Арыстан бабқа түне, Қожа Ахметтен тіле


Ахмет Ясауидің дінге және түркі мәдениетіне қызметін көрсетіңіз



бет20/28
Дата03.06.2022
өлшемі133,7 Kb.
#36257
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   28
Байланысты:
Яссауитану 2 деңгей

29. Ахмет Ясауидің дінге және түркі мәдениетіне қызметін көрсетіңіз
Ясауи ілімі трансформациялық-трансляциялық тәсілдер арқылы өз болмысын көрсететін дәстүрлі түр­кілік дүниетанымның аксиологиялық-мазмұндық түлеуіне алып келді. Бұл процесс ислам дінінің дәстүрлі түркілік дүниетанымдық кеңістігіне тарауы, сол мәдениет негізінде қалыптасқан мифологиясына, аңыз-әңгімелері желісіне, жыр дастандарына, қандық-туыстық шежірелеріне, жалпы мәдени құндылықтары негізінде жаңа рух, жаңа кеңістік бере білуімен қоса қабат жүріп жатты. Бұл түркілік дүниетанымдық құндылықтар мен тұғырлардың мазмұндық жағынан түлеуіне әкеліп соқты. Бұл рухани түлеу, санадағы жаң­ғыру құбылысы көшпелілердің табиғатқа, қо­ғамға, әлемге, адамға деген көзқарасының көкжиегін кеңітті. Бұл “көзқарас көкжиегі” түркілер үшін Ясауи ілімімен сомдалып, өзіндік ойлаудың жаңа теориялық-практикалық, этико-психоло­гия­лық саяси-эконо­микалық, қоғамдық-әлеуметтік құн­дылықтар жүйе­сінің қалыпта­суына ықпал етті. Сондықтан бүгінгі қазақ болмысының мәнін­дегі мазмұн исламдық өркениеттік тұғыр Ясауи ілімі арқылы трансформацияланған деуге ғылы­ми тұрғыдан толық негіз бар. Ясауи мәдениеті ислам дінінің ішкі (батини) мәні, рухани психотехникалық этикалық кемел­денудің өзіндік әдістемелік қағидасы мен ережелері қалыптасқан дәстүрлі түркі сопылық ілімнің қазақ түсінігіндегі, діни танымындағы көрінісі. Осы мәдениет кешегі жетпіс жылдық қызыл импе­рияның темір құрсаулы қыспағынан құты­лып, ғылыми атеизмнің көздеген «синтезі» мен көрі­гінен ерімей аман сақталды. Қазақ өз болмы­сынан алыстамай, ұлттығы мен дәстүрлі тарихи сабақ­тастығынан қол үзіп қалмайынша Ясауи мұрасы мен мәдениеті тіршілігін жалғастыра береді. Кешегі коммунистік режим тарихтағы калам мен суфизмнің «улама мен суфилердің» қақты­ғыстары мен түсініспеушіліктерін зерделеп, өте нәзік ұсталықпен өз мүдделеріне пайдалана білді. Жалпы ориенталистика шығысты аңдып, сырттай бақылап өте арзан әрі оңай олжа қылып келген. Бұл мәселе тарихтан белгілі. Мұндай әрекет бүгін де басқа формада жалғасын табуда. Сондықтан егер біз өткенімізден тағылым, тарихтан сабақ алуды үйренгендей болсақ, онда «Сіз, біз деген халайықтан қаштым мен» деп ескертіп кеткен Қожа Ахмет Ясауи бабамыздың аманат-өсиетін жадымызда сақтап, кеңпейілділікпен, төзімділікпен өзіміздің біртұтас қазақы мәде­ниетімізді зерделеуде, зерттеуде өте мұқият әрі сергек болуды сезінгеніміз абзал. Қазіргі таңда қоғамымызда аруақ, әулие, сопы­лық зікір арқылы қалыптасқан қазақ мұсыл­­мандығын исламға жат дүниетанымдағы жеке ағым ретінде көрсету белең алып барады. Қазақтың дәстүрлі діни түсінігін сынап, оның негізгі ұстанымдары мен идеяларын жоққа шығару әрекеті Құран мен хадис шеңберінде жүріп жатыр. Яғни, діни танымдағы әрбір ұғым, категория, символдар мен тұғырлардың Құранда орын алған-алмағандығы негізгі өлшемге айналды. Бұл жерде тек салафилер ғана емес, исламдағы барлық ағымдар өздерінің негізгі өлшемі ретінде Құранды таниды. Қазақ мұсылмандық түсінігінің негізінде ілім жатыр. Сонымен «Менің хикметтерім Құран мәні» – деген Ясауи ілімі, мәдениеті тарихи санада жатыр. Қазақ мұсылмандығы да Ясауи мәдениеті арқылы Құранға негізделген. Өкінішке орай, бүгін оны мақсатты түрде басқаша түсіндіріп, танытуға тырысушылық тенденциясы жоқ емес. Бұған қоғамдағы дін мәселесі, діни таным мен ғылыми таным ара­сындағы үйлесімділік пен тепе-теңдіктің бол­мауы себеп болса, екінші жақтағы, яғни бүгінгі қазақ мұсылман өкілдерінің өздерін қоғамға тиісті дәрежеде түсіндіре алмауы және олардың Ясауи мәдениетін жетік меңгермеуі де осы құ­былыстың басты компоненті дер едік. Бұқа­ралық ақпарат құралдарының дін мен саясат арақатынасына немқұрайлы қарауы және дінді жекелеген топтардың құралына айналдыруы да негізгі фактор. Әлемдік жаҺандық құбылыспен бірге келе жатқан исламофобия, террорлық әрекеттің дінге, исламға негізделуіне көзжұму­шылық, түсіне алмаушылық сияқты психоло­гиялық кедергілердің барлығы жалпы алғанда діни танымға тіреліп отыр. Сопылыққа, әулие түсінігіне қарсы шығу деген Ясауиға, бүкіл тарихымызға, мәдениетімізге, сайып келгенде, қазақ халқының тарихына қарсы шығу болып табылады. Өйткені, Ясауиден бастап Асан Қайғы, МәшҺүр Жүсіпке дейінгі қазақ даналары сопылық мәдениет негізінде ой толғады. Бұл – қазақтың дәстүрлі мұсылмандық түсінігінің айнасы – сопылық философия деген сөз. Бүгін салафилік бағыттағы, яғни дәстүрлі ханафи мазхабын мойындамайтын жаһандық сая­саттың құралына айналған миссионерлер қазақ мұсылмандық түсінігіне, оның ғасырлар бойы жи­нақ­талған, болмысқа айналған түсінік таны­мын жоққа шығарып бағуда. Бұл дегеніңіз, зардабы кешегі коммунистік идеология жүргізген ұлтсыз­дандыру саясатынан да асып түсетін қасірет. Бұлар қазақты бүгін ғана мұсылман­дықты қабылдаған ел сияқты көрсетіп, өздерін таза ислам атынан, кей жерлерде Алланың атынан сөй­леп, халықты қалыпты діни сенімі мен таны­мынан бездіруге жұмыс жасауда. Демек, олар қазақтың сан ғасырлық тарихы мен діни тәжі­рибесін жоққа шығаруды мақсат еткен. Бұл нағыз революциялық тенденция. Ал исламның рухында революция емес, эволюция ғана бар екендігін салафилер сезінбейді. Тек өздерінің танымын ғана тықпалай береді. Еркін сұхбатқа емес, психоло­гиялық қысымға негізделген рухани экспанция­сын жүргізіп отыр. Олардың ойынша, қазақтың мұсылмандық түсінігі пұтқа табынушылық екен. Демек өздерін жоғары санап, біздің таным түсінігімізге менсінбеушілік пен сыйламаушылықтарын ашық айтуға батылы жетіп жүр. Бірінші сын, ғибадаттың формасы мен мәніне байланысты, яғни ғибадаттың формасын анық­тай­­тын да, ғибадат етілетін де тек бір Алла ғана. Бұған дау жоқ.Рас, ислам негізі бойынша адамзат баласы Алланы ұлықтау, оған табыну үшін жаратылды. Әр дінде Аллаға табыну фор­масы әр түрлі. Исламда табыну формасын уақы­тын ритуалдық негіз ретінде анықтаған Мұхаммед пайғамбар болатын. Қазақтар бұл ғибадат феномені шеңберінің сыртына шыққан емес. Ғибадаттың формасы мен уақытын сол күйінде қабылдайды, шариғатты негізге алады. “Алладан басқа табынар ештеңе жоқ” (Ла мағбуда илла Алла) деп зікір салды. Ғибадаттың мәні мен маңызын, мақсаты мен негізгі идеясын терең түсінеді. Олардың рухани жаттығулары ғибадатқа барар жолдағы рухты әр түрлі кедергілер мен алаңдаушылықтан арылтудың тәсілі ғана. Әрбір зікір, сама, жүректі шынайы ғибадат етуге дайындап, Алла мен адам арасындағы байланыс тірегін күшейтудің құралы, әдістемелік жүйесінің тұғырлары. Екінші сын, сопылық пайғамбардың сүннетіне, формасына, шариғатқа сәйкестігі немесе қайшы­лы­ғы: мысалы: зікір салу (Алла, Алла, ху, ху) өлең, ракс, сама, шаң, рубаб – бұларды күнә­Һарлық деп қарайды. Бұлар бидғат, яғни дінге кейіннен енген жаңашылдық. Енді Алланы еске алу, зікір, салу мәсе­лесіне келейік. Зікір салу Құранда бар. Хадисте бар. Зікір туралы аят көп: Құранның жеті аты­ның бірі – зікір. “... Азық­тың ең абзалы – зікір. Қажылықта да мені еске алың­дар”. “Аталары­ңыз­ды еске алғандай