19. SТ жоғарылауынсыз жедел коронарлы синдром. Жіті (жедел) коронарлы синдром депмиокард инфарктісін немесе тұрақсыз стенокардияға күмән тудыратын кез келген симптомдарды және клиникалық көріністерді айтады.
1. ЅT тісшесінің жоғарылауымен көрінетін миокард инфарктісі;
2. ЅТ тісшесінің жоғарылауынсыз крінетін миокард инфарктісі;
3. Кардиоспецификалық ферменттер, биомаркерлер, ЭКГ соңғы кезеңінде жасағанда анықталатын миокард инфарктісі;
4. Тұрақсыз стенокардия;
Жіті (жедел) коронарлы синдром диагнозы жеке нозология болып табылмайды. Науқас ауруханаға келген соң «Жіті коронарлы синдром» диагнозы басқа диагнозға ауысуы керек. Ол келесілер: тұрақсыз стенокардия, Q тісшесімен миокард инфарктісі, Q тісшесі жоқ миокард инфарктісі, тұрақты стенокардия немесе басқа ауру.
Жіті (жедел) коронарлы синдром патогенезінде келесі факторлар басты орынды алады:
» Атеросклеротикалық түйін жарылуы емесе эрозиясы;
» Әртүрлі сатыдағы коронарлы артерия тромбозы;
>> Коронарлы артерия спазмы;
>> Коронарлы артерия дистальды эмболизациясы;
> Қабыну;
Атеросклеротикалық түйіндердің жарылуы немесе эрозиясы оның тұрақсыздығы келесі себептермен байланысты:
» Липидтік ядроның үлкен көлемі;
» Коллаген зақымдалуымен, жіңішке фиброзды капсула;
>> Біріңғай салалы бұлшықеттер төмен тығыздығы;
>> Макрофагтардың жоғары концентрациясы;
Жіті (жедел) коронарлы синдром клиникалық көрінісі.Жедел коронарлы синдром ЅT тісшесінің төмендеуінсіз жүретін түрінде екі нозологиялық формаға бөлінеді. Олар тек симптомдардың айқын көрінуімен ғана ерекшеленеді десе де болады. Бұл екеуіне ST тісшесіндегі өзгеріссіз инфаркт миокарды және тұрақсыз стенокардия жатады.ST тісшесіндегі өзгеріссіз инфаркт миокарды дегеніміз миокардтың жедел ишемиясы. Бұл кезде ауру ауырлығы және ұзақтығы оның миокардта некроз түзілуіне әсер ете алады.Бастапқы ЭКГ де ЅT тісшесінің жоғарылауы байқалмайды. Көпшілік науқастарда сонымен қатар Q тісшесі де анықталмайды. Мұндай науқастарда Q тісшесі жоқ миокард инфарктісі анықталады.ST тісшесіндегі өзгеріссіз миокард инфарктісі тұрақсыз стенокардиядан тек қанда миакард некрозының маркерлері анықталуымен (концентрациясының жоғарылауымен) ажыратылады.Тұрақсыз стенокардия дегенімізмиокард некрозын тудыруға аурудың ауырлығы және ұзақтығы жетпейтін миокард инфарктісін айтамыз. Бұл кезде де ЭКГ де ЅT тісшесі жоғарылауы анықталмайды. Миокардта некроз процессі болмағандытан қанға миокард некрозының арнайы маркерлері табылмайды.
Жедел коронарлы синдром кезіндегі науқас шағымыНегізі көрініс ретінде науқаста 15 мин асатын ауырсыну синдромы байқалады. Стенокардияның түнгі және тыныштық уақытындағы ұстамасы дәрігерге қаралуға себеп болады.Атипті көріністері 75 жастан асқан науқастарда, 40 жасқа дейінгі жас адамдарда, қант диабетімен ауыратындарда, әйелдерде байқалуы мүмкін. Келесі симптомдар көрінеді:» Тыныштықтағы ауырсыну;» Эпигастральді аумақтағы ауырсыну;» Асқортудың жедел түрдегі бұзылысы;>> Кеуде қабырғасындағы ине сұққан тәрізді ауырсыну;» Плевритке тән кеуде қуысындағы ауырсыну.» Ентігудің күшеюі, физикалық жүктемені көтере алмау;Жедел коронарлы синдром кезінде ЭКГ жүргізу негізгі дигностикалық әдістердің бірі. Бұл кезде негізгі көрініске жататыны: ST сегментінің жылжуы және Т тісшесінің өзгеруі. ЭКГ негізінде ауырсыну ұстамасы кезінде жасаған тиімді. Коронарлы синдромды шартты диагностикасы үшін бірнеше ЭКГ динамика кезінде жасау керек.
ЭКГ мен коронарлы синдромға диагностика үшін екі жағдай маңызды:
» Ауырсыну синдромы жоқ болғанда ЭКГ де өзгерістер байқалмауы мүмкін.
» Егер ЭКГ өзгеріс жоқ болса, ол жедел коронарлы синдромның жоқ екенін көрсетпейді.
Жедел коронарлы синдром лабараторлы диагностикасы
Қанның жалпы анализін жүргізу көрстілген. Мұнда біз лейкоциттер, лейкоцитарлы формула, эритроциттер, гемоглобин құрамы, ЭТЖ қараймыз. Сонымен қатар арнайы биохимиялык көріністерге мән беру керек, олар тропониндер, МВ-фракция
креатининфосфокиназа глюкоза
Миокард некрозының маркерлері.
Бұған жоғарыда аталғандар (тропониндер, МВ-фракция креатининфосфокиназа) жатады. Қанда тропониндер немесе MB- КФК табылса, оларды келесі 12 сағатта ауырсыну синдромынан кейін тағы анықтау керек. Бұл миокард некрозын нақтылауға қажет.
Жедел (жіті) коронарлы синдромды емдеуКоронарлы синдромы бар науқасты ауруханаға жансақтау бөліміне немесе интенсивті терапия бөлімін госпитализация жасау керек. Жансақтау бөлімінде жату уақыты науқас жағдайына, ЭКГ динамикасына, қан және биохимиялық көрсеткіштерге байланысты болады.
Медикаментозды емдеуЖедел коронарлы синдромды емдеуде бірнеше топ емдік препараттарды пайдаланады.
1. Нитраттар;2. В-адреноблокатор;3. Кальций каналын тежеуші блокаторлар;4. Антитромбтық, антитромбоцитарлық препараттар: ацетилсалицил қышқылы, клопидогрел, абциксимаб, эптифибатид;5. Антитромбиндық препараттар: гепарин, натрий төменгі мөлекулалы гепарин энксапарин натрий, надропарин кальций, далтепарин натрий;