Қарыз алушының ісі



Pdf көрінісі
бет3/8
Дата31.03.2017
өлшемі12,41 Mb.
#10788
1   2   3   4   5   6   7   8

nATIonAl Money

Заңдастыру



Бұған дейінгі амнистициялармен 

салыстырғанда қазіргі 

жағдай мүлдем басқаша

қор  түзейтін  банк  секторы  экономикаға  ар-

зан қолды және ұзақ мерзімді несиелер ұсына 

алмайды.  Халықаралық  қарыздар  алу  нарығы 

қымбат. Шектеулі өтімділіктің мұндай жағдай-

ларында  бізге  қаржыландырудың  балама  көз-

дері артық етпес еді. Бұған қоса, Батыстың Ре-

сейге  қарсы  санкцияларының  бізге  де  кесірі 

тиюі мүмкін деген қауіп бар. Екінші жағынан 

алып қарағанда, орын алған рецессия тұсын-

да  Ресей  үшін  санкциялардың  күшею  қаупі 

ел экономикасын шынайы және шұғыл түрде 

жандандыру,  соның  ішінде  ауқымды  импорт-

тық  орын  басу  есебінен  әртараптандырылу 

қажеттілігіне түрткі болуы мүмкін. Іске асады 

ма, жоқ па – мұны әлі ешкім де білмейді. Бірақ 

жаңа өндіріс орындарын жоспарлаған уақыт-

та  Ресей  қазақстандық  өткізу  нарығына  се-

нетіні түсінікті. Егер Ресей қолға әрекет алып 

жатса, ал біз ешқандай қадамдарға бармасақ, 



19

№3(05)  маусым 2014



nATIonAl Money

Заңдастыру

Еуразиялық  экономикалық  одақ  шеңберін-

де-ақ  жеңіліске  бәсекелестік  күрестен  жеңіл 

табатынымыз  хақ.  Былай  болмауы  үшін  біз-

ге  жеке  импорттық  орын  басу  өндіріс  орын-

дарын құру қажет. Ал инвестицияларға қаты-

сты жоғарыда аталып өткен проблемалардың 

ескерілуімен  айналысқа  қазақстандықтарда 

бар, бірақ экономикаға жұмыс істемейтін қа-

ражатты қосуға тырысу қажет. Бұл үшін капи-

тал  амнистиясынан  артық  жақсы  шешім  әлі 

жоқ. 

–  Демек  сіздің  ойыңызша,  бұл  науқан 

бюджетті  бір  жолға  толықтыруға  бағыт-

талған ба?

–  Өзіңіз  алып  қараңыз:  мемлекет  қаржыны 

заңдастыру кезінде бір ғана нәрсені, салықтың 

қашан  салынатынын  қарастырды  –  бұл  егер 

мемлекет  амнистияланған  капиталды  өзінде 

қалдыруды шешетін болса. Бұл кезде ол сома-

ның 10% мөлшерінде алым төлеуге тиіс бола-

ды.  Егер  қаражат  экономикада  қалса,  ешқан-

дай  пайыз  ұсталмайды.  Адам  бұл  ақшаны 

банкте бес жыл жатқаннан кейін барып қала-

уынша жұмсай алады. Осы уақыт аралығында 

банк мұндай сомаға депозитке есептелгендей, 

сыйақы есептеп отыратын болады. Жеке тұлға 

банкке ақша орналастырғаннан басқа, оларға 

жекелеген  активтер:  жекешелендіру  нысанда-

рын,  қазақстандық  ГЦБ,  отандық  компания-

лардың акциялары мен облигацияларын сатып 

ала алады. Осылайша, амнистия шарттарының 

өзі  мемлекеттің  фискалды  мақсаттарды  емес, 

экономикаға  өтімділікті  тарту  мақсаттарын 

көздейтінін көрсетеді. 

–  Егер  амнистиялардың  бұдан  бұрын  да 

2001 және 2006-2007 жылдары өткізілгенін  

ескеретін болсақ, бұл идея  заңдастыратын 

түгі жоқ заңды орындап жүрген азаматтар-

дың көңілінен шыға қоймасы анық   

–  Әрине,  мұндай  науқанды  қайталай  беру-

ге болмайды. Бұл қоғамның кейбір өкілдерінің 

ашу-ызасын  келтіріп,  заңдастырылған  сома-

лардың  шын  мәнісінде  әсерлі  көлемі  түрінде 

нәтиже бермейді. Өйткені мұндай науқандар-

дың  мақсатты    аудиториясы  олардың  жүйелі 

түрде  қайталанып  отыратынын  көріп,  психо-

логиялық  бәсеңсіп,  активтерін  «келесі  жолы» 

заңдастыра  алатынына  сенімді  болады.  Ал-

дыңғы 

амнистиялармен 



салыстырғанда, 

қазіргі  жағдай  мүлдем  басқаша.    Қазақстан-

да 

жаппай 


декларациялаудың 

енгізілуі 



Мұндай жағдай ақшасын 

шетелде сақтағанды 

жөн көретіндердің 

көңілінен шықпасы анық

жарияланған  амнистияның  соңғы  және  «ке-

лесісінің»  болмайтынын  білдіреді.  Сіз  өз  ак-

тивтеріңізді  бастапқы  декларацияға  тіркеп, 

бір жылдан кейін-ақ егер оны сатып алу үшін 

жылдық кірісіңіз жеткіліксіз болса және тиісті 

жинақтар  декларацияланбаған  болса,  оған 

жаңа пәтеріңізді жаза аласыз. Мұны тексерген 

оңай. Менің түсінуімше, мұндай азаматтарға 

қатысты кінәсіздік презумпциясы жұмыс істе-

мейді: оларға қымбат мүлікті сатып алуға қай-

дан ақша тапқандарын өз бетінше дәлелдеуге 

тура  келеді.  Сонымен  дұрысы  не:  қаржыны  

ресми  науқанның  шеңберінде  қазір  деклара-

циялау  ма,  әлде  өзіңді  заңнамамен  арадағы 

проблемалардан  сақтандыру  ма?  Мұны  тегін 

және құпия жүзінде жасау керек пе, әлде тәу-

екелге бел буып, ірі мөлшерде айыппұл төлеу 

қаупіне  ұшырау  керек  пе?  Меніңше,  жауап 

түсінікті. 

Осы тұстағы тағы бір ерекшелік – Украина-

дағы жағдайларға байланысты Ресей мен Батыс 

арасындағы  өткір  конфронтация.  Жағдайдың 

қалай  өрбитінін,  салқын  қарым-қатынастың 

қай  уақытқа  дейін  жалғасатынын,  интегра-

циялану  бойынша  негізгі  серіктеске  қандай 

санкциялардың  қолданылатынын  алдын  ала 

болжап  айту  мүмкін  емес.  Әзірше,  санкция-

лар  нүктелік  болып  табылады:  атап  айтқан-

да,  батыс  елдері  мұндай  шоттар  анықталған 

жағдайда  жекелеген  ресейлік  саясаткерлердің 

шетелдік  шоттарын  жабу  жағын  қамдап  қой-

ды.  Былай  қарасаңыз,  бұған  біздің  қатысы-

мыз  жоқ  сияқты.  Алайда  мұндай  үлгі  болар-

лық жағдайлар ақшасын шетелде сақтағандық 

қалайтын  және  әлі  кеше  мұның  сенімді  тәсіл 

екендігіне сенімді болғандардың қытығына ти-

еді.  Міне,  қазақстандықтарға  тиесілі,  алайда 

Қазақстан  аумағынан  шет  өзге  мемлекеттер-

дегі сол ақшаны қайтаруға үміт бар. Алғашқы 

екі  заңдастыруды  жүргізген  уақытта  капитал-

дарды  репатриациялау  үшін  мұндай  сыртқы 



АныҚТАМА

Заңдастыру 2014 жыл-

дың 1 қыркүйегінен 

бастап, 2015 жылдың 

31 желтоқсаны ара-

лығында жүргізіледі 

деп белгіленген. 

Заңдастыру нысанда-

рына қаражат, бағалы 

қағаздар, кәсіпорын-

дардың жарғылық ка-

питалындағы қатысу 

үлесі, жылжымайтын 

мүлік жатады. Заңда-

стырылған қаражат 

пен мүлік салық салу 

мақсаттары үшін кіріс 

болып танылмай-

ды және оларға та-

быс салығы салын-

байды. Заңдастыру 

субъектілері бірқа-

тар баптар бойын-

ша қылмыстық және 

әкімшілік жауапкер-

шіліктен босатылады. 

Жекелеген қылмыстар 

нәтижесінде, соның 

ішінде жеке тұлғаға, 

адам құқықтары мен 

бостандығына, кон-

ституциялық құрылым 

негіздері мен мемле-

кет қауіпсіздігіне, сон-

дай-ақ мемлекеттік 

қызмет мүддесіне сай 

сыбайлас жемқорлық 

және басқа да қыл-

мыстарға қарсы қыл-

мыстар нәтижесінде 

алынған мүлік заңда-

стырылуға жатпайды.  



20

№3(05)  маусым 2014



nATIonAl Money

Заңдастыру

ынталандырушы  күш  болған  емес.  Әрине, 

мен  мемлекет  тарапынан  мұндай  сыйлықтар 

мұқтаж  болмайтын  азаматтардың    скепсисін 

түсінемін. Не десек те, егер  эмоцияға бой ал-

дырмай,  жағдайда  рационалды  түрде  қарай-

тын  болсақ,  капитал  амнистиясы  жоғарыда 

аталған  барлық  мән-жайлардың  ескерілуімен 

қажетті  қадам  болып  табылады  және  осы  қа-

дамға бару үшін қазір ең лайықты сәт. Жаппай 

декларациялауды  енгізумен  байланысты  ішкі 

ойын ережелерін өзгерту тұрғысынан да, ақша-

ның отанға оралуына септігін тигізетін сыртқы 

конъюнктура  тұрғысынан  да.  Егер  біз  көлең-

келі қаражат Қазақстанға жұмыс істегенін қа-

лайтын болсақ, мұндай ақшаны заңдастырудан 

басқа, ешқандай амалдың жоғын түсінуіміз қа-

жет.  Алдағы  амнистия  шеңберінде  оралмай-

тын  сомалар  елімізге  ешқашан  да  оралмайды 

деген болжам да жасай аламын. Сондықтан да 

біздің  бүгінгі  міндетіміз  –  көлеңкеден  шыға-

рылған  қаражат  көлемінің  барынша  қомақты 

болғанына  қол  жеткізу.  Билік  органдарының 

есептеріне  сүйенсек,  2001  жылы  Қазақстанда 

480  млн  доллар  қаражат  сомасы  немесе  ІЖӨ 

2,2% заңдастырылды. 2006-2007 жылдары ам-

нистия  қаражат  пен  мүлікке  таралған  уақыт-

та    заңдастырылған  активтердің  жалпы  құны 

6,8 млрд долларға жуықтады немесе 2007 жыл-

дағы ІЖӨ 6,5% құрады. Соның ішінде, 3 млрд 

доллар  сома  заңдастырылды.  Үкімет  алдағы 

амнистия  барысында  10-12  млрд  доллар  со-

маға  немесе  2013  жылдағы  ІЖӨ  5,4%    актив-

тер мен мүлікті «көлеңкеден шығарылады» деп 

күтуде. Заңдастырылған қаржы көлемі бойын-

ша  жасалған  бөлек  болжам  әзірше  жоқ.  Мен 

берген баға бойынша, 5-6 млрд доллар акция-

лардың айтарлықтай жоғары тиімділігін көрсе-

тетін жақсы астық болар еді. 



Амнистицияның тиімді болуы негізгі 

үш факторға байланысты: бағаға, 

қауіпсіздікке берілетін кепілдікке және 

оның қайталана алмайтындығыная

21

№3(05)  маусым 2014



nATIonAl Money

Заңдастыру



–  Қазақстанда  жүргізілуі  ұсынылып  оты-

рған  амнистия  шарттары  жоғары  нәтиже 

көрсетеді деп үміттенуге болады ма?

– Амнистияның тиімді болуы үш негізгі па-

раметрге байланысты: бағаға, қауіпсіздік кеп-

ілдігіне және оны қайталаудың мүмкін болма-

уына. Егер қаржының заңдастырылуы жөнінде 

айтар  болсақ,  өтініш  беруші  ешнәрсе  де  төле-

мейді. Алайда мұнда қаражат сомасын бес жыл 

аралығында  бей-берекет  жұмсауға  болмайды 

деген бір ескертпе бар. Осы тұста, өзін ақтаған 

италиялық тәжірибе барын айту керек: ол жер-

де 2001 жылы амнистия бағасы өтініш беруші 

үшін 2,5% құрады. Мұның нәтижесінде көлең-

кеден  шығарылған  активтерден  алынған  бір 

ғана бір жолғы салық  бюджетке 1,4 млрд еуро 

түсірген  болатын.  Мұнда  белгиялықтардың 

сәтсіз  тәжірибесі  туралы  айта  кету  керек.  Бұл 

жерде  2004  жылы  индульгенция  бағасы  9% 

мөлшерінде белгіленді (немесе егер өтініш бе-

руші  жергілікті  компаниялардың  акцияларын 

сатып алған болса 6%). Билік елге 10-15 млрд 

еуроны  қайтарып,  бұдан  850  млн  еуро  салық 

алмақ ойда болған. Ал нәтижесінде болса, «та-

быс» небәрі 1 млрд және тиісінше 50 млн құра-

ды. Көріп отырғандарыңыздай, Қазақстандағы 

шарттардан тиімдісін елестету қиын.  

Жауапкершіліктен босау мен құпиялықты 

меңзеп  отырған  қауіпсіздік  кепілдігіне  ке-

лер  болсақ,  қазақстандық  заң  жобасы  мұ-

ның  барлығын  көздейді.  Сақтандыру  үшін 

сол  баяғы  Италияның  тәжірибесін  еске 

алуға  болады.  Мұнда  амнистиялау  кезеңін-

де  арадағы  құпия  келісімге  сәйкес  салық 

төлеушінің атынан салық төлеген қаржылық 

делдал институты енгізілген болатын. Не де-

сек  те,  бұған  дейін  өткізілген  екі  заңдасты-

рудың  қорытындысы  бойынша  жеке  өзім 

«амнистияланғандардан»  ешқандай  шағым 

естімедім.  Сол  себепті  де  меніңше,  мемле-

кетке сенбеуге негіз жоқ.

Үшінші  тармақ  –  амнистияның  бір  жолғы 

шара екендігіне мән беру. Бұдан басқа мүмкін-

дік болмайды деген мәлімдемелер жеткіліксіз 

болуы  мүмкін.  Әдетте,  осы  іспеттес  науқан-

ды өткізу кезінде риторика капиталдың неме-

се мүліктің салық салудан жасырылғаны үшін 

көтерілетін жауапкершіліктің күшейтілуімен, 

мысалы айыппұлдарды көтеру арқылы нығай-

тылады. Салықтық қылмыстарға қатысты қа-

таңырақ  заңнамалық  нормалар  амнистия 

аяқтала салысымен күшіне енеді деп жарияла-

нуда. Мен өсім репрессивті шараларды құпта-

маймын,  меніңше,  сауатты  ынталандырудың 

келтірер  тиімі  көбірек.  Осы  мәселеде  соңғы 

сөзді сарапшылар – заңгерлер, құқықтанушы-

лар  айту  керек.  Мұнда  қолданыстағы  норма-

лардың  қаншалықты  қатал  екендігін  және 

айыппұл  өндіру  бойынша  сот  шешімдерінің 

қаншалықты  тиімді  орындалып  жатқан-

дығын,  басқаша  айтқанда,  өндірілуі  тағай-

ындалған  соманың  қанша  пайызы  қазынаға 

түсетінін көру керек. Яғни, заңнаманың ықти-

мал  қатаңдай  түсуі  тұрғысындағы  шешім 

бүкіл  объективті  және  субъективті  мән-жай-

лар жіті зерттеліп, салмақты байыппен қабыл-

дануы тиіс.  

Бұдан басқа, насихат сияқты маңызды нәр-

се  бар.  Бірақ  мемлекеттің  алдағы  заңдасты-

руға  16  ай  мерзім  бөлгенін  ескеретін  болсақ, 

меніңше,  заңдастыру  жөнінде  білмей  қалған 

азаматтар  болмайды.  Мұнда  ақпараттандыру-

дың  сапалы  болғаны,  яғни  адамның  кез  кел-

ген туындаған мәселе бойынша өзіне түсінікті 

түрде жауап алғаны маңызды. Мемлекет осын-

дай  түсіндіру-үгіттеу  жұмыстарын  лайықты 

деңгейде  атқаратынына  күмән  жоқ.  Заңға 

Әдетте, осы іспеттес науқанды 

өткізу кезінде риторика капиталдың 

немесе мүліктің салық салудан 

жасырылғаны үшін көтерілетін 

жауапкершіліктің күшейтілуімен, 

мысалы айыппұлдарды көтеру 

арқылы нығайтылады 

бағынатын  азаматтарымыз  көлеңкелі  айна-

лым  үлесінің  азайтылуына  және  елдегі  жал-

пы экономикалық өсімге, кез келген адамның 

өмір  сүру  деңгейінің  арттырылуына  мүдделі 

екендігіне  сенімдімін.  Қазақстанда  табылған 

ақша  елдің  ортақ  игілігіне  жұмыс  істеуі  тиіс. 

Ал  алдымыздағы  заңдастыру  болса,  капитал-

дардың  қайтарылу  және  нақты  экономикаға 

инвестициялану  процессіне  барынша  септігін 

тигізетін болады. 


22

№3(05)  маусым 2014



STrATeGIC Money

Несие бюросы

қарыз алушының ісі 

Алғашқы несие бюросында алты миллионнан астам 

қазақстандықтардың борыштары туралы ақпарат 

сақталады. Көп жағдайда бұл мәліметтер банктің өтініш 

берушіге несие беру немесе несие беруден бас тарту 

туралы шешім қабылдауында айқындаушы рөл атқарады. 

Ал сіз өзіңіздің несие тарихыңызға сенімдісіз бе? 

Ирина Авдеева 


23

№3(05)  маусым 2014



Тарихтар қоймасы 

Алғашқы  несие  бюросы  (АНБ)  –  бұл  әлдебір  уақыт-

та  қарыз  алған  барлық  адамдар  мен  ұйымдар  туралы 

мәліметтер  жинақталған  орталықтандырылған  ақпарат 

базасы. Банктер және басқа да несие беретін мекемелер 

АНБ  барып,  қарыз  беру  немесе  бермеу  туралы  шешім 

қабылдау  үшін  өздерінің  әлеуетті  клиентінің  несиелік 

тарихы  жөнінде:  несиелерінің  бар-жоғын  және  қандай 

мөлшерде екенін, міндеттемелерін қалай өтегенін (өте-

мегенін) біле алады. 

Несие  бюросының  деректер  базасына  ақпарат  күн 

сайын  толықтырылып,  жаңартылып  отырады.  Маман-

дардың  айтуынша,  банктер  АНБ  көмегімен  өздерін 

сенімсіз  клиенттерден  сақтандырып,  өз  тәуекелдерін 

азайтады,  несиелік  портфельдерінің  сапасын  жақсарта-

ды. Ал бұл жүйе туралы білетін қарыз алушылар болса, 

несие тарихы (беделі) тәуелді болғандықтан, несиелерін 

адал өтеуге ынталанған. Несие тарихы ертең тағы бір не-

сие алу үшін жүгінген банктің алғашқы сұрауы бойынша 

қол жетімді болады.  

Оның үстіне, несие тарихы қарыз алушының несиені 

өтеу  бойынша  мүмкіншіліктерін  айқындауға  мүмкін-

дік береді. Шыны керек, қалайтын несиелендіру мерзімі 

аралығында өздерінің төлемге қабілеттілігіне өтініш бе-

рушілердің  бәрі  бірдей  дұрыс  баға  бере  алмайды.  Бұл 

жерде несие ісі әлеуетті қарыз алушыны борыштық мін-

деттемелермен  артық  жүктемеуге  мүмкіндік  беретін 

объективті көрсеткіштің қызметін атқарады. 

Осы уақытқа дейін АНБ 21,7 млн астам несие беру ту-

ралы  келісімшарттары  туралы  ақпарат  көрсетілген    6,2 

млн  жуық  несие  тарихы  қамтылған  ауқымды  дерек-

тер  базасы  қалыптасқан.  Қарыз  алушылардың  басым 

көпшілігі (6 млн астам) – жеке тұлғалар. Ұйымдар саны 

66 мыңнан астам.



АнБ қалай жұмыс істейді

АНБ  қаржылық  ұйымдардан  түсетін  ақшалай  ауда-

рымдардың  есебінен  жұмыс  істейтін  коммерциялық 

ұйым  болып  табылады.  Заң  екінші  деңгейлі  банктердің 

қарыз алушылар туралы ақпаратты бюроға ұсынып оты-

руларын  көздейді.  Ал  АНБ  болса,  несиелік  есептерді 

оларға ақылы негізде жіберіп отырады. 

АНБ  хабарланғандай,  бюро  ақпаратты  өз  бастама-

сымен  жаңартпайды.  Ақпаратты  15  күнде  кемінде  бір 

рет тек ақпарат жеткізуші, яғни банк жаңартуға құқылы. 

Несие  тарихтары  қарыз  алушы  туралы  соңғы  ақпарат 

алынған соң 10 жыл уақыт сақталады. Егер сіздің несие 

тарихыңызға «нұқсан» келтірілген болса, сіз 10 жылдан 

соң бәрін де қайта «таза беттен» бастай аласыз. 



STrATeGIC Money

Несие бюросы



Егжей-тегжейі қандай? 

Кез  келген  қарыз  алушы  АНБ  жү-

гініп, өзінің несие есебін сұрап, несие 

тарихының  мән-жайын  біле  алады. 

Мұнда жеке деректер, қолданыстағы 

несиелердің өтелу мәртебелері, өтел-

меген сомалар, кешіктірілген жарна-

лар,  сұралған  несие  тарихы  туралы 

ақпарат  (қарыз  алушы  жаңа  қарыз 

алу  үшін  жүгінген  банктер  тара-

пынан) және тағы да басқа мәлімет-

тер  қамтылады.  Мұнымен  қоса, 

құжатта  ісіңіздің  сотқа  берілгені  ту-

ралы,  қамауға  алынғаныңыз  (алын-

бағаныңыз)  туралы,  банкроттылық 

жариялағаныңыз 

(жарияламаға-

ныңыз) туралы деректер қамтылады.

Несие  есебінде  қарыз  алушыға 

қатысты  жеке  мәлімет  –  ұлты, 

діни  ұстанымы,  саяси  көзқараста-

ры  көрсетілмейді.  Мұнда  жинақ 

шоттары,  депозиттер  және  кли-

енттің  борыштық  міндеттемелері-

не  қатысы  жоқ  өзге  де  мәліметтер 

көрсетілмейді.  

АНБ 21,7 млн астам 

несие беру тура-

лы келісімшарт-

тарға қатысты ақпа-

рат көрсетілген  6,2 

млн жуық несие та-

рихы жинақталған.


24

№3(05)  маусым 2014

Заң әрбір қазақстандыққа жылына бір рет өзінің несие 

туралы есебін тегін алуға құқық береді. Бұл үшін    АНБ 

кеңсесіне барып, жеке куәлікті қосып беріп, өтініш тол-

тыру  қажет.  Есеп  бір  тәулік  аралығында  дайындалып, 

беріледі. Келесі сұрау белгіленген тариф бойынша  – 400 

теңге қанағаттандырылатын болады.   

Өзіңнің несие ісіңді онлайн режимінде бұдан да оңай  

алудың  жолы  бар.  Бұл  үшін  арнайы  Myth.kz  (әр  несие 

есебі үшін 400 теңге) және Egov.kz (жазылу кезеңіне бай-

ланысты бір ай аралығында 500 теңгеден бастап, 12 ай 

аралығында  2  500  теңгеге  дейін)  порталдары  арқылы 

АНБ сұрау жіберуге болады. 

Әрине,  қызметтің  ақысын  төлеу  үшін  төлем  картасы 

қажет,  ал  Myth.kz  арқылы  төлеу  үшін  бұған  қоса,  элек-

трондық  сандық  қолтаңба  болуы  шарт.  Egov.kz  жазылу 

нақ  осы  уақыт  режимінде  SMS  және  e-mail  арқылы  не-

сие тарихындағы өзгерістер туралы хабарламалар алуға 

мүмкіндік береді. 



наразылықтар қабылданады 

Егер есептегі ақпарат дұрыс болмаса, сіз мұнымен да-

уласуға құқылы. Несиені өтеу кезінде банк кассирі бер-

ген чектер немесе төлем жүргізгеніңізді растайтын басқа 

да  құжат  жүзіндегі  дәлелдер  болған  жағдайда  өзіңіздің 

несие  туралы  есебіңізді  өзгертуге  толықтай  құқылы 

боласыз.  

Банк  сарапшылары  есеппен  дауласқан  уақытта 

өтініште өз аты-жөнін, шот нөмірін, тиісті сома мөлшері 

STrATeGIC Money

Несие бюросы

мен  наразылық  білдіру  себебін  көр-

сетуге  кеңес  береді.  Арнайы  мұндай 

жағдайлар  үшін  құжаттардың  түп-

нұсқаларын,  әсіресе  түбіртектерді 

сақтап қою қажет. Бұл ретте, өтініш-

ке  чектердің  көшірмелерін  ғана  қо-

сып  беру  қажет  –  іс  орнына  қозғалу 

үшін  бірнеше  хат  жазуға  тура  келуі 

мүмкін.

АНБ сайтында көрсетілгендей, не-



сие  тарихы  ақпарат  жеткізушілер 

берген  ақпараттың  негізінде  қалып-

тасады.  Бюро  қызметкерлері  жеке 

тұлғаның  арызы  негізінде  несие  та-

рихына  өзгертулер  немесе  толықты-

рулар  енгізбейді.  Егер  несие  тарихы 

қате  болса,  оны  екі  тәсілмен  өзгер-

туге  болады:  ақпарат  жеткізушіге 

(яғни,  банкке)  қате  деректерді  түзе-

ту  туралы  өтінішпен  жүгініп,  я  бол-

маса АНБ-на ақпаратты даулау тура-

лы өтінішпен жүгініп.

Көлік  несиесін  немесе  ипотека 

алу үшін банкке жүгінген өтініш бе-

рушілердің  АНБ  ұсынған  деректері 

бойынша  өмірінде  несие  алмаса  да, 

өтелмеген қарызы бары туралы біліп 

жататын  жағдайлар  да  аз  емес.  Бұл 

көп  жағдайда  «қарыз  төлемеушінің» 

кредиттік лимиті бар белсендірілген 

төлем  картасын  ұстайтын  ұстаушы 

болуымен  түсіндіріледі.  Мұндай  кез-

де  АНБ-на  карта  қожайынының  ли-

мит  мөлшеріне  тең  борышы  бары 

туралы  ақпарат  енгізіледі.  Бұл  рет-

те кредит картасындағы қаражаттың 

жұмсалуының 

(жұмсалмауының) 

маңызы жоқ.

Т

ұжырым  қарапайым.  Несие 



тарихы  мінсіз  (кезекті  несие 

берілудің  пайдасына  шешілетін  ше-

шуші  дәйек  болуы  мүмкін)  болуы 

үшін  мамандар  өзіңнің  төлемге  қа-

білеттілігіңді  жіті  бағалауға,  төлем-

дерді  мерзімін  кешіктірмей  уақы-

тылы төлеуге және қарызды табысты 

жабуға  кеңес  береді.  Сол  себепті 

қаржылық  тәртібіңді  ойлап,  неси-

елік  беделіңді  ең  алғашқы  несиеден 

бастап жоғалтпау қажет. 

Заң әрбір қазақстан-

дыққа жылына бір 

рет өзінің несие ту-

ралы есебін тегін 

алуға құқық береді 



25

№3(05)  маусым 2014



Банктер  мен  несие  бюросының 

арасында  қандай  әрекеттестік 

бар,    АНБ  ұсынатын  ақпараттың 

банктер  үшін  (демек,  әлеуетті 

қарыз  алушылар  үшін  де)  маңыз-

дылығы қаншалықты және мұндай 

ақпарат  қаншалықты  қорғалған, 

бұл туралы  Bank RBK бөлшек биз-

нес  департаменті  директоры-

ның  орынбасары  Вадим  Никулин 

тарқатады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет