Эмбрионның ерте кезеңдегі дамуында,сарғылт қуық өсіп, қан тамырлар шоғырларымен қамтамасыз етіледі. Бастапқы сатыларда ұрық амниотикалық сұйықтықпен және үш қабықшамен – децидуалды,хорионмен, амнионмен қоршалып жатады. Децидуалды қабық жатырдың шырышты қабаты аналық жағы, ал хорион мен амнион ұрықтық жағы. Децидуалды қабық үш бөліктен тұрады:
Decidua parietalis – жатыр қуысын қаптап тұратын шырышты қабық.
Decidua capsularis – ұрықты жатыр қуысы жағынан жауып тұратын бөлік.
Decidua basalis – ұрық пен жатыр қабырғасының арасындағы бөлік.
Хорион – трофобластан дамиды. Ал,ашқы кезде хорион бүрлері ұрықты толық қоршап жатады,екінші айында атрофияланады, үшінші айында жойылады.
Бүрлі хорион. Үшінші қатардағы жақсы дамыған бүрлер, етті қабатына қараған жағы – бүрлі хорион құрайды, мұнда капиллярлы тамырлар көп. Бүрлер аналық тінмен қатты байланысып, олардың аралық қатынасын мықтайды.

ҚЫЗМЕТІ: жүкті әйел мен ұрық арасындағы зат алмасу 3 ай плацента арқылы пассивті және активті түрде өтеді.
Плацента арқылы ұрық организміне стероидты гормондар мен билирубин кеңінен өтеді. Жүктіліктің соңында жетілген плацентаның диаметрі – 20см, салмағы – 400-600 г.