Аралық/қорытынды аттестаттау сұрақтарының бағалаудың нақты критерийлері



бет15/28
Дата22.12.2023
өлшемі239,06 Kb.
#142525
түріПротокол
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   28
Байланысты:
1 терапия.

11. Ревматоидтық артрит (РА).
12. Қант диабеті 2 типі.
Қант диабеті – метаболиттік зақымданулардың тобы, ол инсулин секрециясының бұзылуы, инсулин ықпалы немесе осы екі фактордың бұзылуы нәтижесінде пайда болатын созылмалы гипергликемиямен сипатталады.
Клиникалық ағымының сипаты бойынша ҚД
1 типті ҚД Ұйқы безінің β-жасушаларының деструкциясы, әдетте толық инсулиндік жетіспеушілікке алып келеді
2 типті ҚД Инсулинорезисторлықтың аясындағы инсулин секрециясының ілгері бұзылуы
ҚД-нің өзге айрықша типтері − β-жасушалары функцияларының генетикалық ақаулары;
− инсулин әрекетінің генетикалық ақаулары;
− ұйқы безінің экзокринді бөлігінің ауруы;
− дәрілік препараттар және химиялық заттармен индуцирленген (АИТВ/ЖИТС емдеу кезінде немесе органдар трансплантациясынан кейін);
− эндокринопатии;
− инфекции;
− ҚД-мен сәйкес келетін өзге де генетикалық синдромдар. СД.
Гестационды ҚД Жүктілік кезінде пайда болады
Анамнез:
Сырқат, әдетте, 40 жастан жоғары байқалады, оның алдында метаболикалық синдром компоненттері кездеседі (семіздік, артериялық гипертензия және т.б.).
Физикалық қарап-зерттеу
ҚД2 типті науқастарда болады::
· ИР белгілері: висцералды семіздік, АГ,акантозиснигриканс;
· Бауыр көлемдерінің ұлғаюы;
· Дегидратация белгілері (шырыштың, терінің құрғақтығы, тері тығыздығының төмендеуі);
· Нейропатия белгілері (парестезия, тері мен тырнақтардың дистрофикалық өзгерістері, табандардың жара ақаулары).
ЭКГ – миокард ритмі мен ишемиясының бұзылуын айқындау, сол қарынша миокардының гипертрофиясының белгілерін, систоликалық жүктемені айқындау үшін;
· ЭхоКГ – миокардтың жекелеген бөліктерінің дистрофиясы, қуыс дилатациясы, ишемия зонасы, шығару фракциясын бағалау үшін;
· Құрсақ қуысы УДЗ – қосалқы сырқаттарды айқындау;
· Аяқ бастары тамырларының УДДГ – магистралды артериялар мен табан артерияларындағы қан айналымының жылдамдық көрсеткіштерінің өзгерісін айқындау үшін;
· холтер мониторлеуі – АҚ-ның жасырын көтерілулерін, аритмияны айқындау үшін;
· ГТҮМ жүйесі–қанттөмендетуші терапияны таңдау және жөндеу, пациенттерді оқыту және оларды емдеу үрдісіне жұмылдыру мақсаттарында үздіксіз гликемия мониторлеу әдісі;
· Табандардың рентгенографиясы – диабеттік аяқ басы синдромы кезінде терінің зақымдалу күрделілігі мен тереңдігінің деңгейін бағалау үшін;
· Табандардың трофиялық зақымдалуы кезінде микробиологиялық зерттеулер – рационалды антиботик терапия үшін;
· Аяқ басының электронейромиографиясы – диабеттік полинейропатияның ерте диагностикасы.
Дәрі-дәрмексіз емдеу:
· диета №8 – редуцирленген субкалориялық диета. Инсулинотерапия қабылдайтын пациенттер үшін – азықтық талшықтармен байытылған диета.
· Жалпы режим;
· Физикалық белсенділік – жүрек-қан тамыр жүйесінің күйін ескере отырып;;
· Диабет мектебінде оқыту;
· Өзін өзі бақылау.
Дәрі-дәрмектік емдеу:
Негізгі дәрілік заттардың тізбесі (қолданудың 100%-дық ықтималдылығы бар):
2 типті ҚД емдеу үшін пайдаланылатын қант төмендетуші препараттар:
Фармакологиялық топ ДЗ халықаралық патенттелмеген атауы
Қолдану әдісі
Дәлелділік деңгейі
СМ препараттары гликлазид Ауыз арқылы А
гликлазид А
глимепирид А
глибенкламид А
Глинидтер (меглитинидтер) репаглинид Ауыз арқылы А
*натеглинид АБигуанидтер метформин
13. Ауруханалық пневмония. Ауруханалық пневмонияның диагностикалық критерийлері және екшеу диагнозы, соның ішінде онкологиялық патологиядан, асқыну түрлері, асқынулардың диагностикасы. ҚР ДСМ клиникалық протоколы бойынша стационар жағдайында ауруханалық пневмониясы бар науқастарды жүргізу мен емдеу тактикасы. Шұғыл медициналық көмекті талап ететін патологиялық жағдайлардың екшеу диагнозы мен диагноз қою алгоритмі. Жоспарлы және шұғыл госпитализациялаудың көрсетпелері. Болжамы мен реабилитациясы. Уақытша және тұрақты еңбекке жарамсыздықтың сараптамасы.
14. ӨСОА-да бірге кездесетін коморбидті патологиялық жағдайлардың диагностикалық критерийлері мен екшеу диагнозы. Коморбидті патологиясы бар ӨСОА бар науқастарды жүргізу мен емдеу тактикасы. Болжамы мен реабилитациясы. Уақытша және тұрақты еңбекке жарамсыздықтың сараптамасы.
15. АГ-мен бірге кездесетін коморбидті патологиялық жағдайлардың диагностикалық критерийлері мен екшеу диагнозы. Коморбидті патологиясы бар АГ бар науқастарды жүргізу мен емдеу тактикасы. Болжамы мен реабилитациясы. Уақытша және тұрақты еңбекке жарамсыздықтың сараптамасы.
16. Инфекциялық эндокардиттің асқынулары. Диагностикалық критерийлері және екшеу диагнозы, стационар жағдайында емдеу принциптері. Шұғыл медициналық көмекті талап ететін патологиялық жағдайлардың екшеу диагнозы мен диагноз қою алгоритмі. Жоспарлы және шұғыл госпитализациялаудың көрсетпелері. Болжамы мен реабилитациясы. Уақытша және тұрақты еңбекке жарамсыздықтың сараптамасы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет