Ғұлама хикметтері — оның дүниетанымының қағаз бетінен тіл қатқан рухани дүниесі Ясауи мұрасын жете түсіну үшін оның хикметтерін тақырыбына қатысты екі сипатта қарастырған жөн сияқты. Біріншісі — сопылық философияның, сопылық оқудың мазмұнын көркемдік тұрғыда жырлаған хикметтер тобы. Бұған уағыз-насихат, өсиет үлгісінде жазылған тəлім- тəрбие (дидактика) сипатындағы хикметтер жатады. Ал екінші тобы — Ясауиді қоғам қайраткері ретінде, ақындық тұрғыдан байыптайтын хикметтер (яғни, сыни əдебиет үлгісіндегі лирикалық шығармалар жинағы).
Ясауи хикметтері дегеніміз оның дүниетанымының сөзбен нақышталған өлең əлемі болғандықтан, біз ғұламаның біраз хикметтерін ғылыми тұрғыда байыпты зерттегенді жөн көрдік:
Қожа Ахмет өзінің 70 хикметтен тұратын жинағының 1 хикметінде былайша сөз бастайды:
«Бісміллə» деп баян еттім хикмет айтып Шəкірттерге дүр мен гəуһар шаштым, міне. Жанды жалдап, қайғы шегіп, қандар жұтып. Мен «Дəптер сəни» сөзін аштым, міне. Сөзді айттым кімдерге де етсе талап, Ашық сөйлеп жақын жанды жанға балап. Ғаріп, пақыр, жетімдердің басын сипап, Діні қатты халайықтан қаштым, міне. Адам жасын санамалап айтуда Қожа Ахмет бабамыздың шеберлігі ешкімде жоқ десе болғандай. Ол кісі бір жасынан бастап қалай ғұмыр кешті, не істеп, немен айналысты, кімді дос, кімді қас тұтты, ішінің қырындысына дейін түгін қалдырмай бəрін ақтарып толғаған. Өз ел-жұртына күннен күнге құрметі артып, сыйлы да сымбатты, инабатты да үлгілі болып өскенін, жеті жасында Арыстан бабқа кездесіп, Алланың ақ жолына түскенін айтады:
Жеті жаста Арыстан Бабам іздеп тапты, Əр сырымды көрген сайын бүркеп жапты. Арыстан Бабам ислам дінін баян қылды, Сол себептен алпыс үште кірдім жерге. Осы екінші хикметінде сегіз жасында құдіреттің күшімен ғайыптан хабар алғанын əдемі жеткізеді:
Сегізімде сегіз жақтан жол ашылды, Хикмет айт деп басыма нұр шашылды. «Билхамдиллаһи» Пір маған шарап ішкізді, Сол себептен алпыс үште кірдім жерге. Ұлы ақын сегіз жасымнан бастап «хикмет айт деп басыма нұр шашылды» десе, оның хикметті сегіз жасынан хатқа түсіре бастауы мүмкін.
Бар ғұмырын Алланың ақ жолына арнаған құдіретті жан өзі жазған «хикметтің» қадір-қасиетін барынша түсіндіруге, егжей-тегжейлі ұғындыруға көп еңбек еткен (3 хикмет):
Мұсылман емес хикмет айтып жыламаса, Жарандардың айтқан сөзін тыңдамаса. Аят, хадис мазмұнын аңдамаса, Кереметті ғарыш үстінде көрдім, міне. Кереметті көріп Хақпен тілдестім мен, Жүз мың түрлі періштемен жүздестім мен. Сол себептен хақты айтып іздедім мен, Жан-тəнімді оған пида еттім, міне. Құл Қожа Ахмет, жасың жетті жиырма бірге. Не қылғайсың күнəларың таудан да ауыр. Қиямет күн азап берсе раббым қадыр, Ей, достарым, не деп жауап айтам, міне. Сопы ақынның сырға толы 6 хикметін оқи отырып, еріксіз ойға шомасыз:
Құл Қожа Ахмет, ер болмасаң, өлген жақсы, Қызыл жүзің қара жерде солған жақсы. Топырақ сипат жер астында болған жаксы, Заты ұлық ием, сиынып келдім саған. «Құл Қожа Ахмет, ер болмасаң, өлген жақсы» деген жолдарда əдемі көрініс тапқан. Расында, ер адамның тірліктегі əрбір іс-əрекеті, жасаған еңбегі, біреуге берген қол қайыры кəкір-шүкір жай нəрсе емес. Естігеннің жаны сүйсінетін, көргеннің көңілі толатын ерлікпен ғана ол көптің алғысын алып, мол құрметіне бөленбек.
Ақын хикметтерде əруақтар бір жасында аян беріп, екі жаста пайғамбарлар келіп көрді, үш жаста ғайып ерен қырық шілтен үйге келді, төрт жаста хақ Мұстафа құрма берді дейді. Содан бес жасынан дін жолын ұстағанын айтады. Жеті жасында Арыстан бабаны іздеп табады. Бұдан кейінгі хикметтерде өз өмірінің əрбір жылын санамалап, Алланы тану баспалдақтарын баяндап береді. 7 хикметте өз ойын былай түйіндейді:
Алпыс екі жаста Алла мені жерге тартты, Бастан-аяқ надандықтан азат етті. Жан мен ділім, ақыл-есім Алла деді, Бір жəне Барым, дидарыңды көрермін бе?!