Арыстан бабқа түне, Қожа Ахметтен тіле


Қожа Ахмет Ясауи мен оның мектебі өкілдерінің рухани сабақтастығын түсіндіріңіз



бет24/28
Дата03.06.2022
өлшемі133,7 Kb.
#36257
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   28
Байланысты:
Яссауитану 2 деңгей

33 Қожа Ахмет Ясауи мен оның мектебі өкілдерінің рухани сабақтастығын түсіндіріңіз
Қожа Ахмет Ясауи ілімінде Хаққа қызмет ету халыққа қызмет етуден басталады. Ал, халыққа, ұлтына қызмет етудің шарты – топырақ сипатты болу, нәпсіні тыю. Топырақ сипатты болып, өзін халқына арнау кемелдікті білдіреді. Қожа Ахмет Ясауи кемелдікке жету үшін адамда ашқ (қуатты махаббат) пен дерт болу керек дейді. “Дертсіз адам адам емес, мұны аңла; Ашқсыз инсан хайуан жынысы, бұны тыңда”. Осы хикмет жолындағы “дертсіз адам” адамдық сезімнен жұрдай, өз ұлтының, қоғамының, Отанының алдында жауапсыз, мұңсыз, қара басының қамын күйттейтін жан. “Ашқсыз адам” – илаhи фитраттан, яғни Алла тарапынан адамға берілген құдайлық сыйдан мақрұм қалған, өзінің адамдық қадірін бағалай алмайтын, парасаттылыққа ұмтылмайтын, өзін қоршаған әлемге, адамға, табиғатқа, осының бәрін Жаратушы иеге мән бермейтін жан. Дертті адамның Қожа Ахмет Ясауи іліміндегі алатын орны ерекше. Қожа Ахмет Яссауидің тоқсан тоғыз мың шәкірті болған деп айтылады. Ішінде Сүлеймен Бақырғани(Хәкім Ата), Мұхаммед Данышпан, Мансұр Ата, Әбділкәрім қожа, Ұзын Хасан Ата, Ысмайыл Ата, Ысқақ Қожа, Садыр Ата, Әләмин Баба, Шайхалы Шайх, Маудуд Шайх, Камал Шейх, Хадим Шейх, Шопан Ата, Матшай Ата, Сейіт Ата, Көзді Ата, Ұлықпан Перенде, Таптұх Әміре, Қажы Бекташтың есімдері белгілі. Олар Орта Азия мен Анадолы өлкесінде халықтың діни сауатын ашумен ғұмыр өткерген. Түркістан төңірегіндегі он екі қыстақ Яссауи шәкірттеріне тарту етілген. Шобанақта Көктонды ата, Сунақтп Сәдуақас ата, Карнақта Мұқым ата жерленген. Яссауиден тәлім алған шәкірттер жан- жаққа тарап, хикмет ілімін жайған.
Ұлы бабамыздың рухани софрасынан нәр алған осы iзбасарлары көпшiлiктiң көңiлiне құдайдың нұрын септi, халықтың көңiл сарайын ашты. Тарихи мәлiметтерге қарағанда Ясауидiң Мирату-л-Құлуб деген шығармасын жинақтаған атақты орынбасары - Сопы Мұхаммед Данышменд Зернуки ұстазынан алған бiлiмiн отырарлықтарға насихаттаған және сол қалада дүниеден өткен.
Халық аузындағы әңгiмелерге және Диуани Хикаметке қарағанда ұлы бабамыздың жоғарыдағы орынбасарларынан өзге Машын баба (Баба Мешін) атты iзбасары болған және ол - хикметтер тәрiздi “Әрбайн”, “Қылует” атты еңбектердiң авторы, тіпті Қожа Ахметпен бірге үш рет қылуетханаға түскен деген мәліметтер де бар.
Әзіреті Сұлтанның жолын басушы атақты iзбасары - әйгілі Арыстанбабтыңұлы Мансұр ата. Халық аңыздарына қарағанда Мансұр ата ұстазынан кейiн Ахметтiң қара шаңырағына иелiк еткен, одан кейін қара шаңырақ Тәж Қожаға өткен (Бұл атақты Зеңгі бабаныңәкесі).
Түркі халқына ең танымал Ахмет Ясауидіңүшінші ізбасары – Сүлеймен Хәкім ата Бақырғани екенi баршамызға аян. Әз Ахметтің жөн сілтеуімен ол Хорасан өлкесінде софрасын жайған және Хәкiм ата - «Ақырзаман кітабы», «хазіреті Мәриям кітабы» атты шығармалардың авторы.
Аңыздық мәлiметтерге қарағанда Хәкім ата аталмыш өлкеде көптеген дәруiштер жетiлдiрген. Орынбасарлары iшiндегi аты аңызға айналған атақтысы - Зеңгі баба. Зеңгі ата – Атын Орда хандарының мұсылман болуына себепкер болған ¦зын Хасан ата, Сейіт ата, Садыр ата және Бәдір атаның ұстазы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет