Арыстан бабқа түне, Қожа Ахметтен тіле


Ахмет Ясауидің от басына нәпақасын қалай тапқаныны туралы аңызды жазып көрсетіңіз



бет2/28
Дата03.06.2022
өлшемі133,7 Kb.
#36257
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28
3.Ахмет Ясауидің от басына нәпақасын қалай тапқаныны туралы аңызды жазып көрсетіңіз
Кемеңгер түркі сопысы өз қол еңбегімен, ағаштан қасық, ыдыс-аяқ жонып күнелткен адам, осы кәсібін қылуетте де жалғастырған, Аллаћқа құлшылық жасаумен, ораза тұтумен, зікір айтумен, Диуани Хикмет жазумен айналысқан және сонда дүниеден озған. (Ахмет Ясауидің неше жыл өмір сүріп, қайтыс болғаны туралы ғалымдар арасында түрлі пікірлер бар. Мәселен, М.Ф.Көпрүлү оны 120 жыл өмір сүріп, 1166-67 жылы қайтыс болған десе, М.Жармұхамедов оны 125 жыл жасап, 1228 жылы қайтыс болған дейді, ал К.Эраслан 83 жыл жасаған десе, Сүйінішәлиев 73 жыл жасаған дейді. Ал Хисамиддин Сығнақи оны 130 жыл өмір сүрген дейді.)
4.Ясауи іліміндегі адамды азғындыққа түсіретін жол туралы өз сөзіңізбен түсіндіріңіз
Құл Қожа Ахмет ғалымдарға қызмет істе,
Ғалымдардың сөзін естіп амал істе.
Амал істеп, Хақ жолына жаныңды бер,
Адамды туралықтан айырып, азғындық жолға түсіретін жаман жолдың бірі - дүниеге қызығу, бірі нәпсінің жетегінде кету.
Адам жүрегіне Аллаћқа деген махаббатты емес, дүниеге деген махаббатты орнықтырса, ол адам - азғын адам. Себебі, дүние рахатына ұмтылған адамнан түрлі қылмыстар мен күнәларды кездестіруге болады және оның ахиреттегі өмірі жәћәннам болмақ.
Дүние үшін қам жеме, Хақтан өзгені айтпа,
Кісі малын жеме, қыл көпірден тұтар-а-деп, дүние рахатына қызыққан азғындарды былай суреттейді:
Дүние менікі дегендер – малға иманын сатқандар.
Құзғын құстай нәжіске белшесінен батқандар,
Молда-мүфти атанып – арамнан мал тапқандар,
Ақты қара қылғандар тамұқта ертең жанады.
Ал нәпсіге құл болып, азғын жолға түскен залымдардың мойнына шайтан мініп, азғындықүстінен азғындай беретіні анық.
Басыңдағы нәпсіні қусаң баққалар,
Жолдан азсаң, абыройың тапталар.
Ерттеп мініп шайтан малғұн шаттанар,
Нәпсіңді теп, нәпсіңді деп пәтшағар. (31-х)
5. Ахмет Ясауи іліміндегі дертті адам, дертсіз адам туралы жазыңыз
Қожа Ахмет Ясауи ілімінде шыншылдық пен әділдік үшін ғұмыр кешу халыққа қызмет етумен байланыстырылады. Ал, халыққа, ұлтына қызмет етудің шарты – топырақ сипатты болу, нәпсіні тыю. Топырақ сипатты болып, өзін халқына арнау кемелдікті білдіреді. Қожа Ахмет Ясауи кемелдікке жету үшін адамда қуатты махаббат пен дерт болу керек дейді. «Дертсіз адам адам емес, мұны аңла; Ашқсыз инсан хайуан жынысы, бұны тыңда» . Осы хикмет жолындағы «дертсіз адам» адамдық сезімнен жұрдай, өз ұлтының, қоғамының, Отанының алдында жауапсыз, мұңсыз, қара басының қамын күйттейтін жан. «Қуатты махаббат» – илаhи фитраттан, яғни Алла тарапынан адамға берілген құдайлық сыйдан мақрұм қалған, өзінің адамдық қадірін бағалай алмайтын, парасаттылыққа ұмтылмайтын, өзін қоршаған әлемге, адамға, табиғатқа, осының бәрін Жаратушы иеге мән бермейтін жан. Дертті адамның Қожа Ахмет Ясауи іліміндегі алатын орны ерекше. Ол хикметінде “Білімің – шырақ, халің – пілте, көз жасың – жағатын май” болсын дейді . Дертті, шерлі адам пілте болып жанып, ашқ отына түсіп, қоғамның кемшілік тұстары мен ақсаған руханиятын көріп, көз жасы, қайрат-жігерімен одан шығар жол, дауа іздейді. Шынайы ашққа осы дерт арқылы ұласады. Ал ашқ кемелдікке жетелейтін күш-қуат көзі. Қожа Ахмет Ясауи ілімінде адамның жаратылыс мақсаты – Хаққа құлшылық ету, ол «Сізді, бізді Хақ жаратты ғибадат үшін” – дейді . Бұл ғибадат – Хақты тану жолындағы ең жоғарғы мақам. Құдайлық ашқты, Аллаға деген махаббатпен тұтастықта көретін Қожа Ахмет Ясауи дүниетанымы Аллах жаратқан адам баласын кемсітпей, өзімен тең дәрежеде құрметтеуді парыз деп қарайды. “Сүннет екен кәпір де болса берме азар, Көңілі қатты ділазардан Құдай бизар” деген хикмет адамның тегі мен түсіне, діні мен діліне қарамастан оған құрмет көрсету, адам ретінде ардақтауды пайғамбарлық сүннет ретінде танытады. Өйткені Қожа Ахмет Ясауи ілімі – дін, мәзһаб аясына сыймайтын шексіз махаббат жолы. Қожа Ахмет Ясауи дүниетанымында «дертті адам», «топырақ адам», «кемел адам», сондай-ақ, «ғарип адам» тұлғалары да дәріптеледі .
Ғарип адамды кемелдік мәртебесіне жеткізіп, пайғамбардың қоғамдағы өкілі, ізбасары ретінде бағалайды. Қожа Ахмет Ясауи өзін де ғарип ретінде көрсетеді: «Ғариппін ешкімім жоқ, бейшарамын hәм пақыр, Сенен басқа кімім бар, рақым ет Аллах таң сәріде» – деп рақымды тек Аллахтан ғана күтеді. Өйткені оны Аллахтан басқа шын ұғатын, қолдайтын ешкім жоқ. Оны ғарип қылып, жалғыздыққа итермелейтін күш оның дүниеге деген көзқарасы, илаhи ашқ – Хақ жолына деген ұмтылысы мен махаббаты. Ғариптік – адамның өз-өзімен іштей күресіп, санасын сансыратқан мәселелердің шешімін табу жолында рухымен тілдесу, өз әлімен ғана ләззат алу сияқты көңіл-күйді білдіретін психологиялық хал. Сондықтан да Қожа Ахмет Ясауи «Қай жерде ғарип көрсең һем дем болғыл»,- дейді . Яғни оларға дем бер, қолдау көрсет, қасынан табыл, құрметте дегені еді.
6. Ясауидің түркі дүниесіндегі орнын түсіндіріңіз
Халық арасындағы аңыздарға қарағанда Ахмет Ясауиге дейін Хазіреті Пайғамбар сахабаларының бірі болған Арыстан баб ислам дінін насихаттау мақсатында түркі елiне келген. Сонымен қатар Әбу Бәкір халифамен кездескен және исламды қабылдаған ақын-жыраулардың бірі - мәһшүр Қорқыт ата мен Шопан ата, сондай-ақ исламның ұлылығын насихаттау мақсатында Орта Азияға келген Ахмет Ясауидің ата-бабасы - Ысхақ баб, Абду-л-Жалил баб және Абду-р-Рахман бабтар түркi жұртына мұсылмандықты уағыздаған алғашқы әулиелер екенi айқын. Ахмет Ясауидің әкесі - Ибраһим ата да аталмыш әулиелердiң қатарына жатады. Ал Ахмет Ясауидiң түркi сопылығы тарихында алатын орны ерекше.
Кемеңгер бабамыздың орынбасарлары мен жолын қуушылары түркiлердiң құрған мемлекеттер мен империялардың рухани пiрi болғандығы тарихи мәлiметтерде алтын әрiптермен жазылған. Тiптi түркi дүниесi бойынша құрылған сопылық тариқат – осы ясауилiк тариқаты.
Ясауи ілімінің негізгі ұстанымдарының бірі – толеранттылық. «Бөгде дін өкіліне де азар бермеу – Пайғамбар сүннеті» («Сүннет ерміш кафир олса берма азар») деп жазған Ясауи кез келген дін өкіліне құрметпен қарауды насихат еткен. «Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп» деген Абай сөздері де осы ақи қатқа тіреледі. Ясауи іліміндегі «Адам адамға құл емес, Аллаға ғана құл» деген ұстаным да адам баласының бәріне бірдей қарауға, ешкімді кемсітпеу ге, өзін де өзгелер алдында төмен санамауға міндеттейді. Бұл қағида бүкіл қоғамдағы рухани тепе-теңдік пен келісімді сақтауға бағытталған. Халқымыз бұл қағиданы: «Еңкейгенге еңкей – атаңнан қалған құл емес, шалқайғанға шалқай – пайғамбардың ұлы емес» деген ұстаныммен түйіндеген.
Ясауи ілімі ағартушылыққа, ғылым-білімге шақырады. Ясауи: «Адамды ақиқатқа жеткізетін бірден-бір жол – ғылым жолы» деп жазған. Ясауи ең бектерінде ғылымға ұмтылу, надандық тан қашу мәселелері жиі көтеріледі, шынайы ғалымдар ерекше құрметте ле ді. «Білекті бірді жығар, білімді мыңды жығар», «Ақыл – азбайтын тон, білім – таусылмайтын кен», «Жақсының аты өлмейді, Ғалымның хаты өлмейді» деп мақалдаған ұлтымыздың ұстанымдары да осы қағидалардан қиыс кетпейді.Ясауи ілімінде «Халыққа қызмет ету – Хаққа қызмет ету» деген ұстаным бар. Бұл қағида қоғамға адал қызмет етуді насихаттайды, отаншылдыққа, елді сүю ге, бауырмалдық пен жанашыр лық қа, өзара құрмет пен сыйластыққа тәрбиелейді. Осы бір қағида өзгеге қол ұшын беруге қашанда құлшынып тұра тын біздің халқымыздың болмысына сің ген деуге болады. «Өз үйінде ою ой мағанның кісі үйінде сырмақ сыраты ны» да осыдан болса керек. Қожа Ахмет Ясcауи көшпелі түркі халықтарының ағайындық, бауырмалдық сезімдерді басты орынға қоятын ізгі дүниетанымымен, туыстық қатынастарға негізделген рулық-тайпалық құрылымымен етене таныс болған. Аллаћ алдында ер мен әйел тең хұқылы, екеуіне де ақыл, көңіл, жүрек беріп, бірдей дәрежеде жаратқан. Бірақ, ислам діні әйелдіңөз жаратылысына, нәзіктігіне, ердіңөз жаратылысына, оның табиғатындағы қуаттылығы мен төзiмдiлiгiне байланысты өздеріне лайықты біршама міндеттерді белгілеген.
Әйел дегеніміз - ана, адамның алғашқы ұстазы, әрі Аллаћтан кейінгі ең жақын қамқоршысы. Сонымен бірге «жәннәт аналардың табанының астында» - деген Пайғамбардың хадисіне орай ислам діні әйел затына қаншалықты құрмет көресетінін байқау қиын емес. Ардақты Пайғамбар: «әрбір ер мен әйел мұсылманға ғылым іздеу парыз» - деп, екеуінің хұқығы исламда тең екендігін көрсеткен.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет