Аралық ғылыми­практикалық конференция II том


Мұсылмандардың кипрді бағындыру



Pdf көрінісі
бет58/78
Дата22.12.2016
өлшемі7,07 Mb.
#55
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   78

Мұсылмандардың кипрді бағындыру  

Кипр,  Византия  империясы  қол  астында  болған  тұста  Араб  түбегінде  Ислам 

Халифаттығы құрылды. Араб жарты аралын түгелдей бағындырған мұсылмандар көздерін 

Жерорта  теңізіне  тікті.  632  жылы  Əз.  Əбубəкір  Кипрдің  Китион  қаласын  бағындырды. 

Алайда  мұсылмандардың  Əскери­теңіз  флоттары  болмағандықтан  бұл  жеңіс  уақытша 

болатын  5,  10­б.  Мұсылмандардың  кипр  аралына  Ислам  дінін  жеткізу  мақсатындағы 

екінші соғысы Халиф Əз. Оспан тұсында Сирия əкімі Мұғауия тарапынан жасалған. Əз. 

Оспан Халифалығының алғашқы жылдары Мұғауияның кипрге қарсы теңіз соғысна қарсы 

болды.  Бірақ  647­48  жылы  (Хижра  27  ж)  шығанақтардың  əскери  күшпен  күшейтілмесі 

жəне  əйелінің  де  ере  жүріуі,  ұрысқа  ешкімнің  зорлықпен  қатыстырылмауы  шартымен 

Мұғауияның өтінішіне Халиф рұқсат етті. Ерікті əскерлер арасында Əбу Зəрр­и Гифари, 

Əбуд  Дəрда,  Убаде  ибн  Сарнит  жəне  жұбайы  Үммү  Харам  Бинти  Милхан  сахабалар 

болатын 6, 38­б. 

649  жылы  Абдуллаһ  ибн  Қайыс  басшылығында  Сириядан  Мұсылман  Əскери­теңіз 

күштері кипрді бағындыруға аттанды. Бұл қолбасшының Ислам тарихындағы ең бірінші 

Адмирал  болғандығы  жайында  түсінік  қалыптасқан.  Сондай­ақ  Мысыр  əкімі  Абдуллаһ 

ибн Əби Серхте Александрия портынан Кипрге қарсы əскерлерін бастап шықты. Екі əскер 

Ларнака  алдында  бірігіп  Мұғауияның  басшылығында  кипрліктерге  Ислам  дінін 

қабылдауын  немесе  соғысуын  талап  етті.  Кипрліктер  мұсылман  болудың  орнына 

соғысуды  таңдады.  Екі  жақ  арасындағы  соғыс  барысында  мұсылмандар  Константиния 

қаласын жаулап алып аралдың басқа тораптарында да үстемдіктерін орнатты. Кипрліктер 

мен мұсылмандар арасындағы келісім шарт негізінде осы уақытқа дейін Византияға төлеп 

келген 7200 алтын мөлшерлі салықты ендігі жерде халифатқа да төлей бастады 4, 497­б. 

Бірақ  кипрліктер  келісімшарт  негізінде  төлеп  келген  салықты,  Византияның 

арандатуымен  үш  жылдан  кейін  тоқтатып  тастады.  Бұл  мұсылмандардың  кипрге  қайта 

жорыққа  шығуына  себепкер  болды.  500  кемеден  құралған  мұсылман  күштері  кипрді 

толықтай  бағындырды.  Мұсылмандар  аралдың  Лапитос  горнизонына  12.000  мыңдық 


467 

 

əскер орналастырды жəне рухани ғибадаттарын орындау үшін арнайы мешіт салынды 7, 



34­б.  Мұсылмандардың  алғашқы  жорығынан  бастап  кипр  аралына  24  рет  соғыс 

жүргізгені баяндалады. Солардың кейбірі мысалыға 726 жылы Ислам флоты кипрге соққы 

беріп  салық  төлеуге  мəжбүрледі.  Византияның  736  жылы  жəне  одан  кейінгі  жылдарда 

Мысырға  жасаған  жойқын  жорығына  қарымта  ретінде  мұсылмандар  743  жылы  кипрге 

соғыс  ашты.    Сонымен  қатар  747  ж.  1000  кемеден  құралған  мұсылман  күштері  мен 

Византия  теңіз  флотының  кипр  торабында  соғысқаны  жазылған.  Бұл  соғыста 

Византиялықтар грек сұйық өртін қолданып мұсылман теңіз күштерін жойып жіберіп 752 

жылы Жерорта теңізіндегі үстемдікті тартып алған 4, 497­б. 

752­827  жылдар  Аббаси  Халифатының  Теңіз  күштерінің  əлсіз  кезеңі  болып 

табылады.  Басты  себеп  ретінде  мұсылмандардың  Византия  мен  Жерорта  теңізінде 

жүргізіп отырған саясатының бəсеңдеуі мен қатар Андалусия Əмəуи мемлекеті құрылғаны 

болып  табылады.  Андалусия  Теңіз­күштері  773  жылы  кипрге  жорық  ашып  əкімін 

тұтқынға алды. Бірақ Харун Рашид кезеңінде (786­809 жж) Аббаси Əскери­теңіз күштері 

қайта  түлеп  Шығыс  Жерорта  теңізінде  790  жылы  Хумейд  ибн  Ма’юуп  əл­Хамадани 

басқаруында  кипр  мен  крит  аралдарына  соққы  берді.  Əрі  Анталия  шығынағына  жақын 

жерде болған соғыста Византия Теңіз күштерінің қолбасшысын тұтқынға алған. 909 жылы 

шииттік  Фатима  əулетінің  негізі  қалануымен  Жерорта  теңізіндегі  күштердің  арасалмағы 

елеулі өзгерістерге ұшырады. Осылайша сунни теңіз күштеріне қарсы шииттік теңіз күші 

пайда болды. Ұрымтал сəтті пайдаланған Византия, Андалусия Əмəуи мемлекетімен одақ 

құрып  күшін  едəуір  арттырды.  963  жылы  Никифор  ІІ.  Фока  Тарсус  пен  кипрге  аттанып 

965 жылы Тарсусты, 969 жылы Крит, Кипр жəне Киликуюді арабтардан тартып алды 8, 

210­б. Күшейген Византия Шығыс Жерорта теңізі мен Таяу Шығыстағы мұсылмандарға 

соққы беріп уақытша болса да айтарлықтай əлсіретіп тастаған болатын. 

Әз. Пайғамбар Мұхаммед Мұстафаның (с.ә.у.) Кипр хақындағы көрегенділігі 

Сахабалардан  Үммүл  Харам  Пайғамбарымыздың  (с.ə.у.)  атасы  Абдумуталипт 

жағынан сүт əпкесі жəне Ислам дінін алғаш қабылдап құрметке ие болған əйел. Бірінші 

күйеуінің  Ислам  дінін  қабылдамағаны  үшін  онымен  ажырасқан.  Кейінрек  Əз 

Пайғамбарымыз  Аңсар  ақсақалдарынан  Убаде  ибн  Самит  пен  некелестірген  9,  9­б. 

Пайғамбар  туыстастарының  бірі  болғандықтан  Пайғамбарымыз  Мəдина  қаласындағы 

үйіне жиі­жиі келіп тұрған. Бірде Пайғамбар сүт əпкесінің үйінде тамақтанып болған соң 

бір  сəтке  мызғып,  күлімдеп  оянған.  Сонда  əпкесі  не  үшін  күлімдегенін  сұрағанда 

Пайғамбарымыз;  «түсімде  үмметімнің  базбіреулері  теңіз  үстінде  патшаларға  арналып 

құрылған  тақтар  тəріздес  кемелермен  Аллаһ  жолында  ғазауат  соғысына  кетіп  бара 

жатқанын көрдім» – сол үшін күлімдедім деп жауап берген 6, 39­б. Сонда Үммүл Харам 

Уа Аллаһ елшісі дұға ет, менде сол ғазауатшылардан болайын деп өтінген. Пайғамбар да 

Уа Аллаһ бұны да солардан  ете гөр деп  дұға жасаған  екен. Айтқанындай  Үммүл Харам 

анамыз кипр ғазауат соғысына қатысып сонда алғашқы шəйіттердің қатарына кірген.  



Мәмлүк мемлекетінің кипрді бағындыруы 

Мəмлүктер  1250­1517  жж.  аралығында  Мысыр  мен  Сирияға  өз  биліктерін  толық 

жүргізген  мемлекет.  Сонымен  қатар  Мəмлүктерге  Анатолияның  шығыс  жəне  оңтүстік 

жерлері  де  қараған  10,117­б.  Айюб  əулетінің  билігінің  соңғы  кезеңдері  мен  Мəмлүк 

мемлекетін бастапқы жылдары өкінішке орай Ислам Диванү­л үстүлінің (матростық өнер) 

құлдыраған тұсы болып табылады. Исламның алғашқы жылдарында үстүллі (матрос) болу 

қаһармандық  болып  есептелсе  бұл  тұста  матрос  болуы  ұят  болып  саналған.  Бұл  жағдай 

Мəмлүктердің  төртінші  сұлтаны  əл­Мəлік  əз­Заһир  Рукн  ад­дин  Бейбарыстың  таққа 



468 

 

шығуына (1260 ж.) дейін жалғасқан. Мəмлүк мемлекетінің кипрге қарсы алғашқы жорығы 



Сұлтан Бейбарыс билігі кезінде басталды. 1270 жылы Бейбарыстың  Əскери­теңіз флоты 

кипрге  аттанғанымен  Лимасол  жағалауларында  дауылға  тап  болып  жеңіске  қол  жеткізе 

алмады 11, 82­б. 

Осыған  қарамастан  Сұлтан  Бейбарыс  күнінің  көпшілік  уақытын  кеме  жасайтын 

айлақта  өткізетін.  Мысырлық  тарихшы  əл­Макризидің  желісне  қарасақ  Сицилиядан 

келген  елшілер  Бейбарысты  айлақтан  тапқан  жəне  қолында  құрал  саймандары,  кесілген 

бөренелер арасында ұста жəне əмірлері мен бірге болғандығын жазып қалдырған 4, 500­

б.  1422­1438  жж.  Мəмлүк  мемлекетінде  билік  жүргізген  Сұлтан  Барысбай  кипрде 

ұяланған Госпитальеры ордендігіне көзін тікті. Мемлекет ішіндегі ішкі саясатты бір жолға 

қойып, кипрді бағындыруға тыңғылықты дайындыққа кірісті. Сонымен қатар 1423 жылы 

екі  мұсылман  кемесін  Думьятқа  жақын  маңда  Франктардың  қолына  түсуі  жəне  Сұлтан 

Барысбайдың  Османлы  Сұлтаны  ІІ.  Мұратқа  жіберген  сый­сияпат  тасыған  кемені  Кипр 

патшасы ІІ. Иоаннның (Жан­Янус) тонауы, мұсылмандардың жазалау жорығына шығуына 

себеп болған 1, 7­б. 

Барысбай  1424  пен  1425  жж.  кипрге  қарсы  шолғыншылық  жорықтарын 

ұйымдастырды.  Шешуші  соққыны  беру  мақсатында  1426  Құрлық  күштері 

қолбасшылығына  Əмір  Тағрыбердіні,  Əскери­теңіз  күштері  басына  Əмір  Айналды 

тағайындады.  1426  жылдың  маусым  айында  Мəмлүк  Əскери­теңіз күштері  Александрия 

қаласынан Шығыс Жерорта теңізіне бағыт алды. Бұл жолғы жорық алдыңғы екі жорыққа 

қарағанда əлдеқайда күшейтілген жəне тапсырмасы нақты болатын. 

