мүрид (шәкірт) ешкімді өзінің шейхынан (ұстазынан) артық санамауы және мойынсүнуы қажет (өйткені тариқатқа, рухани кемелдік жолына кірген шәкірт ұстазынан бөлек, өз бетімен жүріп-тұратын болса, оның рухани даму жолы жабылады);
өз шейхының халі мен ишараттарын түсіне білуі үшін ақылды, сезімтал болуы;
шейхының сөзі мен ісіне мұқият болуы;
адал қызмет етуі, жалған айтпауы, сертінде тұруы тиіс;
қажет болса, мүрид өзімен қоса барлық мал-мүлкін шейхының қажетіне беруге дайын болуы керек, өйткені "батин (ішкі) көзі" басқаша ашыла алмайды;
шейхының сырларын сақтауы, барлық насихаты, уағызы мен нұсқауларын орындауы тиіс;
Хаққа қауышу жолында шейхы үшін жанын беріп, оның досымен дос, дұшпанына дұшпан болуы кажет (бұл шарттар психологиялық негізде).
3) Шейх болушы: дін ғылымына қанық, жұмсақ мінезді, сабырлы, ықыласты, Хақ ризалығымен кауышқан, Хаққа жақын болуы тиіс.
4) Тариқаттың 6 міндеті (уажиб):
рабт-и Султан (мемлекет басшысына риясыз берілгендік).
9) Ясауи тариқаты — дауыстап зікір салатын "жаһри тариқат". Кейбір зерттеушілер — жаһри тариқатгың негізін салған Қожа Ахмет Ясауи деген пікірде. Ясауи тариқаты салатын зікір түрі сопылық әдебиеттерде көбіне "ара зікір" деп те аталады.
10) Ясауи тариқатындағы қылует — мүридтің бар ықыласын белгілі мақсатқа бағыттауы және кейбір арнайы зікірлер арқылы риязаттарды орындау үшін шейхтың мүридінің рухани халін қараңғы, сыртқы әлемнен жырақ орындарда, яғни жерден қазылған мекенде, белгілі уақыт ішінде торбиелеуі. Ясауи тариқаты 12 ғасырда Мауераннахр, Түркістан, Ферғана, яғни казіргі Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Түрікменстан мен Тәжікстан аумақтарына таралды. Осы жерлерде Ясауидің ілімі мен рухани құндылықтарын жалғастырушылар өзіндік із қалдырды. Сондай-ақ түркі мәдениеті негізінде құрылған барлық тариқатгар осы тариқат негізінде калыптасты. Мұны Нақшбандийа мен Кубраийа (Нажмаддин Кубра) силсиласында Қожа Ахмет Ясауи шәкірттерінің кезігуінен көруге болады.