Архивов и документации вко материалы международной научно практической конференции



Pdf көрінісі
бет10/39
Дата03.03.2017
өлшемі5,65 Mb.
#6363
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   39

БАЗЕН Б.Қ. 

Семей қаласының Шәкәрім атындағы  мемлекеттік 

университеті Қазақстан Республикасы, г. Семей, bbazen@mail.ru 

 

ОТАН ТАҒДЫРЫ СЫН САҒАТТА 



(ЖЕРЛЕСТЕРІМІЗБЕН АТАМНЫҢ ЖЕҢІСКЕ ҚОСҚАН 

ҮЛЕСІ) 

Тарихтың ұлы кӛшінде ӛз елінің елдігін, ӛз жерінің кеңдігін 

қорғап  шапқыншы  жауға  қарсы  әділет  соғыс  жүргізген 

халықтардың  талай  талай  ерлігі  бар.  Уақыт  талабы  ізін  жоғалта 

алмайтын  жылдар  ӛткен  сайын  шоттықтанып  ұлылығы  арта 

биіктей  түсетін  осындай  оқиғалардың  бірі  бұрынғы  КСРО 

халықтарының  Ұлы  Отан  соғысындағы  жеңісі.  Ол  кезең  КСРО 

халықтары үшін от шашып, жалын құшқан,оқ борап, ӛліп сепкен 

бүгінгі  сәулетті  болашақ  үшін  құрбан  болған  шейіт  жандардың 

қанымен  жазылған  қаһырлы  кезең.  Адамзат  ӛзінің  даму 

тарихында басынан кӛшкен қан тӛгіс соғыстар мен шайқастардың 

талайын біледі және оның зардыбын да кӛрді.Соңғы бес мың жыл 

ішінде  адам  баласы  14,5  мың  ірілі  ұсақты  соғыстарды  басынан 

ӛткізген  кӛрінеді,  яғни  бұл  жылдар  ішінде  жер  бетінде  үш  жүз 

жылдан артық ғана тыныш бейбіт ӛмір болып қалған уақыт соғыс 

жағдыйында  ӛтіпті.  Жер  ана  осы  қырғын  соғыстарда    тӛрт 

миллиардтан астам адамынан айырылған екен.  

Жалпыға  мәлім  ХХ  ғасырдың  елеулі  оқиғасы  болып 

табылатын  1939-1945  жылдардағы  екінші  дүниежүзілік  соғыс 

Ұлы  Отан  соғысы.  Бұл  кӛлемі  және  адам  шығыны  жӛнінен 

дүниедегі  ең  жойқын,  ең  қырғын  соғыс  болатын.  Соғысқа  64 

мемлекет тартылды оған жер халқының 80%-ы қатысты. Ал совет 

герман  майданы  осы  сұрапыл  соғыстың  негізгі  басты  аренасы 

болды.  Фащистік  Германия  1941жылғы  маусымның  22-ші 

жұлдызында  таң  сәріде,  опасыздықпен  КСРО  территориясына 

кенет шабуыл бастады.  

Халықтардың 

бейбіт 


ӛміріндегі 

еңбегін 


герман 

империалимінің тұтқиылдан жасаған шабуылы кӛмек етті. Ендігі 

жерде  елдің  бүкіл  экономикасы,  күш  жігері  соғыс  мүддесіне 

жауды  жеңу  мақсатына  жұмылдырылды.  Герман  вермахтының 



153 

 

Барбаросса  деп  аталатын  қауырт  соғыс  жоспары  соғыс 



басталмастан кӛп бұрын дайындалған болатын.  

КСРО  территориясына  шабуыл  жасау  қарсаңында  92 

француз, 22 бельгиялық, 18 голланд, 12 ағылшын, 30 чехословак 

дивизиясы  фашистік  агрессорлардың  қолына  кӛшті.  1941 

жылдың  маусымында  Германия  окупацияланған  11  елдері  6.5 

мың кәсіпорын олар үшін ӛнім ӛндіріп тұрды. 3.1 миллион шетел 

жұмысшысы  немістерге  жұмыс  жасады.  Жаудың  шапқыншы 

армиясы  жиырма  екінші  маусыға  дейін  әскер  құрамы  жағынан 

батыс  шекаралардағы  округтеріміздің  адам  құрамынан  1.8  есе 

орта  және  ауыр  танктер  жӛнінен  1.5  есе  жаңа  үлгідегі  әскери 

самолеттер  жӛнінен  3.2  есе  зеңбіріктермен  минометтер  жӛнінен 

1.25 есе басым болды [1, б. 3].  

Қараңғы  түнді  жамылған  жау  бақайшығына  дейін 

қаруланған 5.5 миллион солдаты мен офицері, 4.5 мың самолеті, 

4300 танкісі бар 190 дивизия КСРО шекарасына басып кірді. Ал 

шабуыл жасау үшін күні бұрын күшті топтар жасақталған. Негізгі 

соққы  берілген  бағыттарда  дұшпанның  күш  құралы  жағынан 

басымдылығы  мұнан  да  әлде  қайда  кӛп  еді.  Сол  күні  ақ  КСРО 

Жоғыры  Совет  Президиумының  жарлығымен  елдің  еуропалық 

бӛлігі  соғыс  жағдайына  кӛшірілді,  14  округі  бойынша  әскери 

міндеттерге  мобилизация  жарияланды,  бір  аптадан  кейін 

Мемлекеттік  Қорғаныс  Қызметі  құрылды.  Күштің  тең  емес 

екендігіне қарамастан шекаралық аудандардағы әскери бӛлімдері 

жауға  қайыспай  қарсы  тұрып  ауыр  ұрыстар  жүргізді.  Баренц 

теңізінен  Қара  теңізге  дейін  аралықта  ауыр  қан  тӛгіс  шайқастар 

басталды. Қорғаныс  комитетінің  шешімімен  он алты  жастан  елу 

жасқа  дейінгң  ер  азаматтарды  әскери  іске  міндетті  түрде  тарту, 

үйрету  туралы  ереже  енгізілді.  Жер  жерлерден  митингтер  мен 

жиындар  ӛтіп,  онда  жұмысшылар  мен  шаруалар,  интелегенция 

ӛкілдері  бірауыздан  дереу  жауынгерлік  вахтаға  тұрып,  Отан 

қорғауға  әзір  екендіктерін  мәлімдеді.  Үкіметтің  шықыруымен 

жауға  қарсы  шайқаста  елді  берік  қамалға  айналдыру  қажет 

болды,  бүкіл  экономика  халықтың  күш  жігері  соңыс  мүддесіне, 

жауды жеңу мақсатына бағындырылды [2, б.51-53]. 

Кӛпұлтты  Қазақстанның  бір  миллион  жиырма  мыңға  тарта 

ұл  мен  қызы  әскер  қатарына  шақырылып,  майданға 



154 

 

аттандырылды.  Осы  кезде  Семей  жерінен  де  талай  бохдақтар 



майдан даласына аттанды. Олардың бір талайы туып ӛскен Ертіс 

жағасына орала алмады.  

Семей 

қаласы 


Ұлы 

Отан 


соғысы 

жылдары 


ірі 

мобилизациялық орталық болып саналғандығы мәлім. Бұл қалада 

«Бәрі  де  майдан  үшін!»  деген  ұранмен  тылдағы  еңбеккерлер 

аянбай еңбек етті. Ұрыс даласына азық түлік ӛнімдері мен әскери 

құрал  жабдыӛтар  жӛнелтіліп  отырды.  Сол  жылдар  күллі  әлем 

бойынша жиырма жеті млн адамның ӛмірі қиылды десек, соның 

ішінде бір миллион жеті жүз мың адам қазақстандықтар болған. 

