нысанды Жалға алушыға қабылдау-тапсыру актісі бойынша пайдалануға
және уақытша иелік етуге өткізуге.
2.2.2. Қабылдау-тапсыру актісіне қол қоймас бұрын коммуналды және басқа
қызметтер бойынша барлық қарызды жабуға.
2.2.3. Жалға алушының көзінше инженерлік-техникалық коммуникация мен
басқа
құрылғыларды тексеруге, сонымен қатар Жалға алушыға оны
пайдалану ережелерін түсіндіруге. ПИК-тен немесе басқарушы компаниядан
Пайдалану жауапкершілігін шектеу туралы акт (бар болса) алып беруге.
2.2.4. Нысанды беру барысында Қабылдау-тапсыру актісіне қол қойып, оны
осы келісімнің шарттарына сай күйде беруге.
2.2.5. ҚР-ның қолданыстағы заңнамасы мен
осы келісімшартта көзделген
жағдайларды қоспағанда, тұрғынжайды толық не ішінара рұқсат етілген
күйде пайдалануға қандай да бір
формада кедергі келтірмеуге, сонымен
қатар тұрғынжайды рұқсат етілген күйде пайдалануға қандай да бір формада
араласуға.
Жалға алушыға нысанға баратынын
____
күнтізбелік күн
бұрын ескертуге
.
2.2.6. Жалға алушының кінәсінен болмаған жылыту, сумен, электрмен қамту
жүйесінде, шатырда болған апатты жою үшін қажет шараларды бірден қолға
алуға. Шара қолданылмаған жағдайда
Жалға беруші қолданыстағы
заңнамаға сай жауапкершілікке ие болады.
2.2.7. Өз ақшасына тұрғынжайға күрделі жөндеу жүргізуге. Мұндай жөндеу
жұмысына Жалға алушы тартылған жағдайда, Жалға беруші Жалға алушыға
қосымша келісімде белгіленген тәртіпте және мерзімде кеткен шығынды
өтеуге міндеттеледі.
2.2.8. Жалға алушыға келісімшарт мәні туралы оның мүддесіне үлкен ықпал
тигізуі мүмкін кез келген жағдай туралы дер кезінде ақпарат беруге.
2.2.9. Нысан орналасқан аймақта жүргізілетін барлық жөндеу жұмыстары
туралы уақытылы ақпарат беруге.
2.2.10. Жалға алушыға нысанды барынша
тиімді әрі сауатты пайдалану
мақсатында кеңес беру, ақпарат беру және басқа көмек көрсетуге. Осы
келісімшарттың мерзімі өткен немесе келісімшартта көзделген шарттарға сай
оны мерзімінен бұрын тоқтатқан жағдайда,
Нысанды қабылдап, қабылдау-
тапсыру актісіне қол қоюға.
2.2.11. Уақытылы және қисынды мерзімде (бірақ жылына екі реттен жиі емес)
сақтық үшін тұрғынжайды, ондағы инженерлік-техникалық
коммуникация
мен басқа құрылғыларды тексеруге.
Достарыңызбен бөлісу: