Арыстан бабқа түне, Қожа Ахметтен тіле


Ұлттық мәдениет жүйесіндегі Қ.А.Ясауи мұрасының маңызын ашыңыз



бет10/28
Дата03.06.2022
өлшемі133,7 Kb.
#36257
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   28
Байланысты:
Яссауитану 2 деңгей

18. Ұлттық мәдениет жүйесіндегі Қ.А.Ясауи мұрасының маңызын ашыңыз
Қазақ руларының шежіресінің қалыптасуы мен қазақ мемлекеттілік жүйесінің нақтылануында Иасауи мәдениетінің орны бар. Бұл тақырып өте өзекті. Қазақтың тарихи санасын ашатын құбылыс. Иасауи мұрасы қолда бар асыл мұра, терең қазына, ең басты болмыстық құндылық. Қазақстандағы исламның дұрыс жолда дамуы ол иасауи ілімін дұрыс танудан басталады.
Тарихи санамызда, мәдениетімізде Иасауи мұрасының іздері қат-қабат. Ол-таным. Ол-музыка. Ол-өнер. Ол-әдебиет. Ол-қысса. Ол-терме. Ол-хикмет, даналык, руханият. Ол-өмір. Ол-ар. Ол-құндылық. Ол-дін. Ол-мәдениет. Ол-түркі ислам өркениеті. Сондықтан Иасауи тақырыбы өте маңызды әрі өзекті.
Зер салып қарасақ, бүгінгі қазақтың тіліндегі, діни танымын анықтайтын ұғымдар сандық және сапалық мәні жағынан толығымен Иасауи мұрасымен тікелей байланысты екен. Мысалы «Алты Алаш» пен «Астана» ұғымдарын алайық. Бұлар Иасауи мұрасынан алынған терминдер. Парсының «аситане» яғни астана сөзі қазақтарға сопылық таным арқылы енген болатын.
Жалпы қазақ даласына Имам ағзам фикхы мен Матуриди ақидасының тамыр жаюына себеп болған ілім осы «Иасауи салған жол». Оның аты сопылық таным. Ол тарих. Ол қазақтың діни тәжірибесі. Ол қазақ мұсылмандық түсінігінің негізі. Ол қазақ болмысының мәні. Иасауи қазақ мемлекеттілігі мен тарихынан ойып орын алған тарихи саяси, болмыстық, моральдық құндылықтардың мәні болған ислам деген өркениеттің есігін айқара ашып берген, артына мектеп қалдырған, тұғырлы мұра тастап кеткен тұлға, әулие. Ол «пир и Туркістан», «құтб ал ақтаб», «султан ал арифин», «аситана и сағадат».
Негізінен Иасауи дүниетанымының негіздері Құран мен Суннадан тұрады. Иасауи дана, әулие. Оны тану үшін бүгінгі ахуалды тану дұрыс болар еді деп ойлаймын. Абай айтпақшы «Алла деген сөз жеңіл» болды. Негізінен рухқа қуат беретін Алла ғана. Ал сол Алланы бүгінгі діни түсінік пен танымнан табу қиын болып барады. Бұл қоғамды рухани шөл басып барады деген сөз. Иасауидей данасы бар ел де рухани жұтаңдыққа ұшырауы тиісті емес еді. Адам да өз ішкі әлемінен хабарсыз. Адам да құнсыз болды. Құндылық та құнсызданды. Ең басты құндылық ақша. Кез келген қылмыс ақшамен өңі айналып ақталып шыға келеді. Орта ғасырдағы папаның индульгенциясы сияқты күй кешудеміз. Дін құлшылық ретінде емес рия сатысына түсті. Сондықтан дін дегенде алдымен бірінші кезекте ар, адамгершілік емес, Саяси дін, Сирия, жижап, жамағат, форма, қағида еске түсетін болды. Иасауи айтады: «Дін Адамның өз ішіне, рухына бағытталған ізденіс саяхаты».
Имани гүл Абай атамыз айтпақшы, ол «үш сүю», яғни Алланы, адамды, әлемді тұтастандыратын Бір жүрекпен, Бір болмысты тану жолы. Иасауи бұл хәл құбылысты «Уахдат ал вужуд» дейді. Яғни болмыстың бірлігі. Ғашық болып көрмегеннен ғашықтық туралы не сұрайсың. Бірақ болмаса да болдым дегендер, ғашықтық деген ол мұндай деп ақыл айтатындар да бар. Ғашықтық жолды ғашықтардан сұра, себебі «татпаған білмейді». «Хәлін білмеген халақ» яғни «әлін белмеген әлек». Негізі адам өз хәлі өз жағдайын ішкі жан дүниесін зерттемесе, танымаса бәрі бос. Өзін танымаған, жанның аманат екендігін білмейтіндер Алласын қайдан тапсын. Сондықтан да Иасауи атамыздың «ғабид болма, заһид болма, ғашық бол» деп кеткен.


19 Түркі даласының төл перзенті, ұлы бабамыз Қожа Ахмет Ясауи қазақ халқының байырғы мәдениетінің тарихында айрықша орны бар ерекше тұлға, Ислам дінінің жанашыры әрі насихатшысы, сопылық ілімнің көрнекті өкілі. Қожа Ахмет Йасауи ислам дінінің әлсіреп, мұсылман қауымының рухани саяси дағдарысқа түскен кезеңінде тарих сахнасына шықты. Бұл кезеңде Ислам әлеміндегі жағдай күрделеніп, билік үшін талас өршіп тұрды. Бұрынғы исламға тіреу болған ірі мемлекеттер іштей іріп, бөлшектеніп майда иеліктерге айналды. Ислам әлемінің әлсірегенін сезген Европа мұсылмандарға қарсы крест жорығын бастады. Жерорта теңізі жағалауындағы көптеген жерлер крестішілердің қоластына түсті. Шығыста қаратқытайлар Қарахандық билеушілерді тізе бүктіріп, өздеріне жартылай тәуелді етті. Ислам әлеміне тіреу болады деген Хорезмшахтар мемлекеті Меккені басып алуға, өзіне тәуелді етуге ұмтылды. Мұның бәрі ислам қоғамындағы етек алған рухани дағдарыспен тікелей байланысты болды. Қожа Ахмет Йасауи сол кезеңнің басты мәселесі - мұсылман дініндегі халықтардан иманның көтерілуі, халықтың көбі имансыз тобырға айналуында екенін көре білді. Ол өзінің басты қызметі Иманды Исламға қайтару деп түсінді және өзінің бар күш-қуатын осыған арнады. Ол діннің негізгі тірегі иман екендігін анық түсінді және өзгелерді де иманның құдіретін өзіндей түсінуге, сезінуге шақырды. Қожа Ахмет Йасауи иманды діндегі бар амалдың алдына шығарды. Иман жоқ жерде дін де жоқ. Ол өзінің осы талабын өзінің соңынан ергендерге аманат етіп қалдырды.
Ең алдымен, Ясауи ілімінің қалыптасуына ықпал еткен тарихи- объективті факторларды анықтап алайық. Мұндай факторлардың қатарындағы ең маңыздысы, ҽрине, ислам діні. Алайда, Ясауи ҿмір сүрген ХІІ ғасырда ислам дінінде белгілі бір тоқыраушылық, кері кету құбылыстары орын алып жатқан болатын. Ҿркениеттік зерттеу методологиясы тұрғысынан алғанда бұл тарихи дамудың заңды кезеңі, яғни кез келген ҿркениет қалыптасу, даму, құлдырау кезеңдерінен ҿтетін болса, ҮІІІ ғ. қалыптасқан ислам діні, ІХ-Х ғғ. ҿзінің шарықтау шегіне жетіп, одан кейінгі уақытта бірте-бірте құлдырай бастаған болатын. Исламдағы құлдырау, тоқыраушылықты біртұтас исламның бірнеше бағыттарға бҿлініп кетуінен, ортодоксалды исламның ҿзі кҿбіне біржақты ойлайтын, фанатик, дүмше- молдалардың қолында қалып қоюынан, ерте исламға тҽн болған еркін ойшылдықтың қудалануынан, оның орнына соқыр сенімнің белең алуынан, ерте исламға жат діни тҿзімсіздіктен, дінбасыларының дүниеқоңыздыққа белшесінен батуынан жҽне т.б. кері құбылыстардан кҿрініс тапты. Ясауидің сопылық дүниетанымы дҽл осы кері құбылыстармен күресте пісіп-жетілді.
Ясауидің сопылық ілімі ҿз кезінде «Хал ілімі» деп те аталған екен. Мұның мағынасы адамның жан-дүниесінің, рухының кіршіксіз, таза, Аллаға деген ерекше махабатқа толы халіне жеткізетін ілім дегенді білдірсе керек. Бабамыздың ҿз ілімін осылай атағаны оның ең мықты шҽкірттерінің бірі Сүлеймен Бақырғанидың (Хакім ата) ҿз ұстазына арнаған мына арнауынан кҿрінеді: Басса таулар шегінген, Бақса Қағба кҿрінген. Хал ілімі берілген. Шайхым Ахмет Ясауи. Асыл еді нҽсілі, Білмес адам пасығы, Хақтың ғана ғашығы Шайхым Ахмет Ясауи. Қожа Ахмет Ясауидің ендігі бір мән берген, аяусыз әшкерелеген тақырыбы надандық дер едік. Өйткені оның түсінігінше, надандық бүкіл жауыздық, зұлымдықтың таусылмас қайнар көзі. Мұнда арсыздық пен бәлеқорлық, өтірік-өсек, әділетсіздік те содан табылады деп түйіндейді. Жоғарыда айтылғандай, осы надандыққа ғылым-білім мен даналықты үнемі қарама-қарсы қойып отырады. Сондықтан наданның көзін ашып, Құдайдың сара жолына түсіруге ол бар ынтасы мен ықыласын сарқа жұмсайды. Тіпті өз ойын жинақтай келе ғұлама: «Надандармен бірге өткізген уақыттың өзі дозақпен тең», – деп қорытып, олармен бірге жүруге де, жолға шығуға да қарсы тұрады. Жалған молда, залымдарды да аяусыз түйреп, «Хал ілімін» үйренуге шақырады. Осындай әділетсіздіктер мен зұлымдықтарға қарсы әділдікті ту ете отырып, Хақ Тағала ісіне ғана сабырлық, төзімділік танытудың қажеттігін бейнелі жолдармен өрнектейді.
Құранда адамның табиғаты мен мінезіне байланысты анықтамалар өте көп. Сонымен қатар адамның рухани даму сатылары, адам типологиясы сияқты мәселелер кеңінен қамтылған. Құранда адам ең жоғарғы мақамда жаратылғанымен, оның нәпсінің зынданына түсіп, төрдегі басын есікке сүйрейтін, «ең төменгі дәрежеге дейін құлдилатып моральдық азғындауға берілген анықтамаларда оның әлсіз, қан төгуші, жоюшы, залым, қиянатшыл, ашкөз, арамтамақ, сараң, надан» екендігі сыналып, осылардан қашуға, жиіркенуге үндейді. Өйткені Құдайдың адамға қояр талабы – оның көркем құлықты, жамандыққа жаны қас, жақсылыққа жаршы, болатын, Құдайдың шынайы құлы болу үшін адам, ең алдымен, өз болмысымен тұтастықта болып, содан кейін қоршаған әлеммен үйлесімділік құруы тиіс. Осы үндестікті қамтамасыз ету үшін Құдай Құран арқылы адамға құндылықтар жүйесін ұсынады. Бұл құндылықтар адамгершілік пен парасаттылықты қалыптастырудың негізгі қалыбы – тезі. Адамның жақсылық, парасат, парасатты іспен, сөзбен және оймен қарулануы оның иманының қуатына тікелей қатысты. Өйткені Құранда имандылық адамгершіліктің тұтқасы, негізгі көзі ретінде түсіндірілген. Имандылықтан туатын құндылықтарды әділеттілік, турашылдық, ар-ұят, намыс, сабыр, төзімділік, жомарттық, шыншылдық, мейірімділік, ата-анаға құрмет, отансүйгіштік, қанағатшылдық, тазалық махаббат, адамды сүю, жүректілік деп тізіп, жалпы парасат (фазилат) құндылықтарына, ал имансыздықтан туындаған зұлымдық, жалғандық, екіжүзділік, опасыздық, менмендік, риякерлік, қорқақтық сияқты жаман қылықтарды масқаралық (разилат) сипатына жатқызып, бұлардан аулақ болуын ескертеді. «Құранда жақсы мен жаман, арам мен адал жолдардың негізгі ұстанымдары мен этикалық негіздері қамтылған. Суфи өзінің бойында осы моральдық құндылықтарды сомдау, хәлін өзгерту, жақсыға ұмтылу, ізгіліктің өзіне оралу мақсатында өзінің рухын үнемі бақылап отырады. Ал бақылаудың өлшемі де Құран. Өйткені, өзіңді-өзің бақылау және “сырттан бақылау” екеуі бірінсіз бірі болмайтын шарттың екі компоненті. Жүрек өзінің ақыл, жан және мен сипаттары арқылы әлемдегі болып жатқан өзгерістер мен үндестік құра алатын дәрежеге жетуге ұмтылады. Бұл әрекет толығымен моральдық-практикалық жаттығу арқылы мүмкін болатын нәрсе» [2,97].
Қожа Ахмет Ясауи бір Аллаға деген қалтқысыз сенім-нанымның ақыры оған жан-тәнімен берілген шын сүйіспендікке, ғашықтыққа ұласуын қалайды. Егер адам тек сырттан ғана құдайшыл болып, іштен басқа пейілде болса, ол екіжүзділікке, опасыздыққа ұрынады деп баяндайды. Мұндай алдамшы, аяр жандар сабырсыз, төзімсіз келеді, оның соңы надандыққа (жәһілдікке) ұрындырады деген ой ұсынады.
Ол надандықтың адам баласына келтірер зияны мен бүлігін жеріне жеткізе, өлтіре сынап, бұған жаңалықты ғана қарама-қарсы қояды, үміт-тілегін де даналарға арнайды:
Наданмен өткен өмірің тозақ болар,
Надан барса тозақ одан қашар.
Наданмен тозаққа қарай қылма сапар,
Надандардың ортасында суық шалғандай болдым мен-ә.
Надан хәлін менен сұрама, көңілім қапа,
Хақтан қорқып, қайғы тұтсам, күлер «қақа».
Араны ашық, нәпсі ұлық, мысалы лақа,
Надандардан қорқып саған келдім мен-ә.
Жер астына қашып кірдім надандардан,
Қолым жайып дұға тілеймін жомарттардан Қожа Ахмет Ясауи Құдайға беріліп құлшылық етушілердің өзін жалған ғашықтар, шын ғашықтар деп жүйелейді. Жалған ғашықтары, жоғарыда айтылғандай, екі жүзді аярлар, надандар делінсе, шын ғашықтары Алла жолына жан-тәнімен берілген даналар деп сипатталады. Осының бәрін ол екі әлемнің (ол дүние мен бұл дүниенің) сыр-сипаттары тұрғысынан шендестіре суреттейді.
Ғұлама өзі жеті жасында пайғамбарымыздың Мұхаммед Мұстафа ғалайссаламның арнап қалдырған құрмасын табыс еткен Арыстан Бабтың айтқан ақылдары мен үлгі-өсиеттерін зор ілтипатпен еске ала отырып, ұстазының рухани тазалығын, адалдығы мен шыншылдығын өзгелерге үлгі тұта сөйлейді. Осыған орай ол кейбір надан шәкірттер мен арам сопылардың бет пердесін жұлып алып, олардың шын мәнісінде қандай жандар екенін айқара ашып әйгілейді:
Тақуамын деп зор санар, көзіңнен шықпайды жасың,
Көңілдерінде дерті жоқ, қалай ауырар басы.
Өтірік, айла қылса да, Құдайға мәлім бар ісі,
Арыстан Бабам сөздерін есітсеңіз тәбәрік.
Шәкіртімін деп айтады, көңілінде жоқ шындығы,
Шын шәкіртті сұрасаң, іші-тысы гәуһәр дүр,
Хаққа аян сырлары, жемістері таза дүр,
Арыстан Бабам сөздерін есітсеңіз тәбәрік!
Сөйтіп, арамдық пен өтірік-өсектен, нәпсіқұмарлықтан жиіркенбейтін шәкіртсымақтарды ақын өлтіре сынай отырып, «ғарыптардың ұлығы, заты таза» Арыстан Бабты сондай пасықтарға үлгі етіп ұсынады.
20. Аллаға қауышудың жолы қоғамға, адамға қызмет ету – тікелей ахлақтық кемелдену арқылы өтеді. Нәтижесінде рухани тазалыққа, өзін-өзі меңгеруге қолы жетіп, “Кемел адам” тұрпаты қалыптасады. Көшпелі түркі қауымын имандылыққа шақыру арқылы Қожа Ахмет Ясауи ілімі барша түркі халықтары мәдениетіне үлкен өзгеріс енгізді. Дәстүрлі түркілік дүниетанымның негізі сыршылдық (мистика) дін екендігін ескерсек, сопылық танымның түркі мұсылмандығының ең маңызды ерекшелігін қалыптастырудағы себептерін ұғыну қиын емес. Бұл құбылыстың табиғилығын дін феноменол-сы тұрғысынан қарасақ, діндердің таралуындағы ескі ұстанымдардың толығымен жойылмайтынын, жаңалары сол құндылықтар, түсінік, ұғымдар негізінде өз орнын табатынын көруге болады. Көбінесе діндерде ескі ұстанымдар мистикалық институттармен тұтасып, “халық діндарлығы” түрінде тіршілігін жалғастырады. Бұл құбылыстың көрінісін Қожа Ахмет Ясауидың сопылық-моральдық ілімінен көруге болады. Оның “құрма” символизмі арқылы Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбарға байлануы, осы құбылысқа Арыстан бабтың “себеп” болуы, өмірін пайғамбар өміріне ұқсатуға тырысуы, пайғамбарға ұқсаудың ишараты ретінде ұлының атын Ибраһим қоюы, пайғамбар жасына келгенде тірідей “жерасты мешітіне”, яғни қылуетке түсуі, осының бәрі оның іліміндегі көшпелі түркілерге исламды таратудағы маңызды әдістемелік, құбылыстық ерекшелік әрі жаңалық болып табылады.
Жергілікті халықтың салт-санасы мен сенім-нанымына, әдет-ғұрпына қайшы келмейтін діни-мистикалық мектептің негізін қалаған Қожа Ахмет Ясауи шығармашылығы сопылық ағымның түркілік дәстүріне даңғыл жол салды. “Ислам дінін тек араб тілі арқылы ғана тануға болады” деген түсінікті теріске шығарып, сопылық әдебиет ұстанымдарын көне түркі әдеби тіл – шағатай тілінде сөйлетті. Қасиетті кітаптың арабша мағынасын толықтай түсіндіру, шариғаттың қыр-сырын, дін қағидаларын қалың қауымға өз тілдерінде тереңнен таныту мақсатында хикметтерін жергілікті халыққа жақын айшықты поэзия тілімен жазды. Қожа Ахмет Ясауи түркі тілінде жатық әрі бейнелі жыр жазудың үлгісін жасап, түркі тілдерінің көркем шығармалар тудыру мүмкіндігінің мол екендігін дәлелдеді. Оның жазба әдебиет үлгісіндегі шығармалары түркі топырағында ертеден қалыптасқан суырыпсалмалық дәстүрдегі әдебиетке жаңа серпін, тың мазмұн алып келумен қатар, оны түр жағынан көркейтіп, кемелдендіре түсті. Сөйтіп, бұрыннан дидактикалық сипаты басым түркі әдебиеті насихаттық ой тұжырымдармен толыға түсті. Ол фольклор мен жазба әдебиеттің өзара жақындасуының, толысып, көркеюінің дәнекері бола отырып, шығармашылық әдебиетінде ертеден қалыптасқан, Құран Кәрімде баяндалатын тарихи аңыздар мен пайғамбарлар, әулие-әнбиелер жөніндегі әпсаналарды хикметтерінде ұтымды пайдаланды. Қожа Ахмет Ясауи шығармашылығы түркі-мұсылман әлеміне кеңінен танылып, Ясауише хикмет жазу дәстүрге айналды. Кіші Азияда Хаджи Бекташ Уали, Жүніс Әміре, Сүлеймен Бақырғани хикметтерінен Қожа Ахмет Ясауи сарыны байқалды. ХЫЫ ғасырдан бері түркі халқының дүниетанымына елеулі ықпал еткен Қожа Ахмет Ясауи сарыны Асан Қайғыдан Абайға, сондай-ақ, күні бүгінге дейінгі қазақ ақындары шығармаларында көрініс тапқан.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет