Қарым-қатынастың авторитарлық стилінде мұғалім оқушылардың қызығушылықтарын ескерусіз өзі ғана шешім қабылдайды, оқушылардың пікірлері маңызды болып есептелмейді, олар тек мұғалімшң айтқанын, нұсқасын орындаушылар ретінде қабылданады. Оқушыларға ешқандай еркіндік берілмейді, олар үнемі бағынышты, тәуелді позицияда болып, педагогикалық ыкпалдың объектісіне айналады. Мұғалімнің дауыс ырғағында бұйрық беру, қатал тәртіп орнату, өктем сөйлеу, қысым жасау сияқты қасиеттері басым болады. - Қарым-қатынастың авторитарлық стилінде мұғалім оқушылардың қызығушылықтарын ескерусіз өзі ғана шешім қабылдайды, оқушылардың пікірлері маңызды болып есептелмейді, олар тек мұғалімшң айтқанын, нұсқасын орындаушылар ретінде қабылданады. Оқушыларға ешқандай еркіндік берілмейді, олар үнемі бағынышты, тәуелді позицияда болып, педагогикалық ыкпалдың объектісіне айналады. Мұғалімнің дауыс ырғағында бұйрық беру, қатал тәртіп орнату, өктем сөйлеу, қысым жасау сияқты қасиеттері басым болады.
- Қарым-қатынастың демократиялық стшінде оқушы мен мүғалім педагогикалык қарым-қатынастың тең құқылы субъектілері ретінде қарастырылады. Оқушылар мен мұғалім ынтымақтастық қарым-қатынаста болады, окушылардьщ жеке пікірлері есепке алынып, олардың белсенділіктері. шығармашылықтары жоғары бағаланады. Өзара қарым-қатынастары кеңес беру, ақыл айту, өтініш, сенім арту сияқты формалар арқылы іске асырылады.
- Қарым-қатынастың либералдық стилінде мұғалім өз бетінше шешім қабылдаудан бас тартып, жауапкершілікті оқушыларға, әріптестеріне ысырады. Мұғалім тек оқыту процесімен шектеліп балалардың тәрбиесіне көп көңіл аудармайды, оқушыларды өз беттерінше жібереді. Бұлдай қарым-қатынас стилі бойынша жұмыс істейтін мұғалімдердің сыныбында үлгерім де, тәртіп те қанағаттанарлықсыз болады. Мұғалім балалар ұжымының дамуына, жеке оқушылардың даму мәселелеріне немқұрайлы қарайды, қиын жағдайлардан құтылу үшін қатты талап қоюдан бас тартып ешкандай белсенділік, шығармашылық танытпайды.
Кәсіби педагогикалық қарым-қатынас процесінің құрылымына (В.А.Кан-Калик бойынша): - Кәсіби педагогикалық қарым-қатынас процесінің құрылымына (В.А.Кан-Калик бойынша):
- 1. педагогтың сыныппен қарым-қатынасын алдын-ала модельдеу (болжау) – бұл кезең аудиторияның танымдық әрекетінің сипаты, мүмкін болатын кедергілер, жұмыс динамикасы сияқты ерекшеліктерін білуді қажет етеді.
- 2. бастапқы байланыс кезіндегі қарым-қатынасты ұйымдастыру (коммуникативті шабуыл) – топты жұмыс істеуге белсенді тартуды қажет етеді және өзін-өзі көрсету мен динамикалық әсер ету әдістерін меңгеруіне байланысты.
- 3. дамушы педагогикалық процесс барысында қарым-қатынасты басқару – оқушылардың инициативасын қолдау, диалогтық қарым-қатынас ұйымдастыра алу және шынайы өмірден мысал келтіруіне байланысты.
- 4. жүзеге асырылған қарым-қатынас жүйесін анализдеу және оның алдағы іс-әрекетін модельдеу.
Достарыңызбен бөлісу: |