Ал  осы  кӛрсеткіштің  ішіндегі  елу  мың  адам  осы  Семей 

шаһарынан  аттанған  қыршындар  еді.  Бір  ғана  қала  үшін  бұл  аз 

кӛрсеткіш емес екендігі анық.  

Отан соғысының шежіресіне Семейлік жауынгерлер аса зор 

үлес  қосты.  Олар  жаумен  ерлікпен  шайқасып  жатқан  Қызыл 

Армияның  алғы  шебінде  болды.  Соғыстың  алғышқы  күндерінен 

ақ  мыңдаған  семейлік  армия  қатарына  шақырылып,майданның 

алғы  шебіне  жіберілді.Отандық  қорғаудың  алдыңғы  қатарында 

коммунистер  мен  комсомолдар  болды.  Соғыстың  алғашқы 

күндерінен  қан  майданға  6950  коммунист,  16  мың  комсомол 

мүшелері  аттанды.  Семейліктер  ӛз  территориясында  екі 

атқыштар дивизиясы жасақталғандығын мақтаныш сезіммен айта 

алады.  Бұл  дивизиялар  құрамының  жетпіс  пайызынан  астамы 

қазақтар  болды.  1941  жылдың  26  қыркүйегінде  Батыс  майданға 

238-  дивизиясы  жіберілді.  Қызыл  Армия  бас  штабының  1,6 

қазандығы жарлығы бойынша дивизия 49- Армия құрамына енді. 

Басты  мақсат  біздің  қорғаныс  шебімізді  жау  әскерінің 

шабуылына тойтарыс беріп, Ока ӛзенінің Шығыс жақ жағалауына 

жібермеу 

болды. 

Осы 


жауапты 

тапсырманы 

орындай 

отырып,дивизияның  әскери  бӛлімшелері  22  қазанда  Енгышевка 

Алексин  Шукино  Дугно  шебінде  қорғанысқа  кӛшті.  Бұл 

учаскідегі  жаудың  шабуылы  тоқтатылды.  Сӛйтіп  неміс 

фашистерінің  Тула  Москва  тасжолына  шығу  жӛніндегі  жоспары 

жүзеге аспай қалды.  

Қараша айында дивизия Гудерианның танк дивизияларымен 

кескілескен  ұрыстарға  қатысты.  Желтоқсан  айның  5-6-ында 

Совет  Армиясы  Москва  түбінде  жауға  қатты  соққы  берген 


155 

 

шабуылға  шықты.  1941жылы  күзінде  Семей  қаласында  8-



атқыштар  дивизиясы  жасақталып,  олардың  бӛлімшелері 

жауынгерлік әзірден ӛтті.   8-дивизия 1942жылдың шілде айның 

9-10  күндерінде  Воронеж  қаласының  солтүстік  аймағындағы 

Ливна  қаласының  учаскілерінде    жаудың  шабуылына  тосқауын 

қойды.  Сталинградтағы  жеңістен  кейін  дивизия  Воронеж 

Касторнен операциясына қатысты. Бұл 1942-1943 жылдың қысқы 

кезеңіндегі 

совет 


әскерлері 

жүргізген 

аса 

маңызды 


шабуылдардың  бірі  болып  есептеледі.  8-дивизия  бүдан  кейінгі 

кезеңдерде  13-  Армияның  алғы  шебінде  топқа  енгізіліп,  қыстың 

аса ауыр жағдайында жаудың күшті қорғаныс бекіністерін бұзды. 

Осыдан  кейін  оңтүстікке  қарай бе  алып Армияның  басқа  әскери 

құрамымен  бірлесе  отырып,  жаудың  үлкен  тобын  кӛріп 

талқандады.  Дивизияның  жауынгерлері  Касторнаяға  бірінші 

болып  кіріп,  Совет  туын  тікті.  8-атқыштар  дивизиясының 

жауынгерлері  тарихи  Курс  шайқасының  барлық  учаскілерінде 

жаумен  ерлікпен  шайқасты.  Курс  аймағындағы  шайқаста 

кӛрсеткен  батырлығы  үшін  дивизияның  564  офицері  мен 

жауынгерлері  мемлекеттік  наградаларға  ие  болды.  Дивизияның 

жауынгерлік  тарихынан  Днепер  ӛзенінен  шабуылмен  ӛту  кезеңі 

ерекше  орын  алды.  Әрқилы  құрал  жабдықтар  шебер  падалана 

отырып, дивизияның негізгі күштері бір түннің ішінде Днепрдың 

оң  жақ  жағалауына  Киевтің  солтүстігіне  ӛтіп  алды.  Соның 

нәтижесінде  ӛзенен  ӛту  үшін  паромдар  салуға  ӛолайлы  жағдай 

туды, бӛлімгелердің шабуыл жасау аймағы кеңейді, сӛйтіп он үш 

армияның  Днепрдің  оң  жақ  жағалауындағы  бекінісі  күшейтілді 

[3, б.1-5]. 

Ерлік  пен  батылдығы  үшін  44  семейлік  жауынгерлерге 

Совет Одағының батыры атағы берілген, 11 адам 3 дәрежелі Даңқ 

орденімен  наградталған.  Мысалға,  Семейлік  батырлардың 

жауынгерлік ӛмірінен кейбір жайларды айта кетем: 

1942  жылы  Кӛкпекті  ауданынвң  тұрғыны  Қойкелді 

Аухадиев  майданға  аттанады.  1943  жылдың  күзіне  батыр 

жауынгер  жаудың  үш  танкысын  атып  түсереді,  екі  танкасын 

ӛртейді.  Бұған  қоса  қару  жарақ  тиеген  үш  жүк  машинасын,  екі 

ӛздігінен  жүретін  зеңбірігін,  бес  пулеметін  құрамымен  жойып 

жібереді.  Бір  топ  батыл  жауынгерлерді  бастаған  Аухадиев 


156 

 

Днепрдің  оң  жақ  жағалауындағы  біздің  бӛлімшелердің 



негізгікүштерін ӛткізді және осы ұрыста ӛзі оққа ұшты, Гвардия 

кіші сержанты Қ.Аухадиевке ӛшпес ерлігі үшін Совет Одағының 

Батыры беріледі.  

1941  жылдың  қараша  айныда  кіші  лейтатант  Әнуарбек 

Керімбаев  Ленинград  майданының  бір  топ  байланысшы 

жауынгерлерін бастап жаудың жер астындағы байланыс жүйесін 

басып  алып  аса    маңызда  мағлұматтар  алуға  жағдай  туғызды. 

Осы опрация үстінде Керімбаев ерлікпен қаза тапты.  

Жарма  станциясының  тұрғыны  ұшқыш  Петр  Иосифович 

Теряев  ерлігімен  даңққа  бӛленді.  Ерлігі  мен  батырлығы  үшін 

Қызыл Ту орденімен Ллександр Невский орденімен наградталған. 

1945  жылы  15  сәуірінде  гвардия  майоры  теряевке  Совет 

Одағының Батыры деген атақ береді.  

Ұшқыш  Николай  Дмитриевич  Авдеев  Орел,  Курс,  Белград, 

Брянкс,  Полтава,  Киев,  Витебск,  Рославль    маңындағы  әуе 

шабуылдарында неміс фашистерін талқандауға белсенді қатысты. 

Ленинград  түбіндегі  айқастарда  жауға  қатты  соққы  берді. 

Авдеевтің  жеке есебінде  250-ден  астам  әуе  шабуылдары  болған. 

Отан  үшін  айқаста  Семейлік  Петр  Железняков  аскан  ерлік 

кӛрсетті.  Ол  авиэскадрилияның  командирі  болған.  Майдандағы 

ерліктері  үшін  Қызыл  Ту,  Қызыл  Жұлдыз,  Александр  Невский 

ордендерімен, кӛптеген медальдармен наградталған.  

Дивизия  құрамындағы  13  адам  Совет  Одағының  батыры 

атанды.  Солардың  бірі  семейлік  Николай  Николаевич 

Силин.Силиннің  жұбайы  Нелита  Андреева  1941жылдың 

тамызында  ӛзі  тіленіп  майданға  аттанып,  1944  жылдың  наурыз 

айына дейін алдыңғы шебінде болды.             

Қатардағы  жауынгер  Фазыл  Әділбаев  үш  рет  бірдей  Даңқ 

ордендерін  ӛзінде  шабуыл  жасап  ӛтудегі  ерліктері  үшін  алды. 

Бірінші награда Припять ӛзені үшін, екінші Висла, үшінші Эльба 

үшін берілді.  

Үш  бірдей  даңқ  ордендерінің  иегерлері  қатарында  біздің 

жерлестеріміз  Борков  Петр  Николаевич,  Маслин  Федор 

Егорович,  Александр  Михайлович,  Киселев  Николай  Ивановичч 

және басқа да кӛптеген жауынгер бар.  


157 

 

Абай  ауданындағы  Архат  ауылының  қызы  Баян  Байғожина 



Алматыда  студент  болып  жүріп,  майданға  ӛз  тілегімен  аттанды. 

Мерген  жауынгер  жүздеген  неміс  офицерлері  мен  солдаттарын 

оққа  ұшырған.  Баян  соғыстың  алғашқы  күнінен  аяғына  дейін 

қатысады.  Берлинге  шабуыл  жасаушылардың  алдыңғы  шебінде. 

Осы шацқас үстінде қаза табады. Жауынгер қазақ қызының ерлігі 

Отан  соғысы,  Қызыл  Жұлдыз,  жауынгерлік  Даңқ  ордендерімен 

атап ӛтіледі. [4]   

Семейлік  ұшқыш  Қажытай  Шалабаев  жауынгерлік  даңқа 

бӛлінген 

адам. 


Қазақтың 

халық 


батыры 

Қажымұқан 

Мұнайтбасовтың  жеке  қаржысына  жасалған  ұшақпен  Қажытай 

жаудың  талай  ұшақтарын  соғыс  техникасын  құртты.  Қажытай 

Қажымұқан  батыр  сыйлаған  ұшақпен  Берлинге  жетіп,  жау 

ордасын талқандауға қатысты. Қажытай ӛміріндегі осы кезеңдегі 

орынды мақтаныш етеді. Кӛптеген наградалар иегерлері Қажытай 

Шалабаев [4]. 

Рас, мен бейбіт ӛмірдің ұланымын және соғыстың азабы мен 

тозағы  жайлы  айтқан  сӛзім  аз  кӛрінер,  дегенмен  баяндамамның 

толыққанды  мазмұны  осы  Ұлы  Отан  соғысы  кезіндегі 

Семейліктер  жайлы  болғандықтан  мен  ӛз  атам  жайлы  қосқым 

келеді.  Атамның  балалық  шағы  халқымыздың  басына  қасірет 

әкелген 1925-1932 жылдарға тұспа тұс келді.  

Атам  Смағулов  Базен  1925  жылы  Ақсуат  ауданы,  Қызыл 

Кесік ауылы, Егіндібұлақ деген жерде туып ӛскен. 1933 жылдан 

мектеп  оқушысы  болып  8  жылдық  білім  алып  шыққан.  Шешесі 

яғни  менің  әжем  Қабижамал  Қажиакпарқызы  1935  жылы  екінші  

рет  Жунісов  Смағұл  деген  азаматқа  тұрмысқа  шыққан.  Руы 

Найман  оның  ішінде  Қыдыр,  Сәмембет.  Жунісов  Смағұл 

1941жылы  қыркүйекте  Сталинград  майданында  қайтыс  болған. 

Кейін  боздақтар  жинағына  енгізілген.  Екі  әке,  бір  шешеден  бес 

ағайынды  қалған.  Мархаметтен  Базен,  Абайкен.  Смағұлдан 

Есқазы,  Тілеуғазы,  Сайлауғазы.  Ертеде  тууы  туралы  куәлік 

болмаған. Тек ауыл советінің тізіміне алынған.Сол себепті 1925-

жылдан 1941- жылға дейін әкесі Мархаметтің атында болып, 1941 

жылы  армияға  шақырылғанда  Жүнісов  Смағұлдың  атында 

шақырылған,  содан  бері  атамның  тегі  Смағұл  болып  аталды.  

1941 жылы соғыс басталысымен 16 жасында 8 жылдық біліммен 


158 

 

әскер  қатарына  шақырылған.  Шешесі  мен  інілері  шығарып 



салған.  Ӛзінен  кейінгі  інісі  Абайкен  бауырларына  бас  болып, 

анасының  жанында  қалған.  Әскер  қатарына  алысымен  бірден 

соғысқа араластырмай екі жыл бойы соғысқа дайвндалған.  

1943 жылы  23 ақпанда әскери ант қабылдаған. 1943 жылдың 

қаңтар  айынан  23  ақпанға  дейін  Забайкальедегі  әскери  округте 

53-ші  атқыштар  полкында  телеграфист  болған.  Ұлы  Отан 

соғысының  қырғын  шайқастарына  1945  жылдың  9  тамызынан  3 

қыркүйек  айларында  қатынасқан.  1943  жылдың  ақпан  айынан 

1947  жылдың  наурызына  дейін  327  атқыштар  полкында 

телеграфист  болған.    1947  жылдың  наурызынан  осы  жылдың 

қазан  айына  дейін  81-ші  жеке  артирелия  бӛлімінде 

радиотелеграфист  болған.  1947  жылдың  10  қазанынан  1948 

жылдың  13наурызына  дейін  60-шы  жеке  пулеметпен  ататын 

полкта  болған. 1945  жылы неміс  фашистерінен ӛз  жерлерін  азат 

еткен  соң  1948  жылға  дейін  Қиыр  Шығысты  Жапон 

Басқыншылардан  азат  етіп,  соғыс  алаңдарын  қайта  қалпына 

келтіруге  қатынасқан.    1948  жылдың  сәуір  айында  елге  оралып 

еңбек жолын бастаған.  

Атамның еңбек жолы. 

-

 



1948  жылдың  сәуірінен  1948  жылдың  тамызына  дейін 

Аксуат ауданы, аудандық ауылшаруашылық бӛлімінде Статистік 

қызметінде болған. 

-

 



1948  жылдың  тамызынан  1950  жылға  дейін  Аксуат 

аудандық 

Комсомол 

Комитетінің 

есеп 

учет 


бӛлімінің 

меңгерушісі,  одан  соң  ұйымдастыру  бӛлімінің  меңгерушісі 

болған. 

-

 



 1950-1954  жылдары  Аудандық  ішкі  істер  бӛлімінде 

Спец Комендатурада қызмет жасаған. 

-

 

1954-1959 



жылдары 

Ақсуат 


аудандық 

Партия 


Комитетінің  партия  билеті  есеп  санақ  меңгерушісі,  соңғы  бңр 

жылда аудандық партия комитетінің нұсқаушысы болған.  

-

 

1959-1963  жылдары  4  жылдық  Алматыдағы  Партия 



мектебінің тыңдаушысы болған. 

-

 



1963-1965  жылдары  Кӛкпекті  ауданы  «Большевик» 

совхозында партком секретары болған. 



159 

 

-



 

1965-1967 жылдары Ақсуат ауданы Аудандық байланыс 

бӛлімінде қызмет істеген. 

-

 



1967-1989  жылдарда  Ойшілік  ауылы  «Комсомол» 

совхозында  совхоз  директорының  шаруашылық  жӛніндегі 

орынбасары,  ойшілік  ауылдық  советінің  тӛраға,  совхоз  партия 

комитетінің меңгерушісі болып қызмет еткен.  

-

 

1989 жылдан еңбек демалысында. 



Қазірде атам еңбек және соғыс ардагері. Міне биыл атамның 

90  жылдық  мерейтойы  соғыстың  70  жылдығына  сәйкес  келді. 

Бәйбішесі Нурбаева Нурбәтіш 1927 жылы дүниеге келген, тылды 

еңбек еткен ардагер. Совхозда да ұзақ жылдар еңбек еткен. 2007 

жылы дүниеден ӛтті. Елу жыл бірге бақытты ӛмір сүріп, алты ұл, 

екі  қыз  тәрбиелеген.  Барлығы  оқыған,  жоғары  білімді,  отбасын 

құрған. Қазірде Атамның 22 немере, 19 шӛбересі бар. Немерелері 

де жоғары білімді әр салада қызмет атқарады. 

Алған наградалары: 

«Ұлы Отан соғысы ордені» медалі; «За боевое заслуги» 

«За победу Германией»; 

«За победу над Японией» 

«100 лет Жукова» медалі; 

«Ұлы Отан Соғысы Жеңісі құрметіне» юбилейлік медальдар 

және «Совет Армиясының Юбилейлік» медальдары бар. 

Еңбекте алған Медальдары: 

«Тың  және  тыңайған  жерлерді  игерген»  медалі,  «Лениннің 

туғанына 150 жылдық» медалі, «Астананың 100 жылдық» медалі.  

«Ұлы  Отан  соғысы  кезіндегі  халықтар  достығының  бірлігі, 

тәртіптің  күштілігі,  патриоттық  сезімнің  жоғарлығы  ерекше  еді. 

Отанды,  болашақты  қорғап  қалуымыздың  да,  Ұлы  Жеңіске 

жетуіміздің  де  негізгі  күші  осылар»  деп  айтқан  атамның  сӛздері 

менің  де  ой  пікіріме  келісті  нүктесін  қояды.  Атамның  Ұлы 

Жеңіске қосқан үлесі менің санамда сақталып, қатталып қалмақ. 

«Отан  соғысының  ардагері,  республикалық  дәрежедегі  дербес 

зейнеткер.  Партия  және  еңбек  ардагері  деген  сӛз  тіркестері 

тізбектеліп, ӛз атым тегіммен қоса айтылғанда бұл сӛздер маған 

қасиетті дұға, шарапатты бойтұмар, барлық еңбек, маңдай теріме 

берілген  қортынды  әділ  баға  деп  білемін»  Бұл  атамның  сӛзінің 

қортындысы. 



160 

 

Соңғы  зеңбіріктің  үні  ӛшкелі  қашан  Ұлы  Отан  соғысының 



жеңіспен аяқталғанына міне биыл 70 жыл, яғни жарты ғасырдан 

астам  уақыт  ӛтсе  де,  жылдар  жылжып,  ұрпақ  жаңарып  жатса  да 

отты жылдардың оқиғалары халық  жадынан кетер емес. Ерліктің 

дастаны қай халықтың болмасын тарихынан лайыӛты орын алып, 

ұрпақтан  ұрпаққа  ӛнеге  ретінде  жете  бермек.  Кӛп  ұлтты 

халықтардың  Ұлы  Отан  соғысындағы  қаһармандыңы  ерлік 

шежіресімен  ерекше  орын  алуға  тиіс.  Тіпті,  тағы  да  ондаған 

жылдар,ғасырлар ӛтер уақыт кемесі ӛмір толқынымен тоқтаусыз, 

үздіксіз  алға  жылжыған  сайын  халықтарымыздың  Ұлы  Отан 

Соғысындығы    ерлігі  мәңгі  ӛшпейді.  Ӛйткені  ол  әділдіктің 

жолында,  адамзаттың  болашғы  мен  бақыты  жолында  жасалған 

Ұлы  Ерлік.  Мен  атамның  бойындағы  бір  тамшы  қаны  менде  де 

бар  екендіне  шаттанамын.  Тегімнің  атамның  есімінде 

болғандығын 

мақтан 

тұтам. 


Асылдарымызды 

ардақтап, 

қадірімізді ұлықтауға не жетсін.  

Әдебиеттер: 

1  Кӛкебаева  Г.  Фашистік  Германияға  кеңестер  одағы 

кӛмектесті //Айқын-2008. №115. – 24 маусым,  3б. 

2  Тайшығашова  С.  Қазақстан  Ұлы  Отан  соғысы 

жылдарында// Қазақстан тарихы: Әдіст. 2010. - №3. – Б. 51-59. 

3  Кӛкбаев  Т.  Соғыс  тағылымы//  Дала  мен  қала  2010.  - 

10мамыр.- 1,6 б. 

4 Боздақтар-Книга памяти Казахстана - Алма-Ата, 1995. 

 

УДК 930.253:342.51:94 (574)   



" 1941/45״ 

БАЙҚАШ Ж.Т. 

Қазақстан Республикасы Президенті Мұрағаты, Қазақстан 

Республикасы,  Алматы қ., zhibek.baikash@mail.ru 

 

1941–1945 ЖЖ. ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫНЫҢ ҚР 



ПРЕЗИДЕНТІ МҰРАҒАТЫНЫҢ БАСЫЛЫМДЫҚ 

ҚЫЗМЕТІНДЕ КӚРІНІС ТАБУЫ 

Қазақстан 

Республикасы 

Президенті 

Мұрағаты 

ретроспективті  ақпаратты,  мұрағатта  сақталынып  жатқан 

құжаттарды  тарату,  қоғамды  ақпаратпен  қамтамасыз  ету  үшін, 

әсіресе, жастарды отан сүйгіштікке үйретіп, тәрбилеу мақсатында 



161 

 

мұрағат  құжаттарын  қолдана  отырып,  әртүрлі  нысанда  жұмыс 



істейді. ҚР Президенті Мұрағатының қызметкерлері осы бағытта 

сан 


алуан 

тақырыптар 

шеңберінде 

мақала, 


құжаттық 

жарияланым, 

құжат 

жинақтарын 



шығарады. 

Мұрағат 


қызметкерлері  республикалық  және  халықаралық  ғылыми-

тәжірибелік  конференция,  дӛңгелек  үстелдерге  қатысып,  Отан 

тарихындағы 

проблемалары 

жӛнінде 

баяндамалар 

мен 

хабарламалар  жасайды,  соның  ішінде  Ұлы  Отан  соғысына 



байланысты  бірқатар  мақалалар,  жарияланымдар,  құжат 

жинақтары жарияланды. 

Мұрағаттың  осы  бағытта  2010  ж.  «Рассекреченная  война: 

«особые  папки»  ЦК  КП  (б)  Казахстана.  1941–1945  гг.» 

құжаттаржинағының  шығуы  аса  маңызды  болып  табылады, 

ӛйткені 


зертеушілердің 

және 


оқырмандардың 

назарына 

жарияланбаған  аса  құпия  құжаттар:  Ұлы  Отан  соғыс 

жылдарындағы  ХКК  және  Қазақстанның  ОК  КП  (б)  қаулылары 

мен  олардың  қосымшалары  ұсынылды.  Соғыс  жылдарындағы 

республиканың 

қиын-қыстау 

кезеңін 


ӛткізіп 

жатқанын 

куәландыратын,  жан-жақты  сипаттайтын  әртүрлі  мәселелерді 

қамтитын құжаттар берілген. 

2004–2008  жж.  ҚР  Президенті  Мұрағатының  ұсынысы 

негізінде  құжаттарды  құпиясыздандыру  жұмысы  бойынша 

Ведомствоаралық  комиссия  құрылды,  1937–1991  жж.  құжаттар 

жиынтығының  кӛп  бӛлігін  құпиясыздандыру  жӛнінде  шешім 

қабылданды. 

Комиссия  қызметі  аяқталған  соң  құрастырушылар  ұжымы 

жинақты  дайындауға  мүмкіндік  алды.  Құжаттар  1941  ж.  23 

маусымынан  1945  ж.  26  сәуірі  аралығын  қамтиды.  Жинаққа  289 

(7-інен басқасы) құпиясыздандырылған қаулылар мен шешімдер, 

және  де  оларға  қатысты  құжаттар  енгізілді.  Басылым  кӛпұлтты 

кеңес  халқының,  соның  ішінде  қазақстандықтардың  ерлігін: 

майдангерлердің  және  де  тылда  Жеңісті  қаматамасыз  еткен 

адамдардың  ерлігін  бейнелетін  дерек  кӛзі  болып  табылады, 

ӛйткені  жинаққа  республиканың  әскери  комиссариатының 

тұрғындарды  соғыс  жағдайына  жаппай  жұмылдыруға,  әскер 

қатарына  шақыру,  дивизиялардың  жасақталуы,  Қазақстанда 

жұмыс  атқарған  госпитальдардың  жұмысы,  медициналық  кӛмек 


162 

 

кӛрсету,  денсаулық  сақтау  жүйесінің  жұмысы,  эвакуация,  қару-



жарақ ӛндірісі, фабрика, завод, кен орындарының жұмысшылары

колхозшылары  мен  совхоз  еңбекшілерінің,  малшылардың 

Жеңіске  қосқан  үлестері  және  т.б.  мәселелерді  айқындайтын 

құжаттар  енгізілген.  Бірақ,  бұл  жинақты  Ұлы  Отан  соғыс 

жылдарындағы Қазақстан тарихын толығымен бейнелейтін еңбек 

деп қарастыруға болмайды [1]. 

Ұлы  Отан  соғысының  тарихын,  адам  ӛмірінің  тағдырын 

бейнелейтін дерек ретінде сол сұрапыл жылдары жауынгерлердің 

жазған  хаттары  болып  табылады.  Осы  хаттарға  қызығушылық 

танытып, мұрағат қызметкерлері бірнеше мақалалар жазды. Ұлы 

Жеңістің 55 жылдығына орай 2000 ж. Р.Қ. Қанғожиева «Жеңісті 

жақындатқан  хаттар»  құжат  жариялынымынұсынды.  Бұл 

жарияланымның ерекшелігі оқырмандардың назарына ұсынылған 

бес  хаттың  тӛртеуінің  түпнұсқалары  тұңғыш  рет  жарияланды. 

Хаттар  ҚР  Президенті  Мұрағатының  қорларында  сақталуда  [2, 

16–17-п.]. 

2009  ж.  Ұлы  Жеңістің  65-жылдығына  орай  жарық  кӛрген 

«Освободители,  вызваліцели,  азат  етушілер.  Воспоминания, 

очерки, статьи, документы, стихи» жинағына Е.М. Грибанованың 

«Братья  солдаты»  және  «Жизнь,  отданная  за  свободу»  құжатты 

жарияланымдары  кірді.  Оның  бірінші  жарияланымы  Ақтӛбе 

қаласының  тумалары  туған  ағайынды  Козенковтарға  арналған, 

олардың  екеуі  де  Беларусьті  қорғаған  және  де  майданда  қаза 

тапқан.  Жарияланымда  «Фронтовой  привет  тебе,  Казахстан» 

кітабында  жарияланған  Василий  Казенковтың  ӛзі  жазған 

хатардың  үзінділері  және  ҚР  Президенті  Мұрағатында 

сақталынған  оның  майдандастарыныңхаттары,  әкесінің  ұлдары 

туралы  естелігі,  сонымен  бірге,  Василийдің  маратпаттау  қағазы 

ұсынылды.  Е.М.  Грибанованың  екінші  мақаласында  Кеңес 

Одағының  Батыры  қазақстандық  Ю.Н.  Малаховтың  ӛмірбаяны 

мен  соғыстағы  ерліктері  туралы  баяндады  және  оның  жазған 

хаттарын ұсынды [2, 29–39-п.]. 

В.Н.  Шепель  «Солдаты  Победы:  письма  с  фронта» 

мақаласындасолдаттардың  хаттары  ең  шынайы  жәнешыншыл 

құжаттар,  бұл  хаттар  қазақстандық  солдаттардың  моральды 

рухының  жоғары  болғанын,  біздерді  Отан,  Отан  алдындағы 



163 

 

борышымыздың  бар  екеніне,  адамдардың  тағдыры  туралы  терең 



ойландырады  деп  атап  ӛтті.Автор  бұл  мақалада  ҚР  Президенті 

Мұрағатының  қорларында  сақталып  жатқан  майдангерлердің 

хаттарынан  үзінділір  келтіріп,  әрқайсысына  қысқаша  шолу 

жасады. 


Ең 

қызықты 


хаттардың 

бірі 


аға 

лейтенант 

Мұсайыновтың  ОК  жазғаны,  ол  оған  жіберілген  домбыра  үшін 

алғыс  айтып, сол  аспапта  ата-бабаларымыздың күйлерін  шертіп, 

біздің  жауынгерлердің  жүрегіне  жауды  жеңуге  батылдық  беріп, 

туған  жерлеріне  сезімдерін  асқақтай  түсетінін  жазған  еді  [3,  10 

б.]. 

В.Н. Шепельдің «Две судьбы – два подвига» мақаласында да 



ҚР  Президенті  Мұрағатында  сақталған  Ұлы  Отан  соғыс 

жылдарында  жазылған  хаттарға  тоқталады.  Автор  мақалада  екі 

хатты  сипаттап,  хаттардан  үзінді  келтірді.Біріншісі  1944  ж.  17 

ақпанындағы  әскери  бӛлімнің  саясибӛлімшенің  бастығы 

подполковник  В.И.  Ефимов  жазған  хаты.  Бұл  хатта  В.И. 

ЕфимовӘлия  Молдағұлованың  ерлігін  баяндайды.  Екінші  хатты 

1941  ж.  8  желтоқсанда  Бауыржан  Момышұлы  жазған,  ол 

Жалмұхамед Бозжановтың ӛлімін хабарлады және оның ерлікпен 

қайтыс болғанын сипаттады [4, 10 б.]. 

Бір топ мақалалар жеке тақырыптарға, яғни республиканың 

соғыс  жылдарындағы  қиын  жағдайы  мен  әртүрлі  мәселелерге 

арналған. 

М.У. Маскеев «Миграция населения в Казахстан в условиях 

Великой  Отечественной  войны  1941–1945  гг.»мақаласында  ҚР 

Президенті  Мұрағат  қорларында  сақталған  құжаттардың 

негізінде  соғыс  уақытында  Қазақстанға  халықты  эвакуациялау 

үрдісін  миграцияныңжеке  құбылысы  ретінде  қарастырып,  қоныс 

аудару  динамикасын,  эвакуацияланғандардың  санын,  олардың 

әлеуметтік,  жыныстық,  жастық  құрамдарын,  кеткен  жері  мен 

келген  жерінанықтап,  сонымен  бірге  олардың  қоныстанған 

жерлерінде  әлеуметтік  жағдайы  туралы  мәліметтер  келтірді  [5, 

23–28-п.]. 

А.С.  Зұлқашева  «Еңбек  майданындағы  еңбек  әскерлері», 

«Трудовой  фронт  –  неучтенные  потери»  мақалаларында  Ұлы 

Отан  соғысы  жылдарындағы  тыл  жұмыстарын  ұйымдастыру, 

соның  ішінде  жұмысшы  колонналарындағы  жұмысшылардың 



164 

 

тұрмыстық  жағдайы,  орналастырылуы,  ӛндірісте  жұмыс  істеу 



қиындықтары,  оларға  мединициналық  кӛмек  пен  санитарлық 

қызмет  кӛрсетуі  жӛніндегі  мәселелерді  қарастырады.  Автор 

еңбекке  шақырылғандардың  жағдайы  туралы  жұмысшылардан 

келіп  түскен  кӛптеген  арыз-шағымдар  мен  түрлі  ресми 

құрылымдардың  тексеру  нәтижелері  бұл  тақырыпты  жан-жақты 

әрі жеткілікті түрде зерттеуге мүмкіндік беретінін атап кӛрсетті. 

ҚР  Президенті  Мұрағатының  құжаттары  негізінде  жазылған, 

әртүрлі статискалық мәліметтер берген [5, 41–44-п.]. 

Г.Н.  Мырзағалиева  «Батырдың  хаты»  ҚР  Президенті 

Мұрағатының 

құжаттары 

негізінде 

жазылған 

құжаттар 

жарияланымында  Алматыда  жасақталған  әйгілі  316  атқыштар 

дивизиясының  (кейін  8  гвардиялық  дивизия  аталды)  соғыстағы 

ерлігіжайында  мәліметтер  береді.  Мақалада  аталған  дивизияның 

жады  тізбегінің  үзінділері,  сонымен  бірге,  орыс  тілінен  қазақ 

тіліне  аударылған  «8-гвардиялық  атқыштар  дивизиясы  1-ші 

автоматшылар  ротасының  саяси  жетекшісі  М.  Ғабдуллиннің 

Қазақстан  КП  (б)  ОК-нің  басшылары  Н.  Скворцов  және  Ж. 

Шаяхметовке хатын» оқырмандарға ұсынды [5, 86–91-п.]. 

Е.В. Чиликова «Рассекреченная история» мақаласында [6, 1–

3  б.]және  «Я  твердо  и  настойчиво  буду  испытывать  новый 

образец...»  1942–1943  жж.  М.Т.  Калашниковтың  пистолет-

пулеметін 

дайындау 

жӛніндегі 

ҚР 

ПМ 


құжаттары» 

жарияланымында  [7,  97–105  б.]жақында  құпиясыздандырылған 

ҚР  Президенті  Мұрағаты  қорларында  сақталған  құжаттар 

негізінде  Қазақстанда  ӛмір  сүрген  Ұлы  Отан  соғысының 

қатысушысы,  атақты  Калашников  қаруының  конструкторы  М.Т. 

Калашниковтың ӛмірбаянына қысқаша тоқталып, оның пистолет-

пулеметінің жаңа моделін дайындағаны туралы мәліметтер беріп, 

оның  ӛкімет  ӛкілдерімен  жазысқан  хат  алмасуыларын 

жариялады. 

В.Н.  Шепель  «Алма-атинцы  в  годы  войны:  рассекреченная 

правда»  мақаласында  алматылықтардың  патриоттық  сезім  мен 

ерен  еңбегі  арқасында  Ұлы  Жеңістің  жақындауына  кӛп  үлес 

қосқаны жӛнінде баяндалады. 1941–1945 жж. құжаттар негізінде 

әртүрлі  статистикалық  мәліметтер  берілген.  Мақалада  автор 

қорғаныс  ӛндірісінің  дамуы  жайында,  әскери  оқу,  халықты 


165 

 

тамақтандыруда  карточкалық  жүйенің  енгізілуі,  материалды-



тұрмыстық  қызмет  кӛрсетуі,  эвакуация  жӛнінде  мәселелерді 

қозғады [8]. 

В.Н.  Шепель  «Начало  войны:  хроника  без  купюр» 

мақаласында  1941  ж.  республиканың  жағдайын  анықтап, 

құжаттар  негізінде  әр  түрлі  статистикалық  мәліметтер  келтірді, 

республиканың 

соғыс 

жағдайына 



ӛтуі, 

дивизиялардың 

жасақталуы, майданға аттануы, еңбек майданы туралы мәселерді 

қозғады 


[9]. 

Автор 


келесі 

«Рассекреченая 

война: 

эпизоды»мақаласын да соғыс жылдарына арнады:майданға қару-



жарақ, 

оқ-дәрілерді 

жеткізу, 

Қазақстанда 

Калашников 

автоматыныңойлап табылуы, соғыс жылдарындағы Қазақстанның 

жастары,  8-ші  гвардиялық  дивизияның  құрылғанының  2 

жылдығын тойлау, соғыс жылдары республикада мекемелер мен 

кәсіпорындарды  күзетутуралы  мәселелерді  ҚР  Президенті 

Мұрағатында  сақталынған  құжаттар  негізінде  сипаттады  [10]. 

Автор осы тақырып шеңберінде келесі мақаларды да жариялады: 

«Неизвестные  страницы  войны»  [11],  «Женщины  Казахстана  в 

военные годы»[12, 98–100 б.], «Война не сломила великий народ» 

[13],«Тайны  Победы.  Архив  Президента  раскрывает  секретные 

документы о Великой Отечественной войне» [14] және т. б. 

Р.Қ.  Қанғожиева  «9  мая  1945  года:  «Говорит  Алма-Ата» 

мақаласында  радионың  бір  күндік  эфиріне  қысқаша  тоқталып 

ӛтті.  Таңғы  5-те  халыққа  Ұлы  Жеңіске  жеткенін,  соғыстың 

аяқталғаны  туралы  хабарлаған  қуаныш  пен  толғанысқа  толы 

радио  эфирін  оқырмандарға  жеткізуге  тырысқан  автор  Қазақ 

радио  дикторларының  сӛйлеген  мәтіндерінің,  Ұлы  Отан 

соғысының 

қатысушылары 

Дмитрий 


Снегиннің 

ӛлең 


жолдарынан, Ахмедияр Хусаинов, Ш. Мұсабаев, Қаныш Сәтпаев, 

Латиф Хамидидің сұхбаттарынан үзінді келтірді [15, 1–4-п.]. 

Т.  Ким  «Музы  не  могли  молчать..»  мақаласында 

республиканың 

мәдениет 

және 


ӛнер 

саласындағы 

қайраткерлерінің  Жеңісті  жақындату  үшін  еңбегіне  тоқталып 

ӛтті.  Мақалада  ҰОс  жылдары  әскерлердің  рухын  кӛтерген 

туындыларын анықтап, майданда солдаттардың алдында концерт, 

театрлық  қойылымдардың  ұйымдастырылуы  туралы  ақпарат 

берді.  Автор  1941–1944  жж.  Қазақстанның  ӛнер  саласының 


166 

 

жұмысшылары 



майданға, 

госпитальдерге, 

әскерге 

алу 


пункттерінде,  Қызыл  әскердің  тыл  майданында  20  мыңға  жуық 

концерт  бергенін  атап  кӛрсетті,  және  де  Күләш  Бәйсейітованың 

үндеу-хатынан үзінділерді келтірді [15, 85-п.]. 

Е.В.  Чиликова  «Кто  они,  рядовые  Великой  войны» 

мақаласында  қазіргі  ҚР  Президенті  Мұрағатының  ғимаратында 

Қазақстандық 

ғылыми-зерртеу 

марксизм-ленинизм 

институтының 

Ұлы 


Отан 

соғысында 

қаза 

тапқан 


қызметкерлерінің  есімдері  1985  ж.  орнатылған  мемориалды 

тақтайшада  мәңгілікке  жазылған  және  де  автор  қолда  бар 

деректер  негізінде  І.  Жанаков,  Ә.  Каташев,  А.  Кимашев,  П. 

Кочетков,  К.  Молдағалиевтар  жӛнінде  қысқаша  ӛмірбаяндық 

мәліметтер берді [15, 7–8-п.]. 

А.Ә. Сейсенбаева «Ұлы Отан соғысы: Қазақстандағы әскери 

ӛнертабыстар» мақаласында мұрағат құжаттары негізінде 1941 ж. 

құрылған  Әскери  ӛнертабыстар  жӛніндегі  республикалық 

комиссия  қарауында  мақұлданып,  орталық  әскери  ұйымдардан 

жоғары баға алған қару-жарақ түрлері және жауды жеңудің түрлі 

тәсілдерді авторларымен қоса талқыланды [16, 48–54 б.]. 

Мақалалардың  бір  бӛлігі  жеке  тұлғалардың  қызметіне, 

соның ішінде Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне арналған. 

Е.В.  Чиликова  1995  ж.  сәуірінің  30-да  республикалық 

радиодағы  хабарламасы  [17,  57–63-п.],  кейінірек  «Арқа 

ажары»газетінде  жарияланған  «Рақымжан  туралы  аңыз» 

мақаласында  «[...]  1945  ж.  30  сәуірде  Қошқарбаев  рейхстагқа 

шешуші шабуылда ӛзінің майдандасы Григорий Булатовпен бірге 

тәуекелге 

бел 


буып, 

рейхстагтың 

басты 

қақпасына 



алғашқылардың  бірі  болып  жеңіс  туын  тігіп,  қаһарман  ерлік 

жасаған [...]» Рақымжан Қошқарбаевтың ерлігі, Кеңестік дәуірде 

Кеңес  Одағының  Батыры  атағының  берілмеуі,  1999  ж.  мамырда 

ҚР  Президенті  Н.  Назарбаев  Р.  Қошқарбаевқа  ерекшеліктің 

жоғарғы  дәрежесі  –  1941–1945  жж.  Ұлы  Отан  соғысында 

кӛрсеткен  ержүректілігі  мен  батылдығы  үшін  «Халық 

қаһарманы»  атағын  беру  туралы  Жарлығы  жӛнінде  сӛз  қозғады. 

Автордың  бұл  зерттеуі  Р.  Қошқарбаевқа  «Халық  қаһарманы» 

атағының  берілуіне,  әділеттіліктің  орнауына  септігін  тигізгенін 

атап  айтқан  жӛн  деп  санаймын  [17,  18–22-п.].  Сонымен  қатар, 



167 

 

автор  Мысль  журналында  «На  нейтральной  полосе»  құжаттық 



жарияланымын да Р. Қошқарбаевқа арнап, оқырмандарға мұрағат 

құжаттарын  ұсынды,  Қазақстан  ОК  Компартиясының  Р. 

Қошқарбаев  және  Г.  Болатов  жолдастарына  Кеңес  Одағының 

батыры  атағын  беру  жӛнінде  қаулысы,  Қазақстан  ОК 

Компартиясының  СОКП  ОК  жазбасы,  Р.  Кошқарбаевқа 

мінездемесі және бірнеше хаттар бар [17, 57–61-п.]. 

Ә.Н.  Ипмағамбетова  «Бауыржан  Момышұлы:  ерен  ерлікті 

мойындау»,  «Бауржан  Момыш-улы:  признание  подвига» 

мақалаларында  аты  аңызға  айналған,  әскери  ерліктері 

кеңінентанылған  Ұлы  Отан  соғысына  қатысқан  Бауыржан 

Момышұлының ерлігін мойындау, оғанКеңес Одағының Батыры 

атағын  ұсыну  жӛнінде  мәселелерді  қозғады.Жарияланымдарда 

ҚР  Президенті  Мұрағат  қорларында  сақталып  жатқан 

құпиясыздандырылған  құжаттарды  кеңінен  пайдаланды.  Бұл 

құжаттардың  қатарында  А.  Нүсіпбековтың  Ж.  Шаяхметовқа  Б. 

Момышұлы туралы жазған хаты, Б. Момышұлының мінездемесі, 

Қ.  Қозыбаевтың  Н.Ә.  Назарбаевқа  жазған  хаты  (1990  ж.  5 

наурызы) және т. б. бар.Сонымен, автор 1990 ж. 11 желтоқсанда 

КСРО  Президенті  Жарлығымен  1941–1945  жж.  Ұлы  Отан 

соғысында  неміс-фашист  басқыншыларымен  күресте  кӛрсеткен 

батырлығы  мен  ержүректігі  үшін  полковник  Б.  Момышұлына 

Кеңес  Одағының  Батыры  атағы  қайтыс  болғаннан  кейін 

берілгенін атап кӛрсетті [17, 31–43-п.]. 

А.Ә. Сейсенбаеваның «Қазақтың қайсар қызы» мақаласында 

Кеңес  Одағының  Батыры,  майданда  қаза  тапқан  Мәншүк 

Жеңсікәліқызы  Мәметованың  ӛмірбаяны  мен  соғыстағы  ерлігі 

жайында баяндалады [17, 32–33-п.]. 

Оқырмандардың 

қызығушылығын 

оятатын 


келесі 

жарияланымның  авторы  Е.М.  Грибанова.  Олоқырмандарға 

авторлық  стилі  сақталған  «Ламсдорф»  лагерінде  (Польша) 

кеңестік  әскери  тұтқын  Сергей  Ворапаевтың  күнделігінен  үзінді 

ұсынды.  С.  Ворапаев  күнделігін  1944  ж.  наурызынан  1945  ж. 

наурызына  дейін  жазған,  дәптер  Сергейдің  әкесінің  және 

досының  мекен-жайларымен  аяқталды.  Бұл  күнделік  1947  ж. 

Қазақстанның  ОК  Компартиясының  жанындағы  Партия  тарихы 

институты  партиялық  мұрағаттың  секторына  С.  Ворапаевтың 


168 

 

отбасы  мүшелерінің  кімнің  әкелгені  белгісіз,  сол  кезеңдегі 



ережеге  сәйкес  мұрағатшылар  күнделікті  қайта  басып, 

түпнұсқасын  жанұясына  қайтарды.  Күнделіктің  кӛшірмесі 

мұрағат қорларына түспей қалды. Сонымен бірге, Е.М. Грибанова 

С. Ворапаевтың ӛмірбаянына қысқаша тоқталып ӛтті [17, 44–51-

п.]. 

Е.М. 


Грибанова 

«Специалист, 

хорошо 

знавший 


автотранспорт.  Николай  Фомичев,  Министр  автомобильного 

транспорта  КазССР  в  1964–1969  гг.  мақаласында  ҚСРО-ның 

Автомобильді  транспортының  министрі  болған  Николай 

Фомичевтің  қызметі  жайында  жазса  да,  оның  ӛмірбаянына 

қысқаша тоқталып ӛтеді, ол 1941 ж. шілдесінде соғысқа аттанып, 

548  аэродромдық  қызмет  кӛрсету  батальонының,  134–106-шы 

аэродромдық ротаның командирі болған [18, 62–63 б.]. 

Г.Н.  Мырзағалиева  «Қиянат  кӛрген  Қасым»  мақаласында 

Ұлы  Отан  соғысының  алғашқы  айларында-ақ  майданда 

Панфилов  дивизиясы  8  ротасының  саяси  жетекшісі,  батальон 

комиссары,  әскери  тілші,  бірқатар  дивизиялық  газеттердің 

редакторы  болған  Қасым  Шәріповтың  ӛмірі  мен  қызметін 

баяндайды.Автор  оның  майдандағы  естеліктері  «Братья  по 

оружию»,  «Рядовой  герой»,  «Мы  –  панфиловцы»  кітаптарына 

енгенін атап ӛтті [19, 108–110 б.]. 

ҚР 


Президенті 

Мұрағаты 

бұл 

бағытта 


жұмысын 

жалғастыруда.  «Екінші  дүниежүзілік  соғысының  қазақстандық 

әскери 

тұтқындары: 



деректер, 

мәселелер, 

мәліметтер 

базасы»іздену-зерттеу  жобасын  іске  асыру  шаралары  жүргізіліп 

жатыр.  Бұл  жобақазақстандықтарға  тұтқынға  түскен  және  жат 

елде қалған ӛзінің туған туысқандарының тағдырын білуге және 

ақпарат табуға мүмкіндік береді. 

Жобаның  мақсаты  әскери  тұтқындар  мәселесін  зерттеу, 

қазақстандық  әскери  тұтқындартағдырларын  анықтау,кеңес 

әскери  тұтқындарының  мәселелерін  зерттеу,  соның  ішінде 

құқықтық 

және 


материалдық 

жағдайын 

айқындайтынкӛпфункционалды  ақпараттық  жүйе  құру. Осындай 

ақпараттық  ресурсты  жасау  зерттеушілердің  де,  әскери  тұтқын 

ұрпақтарының  да  бұл  тақырып  бойынша  дереккӛздерге  және 

тарихнамалық материалдарға қол жеткізуін жеңілдетеді. 



169 

 

Патриоттық  сезімді  оятып,  біздің  отандастарымыздың  Ұлы 



Отан соғыс жылдары жасаған ерліктері жастарымызға үлгі ӛнеге. 

ҚР  Президенті  Мұрағат  қызметкерлерінің  атқарған  еңбегі  –

қазақстандықтардың 

майдандағы 

батырларымыздың 

ұлы 


ерліктерін 

танытса, 

тыл 

жұмыстарында 



Ұлы 

Жеңісті 


жақындатқан  адамдардың  еңбегін  де  ескеріп,  паш  етті  деп 

ойлаймын,  бұған  мұрағат  құжаттары  негізінде  жазылған 

мақалалар, құжатты жарияланымдар мен жинақтар куә. 

Әдебиет: 

1  Рассекреченная  война:  «особые  папки  ЦК  КП  (б) 

Казахстана. 1941–1945 гг.», Құжаттар жинағы, Алматы, 2010 

2 ҚР ПМ. 30–Н қ. 2 т. 230 іс. 

3  Шепель  В.Н.  Солдаты  Победы:  письма  с  фронта// 

Комсомольская правда –9–16 мая 2013. 

4 Шепель В.Н. Две судьбы – два подвига // Комсомольская 

правда – 8–15 мая 2014. 

5 ҚР ПМ. 30–Н қ. 2 т. 239 іс. 

6 Чиликова Е.В. Рассекреченная история // Известия – 2010 – 

№71. 


7  Чиликова  Е.В.  Я  твердо  и  настойчиво  буду  испытывать 

новый  образец....  Документы  АП  РК  о  разработке  М.Т. 

Калашниковым 

пистолета-пулемета. 

1942–1943 

гг. 


// 

Отечественные архивы – 2010 – №2. 

8  Шепель  В.Н.  Алма-атинцы  в  годы  войны:  рассекреченная 

правда // Вечерний Алматы – 8 октября 2009. 

9  Шепель  В.Н.  Начало  войны:  хроника  без  купюр  // 

Казахстанская правда – 9 октября 2009. 

10  Шепель  В.Н.  Рассекреченая  война:  эпизоды  // 

Казахстанская правда – 23 октября 2009. 

11  Шепель  В.Н.  Неизвестные  страницы  войны  //  Литер  –  5 

ноября 2009. 

12  Шепель  В.Н.  Женщины  Казахстана  в  военные  годы  // 

Мысль – 2010 – №3. 

13  Шепель  В.Н.  Война  не  сломила  великий  народ  // 

Казахстанская правда – 7 мая 2010. 



170 

 

14  Шепель  В.Н.  Тайны  Победы.  Архив  Президента 



раскрывает  секретные  документы  о  Великой  Отечественной 

войне // Литер – 22 июня 2011. 

15 ҚР ПМ. 30–Н қ. 2 т. 230 іс. 

16  Сейсенбаева  А.Ә.  Ұлы  Отан  соғысы:  Қазақстандағы 

әскери ӛнертабыстар// Ақпаратты-әдістемелік бюллетень – 2014 – 

№2 (18). 

17 ҚР ПМ. 30–Н қ. 2 т. 41 іс. 

18  Грибанова  Е.М.  Специалист,  хорошо  знавший 

автотранспорт.  Николай  Фомичев,  Министр  автомобильного 

транспорта  КазССР  в  1964–1969  гг.  //  Международные 

автомобильные перевозки Казахстана – 2006 – №3 (7). 

19 Мырзағалиева Г.Н. Қиянат кӛрген Қасым// Ақиқат 2012 – 

№10. 

 

УДК94(574.4).1941-1945 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   39




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет