ҚарапайымдарғА Қарсы дәрілер


Бала жолдасы плацентадан, ұрық қабықшаларынан, кіндік баудан тұрады



бет4/6
Дата05.10.2022
өлшемі349,83 Kb.
#41444
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Жуктилик

Бала жолдасы плацентадан, ұрық қабықшаларынан, кіндік баудан тұрады.

Қағанақ суының маңызы

Қағанақ суы немесе амниотикалық сұйықтық ұрықты қоршап жатқан биологиялық орта. Жүктілік ағымында қағанақ суы түрлі функционалдық қызмет жасайды, ана-плацента-ұрық жүйесінің дұрыс жұмысын қалыптастырады.

Қағанақ суының мөлшері жүктілік мерзіміне байланысты, мөлшері бірқалыпты емес. Мысалы: жүктіліктің 10-аптасында қағанақ суының мөлшері – 30 мл, 13-14 аптада – 100мл т.б.

Қағанақ суының алмасуы амнион, хорион және параплацентарлық жол арқылы болады.

Жүктіліктің басында қағанақ суы – түссіз, мөлдір сұйықтық, жүктілік барысында оның түсі, қасиеті өзгереді; ұрық терісінің май бездерінің бөлінділері, эпителийдің қабыршықтары қағанақ суына түседі,осының салдарынан оның түсі былғанады.

Қағанақ суының құрамы: белок, май, микро-,макроэлементтер, қант, көміртегі, гормондар, ферменттер кіреді; қан ұюына әсер ететін факторлар да бар: тромбопластин, фибринолизин және Х,ХІІІ факорлар, сонымен қатар, қағанақ суының коагуляциялық қасиеті де бар.

Қағанақ суының механикалық функциясының да маңызы зор: ұрық еркін қимылдауы үшін мүмкіндік туғызады; сыртқы ортаның қолайсыз жағдайларынан және кіндік баудың ұрық денесі және жатыр қабырғасы аралығында басылуынан қорғайды; қағанақ қуығының төменгі полюсі бірінші кезеңнің қалыпты физиологиялық ағымда өтуіне әсер етеді.

Ұрықтың физиологиясы

  • Адамның жатырішілік дамуы екі кезеңнен тұрады:эмбрионалды және феталды.
  • Эмбрионалды кезең. Ұрықтанудан бастап 2-айдың соңына дейін созылады. Осы кезеңде нерв, қан тамыр, жүрек-қан тамыр, асқорыту, бөліп шығару, эндокриндік жүйелері, денесі, басы, бет бейнелері, аяқтары пайда болады.
  • Феталды кезең. 3-айдың басынан босанғаға дейін созылады.
  • Жүйке жүйесі өте ерте жетіледі, жатырішілік кезеңнің 1-аптасында.
  • Гипофиз аналық без, бүйрек үсті безі, қалқанша безі, ұықыбез жатырішілік кезеңнің І-ІІ-айларында дамиды.
  • Ұрық қаны. Ұрық қаны ұрық имплантациясынан кейін бірден тұңғыш рет сарғылт қуықта, 5-6 аптасында бауырда пайда болады.
  • Ұрықтың қан айналым жүйесі. Ұрық ана тіндерімен байланысқаннан кейін, қан айналым жүйесі арқылы оттегімен қоректенеді. Жатырішілік кезеңде қан айналым жүйелері:
  • Сарғаю өте қысқа кезең. 2апталыққа дейін.
  • Аллантоидты кезең. 2 айынан басталады, ұзақтығы 8 жұма.
  • Плацентарлы кезең. 3-4 айнан басталып, жүктілік соңына дейін.
  • Жүрек соғуы. Алғашқы дану кезеңінде жүрегі баяу соғады. Қалыпты соғуы – минутына 120-160рет.
  • Ұрықтың тыныс алуы. Жатарішілік кезеңде ұрық плацента арқылы сыртқы тыныс алады.
  • Ұрықтың қоректенуі. Плацента арқылы қамтамасыз етіледі. Плацентада бірнеше ферметтер қорытылып, қоректену талшықтарын бөлшектейді, микро-,макроэлеметтер, витаминдер, су плацента арқылы өтеді.
  • Ұрықтың бөліп шығару функциясы. Зат алмасудан бөліп шығарылған қалдықтар ұрық организімінен плацента арқылы ана қанына өтеді. Ұрық бүйрегі тек ҮІ-ҮІІ айларында ғана жұмыс жасай бастайды.
  • Ұрық иммунологиясы. Ұрықта антиденелер жасалуы жатырішілік кезеңнің соңына сәйкес келеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет