Негізгі дəрі дəрмектер тізімі:
1. *Бекламетазон аэрозоль 200 доза.
2. *Ипратропия бромид аэрозоль 100 доза.
3. *Сальбутамол аэрозоль 100 мкг/доза; таблетка 2 мг, 4 мг; небулайзер үшін ерітінді 20 мл.
4. *Теофиллин таблетка 200 мг, 300 мг таблетка ретард 350 мг.
5. *Фенотерол аэрозоль 200 доза.
6. *Ипратропий бромиді 21 мкг+фенотерол гидробромиді 50 мкг.
7. *Амброксол таблетка 30 мг; сироп 30 мг/5 мл.
8. *Амоксициллин+клавулан қышқылы 625 мг.
9. *Азитромицин 500 мг.
10. *Метронидазол 100 мл, флакон.
Қосымша дəрі-дəрмектер тізімі:
1. *Аминофиллин инъекция үшін ерітінді 2,4% 5 мл ампулада, 10 мл.
2. *Салметерол ингаляция үшін аэрозоль 25 мкг/доза.
3. *Флютиказон аэрозоль 120 доз.
4. *Кларитромицин 500 мг, табл.
5. *Спирамицин 3 млн. ЕД, табл.
3. Артериалық гипертензия (АГ) және оның асқынулары. Асқынулары бар АГ-ның диагностикалық критерийлері және екшеу диагнозы. ҚР ДСМ клиникалық протоколы бойынша стационар жағдайында науқастарды жүргізу мен емдеу тактикасы (соның ішінде қарт жастағы науқастарда).
Артериалдық гипертония - систолалық АҚ 140 мм.с.б. жəне жоғары мен/немесе диастолалық АҚ 90 мм.с.б. жəне жоғары тұрақты көтерілуі (тыныштық жағдайда, түрлі уақытта жүргізілген кем дегенде үш өлшем нəтижесінде. Науқас бұл кезде АҚ жоғарылататын, сонымен қатар төмендететін дəрілік заттарды қабылдамауы қажет).
Жіктемесі
БДҰ/АГХҚ 1999 ж.
Қалыпты АҚ категориялары:
• Оптималды АҚ < 120 / 80 мм.с.б.
• Қалыпты АҚ <130 / 85 мм.с.б.
• Жоғары қалыпты АҚ немесе предгипертония 130 - 139 / 85-89 мм.с.б.
АГ дəрежелері:
• 1 дəреже 140-159 / 90-99.
• 2 дəреже 160-179/100-109.
• 3 дəреже 180 /110.
• Оқшауланған систолалық гипертензия.140/ <90.
Диагностика критерийлері
Шағымдар мен анамнез
АГ бірінші рет анықталған науқастарда тиянақты анамнез жинау қажет, оған келесілер кіреді:
- АГ пайда болу ұзақтығы жəне анамнезде АҚ көтерілу деңгейі, сонымен қатар антигипертензивті заттармен бұрын емделу нəтижелері, анамнезде гипертониялық криздердің болуы;
- ЖИА симптомдарыны, жүрек функциясының жеткіліксіздігі, ОНЖ аурулары, перифериялық қантамырлардың зақымдалуы, қантты диабет, подагра, липидтік алмасу бұзылыстары, бронхообструктивті аурулар, бүйрек аурулары, сексуалдық бұзылыстар жəне өзге де патологиялардың болуы туралы мəліметтер, сонымен қатар, ауруларды емдеу кезінде, əсіресе АҚ көтерілуіне əсер ететін дəрілік препараттар туралы мəліметтер;
- АГ екіншілік мінезіне негіз болатын спецификалық симптомдарды анықтау, (жастық кез, тремор, терлегіштік, АГ емдеуге тұрақтылық; бүйректік артерия аумағындағы шу, ауыр ретинопатия, гиперкреатининемия, кенеттік гипокалиемия);
- Әйелдерде – гинекологиялық анамнез, АҚ көтерілуінің жүктілікпен, менопаузамен, гормональді контрацептивтерді қабылдаумен, гормональді-алмастырушылық терапиямен байланысы;
- Майлы тамақ, ас тұзы, алькогольдік ішімдіктерді қабылдау, темекі тарту жəне физикалық белсенділікті сандық бағалаумен, сонымен бірге өмір барысында дене салмағының өзгеруі туралы деректерді қоса өмір сүру салтын тиянақты бағалау;
- Тұлғалық жəне психологиялық ерекшелік, сонымен қатар отбасылық жағдай, жұмыс жəне үйдегі жағдай, білім деңгейімен қоса гипертониялық аурудың емі мен ағымына əсер етуі мүмкін қоршаған орта факторлары;
- АГ жанұялық анамнезі, қантты диабет, липид алмасу бұзылыстары, жүрек ишемиялық ауруы (ЖИА), инсульт жəне бүйрек аурулары.
130>
Достарыңызбен бөлісу: |