Əмір  Тағрыберді  Янусқа  Сұлтан  Барысбайдың  билігін  мойындауы  хаһында  хат 

жолдады. Бірақ кипр билеушісі бұл ұсынысты қабылдамай ұрысқа дайындалды. Мəмлүк 

Əскери­күштері аралға  əскер түсірді. Жергілікті рыцарлар мен  соғыста Мəмлүк  күштері 

жеңіске  жетіп  Лимасол  қаласы  толық  бағындырылды.  Янусты  паналап  үлгертпестен 

мұсылман  əскерлер  қолға  түсірді  12,  145­б.  Артынша  Никосия  бағындырылып  кипр 

жылдық  салық  төлеуге  мəжбүр  етілді.  1460  жылы  аралдағы  тақ  таласы  салдарынан  300 

Мəмлүк  əскері  кипрге  жөнелтілді.  Кипр  бұдан  кейін  де  Мəмлүк  мемлекетінің  құлауына 

дейін салық төлеуін жалғастырған. 

 

Кипрдегі алғашқы шәйіттер мен Ислам ескерткіштері  

Ақынның «Басқан жеріңді жəй топырақ деп өтпе, таны, ойлан сол топырақ астында 

жатқан  қаншама  кебінсіз  тəнді»  деп  жырлағынындай  кипр,  мұсылман  қанының  төгіліп, 

жанының шəйіттік дəрежеге ұласқанын біздерге ұққызғандай. Арап тарихшылары Шейх 

əл­Макин  мен  Əбул  Феданың  жеткізгеніне  сүйенсек  кипрді  алғаш  Əз.  Оспан  дəуірінде 

бағындырылғанын толықтыра түсуде. Ислам тарихының алғашқы Əскери­теңіз соғысында 

шəйіт  болғандар  арасында  ханым  сахабада  бар.  Сондықтан  бұл  ғазауат  соғысы  Ислам 

тарихының  рухани  тұрғысынан  аса  маңызды  болып  табылады.  Ислам  Əскери­теңіз 

күштері  теңізден  құрлыққа  əскер  шығарып  Үммү  Харам  Бинти  Милханды  түйеге  (атқа) 

мінгізеді. Генуэлықтар мен соғыс барысында түйе үстінде тепетеңдігін сақтай алмай құлап 

шəйіт  болады.  Осылайша  Ислам  тарихының  теңіз  соғысында  ең  алғашқы  шəйіт  ханым 

сахаба аталады. Сол жерге жерленіп, қабірінің басына мавзалей салынған. 

Кипрдегі  басқа  да  шəйіт  болған  сахабалар  арасында  Искеле  ауылында  басына 

мавзалей тұрғызылған Тураби ата жəне бір топ сахаба Қырықтықтар, солтүстік жағалауда 

орын алған Əз. Омар мавзалейлері болып табылады. Қазіргі таңда Хала Сұлтан мавзалейі 

Оңтүстік Рум Кипр Республикасы территориясында қалып қойған. Солтүстікте орын алған 

Əз. Омар мешіт мавзалейінің тарихы қызық. Əскери­теңіз қолбасшысы болған Омар, алты 


469 

 

жауынгерімен  қазіргі  Киренияның  6  шақырым  шығысында  орналасқан  мүйісті  бекініс 



ретінде  қолданған.  Осы  жерде  шəйіт  болған  соң  бастарына  Əз.  Омар  Мавзалей 

тұрғызылған.  Бірақ  бұл  сахабаның  Халиф  Əз.  Омар  мен  шатастырмауымыз  керек. 

Бұлардың тек аттары ғана бірдей болмаса екеуі басқа­басқа адамдар.   

Қорытынды 

Жоғарыда  да  баяндап  өткеніміздей  кипр  аралының  саяси  һəм  рухани  тарихы 

соқтықпалы деп толық атауға болады жəне аралдың халқы тарихтың сан қатпарлы ешбір 

дəуірінде  толық  тəуелсіз  мемлекет  ретінде  көзімізге  елестете  алмаймыз.  Сондықтан 

кипрдің тек мына халыққа ғана тəн жер деп көрсетудің өзі қиынырақ. Гректердің ежелден 

мекендеген  өз  отаны  деп  дауруғына  жол  жоқ  сияқты.  Себебі  көрсетілген  тарихи 

жылдардың  көпшілігінде  аралдың  мұсылмандарға  да  отан  болғандығы  көрініп  тұр. 

Тағысы  осы  соғыстар  барысында  мұсылмандардың  Əскери­теңіз  күштерінде  қолданған 

титулдар; Мысалы; «Əмірү­л­ма» сөзі Европалықтарға «Адмирал» ретінде өткен.  

Тарихи оқиғалар желісінің арқауында, байқағанымыз сөз етіліп отырылған обьектке 

бір жақты баға беру əсте болмайды. Мұнда мұсылман немесе християндық тұрғыдан баға 

берер болсақ өрескел бұрмалаушылыққа ұрынамыз. Себебі кипр немесе Шығыс Жерорта 

теңізі  геостратегиялық  тұрғысынан  əу  бастан  маңызды  болғандықтан,  осы  аймаққа  өз 

билігін  орнатқысы  келген  барша  мемлекеттер  кипрді  уысында  ұстап  отыруға  ұмтылған. 

Кипр,  баз  біреулердің  көрсеткеніндей  соғысқа  тек  руханият  себеп  болмаған.  Барлық 

уақытта  ұрысқа  аралдың  географиялық  орналасуы  басты  нысан  болғандығын  айтуға 

толық негіз бар. Сондықтан арал қолдан­қолға ауысып отырғандықтан сол жерлерде билік 

құрған барша халықтардың қасиетті орталықтар бар сияқты мұсылмандардың да өздеріне 

тиісті рухани орталықтары бар. Біздің соңғы сөз орнына айтарымыз кипр аралы тарихына 

діни немесе халық тұрғысынан емес адами тұрғыдан əділ баға беріліп, барша азаматтарға 

ортақ өмір сүретін ортаға айналуы керек. 

 

Пайдаланылған әдебиеттер: 

1  Dinora  Zhumatayeva,  Kıbrıs  Sorunu  ve  Kıbrıs  Barısh  Harekatı’nın  SSCB  Kamuoyuna 

Yankıları, Basılmamış Doktora Tezi, Ankara 2013. – 454 s. 

2  Emin  Onuş,  “Kültür  ve  Edebiyat  Zemininde  Kıbrıs’a  İslami  Bir  Bakış”,  Turkish  Studies, 

Volume9/6 Spring, Ankara 2014.pp. – 807 – 826. 

3  Bahriye Uçok, İslam Tarihi Emeviler – Abbasiler, Sevinç Matbaası, Ankara 1968.– 208 s. 

4  Nebi  Bozkurt,  “Bahriye”,  cilt: 4,  Türkiye  Diyanet  Vakfı  İslam  Araştırmaları  Merkezi 

Yayınları,İstanbul 1991. pp. – 495 – 501. 

5  H. Fikret Alasya, Tarihte Kıbrıs,Kıbrıs Türk Kültür Derneği Genel Merkezi, Ankara 1988.– 

208 s. 


6  Hüseyin  Algül,  “Osmanlılar  Devrinde  Kıbrıs  Seferinin  Manevi  Cephesi  ve  Ebussuud 

Efendi^nin Seferlerle İlgili Fetvası”, Uludağ Ünüversitesi İlahiyet Fakültesi Dergisi, Sayı 2, Cilt 

2, Bursa 1987. pp. – 37 – 42. 

7  Talip  Atalay,  Geçmişten  Günümüze  Kıbrıs  İdari  Yapılanma  Ve  Din  Eğitimi,  Mehir  Vakfı 

Yayınları, Konya 2003. – 230 s. 

8  СМ.Перевалов

http://vremennik.biz/sites/all/files/009_%D0%9F%D0%B5%D1%80%D0%B5

%D0%B2%D0%B0%D0%BB%D0%BE%D0%B2_0.pdf

 

9  Ural  Gökhan,  Hazreti  Ömer  Türbesi  (Tekkesi)  Kıbrıs  Mektupları,  Pamuk  Yayıncılık  ve 



Matbaacılık, Girne 2004. – 48 s.  

470 

 

10  Mesut  Ağır,  Kürşat  Solak,  “Memlûk  Devleti’nin  Doğu  Akdeniz’deki  Önemli  Siyasî 



Faaliyetleri”,Çanakkale AraştırmalarıTürk Yıllığı Yıl: 11, Bahar 2013, Sayı: 14.pp. – 107 – 130. 

11  Eşref  Buharalı,“Kıbrıs’taİlk  Türkler  veya  Kıbrıs’ın  Memlük  Hâkimiyetine  Girişi”,  Türk 

DünyasıAraştırmaları, İstanbul 1995.– 95s. 

12  Abdullah  Mesut  Ağır,“15.  Yüzyılda  Memlukların  Doğu  Akdeniz  Siyaseti”,  Balıkesir 

ÜniversitesiSosyal Bilimler Enstitüsü Dergisi, Cilt 13, Sayı 23, Haziran 2010. 

 

ƏОЖ 378 


Ибрагимова М.Н.

1

, Нусупбаева С.А.

1

Оқытушы, əл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті,  



Алматы, Казақстан, е-mail: 

ibragimova.meruert@mail.ru

 

2

Аға­оқытушы, əл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті,  



Алматы, Казақстан, е-mail: 

N.Salta_82@mail.ru

 

 

ШЕТЕЛДІК ТЫҢДАУШЫЛАРҒА ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫН ОҚЫТУДА 

ҚОЛДАНЫЛАТЫН КЕСТЕЛЕР МЕН ТІРЕК-СЫЗБАЛАРДЫҢ МАҢЫЗЫ 

 

Abstract. Efficient application of different methods at history lessons is examined in this 

article. 

 

Keywords: technology, innovation, tables, stand­schematic method. 

 

ХХІ  ғасыр  озық  жəне  жаңа  технологиялар  ғасыры  болғандықтан,  бүгінгі  таңда 



білім  жүйесінде  де  осы  технологияларды  заман  талабына  сай,  кеңінен  қолдану  сапалы 

білімге жетелейді. Əсіресе халықаралық деңгейдегі кредиттік жүйеге өткен жоғарғы оқу 

орындарында білім алушыға инновациялық үрдісте білім берудің жаңа жолдарын ашары 

сөзсіз.  Ал  «инновация»  деген  ұғымға  қысқаша  тоқталатын  болсақ,  бұл  нақты  қойылған 

мақсатқа, ойға алынған жаңа нəтиже. 

Инновация  терминіне  Қазақстан  ғалымдары  2005  жылдары  ең  алғаш  рет  назар 

аудара  бастады.  Инновация  терминіне  бірінші  анықтама  берген  Немеребай  Нұрахметов 

болды. Ол «Инновация, инновациялық үрдіс деп отырғанымыз білім беру мекемелерінің 

жаңалықтарды  жасау,  меңгеру,  қолдану  жəне  таратуға  байланысты  бір  бөлек  қызметі»­

деген анықтаманы ұсынды. 

Осы  жылдардан  бастап  Қазақстан  елінде  əлеуметтік­экономиканың  жан­жақты 

саласында инновация мəселесі талдана бастады. 

Бұл мəселені педагогика саласында Н.А.Асанов., А.Қ.Мыңбаева, Н.Р.Юсуфбекова, 

Ш.Т.Таубаева, С.Н.Лактионова, З.М.Садывақасова, Г.Д.Урастаева зерттеген. 

«Инновация»  деген  ұғымды  кейбір  авторлар  «жаңалық»,  «жаңа  əдіс»,  «өзгеріс», 

«əдістеме»,  «жаңашылдық»  деп  атауға  болатындығын  атап  көрсетеді[1,  133].  Демек 

инновациялық технологияларды пайдалану дегеніміз тек қана жаңа əдіс ойлап табу деген 

сөз  емес,  сонымен  қатар  бұрын  қолданып  келген  əдістерге  жаңаша  түр  беру  немесе  сол 

əдіске өзгеріс енгізу болып табылады. 

ҚазҰУ­дың  жоғары  оқу  орнына  дейінгі  білім  беру  факультетінің  ерекшелігі  – 

мұнда шетелден  келген  қазақ  диаспорасы өкілдері мен  шетел азаматтары оқитындықтан 

тарих  сабағын  оқытуда  жаңаша  əдіс­тəсілдерді  пайдалануды  талап  етеді.  Мысалы, 

шетелдік  қазақ  диаспорасы  өкілдерінің  негізгі  бөлігі  Қазақстан  тарихынан  мүлдем 

бейхабар.  Сонымен  қатар  өзіміздің  Қазақстан  азаматтарымен  салыстырғанда  олар  еліміз 

тарихының  беттерін  жаңадан  ашады.  Сондықтан  оларға  Қазақстан  тарихын  жеңіл  əрі 


471 

 

түсінікті  тілмен  жəне  неғұрлым  көрнекі  құралдарды  қолдана  отырып  түсіндіру  қажет. 



Тыңдаушының  есінде  фактілерді,  мерзімдерді,  кезеңдерді  бекіту  тəсілдерінде  слайдтар 

түрінде жасалған кестелер, тірек­сызбалар маңызды рөл атқарады. Тыңдаушыларға тарихи 

терминдерді, деректерді, кестелерді, тірек­сызбалар мен тақырыптарға қатысты суреттерді 

проектор  арқылы  слайдтармен  көрсету  арқылы  түсіндіру  оқытушы  мен  тыңдаушының 

уақытын  үнемдейтіндігі белгілі. Сонымен  қатар тыңдаушыға түсіну  оңайға соғады жəне 

ой­өрісінің кеңеюіне, тұлға ретінде қалыптасуына зор ықпалын тигізеді. 

Мəселен ежелгі Қазақстан тарихыбойынша «Сақтар тарихы» тақырыбына тоқталатын болсақ, 

мынадай төмендегідей тірек­сызбалар мен кестелерді қолданған өте тиімді. 



1-тірек-сызба 

1.  Сақтардың жазба деректерде аталуы 

 

 



 

 

 



 

 

2-тірек-сызба 



 

 

2.  Сақ тайпаларының қоныстануына қарай бөлінуі 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

3-тірек-сызба 

3.  Сақтардың қоғамда бөлінуі 

 

 

 



Парсы патшаларының 

тастағы сына жазбалары 

Грек­авторларының 

шығармалары 

Иран жазбалары 

Онда сақтарды 

«құдіретті еркектер» деп 

атаған 


Онда сақтарды 

«азиялық скифтер» деп 

атаған 

Онда сақтарды 



«жүйрік атты 

турлар» деген 

1. Шошақ бөрікті 

сақтар (тиграхауда) 

2. Сақ­парадарайа 

тайпалары 

3. Сақ­хаумаварга 

Жетісу, Тянь­Шань таулары, 

Сырдария өзенінің ортаңғы 

ағысы 


 

Қара теңіздің солтүстігі, Арал 

теңізінің бойы мен Сырдарияның 

төменгі ағысы 

 

Хаома сусынын жасаушылар. 



Мұғраб аңғары 

(Түркіменстан) 

Орналасқан жерлері 

Сақ қоғамы үш топтан тұрды: 



472 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

Шетелдік  тыңдаушыларды  оқытуда  біздің  алдымыздағы  басты  міндет  –  пəндерді 

оқытудың  ең  қолайлы  амал­тəсілдерін  таңдап  алу.  Шетелден  келген  қандастарымызға 

Қазақстан  тарихын  түсіндірудің  түрлі  тиімді  əдістерін  қолдана  отырып  сабақ  түсіндіру 

арқылы тыңдаушыны тоғыз айда кешенді тестілеуге дайындаймыз. Еліміздің тарихымен 

енді  ғана  таныса  бастаған  тыңдаушыларды  аз  уақыт  ішінде  тестілеуге  дайындау  оңайға 

соқпайтыны белгілі. Дегенмен  осындай  түрлі əдістерді қолдану тыңдаушының  тез арада 

тарихты  меңгеруіне  жол  ашады  деген  сенімдеміз.  Сабақ  барысында  кестелерді 

қолданудың  да  маңыздылына  тоқталатын  болсақ,  мұнда  тақырып  жайлы  негізгі  ақпар 

беріледі.  



1-кесте. 

Сақтардың саяси тарихы бойынша хронологиялық кесте 

Уақыты 


Оқиға 

Салдары 


Б.з.б.  530 

жылы  


сақтар  жеріне  парсы 

əскерлерінің  басшысы 



Кир басып кіреді 

Бұл  кезде  сақтардың  билеушісі  патшайым 



Томирис( б.з.б.  570­520  жж.)  болды.  Оның 

баласы Спаргапис анасына айтпай, Кир əскеріне 

бірінші болып соққы бермекші болады. Алайда 

Кирдің 


арбауына 

түсіп 


қалып 

тəжірибесіздігінен  қаза  табады.  Оны  естіген 

Томирис  ашуға  булығып  Кирге  қарсы  өзі 

шығып, парсы əскерлерін жеңеді. Кирдің басын 

шауып, қан толы торсыққа салады 

б.з.б.  519­

518 

жылдары  



парсылардың  патшасы 

Дарий  Іқайта  шабуыл 

жасайды 


Дарий  І  Скунха  атты  көсем  бастаған  сақ 

əскерлерін  жеңіп,  Сырдариядан  бері  өтеді. 

Сонда  олардың  алдынан  сақтардың  Шырақ 

есімді  малшысы  шығып,  оларды  алдап, 

адастырып,  сусыз  шөлге  алып  барады.  Дарий 

көптеген əскерінен айырылып, Персияға кетуге 

мəжбүр болады 

Б.з.б.  490 

жылы  

Марафон  шайқасында 



парсылар  мен  сақтар 

бірігіп,  гректерге  қарсы 

соғысады 

Парсылар  мен  сақтар  одағы  бұл  шайқаста 

жеңіледі 

Абыздар 


Жауынгерлер 

Малшылар мен егіншілер 

ақ түсті киім киді  

қызыл жəне сары 

қызыл киім киді 

Сары мен көк түсті 

киім киген 

ерекше баскиім киді, 

қолында тостағаны 

болды 


үнді­иран тілінде 

«арбада тұрғандар» 

деп аталған 

парсы деректерінде 

«сегіз аяқтылар» деп 

аталған 


473 

 

Б.з.б. 



ғасырда  



Александр 

Македонскийбастаған 

грек  əскерлері  Орта 

Азияға  басып  кіріп, 

Сырдария  өңіріне  қарай 

аттанады  

Оларға қарсы Спитаменатты сақ жауынгері үш 

жыл  партизандық  соғыс  жүргізеді.  Соңында 

гректер артқа қайтуға мəжбүр болады. Сақтарға 

жасалған  осы  жорығында  Македонский 

Сырдария бойына Александрия Эсхата (Шеткі 



Александрия)деген қала салғызады 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   78




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет