Арыстан бабқа түне, Қожа Ахметтен тіле


)Ясауидің қылуеттік өмірі және оның мәнін түсіндіріңіз



бет11/28
Дата03.06.2022
өлшемі133,7 Kb.
#36257
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   28
Байланысты:
Яссауитану 2 деңгей

21)Ясауидің қылуеттік өмірі және оның мәнін түсіндіріңіз
Ислам дінінің Орта Азия мен Қазақстан аумағында таралуына сүбелі үлес қосқан шоқтығы биік тұлғалардың бірі Қожа Ахмет Ясауи. 
ХІ-ХІІ ғасырларда жасаған атақты түркі сопысы, кемеңгер ойшыл, дарынды ақын Ахмет Ясауи Исфиджаб (Сайрам) қаласында дүниеге келген. (Ахмет Ясауидің қай жылы дүниеге келгендігі жайында ғалымдар арасында көптеген пікірлер бар. Мәселен, К.Эраслан оны 1083 жылы туылды десе, М.Жармұхамедов 1103 жылы туылды дейді, А.Ахметбек 1093-94 жылы туылды десе, Дәуітұлы 1040 жылы туылды дейді.)
Исфиджаб - Тарым өзеніне қарасты, Шахир өзеніне құятын маңдағы Жібек жолының бойында орналасқан кішкене қалашық. ХІ-ХІІ ғасырлардағы Исфиджаб қаласында сопылық тариқаттар мен теккелер де пайда бола бастаған көрінеді. Себебi, Ахметтiң әкесi - Ибраћим Исфиджабтың ең атақты шейхтарының бірі болған.
Шейх Ибраћим орынбасарларының бірі - Мұса Шейхтың қызы Айша Хатунға (Қарашаш ана) үйленген, одан Гауһар Шахназ деген бір қызы және Ахмет деген бір ұлы туылған (Насабнамада келтірілгендей Ибраһимнің Ахметтен басқа Исмаил ата деген тағы бір ұлы болған екен.) Әкесі – Исфиджабта даңққа бөленген әулие, Әзірет Әлінің ұрпағы Шейх Ибраһим. Анасы – Мұса шейхтың қызы Айша (Қарашаш ана). Мұса шейх те Исфиджабта әулиелігімен танылған. Кейбір деректерде Қожа Ахмет Ясауидың Ибраһим атты ұлы мен Гауhар Хошназ (Жауhар Шахназ) атты қызының болғандығы айтылады. Қожа Ахмет Ясауидың ұрпағы негізінен осы қызынан тарайды.
Қожа Ахмет Ясауи ұстаздарының көшбасшысы – Арыстан баб. Кашифи “Рашахат-ул айн-ил хайат” атты еңбегінде Қожа Ахметтің Арыстан бабтың шәкірті болғандығы, одан заһир және батин ілімдерінің сыры мен мәнін үйренгендігі, оған 16 жылы қызмет еткендігі туралы мәлімет береді. Ясауидың “Диуани хикметінде” де Арыстан баб жиі ауызға алынады.
Қожа Ахмет Ясауидың алғашқы шәкірті – Арыстан бабтың ұлы Мансұр Ата, екінші шәкірті – Сайид Ата Хорезми, үшінші шәкірті – Сүлеймен Бақырғани. Осылардың ішіндегі ең көрнектісі – Бақырғани (Хакім Ата) (Кашифи, “Рашахат-ул айн-ил хайат”). Тағы бір танымал шәкірттерінің бірі Мұхаммед Данышменди сопы Қожа Ахмет Ясауидың “Мират-ул Қулуб” атты мұрасын хатқа түсірді. Арыстан баб қайтыс болғаннан кейiн Қожа Ахмет сол заманның ғылым, бiлiм ордасы болған Бұхараға сапар шеккен. Аталмыш қалада ясылық шәкiрт атақты шейх – Қожа Жүсiп Хамаданиге қол бередi (дәрiс алады).
Қ.А. Ясауи қылуетке түсуінің мәнісін халқымыз – Пайғамбарға деген махаббаттың және сүннетке адалдықтың үлгісі ретінде аңызға қосқан.
Қ.А. Ясауи Ислам сопылығының ажырамас бөлігі болып табылатын, түркі сопылығына негізделген тариқат жолын қалыптастырды. Бұл жолдың негізгі әдептері: шәкірттің ұстазға құрметі, адалдығы мен мойынсұнуы, Алланы тануға, жомарттыққа, тәуекелге, тафаккурға ұмтылу. Шәкірттердің негізгі міндеттері: кемелдікке жетуге, хаққа жақындауға тырысу, қауіп пен үміт хәлінде болу, үнемі Алланы еске алып, зікір ету, Ақиқат жайлы сөйлеу [1].
Қожа Ахмет Ясауи ілімінде шыншылдық пен әділдік үшін ғұмыр кешу халыққа қызмет етумен байланыстырылады. Ал, халыққа, ұлтына қызмет етудің шарты – топырақ сипатты болу, нәпсіні тыю. Топырақ сипатты болып, өзін халқына арнау кемелдікті білдіреді. Қожа Ахмет Ясауи кемелдікке жету үшін адамда қуатты махаббат пен дерт болу керек дейді.

Ахмет Ясауи ардақты пайғамбарымыздың сүннетін қатты ұстаған адам. Сондықтан пайғамбар жас - 63 жастан кейін, теккесінің жанынан жер астына өзіне орын қаздырып, өмірінің қалған бөлігін сонда өткізген.


Кемеңгер түркі сопысы өз қол еңбегімен, ағаштан қасық, ыдыс-аяқ жонып күнелткен адам, осы кәсібін қылуетте де жалғастырған, Аллаћқа құлшылық жасаумен, ораза тұтумен, зікір айтумен, Диуани Хикмет жазумен айналысқан және сонда дүниеден озған. (Ахмет Ясауидің неше жыл өмір сүріп, қайтыс болғаны туралы ғалымдар арасында түрлі пікірлер бар. Мәселен, М.Ф.Көпрүлү оны 120 жыл өмір сүріп, 1166-67 жылы қайтыс болған десе, М.Жармұхамедов оны 125 жыл жасап, 1228 жылы қайтыс болған дейді, ал К.Эраслан 83 жыл жасаған десе, Сүйінішәлиев 73 жыл жасаған дейді. Ал Хисамиддин Сығнақи оны 130 жыл өмір сүрген дейді.)
Ұлы бабамыз сопылыққа кірген алғашқы жылдарын суреттеп, сопылықтың бірінші жылы рухтардан әсер алып, екінші жылы Құрандағы ұлы пайғамбарлардың тақуалығын, олардың негізгі ерекшеліктерін өзіне үлгі еткенін баяндайды. Сонымен бірге өздерінің тақуалығымен Аллаћ Тағалаға жақын болған қырықәулие сияқты өмір кешуге тырысқанын да суреттеген.

Мұхаммед пайғамбардың жолы бойынша Ахмет Ясауи де қылуетті қалыптастырған. ¤зі де жас кезінен Мұхаммед пайғамбардың сүннетін қатты ұстағанына байланысты пайғамбар жасы болған 63 жасқа келер-келмес “пайғамбар жасынан аспаймын” деген оймен өзінің мектебiнiң маңайынан жер астынан орын қазып, баспалдақпен түсетіндей етіп жасатады және Мұхаммед пайғамбардың“өлместен бұрын өліңдер” хадисіне сай, қабірді, өлімді елестететін, күн көзі түспейтін қараңғы бұл жайда ол Аллаћқа зікір айтумен, оған құлшылық жасаумен, Диуани Хикмет жазумен, нәпсі тәрбиелеумен шұғылданған. Кейбір аңыздарға қарағанда Ахмет Ясауи қылуетте 63 жасынан бастап, 120, 125 немесе 133 жасына дейін өмір сүрген. Халық аузындағы әңгiмелерге және Диуани Хикаметке қарағанда ұлы бабамыздың жоғарыдағы орынбасарларынан өзге Машын баба (Баба Мешін) атты iзбасары болған және ол - хикметтер тәрiздi “Әрбайн”, “Қылует” атты еңбектердiң авторы, тіпті Қожа Ахметпен бірге үш рет қылуетханаға түскен деген мәліметтер де бар.


Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің батыс тұсында жүз елу метр қашықтықта орналасқан жер асты мешіті-қылует орналасқан. Қылует діни рәсімдерге, шаруашылық жұмыстарға арналған бөлмелерден тұрады.
Ахмет Ясауидің 63 жасынан кейін жер астынан өзіне орын қаздырып, соған түскені белгілі. Осы түскен жерін біз “қылуетхана” дейміз.
Қылует - адамның бір шетте ешкіммен сөйлеспестен тек зікір, дұғамен айналысатын орын дегенді білдіреді.
Қылует - тек Ахмет Ясауидің шығарған қағидасы емес. Осылай өмір сүру Хазіреті Мұхаммед пайғамбардан, тіпті одан бұрынғы пайғамбарлардан қалған жол.
Мұхаммед пайғамбар өзінің пайғамбарлығынан бұрын, яғни пайғамбарлық келетін жылы адамдардан бөлек, Рамазан айында Хира үңгірінде іштей (батыни) құлшылық қылатын. Міне, бұлар қылуетке жатады. 63 жасқа келер-келмес “пайғамбар жасынан аспаймын” деген оймен өзінің мектебiнiң маңайынан жер астынан орын қазып, Мұхаммед пайғамбардың “өлместен бұрын өліңдер” хадисіне сай, қабірді, өлімді елестететін, күн көзі түспейтін қараңғы бұл жайда ол Аллаћқа зікір айтумен, оған құлшылық жасаумен, Диуани Хикмет жазумен, нәпсі тәрбиелеумен шұғылданған.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет