Аралық ғылыми­практикалық конференция II том



жүктеу 8.09 Mb.

бет62/78
Дата22.12.2016
өлшемі8.09 Mb.
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   78

Пайдаланған әдебиеттер тізімі: 

1   Əдеби жəдігерлер, V том (Жүсіп Баласағұн, «Құтты білік», А.Қ, Егеубаев), Алматы: 

Таймас баспасы, 2007.­536 б. 

2  С. Жолдасбайұлы, «Ежелгі жəне ортағасырдағы Қазақ елінің тарихы», Кітап баспасы, 

Алматы қаласы, 2010. ­208 б.  



498 

 

3  И. Кафесұлы, Түрік мəдениет тарихы, Ыстанбул, 1996­225 б. 



4  С. Жолдасбайұлы  «Ежелгі жəне ортағасырдағы Қазақ елінің тарихы», кітап баспасы, 

Алматы қаласы, 2010. ­138 б.  

5  В. В. Бартольд, Тюрки­двенацать лекций по истории турецких народов Средней Азии, 

Алматы, 1998­47 б. 

6  К. Аманжолов, Түркі халықтарының тарихы­2, Алматы: Білім баспасы, 1997 ­ 26 б. 

7  Решат Генч, Қарахандардың мемлекеттік құрылымы, Ыстанбул, 1998­85 б. 

8  Расони Лазло, Түріктердің Тарихы(Tarihte Tűrklűk), Aнкара:TAKE баспасы, 1991­4 б. 

9  И. Кафесұлы, Түрік мəдениет тарихы, Ыстанбул, 1996­230 б. 

10   Жүсіп Баласағұн, Құтты Білік, ауд.А.Қ, Егеубаев Алматы: Таймас баспасы, 2007.­538 

б. 


11   Жүсіп Баласағұн, Құтты Білік, ауд.А.Қ, Егеубаев Алматы: Таймас баспасы, 2007.­536 

б. 


 

ƏОЖ 327/339.9 



Мұсатаев С.Ш.

1

, Сақбекова Ә.Б.

2 

əл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Саясаттану жəне саяси 

технологиялар кафедрасының профессоры, саяси ғылымдарының докторы 

E-mail: 

mceka@mail.ru

 

əл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Саясаттану жəне саяси 

технологиялар кафедрасының магистранты 

 

ЕАЭО ТРАНЗИТТІК ӘЛЕУЕТІН АРТТЫРУДАҒЫ ҚАЗАҚСТАННЫҢ РӨЛІ 



 

Abstract.  The article examines geostrategy of the Republic of Kazakhstan, Kazakhstan's 

role  in  improving  the  transit  potential  of  the  EAEC,  aimed  at  efficient  use  of  its  transit 

potential,as well as topical issues of state policy in the sphere of transport and communications. 

Kazakhstan  has  initiated  projects  such  as  the  international  transit  corridor  "Western  Europe  ­ 

Western China", "Eurasian transcontinental corridor" state program "Nurly Jol" that contribute to 

the development of the transcontinental infrastructure. The authors carried out political analysis 

of the work done in the field of transport and logistics. 

Key  words:  Transit  potential,  geostrategic,  transport  and  communications,  international 

transport corridor 

 

Қазақстан  Президенті  Н.Ə.  Назарбаевтың  «Ұлт  жоспары  –  қазақстандық  арманға 



бастайтын жол» атты мақаласы – Қазақстанның дағдарысты еңсеруіне бағытталған, бүкіл 

қоғам  өмірі  мен  ұлттық  экономиканың  жаңаша  даму  жолдары  кешенді  қарастырылған 

бағдарламалық құжатқа тең. Елбасымыздың жаңа Ұлт жоспарында еліміздің көлік­транзит 

логистикалық  əлеуетін  арттыруға  баса  назар  аударылып  отыр  [1].  Еуразия  кіндігінде 

орналасқан  Қазақстан  қазіргі  заманғы  көліктік  инфрақұрылымды  қалыптастыру  мен 

дамытуды жүйелі түрде іске асыруда. Жалпы, Қазақстан тарихына шолу жасасақ геосаяси 

жағдайына  байланысты  қасиетті  қазақ  жері  ғасырлар  бойына  тоғыз  жолдың  торабын, 

түрлі бағыттағы керуен жолдарын тоғыстырған. Алтай мен Атыраудың арасында жатқан 

кең­байтақ  қазақ  жері  Шығыс  пен  Батыс  өркениеттерін  тоғыстырып,  ұлы  дала  арқылы 

қазіргі  заманғы  халықаралық  қатынастарға  негіз  болған  Ұлы  Жібек  жолы  өткен.  Ал 

бүгінгі  таңда  Еуразия  құрылығының  көп  елдеріне,  ірі  көліктік  тораптары  мен 


499 

 

терминалдарына  жол  ашатын  автомобиль  жəне  темір  жолдардың  Еуропалық  жəне 



Азиялық  аумақтық  жүйелеріне  белсенді  интеграция  процесі  жүруде.  Бұл  процесте 

Қазақстанның  алар  орны  мен  атқаратын  рөлі  ерекше.  Осыған  байланысты  мемлекет 

басшысының  ұлт  жоспарында  «көлік  тасымалдары  жүйесі  мен  транзитті  дамыту 

мақсатында,  «Нұрлы  жол»  Мемлекеттік  бағдарламасында  қаралғандай,  республикалық 

маңыздағы  7  мың  шақырымнан  астам  автомобиль  жолдары  қайта  жаңғыртылатын 

болады»  деп  көрсетілген.  Сонымен  қатар,  Қазақстанды  халықаралық  көліктік­

коммуникациялық  ағындарға  интеграциялау  мақсатында  мультимодальды  «Еуразиялық 

трансқұрлықтық дəлізін» құру бойынша жоба басталды. 

Қазақстан Президенті Н.Ə. Назарбаев саяси­экономикалық интеграцияның идеялық 

генераторы  ретінде  əлемге  танылған  саясаткер.  Ұлт  көшбасшысы  2007  жылы 

Қазақстанның  ашық  теңіз  жолдарынан  алыстығын  кемшілікке  емес,  керісінше,  тиімді 

ерекшелікке айналдыруды көздеп, еуразиялық көліктік қатынастарды нығайтатын Шығыс 

пен  Батыс,  Оңтүстік  пен  Солтүстік  арасында  транзиттік  тасымалдың  оңтайлы  жолы 

ретінде  «Батыс  Еуропа–Батыс  Қытай»  транзиттік  көлік  дəлізін  салуды  ұсынған 

болатын. Қазақстан  Республикасының  Президенті  Н.Ə.  Назарбаев  «Жаңа  əлемдегі  жаңа 

Қазақстан»  атты  2007  жылғы  28  ақпандағы  ел  халқына  арнаған  Жолдауында  «Батыс 

Қытай­Батыс Еуропа» автожолын салу туралы Қазақстан Үкіметіне нақты тапсырма берді: 

«Үкімет  жарты  жылдың  ішінде  халықаралық  маңызы  бар  негізгі  автожолдарды 

халықаралық  стандарттарға  сəйкес  келтіруге  қажетті  стратегия  əзірлеуі  керек.  Сонымен 

қатар көлік­логистикалық кластерді дамыту ауқымында Батыс Еуропаны Батыс Қытаймен 

жалғастыратын Қазақстанның аумағы арқылы өтетін автомобиль жолы салынуға тиіс» [2]. 

Бұл халықаралық жоба қазір толықтай жүзеге асудың алдында тұр. «Батыс Еуропа–

Батыс  Қытай»  халықаралық  транзиттік  дəлізі  –  бұл  XXI  ғасырдың  құрылысы,  əлемдегі 

бірегей  жоба.  Көлік  дəлізінің  жалпы  ұзындығы  –  8445  шақырым.  Мұның  ішінде 

Қазақстанның  үлесіне  2787  шақырым  тиесілі.  Ресей  Федерациясына  жолдың  2233  км 

тиесілі. Ал Қытай арқылы көлік дəлізінің 3425 км өтеді. Жолды басынан аяғына дейін 10­

14  күн  ішінде  жүріп  өтуге  болады.  Бұл  жобаны  «Ұлы  Жібек  жолының»  жаңғыруы  деп 

бағалауға тұрарлық. Аталмыш жобаның баламалы дəліздерден, Транссібір автожол дəлізі, 

Суэц  арнасы арқылы өтетін  теңіз жол дəлізімен  салыстырғандағы  артықшылығы ­ оның 

ұзындығы  мен  жолда  жүретін  уақыты  болып  табылады.  Қытай  мен  Еуропа  арасындағы 

теңіз дəлізі арқылы жолда жүретін уақыт 45 тəулік,  ал «Трансібір» темір жол магистралі 

бойынша  екі  аптадан  астам  уақыт  керек.  Мамандардың  есептеуінше,  «Батыс  Еуропа­

Батыс Қытай» дəлізі арқылы Ляньюньгань портынан Еуропа мемлекеттерінің шекарасына 

дейін 14 тəулікте жетуге болады екен (егер 2 жүргізуші кезектесіп, тəулігіне 10 сағаттан, 

сағатына 70­80 шақырым жылдамдықпен жол жүрсе) [3].  

«Батыс Еуропа – Батыс Қытай» жолының стратегиялық маңызы еліміз үшін өте зор. 

Сондықтан  Елбасымыз  оны  үнемі  назарда  ұстап  отыр.  Осы  жерде  салыстыру  үшін  айта 

кетсек:  кезінде  дүрілдеген  кеңес  өкіметі  кезінде  БАМ,  яғни  Байкал­Амур  магистралінің 

құрылысының жалпы ұзындығы 3300 шақырым, оны салуға 150 мың жұмысшы күшімен 

17 жыл жүргізді.  

Ал  «Батыс  Еуропа  –  Батыс  Қытай»  жолы  2007  жылы  бастау  алып,  2017  жылы 

толықтай бітеді деп жоспарланып отыр. Ондағы жұмыс күшінің саны 50 мың адамға дейін 

жетіп, жұмысқа 10 мың жол­құрылыс техникасы тартылды. 

Жоба  негізгі  үш  бағыт  арқылы,  Қытай­Қазақстан;  Қытай­Орталық  Азия;  Қытай­

Қазақстан­Ресей­Батыс  Еуропа  бағыттары  арқылы  жүк  тасымалдауды  қамтамасыз  етеді. 


500 

 

Жобаның  техникалық­экономикалық  негіздемесін  əзірлеу  барысында  жүргізілген 



зерттеулер 2020 жылға қарай жүк тасымалдаудың көлемі жылына 13 миллион тоннадан 33 

миллион  тоннаға  дейін  артып,  2,5  есе  ұлғаятынын  көрсетіп  отыр.  Жобаның  жүзеге 

асырылуынан  болатын  жалпы  экономикалық  нəтиженің  жылдық  орташа  көрсеткіші 

инфляция деңгейінің ықпал етуін есептемегенде: жол жүру уақытын қысқартқаннан ­ 33,9 

миллиард  теңге; жол­көлік апаттары санының азаюынан ­ 49,9 миллион теңге; жол­көлік 

апаттарынан  қаза  тапқандар  санының  азаюынан  ­  19,3  миллиард  теңге;  автотасымалдау 

құралдарын пайдалануға жұмсалған шығынның қысқаруынан ­ 9,5 миллиард теңге; жалпы 

аймақтық өнімнің өсуіне байланысты  ­ 82,9 миллиард теңге. Жалпы жобаның толық құны 

825,1  миллиард  теңгені  құрайды.  Осымен  қатар,  мемлекеттік  бюджеттен  ең  төменгі 

шығындар жұмсалады. Əлемдік қаржы дағдарысы жағдайында елдегі экономикалық пен 

саяси  тұрақтылықтың  арқасында  халықаралық  қаржы  институттарынан  тарихи  қысқа 

мерзімде  мол  қаражат  алып  іске  асыруға  мүмкіндік  беріп    отырғандықтан  болар. 

Халықаралық  қайта  құру  жəне  даму  банкі  өзінің  тарихында  алғаш  рет  бір  жобаны  іске 

асыру үшін 2 миллиард 125 миллион АҚШ долларын бөлді. Аталған қаржының есебінен 

Қызылорда жəне Оңтүстік Қазақстан облыстары арқылы өтетін жолдың 1062 шақырымы 

қайта жаңартудан өткізілетін болады.  Еуропа қайта құру жəне даму банкі 102 шақырым 

ұзындықтағы  «Ресей  Федерациясы  шекарасы  (Мəртөк)  ­  Ақтөбе»  аумағын  180  миллион 

доллар көлеміндегі несиемен қамтамасыз етті. Азия даму банкі Жамбыл облысындағы 303 

шақырымға созылатын аумаққа  үш траншпен қоса, 702 миллион АҚШ долларын бөлді. 

Ислам даму банкі Жамбыл облысында 172 шақырым ұзындықтағы аумаққа екі траншпен 

қоса,  394  миллион  доллар  көлемінде  қаржы  ұсынды.  Республикалық  бюджеттен  жалпы 

ұзындығы 304 шақырым болатын дəліздің  жеке аумақтарының құрылысы үшін, сондай­ақ 

қосымша  қаржыландыру  үшін  136,1  миллиард  теңге  бөлу  жоспарлануда.  301  шақырым 

қашықтыққа  созылатын  «Алматы­Қорғас»  жəне  209  шақырымды  алатын  «Ташкент­

Шымкент­Жамбыл  облысының  шекарасы»  аумақтарын  жеке  инвесторлардың  концессия 

негізінде  бөлген  жалпы  көлемі  267  миллиард  теңге  болатын  қаржысы  есебінен  жүзеге 

асырылуда [5]. 

«Батыс  Қытай–Батыс  Еуропа»  халықаралық  автокөлік  дəлізімен  қатар,  Қазақстан 

халықаралық темір жол қатынасын дамытуға барынша күш салуда. Аймақтар арасындағы 

ішкі  коммуникацияларды  қамтамасыз  ету,  Қазақстанның  экспорттық  жəне  транзиттік 

əлеуетін  арттыру  үшін  Президентіміз  Н.Ə.  Назарбаевтың  тапсырмаларына  сəйкес 

тəуелсіздік  жылдары  Ақсу–Дегелең  (187  км),  Хромтау–Алтынсарин  (404  км),  Шар–

Өскемен (150 км), Өзен–Түрікменстанмен мемлекеттік шекара (146 км), Жетіген–Қорғас 

(293  км)  жаңа  теміржол  желілері  салынды.  Елбасымыз  «Қазақстан­2050»  Стратегиясын 

елге  жариялай  отырып:  «Біз  «Өзен­Түркіменстан  шекарасы»  теміржол  желісін  салып, 

Парсы шығанағы мен Үлкен Шығыс елдеріне жол аштық. «Қорғас­Жетіген» жолын төсеп, 

Қытайдың  жəне  күллі  Азия  құрлығының  нарықтарына  еніп,  Шығыс  қақпасын  айқара 

аштық. Біз «Жезқазған­Бейнеу» теміржолын салуды бастадық», – деуі тегін емес [4]. 

Еліміздің көлік жүйесін дамытуда транзиттік əлеуетті пайдалануға үлкен мүмкіндік 

беретін «Жетіген–Қорғас» халықаралық темір жол жобасының негізі Қазақстан мен Қытай 

мемлекет басшыларының кездесуінде қаланған болатын. Президент Н. Назарбаевтың 2006 

жылғы  20  желтоқсандағы  ҚХР­ға  мемлекеттік  сапары  аясында  ҚР  Көлік  жəне 

коммуникациялар  министрлігі  мен  ҚХР  Теміржол  министрлігі  арасында  екі  ел 

теміржолын  шекаралық  аймақтағы  Қорғас  стансасы  арқылы  жалғастыру  мақсатында 

«Жетіген­Қорғас» желісі құрылысын жүргізу туралы меморандумға қол қойылды. 


501 

 

«Жетіген­Қорғас»  темір  жолының  құрылысы  2009  жылы  тамыз  айында  басталған 



болатын. «Жетіген ­ Қорғас» теміржолы құрылысы кезеңінде 5 мыңнан астам жұмыс орны 

пайда болды. Жобаны жүзеге асыруға кіріскен 2009 жылғы тамыздан бері 293 шақырым 

теміржол төсемі тартылды, 5 станса, 9 разъезд, 28 көпір жəне 2 құбыржол салынды. 2011 

жылы  «Жетіген­Қорғас»  темір  жол  магистралінің  құрылысы  аяқталды  (293  км),  ал  2012 

жылы Қытаймен шекарада орналасқан өткізу қабілеті 20 млн тонна болатын «Алтынкөл­ 

Қорғас» екінші темір жол өткелі пайдалануға берілді. Осы бағдарлардың негізгі мақсаты ­ 

Қытайдан  жəне  Оңтүстік  Шығыс  Азия  елдерінен  жүк  ағындарын  тарту  жəне  оларды 

Орталық Азия, Ресей, Еуропа мемлекеттеріне жəне кері қарай өткізу.  

«Солтүстік­Оңтүстік» көлік дəлізін одан əрі дамыту үшін 2011 жылғы желтоқсанда 

«Өзен­Түркіменстанның  шекарасы»  жаңа  темір  жол  құрылысы  аяқталды  жəне  2013 

жылғы  мамырда  Қазақстан  мен  Түркіменстанның  арасында  «Болашақ­Серхетяка 

стансасы» ашылғаны белгілі. Теңіз порттарының жүктемесін (негізгі порт ­ Ақтауда) екі 

есеге ­ жылына 40 млн тоннаға дейін арттыру жоспарлануда. Жаңа жолдарды жылжымалы 

құраммен қамтамасыз ету үшін осында жақын арада локомотивтер мен вагондар өндірісі 

жолға қойылып отыр. «Жаңа Жібек жолы» авто жол мен темір жол салумен қатар, басқа 

да  тоғыз  жоба  кіреді.  Олардың  кейбірі  əзірге  жоспарлануда,  ал  бір  бөлігі  басталып  та 

қойды  (мысалы,  Ақтау  портын  кеңейту),  енді  бірі  аяқталу  кезеңінде.  Қытайлық 

Ляньюньган  портында  қытайлық­қазақстандық  бірлескен  компаниясы  салып  жатқан 

терминал пайдалануға жақын. Ол Қытай жəне Оңтүстік Шығыс Азия елдерінің нарығына 

Қазақстанның  экспорттық  жəне  транзиттік  əлеуетін  арттыруға  мүмкіндік  береді.  Ал 

«Қорғас  халықаралық  шекаралық  ынтымақтастық  орталығы»  мен  «Қорғас­Шығыс 

қақпасы»  арнаулы­экономикалық  аймағы  Қазақстанның  ғана  емес,  бүкіл  Еуразияның 

экономикалық өсім орталығына айналары сөзсіз. 

2014 жылғы 22 тамызда Жезқазған–Бейнеу (1036 км) жəне Арқалық– Шұбаркөл (214 

км)  желілері  бойынша  пойыз  қозғалысы  ашылып,  уақытша  пайдалануға  берілді.  Бұл 

желілердің  жалпы  ұзындығы  2  500  шақырымға  жуық.  «Жезқазған­Бейнеу»  темір  жолы 

Қазақстанның шығысы мен батысының арасын 1138 км қықартып, жолға кететін уақытты 

4  тəулікке  азайтса,  «Арқалық  ­Шұбаркөл»  темір  жолы  Қазақстанның  орталығы  мен 

солтүстігінің  арасын  550­600  км  қысқартты.  Нəтижесінде  жолға  кететін  шығындар  35% 

азаяды.Жаңа  құрыш  магистральдар  Қазақстанның  көлік­транзиттік  əлеуетін  іс  жүзінде 

қолдануға қосылған үлкен үлес, қазақтың ұлы даласының бір шетін екінші шетімен қосты. 

Əзірге  уақытша  пайдалануға  берілген  бұл  ғаламат  темір  жолмен  негізінен  түрлі  жүктер 

тасымалдануда  (темір,  күкірт, түрлі кен­рудалар, көмір, астық,  құрылым материалдары). 

Жалпы, осы темір жолмен 2014 жылғы 22 тамыздан бастап 2015 жылғы 11 сəуірге дейін 

1556 жүк пойызы қатынаған екен (оның ішінде көмір тиеген 476 поезд, темір артқан 258, 

күкірт  таситын  101,  рудамен  10,  контейнермен  12,  аралас  жүкпен  437,  бос  вагондармен 

261  поезд  өткен),  олардың  тасымалдаған  жүктерінің  жиынтығы  3 109 539  тоннаны 

құраған. 



2014 жылы 3-ші желтоқсанда үш елдің президенттері Қазақстаннан- Нұрсұлтан 

Назарбаев,  Түркіменстаннан  -  Гурбангұлы  Бердымұхамедов,  Ираннан  -  Хасан  Рухани 

«Өзен-Берекет-Горган»  шекаралық  темір  жол  магистралін  ашты.  Жолдың  жалпы 

ұзындығы – 928 км. Оның 146 км Қазақстан аумағы, 700 км – Түркіменстан, 82 км – Иран 

жері  арқылы  өтеді.  Жаңа  транзиттік  дəліздің  жобаға  қатысушы  елдердің  жүк 

ағындарын өсіруде маңызы зор: «Оңтүстік – Солтүстік» пойыз бағдары 600 шақырымға 

қысқарады.  Қазақстан  Республикасы  Парсы  шығанағы  елдеріне  тікелей  шығады.Өзен­

502 

 

Түркменістанмен мемлекеттік шекара бағытындағы темір жолы арқасында Қазақстанның 



жүк, ағымдарына Парсы шығанағына жол ашылып отыр. 

2015 жылғы тамыз айының басында Баку қаласында халықаралық  «Nomadexpress» 



контейнерлік пойызының ашылу салтанаты болды.  «Nomadexpress» контейнерлік поезді 

Шихези (ҚХР) - Достық - Ақтау порты (ҚР) - Алят порты (Әзірбайжан) - Кишлы (Баку 

маңындағы  қала)  бағытындағы  қатынасты  жүзеге  асырады.    «Қазақстан  темір 

жолы»таратқан  мəліметке  жүгінсек,  бұл  жүрдек  жүк  пойызы  Қазақстанның  құрлық 

жерімен  жəне  Каспий  теңізі  арқылы  су  бетімен  өтетін  3500  километр  жолды  5  тəулікте 

еңсерген  екен.  Яғни,  Достық  бекетінен  Ақтау  портына  дейін  темір  жолмен,  Ақтау 

портынан  əзірбайжандық  Алят  портына  дейін  паром  арқылы  өтіп,  одан  əрі  Баку 

маңындағы    Кишлы  станциясына  120  сағатта  келіп  жеткен.  Бұл  отандық  темір  жол 

саласында  бұрын  соңды  болмаған  жылдамдық  пен  уақыттың  озық  көрсеткіші.  Ел  мен 

елдің  арасын  қосып,  алысты  жақын  еткен  «Nomadexpress»  контейнерлік  пойызының 

пайдалануға берілуі де қазақстандық «Нұрлы жол» экономикалық саясаты мен қытайлық 

«Жаңа  Жібек  жолы»  жобасының  аясында  жүзеге  асқанын  ерекше  атап  өткеніміз  жөн. 

Транскаспий темір жол магистралінің ашылуы түркі тілдес екі туысқан ел Қазақстан мен 

Əзірбайжанның транзиттік əлеуетін арттырып, түркі əлемін Шығыс пен Батыс арасындағы 

дəнекерлік миссиясын күшейте түсті. Бұл магистраль Түркия мен Грузия арасын қосатын 

105  шақырымдық  Карс­Ахалкалаки  темір  жол  бағыты  іске  қосылса,  тіптен  əлеуеті  зор 

болмақ  (түрік  жерін  –  76  км,  грузин  жерінде  –  29  км).  «Қазақстан  темір  жолы»  АҚ 



басшысыА.Маминнің айтуынша, бұл халықаралық жобаны толықтай жүзеге асыру үшін 

Қытай,  Қазақстан,  Əзірбайжан,  Грузия  жəне  Түркия  елдерінің  кешенді  ынтымақтастығы 

қажет: тиісті мемлекетаралық саяси шешімдер қабылдаудан бастап, темір жол саласының, 

теңіз порттарының, кеме навигациясы мен жүк терминалдарының үйлесіммен қызмет етуі, 

бəсекеге  қабілетті  тарифтік  саясат  ұстануы,  мультимодальды  логистикалық  тізбек  құрай 

білуі аса маңызды. Сонда ғана Транскаспийлік халықаралық көлік маршруты толыққанды 

қызмет етуге көшеді. 

Халықаралық  валюта  қорының  эксперттерінің  берген  бағасы  бойынша,  Азия  мен 

Еуропа  арасындағы  тауар  айналысы  жылына  600 млрд  АҚШ  долларын  құрап  отыр.  Бұл 

көрсеткішті одан əрі арттыруға екі құрлықтағы елдердің де экономикалық мүмкіндіктері 

жетерлік.  Тек  еуразиялық  экспорт­импорттың  əлеуеті  мен  мен  мүкіндіктеріне  жүк 

тасымалдау  мен  көлік  транзиті  қолбайлау  болып  келді.  Қазақстан  Республикасы 

Президентінің  жанындағы  Қазақстан  стратегиялық  зерттеулер  институтының  директоры 

Е.  Қариннің  «Қазақстан­2050:  Шығыс  пен  Батыс  арасындағы  жаңа  континенталдық 

көпірлер»  атты  дөңгелек  үстелде:  «Түрлі  эксперт  экономистердің  пікірінше,  Қытай  мен 

Еуропалық  одақтың  арасындағы сауда­саттық  көлемі қазір 500 миллиард АҚШ доллары 

болса,  2020  жылы  оның  көлемі  800  миллиард  АҚШ  долларына  жетпек.  Ал  Қытай  мен 

Еуропа  арасындағы  жүк  тасымалы  170миллион  тоннаға  жетпек.  Жаңа  көлік  жобалары 

Қазақстан  арқылы  өтетін  транзиттік  жүк  тасымалын  арттыруға  мүмкіндік  береді. 

Қазақстан  арқылы  Еуразия  құрлығының  ортасында  орналасқан  Орталық  азия  аймағы 

тұтасымен  континентальдық  тəуелділіктен  арылады.  Нұрсұлтан  Назарбаевтың 

стратегиясының  басты  мақсаты  –  Қазақстан  мен  тұтас  Орталық  Азия  аймағын  ірі 

еуразиялық  көлік­транзит  хабына  айналдыру,  барлық  негізгі  континентальдық 

транспорттық  коридорларды  жүргізу  жəне  біріктіру.  Осылайша  біздің  еліміз  өзінің 

күшімен  бірнеше  ірі  инфрақұрылымдық  жобаларды  жүзеге  асырды.  Түрлі  саясаткерлер 

мен  эксперттер  дауласып,  пікірталасып,  сан­алуан  варианттарды  ұсынып  жатқанда 



503 

 

қазақстандық көшбасшы іс жүзінде Ұлы Жібек жолын жаңғыртуға көшті. Орталық Азия 



енді  континентальдық  оқшауланудан  құтылатын  болды»  деген  пікірі  көп  нəрсені 

аңғартады [6]. 

Қорыта айтар болсақ, ұлт жоспарын жүзеге асыру арқылы Қазақстан өзінің геосаяси 

əлеуетін  ұтымды  пайдалана  отырып  түрлі  жүктердің  Азиядан  Еуропаға  кедергісіз 

транзитін  қамтамасыз  етеді,  жүк  жеткізу  құнын  екі  еседен  астамға  төмендетеді. 

Елбасымыз  жаңа  ұлттық  жоспарында  ерекше  атап  көрсеткендей,  2022  жылға  қарай  жол 

жүруден  түскен  алымдар  шамамен  41  млрд.  теңгені  құрайтын  болады,  ал  ол 

республикалық  маңыздағы  автожолдардың  бүкіл  жүйесін  ұстауға  жағдай  жасайды. 

Қазақстандық маршруттарға қосымша жүк ағындарын тарту көліктің барлық түрлерімен 

транзиттік  тасымалды  2020  жылы  қазіргі  18  млн.  тоннадан  33  млн.тоннаға  дейін  жəне 

2030  жылы  50  млн.  тоннаға  дейін  ұлғайтады.  Контейнерлік  тасымалдарды  мемлекеттік 

реттеуден босату таяудағы 5 жылда олардың көлемін 500 мың тоннадан астамға ұлғайтуға 

жағдай жасайды.  

 

Пайдаланылған әдебиеттер: 

1. Қазақстан Президенті Н.Ə. Назарбаевтың «Ұлт жоспары – қазақстандық арманға 

бастайтын 

жол» 

атты 


мақаласы 

// 


http://www.akorda.kz/kz/events/akorda_news/press_conferences/memleket­basshysynyn­ult­

zhospary­kazakstandyk­armanga­bastaityn­zhol­makalasy 

2.  Қазақстан  Республикасының  Президенті  Н.Ə.  Назарбаев  «Жаңа  əлемдегі  жаңа 

Қазақстан»  атты  2007  жылғы  28  ақпандағы  ел  халқына  арнаған  Жолдауы  //  Егемен 

Қазақстан. 2007 жылғы 1 наурыз. –Б. 1. 

3.  Трансконтинентальный  коридор  «Западная  Европа  –  Западный  Китай»  –  новый 

путь в Европу: от мечты к реальности» // http://www.europe­china.kz/info/69 

4. Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы  Н.Ə. Назарбаевтың Қазақстан 

халқына  Жолдауы.  «Қазақстан­2050»  Стратегиясы  қалыптасқан  мемлекеттің  жаңа  саяси 

бағыты. 


2012 

жылғы 


14 

желтоқсан 

// 

http://www.akorda.kz/kz/addresses/addresses_of_president/page_kazakstan­respublikasynyn­



prezidenti­n­a­nazarbaevtyn­kazakstan­khalkyna­zholdauy­2012­zhylhy­14­

zheltoks_1357813742 

5.  Экономические и социальные эффекты от реализации проекта «Западная Европа 

– Западный Китай» // http://www.europe­china.kz/info/86 

6.  Курамысова  А.  Казахстан  рассчитывает  увеличить  объем  грузопотока  благодаря 

транзитному  Центральная  Азия  выйдет  из  континентальной  изоляции  //  Казахстанская 

правда. 3 ноября 2014 года. –С. 1. 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 


504 

 

УДК 902 



Мұхатова О.Х. 

тарих ғылымдарының докторы, əл-Фараби атындағы  

Қазақ ұлттық университетінің профессоры, Қазақстан, Алматы 

Orazgul7@rambler.ru

 

 




1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   78


©emirsaba.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал