34 Ясауиіліміндегі мемлекет, адам және отан ұғымдарын түсіндіріңіз Кез келген мәдениеттегі қоғамдық өзгерістер саяси күш арқылы емес, сол қоғамдық дүниетаным ұстындары мен категорияларының жаңа мазмұндық сипатқа ие болуы арқылы жүзеге асатын құбылыс. Бұл философиялық, дүниетанымдық концептуалдық қағида. Көшпелі рулық тайпалық одақтарды біріктіріп тұрған қандық-генетикалық байланыстың ыдырап, орнына діни-идеялық-үмметтік мұсылмандық” байланыстың орнауында Иасауи ілімінің тікелей ықпалы болды. Иасауи ілімі трансформациялық-трансляциялық тәсілдер арқылы өз болмысын көрсететін дәстүрлі түркілік дүниетанымның аксиологиялық-мазмұндық түлеуіне алып келді. Бұл процесс ислам дінінің дәстүрлі түркілік дүниетанымдық кеңістігіне тарауы, сол мәдениет негізінде қалыптасқан мифологиясына, аңыз-әңгімелері желісіне, жыр дастандарына, қандық-туыстық шежірелеріне, жалпы мәдени құндылықтары негізінде жаңа рух, жаңа кеңістік бере білуімен қоса қабат жүріп жатты. Жаңа рух, жаңа сана-бұл жаңа сөз деген сөз. Дәстүрлі түркілік дүниетанымда исламдық қағидалар, дүниетанымдық тұғырлары негізінде еңбектер, рисалалар, шежірелер, насабнамалар өмірге келе бастады. Құран түркі тіліне тәржімәланды. Махмут Қашқаридың, Диуани Лүгат-ит-Түрік” атты сөздігі Жүсіп Баласағунның “Қут-адғу-Білік”, Ахмет Йүгнекидің “Атибат-ул Хақайиқ”, Иасауидің Хикметтері мен рисалалары, Сүлеймен Бақырғани-дың Хикметтерінің қасында, түркілік көшпенділік негіздегі ауыз әдебиетіндегі жырлар “Манас дастаны”, Алпамыс т.с.с. Қорқыт Ата аңыздары исламдық желілермен қайта жырланды. Бұл түркілік дүниетанымдық құндылықтар мен тұғырлардың мазмұндық жағынан түлеуіне әкеліп соқты. Бұл рухани түлеу, санадағы жаңғыру құбылысы көшпелінің табиғатқа, қоғамға, әлемге, адамға деген көзқарасының көк жиегін кеңітті.
37. Ясауи іліміні рухани құндылықтар қайнары ретінде түсіндіріңіз ХІІ-ХІІІ ғ.ғ. Ислам халифатында сопылық ең белсенді діни таным ретінде кеңінен жайылды. Тариқаттар кезеңі – сопылықтың үшінші сатысы. Қожа Ахмет Ясауи жолы мен ілімі осы тариқаттар кезеңінде қалыптасты. Суфи шайхтардың халық арасында ықпалы күшті болатын. Аббасилер халифаты ыдырап, Моңғол шабуылының әсерімен бірінен соң бірі мұсылман елдерінің тоналып жатқан кезі. Халық философтардың трансцендентальды – алыс, ғұламалардың қатып қалған қағидашыл Тәңірісінен гөрі өздерінің жан дүниесіне жақын, нақты әрі махаббат шуағын силайтын Тәңір іздеп жүрген кезі болатын. Себебі, ол кездегі ресми шариғаттың, философтар мен кәламшылардың, факихтердің Тәңірі түсінігі қағидашыл әрі қаҺарлы келді. Бұл жағдай адамның Тәңірге жетуінде, байланыс құрып мінәжат етуінде, өздерінің дертін шағынуында психологиялық кедергілерді көбейтті. Тәңірге деген ұмтылыс құрғақ қағидалар шеңберінде қалды. Бұған көңілі толмаған сопылар Тәңірді естен шығармау және оны үнемі рухында сезіну үшін жаңа әдіс ойлап тапты. Суфилердің экстазға (уаждға) жету үшін Тәңір есімдерінің белгілі қалыптармен қайталануы яғни, зікір ғибадаты ислам әлемінде кеңінен жайыла бастады. Зікір психо-техникалары адамның рухындағы трансцендентальды болмысты сезінулеріне көмекші болды. Сопылардың рухани жаттығулары адамдардың қарапайым антропоморфты Тәңірі ұғымын тәрк етулеріне, оны өз рухында бір болмыс ретінде сезінулеріне ықпал етті. Рухта тыныштық орнап, Алланы табу, тану оны сүю басты орынға шықты. Сопылық Тәңірдің Бар және Бір екендігі туралы теориялық мәселелерді білумен емес, іштей сезінуді басты ұстаным ретінде таныды.Ал Ясауи ілімі осы мәселелерді әдемі жеткізген болатын.