мені еске алыңдар”, “Қауіптен құтылға­ныңызда сізге білме­гендеріңізді үйрет­кен Алланы еске алыңдар”, Жер мен Көктің жаратылуы, күн мен түннің ауы­сып келуі туралы отырса да, жүрсе де, жатса да Алланы еске алғандар, көк пен жердің жараты­лы­сын терең ойлаған­дар. “Ей, Жаратушы­мыз, сен бұларды мән­сіз мақсатсыз жа­­рат­падың. Сен ұлы­­сың. Бізді тозақ­тың азабынан сақта деген көңіл иелері үшін айғақтар бар”. Демек зікір, Алланы еске алу Алланың бұйрығы. Шариғатта бар деген сөз. Ал енді ислам тарихында би, музыка харам деушілер болған. Бүгін олардың сындары мен міндері құнсызданған. Себебі, бүгін дін ғылым ретінде өткенге қарағанда әлдеқайда дамыды. Экзис­тенция философиясы, дін фено­мено­ло­гиясы мен психологиясы әр құбылыстың танымы, ұстаным мен мұратын анықтай алатын сатыға көтерілді. Әрине, діни таным табиғаты жағынан күрделі әрі уақыт пен кеңістік, дүниетанымдық мәдени көпқабаттылықты да өз ішінде қамтиды. Сон­дықтан ислам ешқашан музыканы жатсын­баған. Исламда музыка өмірдің өзі. Жаратылыс сол музыкадан басталған. Исламда, әлемде музы­каның теориялық және фило­софиялық теория­ларын қамтитын зерттеулерді Әбу Насыр әл-Фараби атамыз жасағаны белгілі, бұл біз үшін үлкен мақтаныш. Ясауидің музыкалық тұжырымы тікелей әл-Фарабидің саз философиясына негізделген. Ракс – ритуалдық би, сама діни әуен тыңдау – Алланы еске алудың, рухани шабыт шақырудың әдістері ғана. Ал әдіс ешқашан мұрат болмаған. Суфи ұғымы пайғамбар дәуірі кезінде және одан бұрын да болған. Ал осы ұғымның ішкі мәнін толтырған ислам болды. Суфилік Құранмен көктеп, дамыды, тамырын Құраннан алды. Бұған талас болмау керек. Әрбір мәдениет бір жағынан өзінің қасиетті кітабымен тікелей байланысты. Батыс мәдениетінің негізінде Інжіл болғаны сияқты, ислам мәдениетінің негізінде Құран бар. Ислам философиясы, мәдениеті мен өркениетінің ең маңызды қыры болып табылатын сопылықтың негізгі іргетасы – Құран. Сопылықты тарихи процесс ішінде сараласақ, ішінара басқа мәдениет, дүниетанымдармен байланыста болған. Бірақ, сопылық жолындағылар үшін ең бастысы әрі маңыздысы Құран Кәрімнің бұйрығы, көрсеткен жолы мен ұсыныстары. Сондықтан Құран мұсыл­мандар үшін мәні мен маңызы, орны мен рөлі бірінші орында тұратын Алланың каламы, сөзі (логос). Сопылықтағы Құранның әсері де өзге ислам ғылымдары сияқты ең басты және ең маңызды фактор болып қала береді. Жалпы сопылыққа сын айтушы салафилер кешегі коммунистік идеологияның желісінде оның исламға үйлеспейтін қырлары көп дейді: Қазақ мұсылмандық түсінігінде Алла мәні жағынан бар жерде, ал салафилер бұл түсінікті Құранға сәйкес емес деп таниды. Бұл сынға Құран аяттарымен жауап берер болсақ: “Көкте де, жерде де – Тәңір – Алла”. 43/84. Бұдан басқа Алланың ал-Ахир, ал-Захир, ал-Аууал, ан-Батин және т.б. есімдері бар. Осыған қарап-ақ жоғарыдағы сын­ның негізсіз екендігін көруге болады. Қазақ мұсылмандық түсінігінде Алла бұл әлемді Мұхаммед үшін жаратты. Ал салафилер болса, бұл түсінікті де Құранға сәйкес келмейді деп таниды. Оған жауап ретінде айтарымыз, Алланың өзі Мұхаммедті адамзаттың тәжі десе, әлемді Алла адам үшін жаратса, адамзат үшін рахмет ретінде жіберілген Мұхаммед пайғамбар болса, бұл сөздің Құранның мәніне сәйкес келмейтін ештеңесі жоқ. Алла, бұл дүние де, о дүние де маған тән (ал-Лайл, 13). (Зариат, 56) – Мен жындарды, адамдарды маған құлшылық етсін деп жараттым. Салафилер қазақ мұсылмандық түсінігіндегі әулиелерге құрмет, молаларды қастерлеуі, өлікке ескерткіш орнатуы, тұмар тағу – олардың исламға әкелген бидғаттары деп қарайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет