Аралық/қорытынды аттестаттау сұрақтарының бағалаудың нақты критерийлері
Сұрақтар тізімі: Ауруханадан тыс пневмония. Ауруханадан тыс пневмонияның диагностикалық критерийлері және екшеу диагнозы, асқыну түрлері, асқынулардың диагностикасы. ҚР ДСМ клиникалық протоколы бойынша стационар жағдайында ауруханадан тыс пневмониясы бар науқастарды жүргізу мен емдеу тактикасы, соның ішінде қарт жастағы науқастарда. Шұғыл медициналық көмекті талап ететін патологиялық жағдайлардың екшеу диагнозы мен диагноз қою алгоритмі. Жоспарлы және шұғыл госпитализациялаудың көрсетпелері. Болжамы мен реабилитациясы. Уақытша және тұрақты еңбекке жарамсыздықтың сараптамасы. Ауруханадан тыс пневмония – ауруханадан тыс шарттарда туындаған қатаң жұқпалы ауру (яғни стационардан тыс немесе одан шыққанған кейін 4 аптадан соң, немесе емдеуге жатқызу сәтінен бастап алғашқы 48 сағ ішінде диагностикаланған, немесе мейірбикелік күтім/бөлімшелерінде ұзақ уақыт бойы медициналық бақылауда болмаған ≥14 тәулік төменгі тыныс жолдарының инфекцияларының сүйемелдеуші симптомдары бар болған (қалтырау, жөтел, қақырық бөлу, мүмкін, іріңді, кеуденің ауыруы, ентігу) және рентгенологиялық белгісі "балғын" өкпеде ошақтық-инфильтративтік өзгерістер болмаған кезде айқын диагностикалық балама.
Streptococcuspneumoniae туындатқан пневмония
J14 Haemophilusinfluenzae туындатқан пневмония
J15 Бактериялық пневмония, өзге топтамаларда жіктелмеген (ерекшеліктер: Chlamydiaspp- J16.0 туындатқан пневмония және «легионерлер ауруы»-А48.1)
J15.0 Klebsiellapneumoniae туындатқан пневмония
J15.1 Pseudomonasspp туындатқан пневмония
J15.2 Staphylococcusspp туындатқан пневмония
J15.3 В топты стрептококктар туындатқан пневмония
J15.4 Өзге стрептококктар туындатқан пневмония
Ауруханадан тыс пневмония I. Қалыпты (иммунитет бұзылушылықтары жоқ пациенттерде):
а. бактериялық;
б. вирустық;
в. саңырауқұлақтық;
г. микобактериялық;
д. паразитарлық.
II. Иммунитетінің айқын бұзылушылығы бар пациенттерде: :
а. жұқтырылған иммун тапшылығы синдромы (ЖИТС);
б. өзге сырқаттар/
патологиялық жай-күйлер.
III. Аспирациондық