Аренда на каз (2). docx



Pdf көрінісі
бет5/7
Дата26.11.2023
өлшемі59,85 Kb.
#128225
1   2   3   4   5   6   7
6. Басқа шарттар
6.1. Коммуналды төлемдер жалдау ақысына кірмейді. Коммуналды төлемдерді
Жалға алушы қызмет көрсетушілер жіберген шотқа сай бөлек төлейді.
6.2. Телефон, интернет желісін пайдаланғаны үшін Жалға алушы өзі төлем
жасайды.
6.3. Нысан Жалға алушыға тұру үшін жалға беріледі және оған тұрғынжайды
басқа мақсатта пайдалануға, сонымен қатар басқа тұлғаға жалға беруге
тыйым салынады (Тараптардың қалауына қарай). 
6.4. Жалға алушының отбасы мүшелері нысанда тұру және пайдалану
бойынша осы келісімшарт мерзімі аяқталғанша онымен тең құқыққа ие. 6.5.
Жалға алушының тұрғынжайға зақым келтірген немесе басқа жолмен үшінші
тұлғалардың (көршілер, ПИК, басқарушы компания, коммуналды қызмет
көрсетушілер және т. б.) құқығы мен заңды мүддесін бұзған отбасы
мүшелерінің барлық әрекеті үшін Жалға беруші мен үшінші тұлғалар алдында
Жалға алушы жауапкершілікке ие болады.
6.5. Жалға алушы мен оның отбасы мүшелерін тұрғылықты жері бойынша
уақытша мемлекеттік тіркеу Жалға берушінің жазбаша келісімі мен заңда
көрсетілген тәртіпте жүзеге асады.
6.6. Жалға алушы осы келісімшарт бойынша жалға алған нысанды
пайдаланумен қатар, тұрғын үйдегі жалға алған пәтер ішіндегі және одан
тыс орналасқан бір пәтерден артық пәтерге қызмет ететін ортақ бөлмелерді,
салмақ түсетін құрылымдарды, механикалық, электрлі, санитар-техникалық
және басқа құрылғыларды пайдалана алады.
6.7. Егер осы жалға алу/беру келісімшартындағы Тараптар басқа келісімге
келмесе, келісімшарт күшінде болатын кезеңде келісім шарттарын орындау
барысында аяқ асты қайтыс болу немесе жалға берілген тұрғынжайдың
зақымдалуына қатысты тәуекелге Жалға беруші барады.
6.8. Осы келісімшарт бойынша Жалға берушімен келісіп, Жалға алушының өз
ақшасына жасалған нысанға және оны әрі қарай қолдануға зиян келтірмей
бөлуге келмейтін тұрғынжайдағы жақсарту Жалға берушінің жеке меншігі
болып табылады. Тараптардың жазбаша келісімі бойынша Жалға беруші
Жалға алушының жалға алу кезеңінде нысанды жақсарту үшін кеткен
шығынын жалдау уақытында төлеуге немесе жалдау ақысынан шегеруге
құқылы, содан кейін аталған жақсартулар оның иелігіне өтеді.
6.9. Егер бұл жақсартулар нысанға зиян тигізбей алуға келмейтін болса және
Жалға берушінің жазбаша келісімінсіз жүзеге асса, Жалға беруші Жалға
алушының тұрғынжайды жақсарту үшін жұмсаған шығынын өтемеуге
құқылы.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет