Аристотель ежелгі грек философы, Платонның шәкірті, Ескендір Зұлқарнайынның (Ұлы Ескендір) ұстазы, «адамзаттың бірінші ұстазы» деген құрметті атаққа ие



Дата27.03.2022
өлшемі42,09 Kb.
#28940
Байланысты:
Аристотель


Аристотель

Аристотель - ежелгі грек философы, Платонның шәкірті, Ескендір Зұлқарнайынның (Ұлы Ескендір) ұстазы, «адамзаттың бірінші ұстазы» деген құрметті атаққа ие. Аристотель ғылымның көптеген саласының алғашқы негізін қалады, олардың арасында физика, метафизика, поэтика, театр, музыка, логика, риторика (шешендік өнері), саясат, этика, эстетика, биология, зоология және экономика қатарлылар айрықша аталады. Аристотель ең алғаш этика, эстетика, логика, ғылым, саясат және метафизика сияқты мәселелерді толық қамтитын жан-жақты пәлсапалық жүйені құрды.Аристотельдің түрлі физикалық көзқарастары ортағасырлық ғылымның қалыптасуына терең әсер етіп, ренессанс дәуіріне дейін созылды. Бірақ кейін ол Ньютон физикасына орын берді.

Биология ғылымдарында ол жасаған кейбір зерттеулердің дұрыстығы тек ХІХ ғ. ғана расталды. Аристотель - Гиппократтың шәкірті, пәлсапа ілімінің бірінші ұстазы ретінде сол кездегі басқа да ойшыл ғалымдармен қатар барлық ғылымдардың, оның ішінде морфологияның дамуына да зор үлес қосты. Аристотель салыстыру әдіснамасын пайдалана отырып, жануарлардың 500-ден аса түрлерінің дене құрылысын зерттеу жасап, морфологиялық ғылыми тұжырымдар туғызды. Аристотель жануарлар денесінің еркін қозғалысын мидың басқаратынын, сүйекқаптың маңызын, жүрек пен қан тамырлар байланысын дұрыс түсініп, жүйкені басқа мүшелерден ажырата білді. Аристотель өзінің ғылыми еңбектерімен салыстырмалы анатомияның, зоологияның және эмбриологияның негізін қалаған болатын[4][5].Аристотель Түркі-Парсы ғалымдарына да жете таныс болды. Көптеген шығармалары орта ғасырда араб тіліне аударылды. Түркі-парсыдан шыққан Шығыс ойшылдары Әл-Кинди, Әл-Фараби, Ибн-Сина, Ибн-Рушд қатарлы Аристотель танушы, Аристотель ілімін жалғастырушы ойшылдар шығыс перипатетиктері Аристотельді зерттеу мен ғаламды пәлсапалық және ғылыми тануды қатар жалғастырды. Аристотель құрметтеліп «Бірінші Ұстаз» ("The First Teacher" المعلم الأول) деп дәріптелді. Ал, екінші ұстаз — түркі-қыпшақ ойшылы Әл-Фараби болатын.

Аристотель кезінде көптеген өте көркем шығармалар мен диалогтар (Цицерон оның әдеби стилін «алтын өзен»[6] деп атаған) жазса да, оның жазбаларының көпшілігі бізге дейін жетпеген. Оның кейбір еңбектері біресе табылып, біресе қайта жоғалып отырды. Кейбір пайымдаулар бойынша, оның жазбаларының тек бестен бірі ғана сақталған[7]. Қазіргі өлшем бойынша, Аристотельдің шамамен 3000 беттей еңбегі сақталған, олар әлемнің көптеген тілдеріне аударылды. Қазақ тілінде Мәдени мұра бағдарламасы бойынша оның Метафизика, Этика секілді еңбектері аударылды.

Өмірбаяны мен шығармашылығы

Есімі "Ұлы мақсат" дегенді білдіретін Аристотель Солтүстік Македонияға қарасты Халкида түбегіндегі Стагира қаласында б. з. д. 384 жылы туған. Стагира қаласының орыны бұл күндері Салоникиден 55 км қашықтықта жатыр[9]. Оның әкесі Солтүстік Македония патшасы Аминтастың жеке дәрігері болған. Аристотель де өте жас кезінде монарх ордасында болыпты[10]. Әкесі Никомах Аристотельдің жас кезінде қайтыс болады[11]. Бірақ Аристотель ақсүйектерге лайықты тәрбие және білім алды,18 жасында Аристотель Афина қаласына барып, Платон Академиясында шамамен жиырма жыл бойы — б. з. д. 347 жылы Платон қайтыс болғанға дейін академиялық білім алады. Платон Аристотельді өте ұнатты деу қиын, Аристотель де Платонның негізгі көзқарастарына қарата өзгеше пікірде болған және Платонмен дауласып қалып отырған. Әрине, ол бүкіл өмірінде Платонға деген құрметінен айныған жок,«Аристотель мен Ескендір: Аристотель сабақ беруде». Британ кітапханасы, мұсылман халықтары дәстүрінен айныган жок,Платон қайтыс болған соң Академиядағы жаңа басшы математикаға көбірек назар бұрғандығына Аристотель төзе алмай Афинадан кетеді[12]. Академияның жаңа басшыларының идеясын жақтамаса да, ол академиямен байланысын үзбеген. Кейін ол Ксенократпен бірге Кіші Азиядағы (Бүгінгі Түркиядағы) Гермиас патшаның иеліктеріне сапар шегеді. Азияда болған кезінде ол Теофрастпен бірге Лесбос аралына сапар шегіп, екеуі аралдың өсімдік және жануар әлемін зерттеді. Ғылым шынайы мағынада Аристотелден басталды, сол себепті кейінгі ғалымдардың бәрі Аристотельге қарыздар деп есептеледі[16]. Аристотель тұңғыш ғылымдарды түрге бөлуші, әрбір ғылымның нені зерттейтінін айқындаушы болды. Аристотель сол кездегі ғылымның барлық саласы туралы ізденіп, әрбір ғылым саласында бағалы еңбектер қалдырды. Ғылым саласында ол анатомия, астрономия, экономика, эмбриология, география, геология, метеорология, физика, зоология салаларын зерттеді, философия саласында эстетика, этика, саясат, үкіметтану, метафизика, психология және теологияны зерттеді, мәдениет саласында білім беру, әдебиет, поэтика зерттеді. Оның осынау ғылым мен философия саласындағы кітаптары ежелгі заман ғылымын негізінен түгел қамтыған білімнің энциклопедиясы болды. Бұл еңбектердің арасында өте маңызды байланыстар мен үндестіктер болса да, олардың стилі мен тақырыптары жағынан әртүрлі болып келеді. Өз заманында белгілі болған ғылыми мәліметтердің бәрін білген адамдардың ең соңғысы Аристотель болған деген жорамал жасалған[17].

Ұстазы және шәкірттері

Аристотель 20 жасында Платон академиясында тәлім алады. Ол өте сұңғыла, бірақ басқаларды сөзбен мысқылдағанды ұнататын даукестеу адам болған. Ол біртіндеп Платонның өзіне қарсы шығып, онымен сөз жарыстыра берген соң,Платон оны "күшік" деп атапты, гректерде "сүтке тойған күшік иесін қабады" деген мақалына сай, Аристотель білімге тойып алып, мені қауып жатыр деген мағынада. Аристотель бұл қайшылық туралы былай деп жауап қайырған көрінеді:Мен ұстазым Платонды құрметтеймін. Бірақ ақиқатты одан артық құрметтеймін,Аристотель Платонды өмірден идеяны жоғары қойғаны, нақты өмір оның көлеңкесі дегені үшін қатты сынға алады. Бірақ, Аристотель түр мен мазмұн арақатынасын зерттеп, алғашқыны түрге берген. Мәселен, кірпіш — түр, ал сол кірпіштің негізі болып, қалыпқа құйылған материал (батпақ) — материя, яғни мазмұн деп қарады.

Ескендір Зұлқарнайын Аристотельдің шәкірті ретінде оған ескерткіш орнатып, былай деп жазыпты: “Бұл ескерткішті Никомахұлы данышпан Аристогтельге құдіретті Ескендір арнайды”. Сондай-ақ Ескендірдің: "егер мен патшаның баласы болмағанымда сөзсіз философ болар едім" дегені Аристотельдің даналығына айырықша тәнті болғанынан болса керек. Ескендір Аристотелге Афинаның Ликейінде сол замандағы зерттеу орталығын құруына көмек етіп, оның қасында сол заманның ғалымдары жұмыла зерттеу жұмыстарын жасауына мүмкіндік жасаған. Ол өзі жаулап алған елдерінде әлдебір ерекше зат болса, хайуанат түрі, жеміс, кез келген мәдени мұра, жазба шығарма болса Аристотельдің зерттеуіне жіберіп беріп отырғанАристотельдің ілімін дамытып, шығыс пен батыста қайта дәріптеліп, мән берілуіне ұлы шәкірттерінің бірі (Аристотель жолын қуушыларды Перипатетик деп атайды) Отырардағы түрік-қыпшақ ұлысы әулетінен шыққан ұлы жерлесіміз — Әбу Насыр Әл-Фараби болды. Аристотель қазіргі ғылым деп жүргеніміздің көпшілігінің негізін қалап, олардың нені зерттейтініне дейін жүйелі нұсқау жасап, алғашқы оқулығын жазып кеткендіктен, ғылымның атасы ретінде "І ұстаз" деп қастерленсе, Ғылымдарды екінші рет қайта түрлерге бөліп, көптеген жаңа ғылым түрлерін айқындап, Аристотель қалдырған даналық жолымен жүрген Әл-Фарабиді "ІІ ұстаз" деп атайды..

Еңбектерінің тізімі

Аристотельдің еңбектері «Аристотель жинағында» (лат. Corpus Aristotelicum) бес түрге бөлінген. Төмендегі шығармалар тәртібі Оксфорд университеті аударған нұсқалардағы ережеге сай жасалған[53]. Бұлар арасындағының кейбірінің растығына әлі де таластар көп[54]. Кейбір кітаптарда Аристотельдің бейнесі, кітаптағы ой-пікірлер мен пайдаланатын сөздері ұқсай бермейді[55][56][57]. Кей шығармасы, мысалы «Афина саясатын» көп санды зерттеушілер Аристотель ағымындағылар Аристотельдің ұйымдастыруымен жазған деп есептейді. Басқалары, мысалы «Рең туралыны» оның шәкірттері жазған болуы мүмкін. Ал кейде Теофраст жазған деген дерек айтылады. Кей шығармасы, мысалы «Өсімдік туралы» деген еңбегін Аристотель атымен басқа біреу жазған болуы да мүмкін. Бұл тізімде оның атына орта ғасырда қосылған астрология (жұлдызнама), магияға (сиқыр) қатысты кітаптар аластатылды. Өйткені ол шығармалар танымал болу үшін ғана Аристотель атына тіркелген[58]. Төмендегі тізімде * белгісі қойылғандары растығы біршама таласты кітаптар есептеледі.

Логика еңбектері

Толық мақаласы: Органон

Органон - Аристотельдің алты логика жәйлі кітабын қамтиды. Олар:

Категория туралы (көне грекше: Κατηγοριῶν / лат. Categoriae)

Түсіндіру туралы (көне грекше: Περὶ ἑρμηνείας / лат. De interpretatione)

Алғашқы аналитика туралы ( көне грекше: ἀναλυτικά πρότερα / лат. Analytica priora)

Кейінгі аналитика туралы (көне грекше: ἀναλυτικά ὑστερα / лат. Analytica posteriora)

Топика (көне грекше: Τοπικῶν / лат. Topica)

Софистикалық тойтарыс туралы ( көне грекше: Περὶ τῶν σοφιστικῶν ἐλέγχων / лат. De sophisticis elenchis)

Физика және ғылыми кітаптары

Физика ( көне грекше: Φυσικὴ ἀκρόασις / лат. Physica)

Аспан туралы (көне грекше: Περὶ οὐρανοῦ / лат. De caelo)

Жаралу мен жойылу туралы (көне грекше: Περὶ γενέσεως καὶ φθορᾶς / лат. De generatione et corruptione)

Метеорологика (немесе, Ауа райы туралы) (көне грекше: Τα μετεωρολογικά / лат. Meteorologica)

Ғарыш туралы* (лат. De Mundo*)

Рух туралы ( көне грекше: Περὶ ψυχῆς / лат. De anima)

Табиғат туралы шағын шығармалар ( лат. Parva Naturalia) —,7 шағын шығарма

Түйсік және түйсіну (көне грекше: Περὶ αἰσθήσεως καὶ αἰσθητῶν / лат. De sensu et sensibilibus)

Жады туралы (көне грекше: Περὶ μνήμης καὶ ἀναμνήσεως / лат. De memoria et reminiscentia)

Ұйқы туралы (көне грекше: Περὶ ὗπνου καὶ ὶγρηγορήσεως / лат. De somno et vigilia)

Түс туралы (көне грекше: Περὶ ἐνυπνίου / лат. De insomniis)

Ұйқы сиқыры туралы (көне грекше: Περὶ τῆς καθ΄ ὕπνον μαντικῆς / лат. De divinatione per somnum)

Ғұмырдың ұзын-қысқалығы туралы ( көне грекше: Περὶ μακροβιότητος καὶ βραχυβιότητος / лат. De longitudine et brevitate vitae)

Сәби, қария, тіршілік, өлім және тыныс алу туралы (көне грекше: Περὶ νεότητος καὶ γήρως καὶ ζωῆς καὶ θανάτου / лат. De juventute et senectute, de vita et morte et de respiratione)

Тыныс алу (көне грекше: Περὶ πνεύματος / лат. De spiritu *)

Фауна (хайуанат шежіресі) (көне грекше: Περὶ τὰ ζὼα ἱστορίαι / лат. Historia animalium)

Хайуандардың бөліктері (көне грекше: Περὶ ζῴων μορίων / лат. De partibus animalium)

Хайуанаттар қозғалысы ( көне грекше: Περὶ ζῴων κινήσεως / лат. De motu animalium)

Хайуанаттар дамуы (көне грекше: Περὶ ζῴων πορείας / лат. De incessu animalium)

Хайуанат тарихы (көне грекше: Περὶ ζῴων γενέσεως / лат. De generatione animalium)

Рең туралы ( көне грекше: Περὶ χρωμάτων / лат. De coloribus *)

Есту сезімі туралы (көне грекше: Περὶ ἀκουστῶν / лат. De audibilibus *)

Физиогномика немесе Келбетін тану (көне грекше: Φυσιογνωμικά / лат. Physiognomonica *)

Өсімдік туралы (көне грекше: Περὶ φυτών / лат. De plantis *)

Ғажайып есту мүшесі (Περὶ θαυμάσιων ἀκουσμάτων / лат. De mirabilibus auscultationibus *)

Механика туралы ( Μηχανικά / лат. Mechanica *)

Мәселе туралы (Προβλήματα / лат. Problemata *)

Метафизикалық еңбектері

Метафизика ( көне грекше: Μετὰ τὰ φυσικά / лат. Metaphysica)

Этика


Никомах этикасы (көне грекше: Ἠθικὰ Νικομάχεια / лат. Ethica Nicomachea)

Ұлы этика ( көне грекше: Ἠθικὰ μεγάλα / лат. Magna moralia *)

Еудемия этикасы (көне грекше: Ἠθικὰ Εὐδήμεια / лат. Ethica Eudemia)

Ізгілік пен сұрқиялық ( көне грекше: Περὶ ἀρετῶν καὶ κακιῶν / лат. De virtutibus et vitiis libellus *)

Саясат (көне грекше: Πολιτικά /лат. Politica)

Афина саясаты ( көне грекше: Ἀθηναίων πολιτεία / лат. Athenaion Politeia *)

Экономика ( көне грекше: Οἰκονομικά / лат. Oeconomica *)

Эстетика


Риторика (көне грекше: Ῥητορικὴ τέχνη / лат. Ars rhetorica)

Ескендір риторикасы (көне грекше: Ῥητορικὴ πρὸς Ἀλέξανδρον / лат. Rhetorica ad Alexandrum *)

Поэтика (көне грекше: Περὶ ποιητικῆς / лат. Ars poetica)

Еңбектерінің жинақтары Өңдеу

Massachusetts Institute of Technology — Аристотель шығармалары, көбінесе ағылшын тілінде

P. Remacle’s collection — Аристотель шығармалары, көбінесе түпнұсқа грек тілінде



Project Gutenberg — Аристотель шығармалары, ағылшын тілінде

Tufts University — Аристотель шығармалары, ағылшын тілінде

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет