымға жуық. «ЖезқазғанБейнеу» темір жолы
Қазақстанның шығысы мен батысының арасын 1138 км қықартып, жолға кететін уақытты
4 тəулікке азайтса, «Арқалық Шұбаркөл» темір жолы Қазақстанның орталығы мен
солтүстігінің арасын 550600 км қысқартты. Нəтижесінде жолға кететін шығындар 35%
азаяды.Жаңа құрыш магистральдар Қазақстанның көліктранзиттік əлеуетін іс жүзінде
қолдануға қосылған үлкен үлес, қазақтың ұлы даласының бір шетін екінші шетімен қосты.
Əзірге уақытша пайдалануға берілген бұл ғаламат темір жолмен негізінен түрлі жүктер
тасымалдануда (темір, күкірт, түрлі кенрудалар, көмір, астық, құрылым материалдары).
Жалпы, осы темір жолмен 2014 жылғы 22 тамыздан бастап 2015 жылғы 11 сəуірге дейін
1556 жүк пойызы қатынаған екен (оның ішінде көмір тиеген 476 поезд, темір артқан 258,
күкірт таситын 101, рудамен 10, контейнермен 12, аралас жүкпен 437, бос вагондармен
261 поезд өткен), олардың тасымалдаған жүктерінің жиынтығы 3 109 539 тоннаны
құраған.
2014 жылы 3-ші желтоқсанда үш елдің президенттері Қазақстаннан- Нұрсұлтан
Назарбаев, Түркіменстаннан - Гурбангұлы Бердымұхамедов, Ираннан - Хасан Рухани
«Өзен-Берекет-Горган» шекаралық темір жол магистралін ашты. Жолдың жалпы
ұзындығы – 928 км. Оның 146 км Қазақстан аумағы, 700 км – Түркіменстан, 82 км – Иран
жері арқылы өтеді. Жаңа транзиттік дəліздің жобаға қатысушы елдердің жүк
ағындарын өсіруде маңызы зор: «Оңтүстік – Солтүстік» пойыз бағдары 600 шақырымға
қысқарады. Қазақстан Республикасы Парсы шығанағы елдеріне тікелей шығады.Өзен
502
Түркменістанмен мемлекеттік шекара бағытындағы темір жолы арқасында Қазақстанның
жүк, ағымдарына Парсы шығанағына жол ашылып отыр.
2015 жылғы тамыз айының басында Баку қаласында халықаралық «Nomadexpress»
контейнерлік пойызының ашылу салтанаты болды. «Nomadexpress» контейнерлік поезді
Шихези (ҚХР) - Достық - Ақтау порты (ҚР) - Алят порты (Әзірбайжан) - Кишлы (Баку
маңындағы қала) бағытындағы қатынасты жүзеге асырады. «Қазақстан темір
жолы»таратқан мəліметке жүгінсек, бұл жүрдек жүк пойызы Қазақстанның құрлық
жерімен жəне Каспий теңізі арқылы су бетімен өтетін 3500 километр жолды 5 тəулікте
еңсерген екен. Яғни, Достық бекетінен Ақтау портына дейін темір жолмен, Ақтау
портынан əзірбайжандық Алят портына дейін паром арқылы өтіп, одан əрі Баку
маңындағы Кишлы станциясына 120 сағатта келіп жеткен. Бұл отандық темір жол
саласында бұрын соңды болмаған жылдамдық пен уақыттың озық көрсеткіші. Ел мен
елдің арасын қосып, алысты жақын еткен «Nomadexpress» контейнерлік пойызының
пайдалануға берілуі де қазақстандық «Нұрлы жол» экономикалық саясаты мен қытайлық
«Жаңа Жібек жолы» жобасының аясында жүзеге асқанын ерекше атап өткеніміз жөн.
Транскаспий темір жол магистралінің ашылуы түркі тілдес екі туысқан ел Қазақстан мен
Əзірбайжанның транзиттік əлеуетін арттырып, түркі əлемін Шығыс пен Батыс арасындағы
дəнекерлік миссиясын күшейте түсті. Бұл магистраль Түркия мен Грузия арасын қосатын
105 шақырымдық КарсАхалкалаки темір жол бағыты іске қосылса, тіптен əлеуеті зор
болмақ (түрік жерін – 76 км, грузин жерінде – 29 км). «Қазақстан темір жолы» АҚ
басшысыА.Маминнің айтуынша, бұл халықаралық жобаны толықтай жүзеге асыру үшін
Қытай, Қазақстан, Əзірбайжан, Грузия жəне Түркия елдерінің кешенді ынтымақтастығы
қажет: тиісті мемлекетаралық саяси шешімдер қабылдаудан бастап, темір жол саласының,
теңіз порттарының, кеме навигациясы мен жүк терминалдарының үйлесіммен қызмет етуі,
бəсекеге қабілетті тарифтік саясат ұстануы, мультимодальды логистикалық тізбек құрай
білуі аса маңызды. Сонда ғана Транскаспийлік халықаралық көлік маршруты толыққанды
қызмет етуге көшеді.
Халықаралық валюта қорының эксперттерінің берген бағасы бойынша, Азия мен
Еуропа арасындағы тауар айналысы жылына 600 млрд АҚШ долларын құрап отыр. Бұл
көрсеткішті одан əрі арттыруға екі құрлықтағы елдердің де экономикалық мүмкіндіктері
жетерлік. Тек еуразиялық экспортимпорттың əлеуеті мен мен мүкіндіктеріне жүк
тасымалдау мен көлік транзиті қолбайлау болып келді. Қазақстан Республикасы
Президентінің жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының директоры
Е. Қариннің «Қазақстан2050: Шығыс пен Батыс арасындағы жаңа континенталдық
көпірлер» атты дөңгелек үстелде: «Түрлі эксперт экономистердің пікірінше, Қытай мен
Еуропалық одақтың арасындағы саудасаттық көлемі қазір 500 миллиард АҚШ доллары
болса, 2020 жылы оның көлемі 800 миллиард АҚШ долларына жетпек. Ал Қытай мен
Еуропа арасындағы жүк тасымалы 170миллион тоннаға жетпек. Жаңа көлік жобалары
Қазақстан арқылы өтетін транзиттік жүк тасымалын арттыруға мүмкіндік береді.
Қазақстан арқылы Еуразия құрлығының ортасында орналасқан Орталық азия аймағы
тұтасымен континентальдық тəуелділіктен арылады. Нұрсұлтан Назарбаевтың
стратегиясының басты мақсаты – Қазақстан мен тұтас Орталық Азия аймағын ірі
еуразиялық көліктранзит хабына айналдыру, барлық негізгі континентальдық
транспорттық коридорларды жүргізу жəне біріктіру. Осылайша біздің еліміз өзінің
күшімен бірнеше ірі инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асырды. Түрлі саясаткерлер
мен эксперттер дауласып, пікірталасып, саналуан варианттарды ұсынып жатқанда
503
қазақстандық көшбасшы іс жүзінде Ұлы Жібек жолын жаңғыртуға көшті. Орталық Азия
енді континентальдық оқшауланудан құтылатын болды» деген пікірі көп нəрсені
аңғартады [6].
Қорыта айтар болсақ, ұлт жоспарын жүзеге асыру арқылы Қазақстан өзінің геосаяси
əлеуетін ұтымды пайдалана отырып түрлі жүктердің Азиядан Еуропаға кедергісіз
транзитін қамтамасыз етеді, жүк жеткізу құнын екі еседен астамға төмендетеді.
Елбасымыз жаңа ұлттық жоспарында ерекше атап көрсеткендей, 2022 жылға қарай жол
жүруден түскен алымдар шамамен 41 млрд. теңгені құрайтын болады, ал ол
республикалық маңыздағы автожолдардың бүкіл жүйесін ұстауға жағдай жасайды.
Қазақстандық маршруттарға қосымша жүк ағындарын тарту көліктің барлық түрлерімен
транзиттік тасымалды 2020 жылы қазіргі 18 млн. тоннадан 33 млн.тоннаға дейін жəне
2030 жылы 50 млн. тоннаға дейін ұлғайтады. Контейнерлік тасымалдарды мемлекеттік
реттеуден босату таяудағы 5 жылда олардың көлемін 500 мың тоннадан астамға ұлғайтуға
жағдай жасайды.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Қазақстан Президенті Н.Ə. Назарбаевтың «Ұлт жоспары – қазақстандық арманға
бастайтын
жол»
атты
мақаласы
//
http://www.akorda.kz/kz/events/akorda_news/press_conferences/memleketbasshysynynult
zhosparykazakstandykarmangabastaitynzholmakalasy
2. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ə. Назарбаев «Жаңа əлемдегі жаңа
Қазақстан» атты 2007 жылғы 28 ақпандағы ел халқына арнаған Жолдауы // Егемен
Қазақстан. 2007 жылғы 1 наурыз. –Б. 1.
3. Трансконтинентальный коридор «Западная Европа – Западный Китай» – новый
путь в Европу: от мечты к реальности» // http://www.europechina.kz/info/69
4. Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ə. Назарбаевтың Қазақстан
халқына Жолдауы. «Қазақстан2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси
бағыты.
2012
жылғы
14
желтоқсан
//
http://www.akorda.kz/kz/addresses/addresses_of_president/page_kazakstanrespublikasynyn
prezidentinanazarbaevtynkazakstankhalkynazholdauy2012zhylhy14
zheltoks_1357813742
5. Экономические и социальные эффекты от реализации проекта «Западная Европа
– Западный Китай» // http://www.europechina.kz/info/86
6. Курамысова А. Казахстан рассчитывает увеличить объем грузопотока благодаря
транзитному Центральная Азия выйдет из континентальной изоляции // Казахстанская
правда. 3 ноября 2014 года. –С. 1.
504
УДК 902
Мұхатова О.Х.
тарих ғылымдарының докторы, əл-Фараби атындағы
Қазақ ұлттық университетінің профессоры, Қазақстан, Алматы
Orazgul7@rambler.ru
Достарыңызбен бөлісу: |