Арыстан бабқа түне, Қожа Ахметтен тіле


Ясауи рухани ілімін түсіндіріңіз



бет17/28
Дата03.06.2022
өлшемі133,7 Kb.
#36257
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   28
27 Ясауи рухани ілімін түсіндіріңіз
Қожа Ахмет Ясауи «Диуани Хикмет» атты ұрпаққа ғибратты дүние қалдырды. Аталған еңбекте жомарттық, қанағат, достық, сүйіспеншілік, ғылым-білім, адал еңбек, бейбітшілік, жақсылық пен жамандық, əділетсіздік, көрсеқызарлық, адамзаттың асыл арманы, күндестік, өсек-аяң — бəрі-бəрі жан-жақты кең қамтылған. Бұл шығармада жақсы тəлім-тəрбие, өз басын ғана емес, өзгені ойлайтын кеңдік пен парасаттылық, асыл тектілік бар. 1934 жылы «Диуани Хикмет» ҚазССР Ғылым Академиясы мен ҚР Ұлттық кітапханасының сирек қорына тапсырылған.
«Диуани Хикмет» жинағының түпнұсқасы сақталмаған. Оның бізге тек XVI–XVII ғасырлардағы көшірмелері ғана жеткен. Профессор Кемал Ераслан өзінің зерттеулерінде осындай көшірмелердің тоғыз қолжазбасын көрсеткен .
«Диуани Хикмет» уақыт озған сайын көп түзетулерге, толықтыру-қысқартуларға ұшырап отырғаны анық. Сондықтан қазіргі жағдайда қай хикметтер автордың өз қаламынан туындап, ал қайсы хикметтері көшірушілер болған ізбасар-оқушыларынан туғанын айыру қиын. Сондықтан Ясауидің жалпы хикметтер көлемін дəл көрсету мүмкін емес. Мысалы, ғалым Н.Келімбетов «Ежелгі дəуір əдебиеті» деген оқулығында былай дейді: «Ахмет Ясауи өлеңдер жинағының ең толық нұсқасы Қазан басылымы болып табылады. Мұнда 149 хикмат (хикмет) берілген. Соның 109 хикматы Ясауидің өзінікі екені даусыз. Қалғандары шəкірттері тарапынан жазылып, жинаққа еніп кеткен жыр жолдары болса керек» . Өзбек ғалымдары 76 хикметін нақты Ясауидікі деп, осы көлемде кітап қылып бастырып шығарған; түрік ғалымдары бірнеше нұсқаларды салыстыра жүріп, ішіндегі 70 хикметін Ясауидікі деп таныған .
Біз өз тарапымыздан ясауитануға шама-шарқымызша үлесімізді қосуда Қожа Ахметтің «Диуани Хикмет» шығармасының қазақ нұсқасына тоқталуды жөн көрдік. Өйткені М.Əуезов атындағы Əдебиет жəне өнер институтының Əдебиет тарихы бөлімінің жоспарлауымен іске асырылған бұл нұсқа əзірше көлемі жағынан ең үлкені болып табылады. Сондай-ақ бұл кітап «Диуани Хикметтің» алғаш қазақшаланған түрі ретінде ғалымдарды аударма жағынан да қызықтырары күмəн туғызбайды.
Біз 70 хикметтен тұратын осы жинақ төңірегінде Ясауидің поэзиялық шығармаларына зерттеу жүргіздік.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет