Қарыз алушының ісі



Pdf көрінісі
бет8/8
Дата31.03.2017
өлшемі12,41 Mb.
#10788
1   2   3   4   5   6   7   8

Игорь Царев

мәртебені сақтайтындар  

Жүз жыл бұрын қол сағат қымбат зат болып са-

налды. Ал бүгінгі күні сағатты арзан бағаға сатып 

алып-ақ тағуға болады. Қасыңдағы адамның қолы-

на қарап-ақ не түюге болады.  Сағатты механика-

лық, кварцты және электрондық деп қателікпен үш 

топқа бөлгенімен, сағаттың екі түрі болады.  Элек-

трондық сағаттар кварцты сағаттар сияқты. Айыр-

машылығы тек сандық циферблатында ғана. 



Механикалық дәстүрлер

Қазіргі  кезде  механикалық  қол  сағаттардың 

алуан түрі шығарылады. Кейбір модельдер нағыз 

зергерлік әшекей болса, басқалары оятқыш қыз-

метін атқарады, үшіншісі спортқа, ал төртіншісі 

су астында жүзуге арналған болады. 

Механикалық  сағат  кварцты  сағаттан  дәлді-

гі жағынан  артта.  Дайындаушыға  байланысты 

олардың  қателігі  тәулігіне  –20  секундтан  +40 

секундқа  дейін.  Бұл  қалыпты  жағдай.  Мұн-

дай  сағатта  тартып  жүргізілген  серіппе  пай-

даланылады.  Серіппе  айнала  бастағанда,  бір-

дей  уақыт  аралығынан  кейін  дөңгелекшелі 

сағат  механизміне  әсерін  тигізетін  маятник  қозғалады. 

Уақыт  индикациясы  тек  сағат  тілінің  көмегімен  жүзеге 

асырылады. 

Механикалық сағаттардағы үлкен қателік ең алдымен, 

серіппенің біркелкі айналмайтындығымен түсіндіріледі. 

Сағат жүрісі дәлдігінің тербелістері сондай-ақ қоршаған 

орта  температурасына,  сағаттың  орналасуына,  серіп-

пенің жүргізілу дәрежесіне, бөлшектердің тозуына, рет-

телуіне де байланысты болады. Қателіктерді азайту үшін 

механикалық сағаттар қосымша құрылғымен – автомат-

ты қосымша бұралатын құлақпен жарақталады. Алайда 

мұндай бөлшек сағатқа салмақ қосып, жуандатады. 

Бұған  қарамастан,  мұндай  сағаттарға  деген  сұраныс 

қазіргі заманда азаятын емес. Мұндай сағаттар кварцты 

сағатқа  қарағанда  механикалық  хронометрін  дайындау 

тәсілінің  күрделі  болғанды  құнды  болып  келеді.  Меха-

никадағы бөлшектер саны көбірек және оларды жинас- 

тырған  уақытта  қолмен  арнайы  теңшеу  жүргізу  қажет. 

Бұл  әрине,  оның  өзіндік  құнын  арттырады.  Сол  себепті 

де мұндай сағаттар дәстүрдің, бедел мен молшылықтың 

нышанына айналған. Бағасы ең қымбат мәртебелі швей-

цариялық сағаттар тек механикалық ғана емес. 


55

№3(05)  маусым 2014



STyle Money

Керек-жарақтар



Кварцтық дәлдік

Кварцты  сағаттарда  серіппенің  орнына 

кварц  кристаллы  пайдаланылады.  Сағат  тілі 

бар  кварцты  сағаттардың  (сапалы)  дәлдігі 

орта  есеппен  айына  плюс-минус  15  секундты 

құраса, арнайы  хронометрлерде 0,3 секундқа 

дейін  жетеді.  Олардың  тағы  бір  тиімді  айыр-

машылығы  –  оларды  бірнеше  жыл  бойы  жүр-

гізудің  қажеті  жоқ.  Мұның  арқасында  олар-

дың  үлкен  танымалдыққа  ие  болғаны  сонша, 

тіпті механика ұмыт қала жаздады. Бүгін квар-

цты  сағаттар  қолға  тағатын  хронометрлердің 

әлемдік нарығының біраз бөлігін қамтып отыр. 

Механикалық  сағаттармен  салыстырғанда 

кварцты сағаттар тек сағат тілімен ғана емес, 

сұйық кристалды циферблатпен де жарақтала 

алады. Бұл тұтынушының ең алуан түрлі қиял-

дарын қанағаттандыруға мүмкіндік берді. Мұн-

дай сағаттардың жарықтандыруы, калькулято-

ры,  қойын  дәптері,  оятқышы,  компасы,  тіпті 

кірістірілген теледидары болады. Электрондық 

сағаттар 1980 жылдары әлем деңгейінде, ал 90-

шы  жылдары  посткеңестік  кеңістікте  кеңінен 

танымал болды. Қазақстан аумағында әсіресе, 

су  өтпейтін  корпусы  бар  қарапайым  пластик 

үлгілері, сондай-ақ халық арасында  «Монтана» 

деп  аталып  кеткен  сағаттар  ерекше  танымал-

дыққа  ие  болды.    80-ші  жылдардың  аяғынан 

бастап, мұндай сағаттар бізге Қытайдан әкелі-

не  бастады.  ҚХР  тапқыр  азаматтары  оларды 

алюминий ыдыстарға айырбастап келді. 

Швейцариялық бедел

Бүгін  қол  сағаттарды  әлемнің  көптеген  ел-

дері  шығарады.  Алайда  ең  танымал  әйгілі  өн-

дірушілер тек Швейцария мен Жапонияда ғана 

орналасқан. Швейцарияны «уақыт – ақша» де-

ген  сөздермен  сипаттауға  болады.  Өйткені 

оның  осы  сөздердің  екеуіне  тікелей  қатысы 

бар. Patek Philippe, Rolex, Vacheron Constantin, 

Cartier,  Omega,  TAG  Heuer,  Rado,  Longines  си-

яқты  швейцариялық  әйгілі  сағат  бредтерін 

атай  беруге  болады.  Сағаттардың  швейцари-

ялық  екендігін  циферблаттың  төменгі  жағын-

дағы Swiss Made таңбалауы айғақтайды. Мұн-

дай  сағаттардың  бағасы  бірнеше  жүздеген 

доллардан  миллиондаған  долларға  дейін  же-

теді. Альпы елінде ең үздік механикалық сағат-

тар шығарылады деп саналады. 

Швейцариялық  өндірушілер  негізінен  пай-

даланатын материалдар – тот баспайтын болат, 

титан және альын. Циферблат қапталатын әйнектің де са-

пасы жоғары. Әйнектердің арасында сапфир әйнек жоға-

ры  бағаланады.  Мұндай  әйнектің  бетін  тек  алмаспен 

сыруға болады.  Сағат үлгілерінің көпшілігі минералды не-

месе беріктілігі жағынан кем түспейтін хезалит әйнектен 

жасалады.  Жалпы,  швейцариялық  сағаттар  ауқаттылық 

пен жоғары әлеуметтік мәртебенің белгісі саналады. 

Швейцариялық  сағаттарды  бағасына  қарай  шартты 

түрде  үш  топқа  бөлуге  болады.  Candino,  Tissot,  Atlantic, 

Certina, Roamer сияқты эконом-кластағы үлгілер 150-500 

доллар  аралығында  тұрады.  Орташа  кластағы  Eterna, 

Titoni,  Longines,  Maurice  Lacroix  және  Omega  бренд-

терінің бағасы  500-3 000 долларды құрайды. Ал, Breguet, 

Vacheron  Constantin,  IWC,  Audemars  Piguet,  Girard-

Perregaux,  Jaeger-LeCoultre,  Daniel  Jean  Richard  сияқты 

элиталы маркалар 3000-5000 доллар және одан жоғары. 

Сағат негізінен, қолмен жиналғандықтан бағалар бірша-

ма қымбат. Өйткені әр сағат үлгісін дайындау үшін бірне-

ше айдан бір жарым жылға дейін уақыт жұмсалады.   



Қандай сағат тағатыныңды айтсаң....

Rolex,  Franck  Muller  және  Vacheron  Constantin  қол 

сағаттары  қылмыстық  топ  өкілдерінің  арасында  таны-

мал  болғандықтан,  олардың  «криминалдық  атағы»  ба-

рын  білуші  ме  едіңіз.    Breguet  болса,  банкирлердің, 

Jaeger-LeCoultre  жоғары  лауазымды  басшылардың,  ал 

Patek Philippe президенттердің маркасы болып саналады. 

Ең  қымбат  сағат  –  Patek  Philippe.  Жекелеген  сағат  үл-

гілері шамамен миллион доллар және одан қымбат тұра-

ды. Десек те, мұндай сағаттың қожайыны атану үшін қал-

таны  жұқартып,  біраз  ақша  төккен  аздық  етеді.      Patek 

Philippe  сағатының  кейбір  үлгілерін  біраз  жыл  кезекте 

күтіп,  компания  басшысы  Филипп  Штернмен  жеке  сұх-

бат  өткізілген  соң  ғана  сатып  алуға  болады.  Компания 



56

№3(05)  маусым 2014

үлгілерінің  көпшілігі  жоғары  сапалы  тот  бас-

пайтын  болаттан  дайындалған.  Бағасы  –    60 

доллардан 350 долларға дейін. Мұндай әртүр-

лі  бағаларға  қарамастан,  жапондық  өн-

дірушілердің сағаттары «орта» топқа жатады. 

Төлқұжатпен және төлқұжатсыз 

Швейцариялық  маркалардың  беделдігі  өзге 

өндірушілерді танымал брендтердің атын жамылу 

талпыныстарына  шабыттандырады.  Десек  те,  жапон-

дық  сағаттардың  (бағасы  қымбат  емес  швейцариялық 

сағаттарды да) көшірмелері сирек жасалады. Ал көшір-

ме Casio мүлдем жоқ деуге де болады. Сарапшылардың 

айтуынша,  көшірме  Casio  жасап  шығару  түпнұсқалы 

сағаттың құнынан да қымбатқа шығады. 

Қымбат немесе белді сағат маркаларын ешқашан ар-

зан дүкендер мен базарлардан сатып алмаңыз. Түпнұсқа 

брендтер  тек  фирмалық  салондарда  ғана  сатылады. 

Мұндағы сағаттар топтамаларымен және міндетті түрде 

сәнді  безендірілген  сөрелерде  фирмалық  тұғырлардың 

үстінде, жарықтандырылып және басқа  антуражбен сән-

деліп тұрады. Оның үстіне, швейцариялық сағаттардың 

шынайылығын растайтын жеке паспорты болуы шарт. 

Кейде  швейцариялық  сағаттар  деп  жақсы  жасалған 

немесе  дәлме-дәл  көшірмелер  сатылады.  Егер  Швейца-

рияда  сағаттардың  тек  кейбір  бөлшектері  ғана  дайын-

далған болса, олардың Swiss Parts немесе Swiss Ebauche 

деген  таңбалаулары  болады.  Сенімділігі  жағынан  төл 

нұсқасынан әлдеқайда қалыс қалса болса да, мұндай үл-

гілер біраз жыл жұмыс істеуі мүмкін. Есесіне бағасы да 

біршама  арзан  болады.  Швейцариялық  сағаттардың  бі-

раз  көшірмелері    Интернет-дүкендер  арқылы  да  саты-

лады.  Әдетте,  онлайн-сатушылар  бұл  сағаттардың  түп-

нұсқалы еместігін ашып айтады. Қайтсе де, бағасы арзан 

болғандықтан,  сатып  алушылардың  көпшілігі  осындай 

сағаттарды таңдайды. 

басшысы  мұндай  сынақты  клиенттің  осынша-

ма байлықты адал еңбекпен тапқанына, мінсіз 

жоғары  талғамы  барына,  өнегелі  тәрбие  алға-

нына және ешбір қылмысқа қатысы жоғына көз 

жеткізу үшін өткізеді. 

Girard-Perregaux маркасын шебердің өзі қой-

ған  қолтаңба  ерекшеленеді.  Ол  әр  сағат  дана-

сына  сегіз  айдан  астам  уақытын  жұмсады.  Ал 

Breguet кейбір сағаттарын дайындау үшін 1,5-2 

жыл  уақыт  қажет.  Үлгілердің  құрамында  тур-

бийон – планетаның гравитациялық ауытқуын 

өтейтін құрылғы болуы мүмкін. Бұл сағат уақы-

тының  дәлдігін  арттырады.    Breguet  сағат-

тарын  Наполеон  мен  Жозефина,  Алек-

сандр I патша мен Уинстон Черчилль 

таққан.


Әлемді  әлі  де  символизм  басқа-

рып  келеді.  Мұны  соңғы  жыл-

дары  атақты  киім  брендтерінің 

өкілдері  зор  табыспен  пайдала-

нып  келеді.  Осылайша,  сатылымда 

Calvin Klein, Cerruti 1881, Chronotech, 

Dolce&Gabbana, 

Emporio 


Armani, 

F.Gattien,  GF  Ferre,  Inesse  M,  Moschino, 

Roberto Cavalli, Rochas, Valentino fashion-сағат-

тары  пайда  болды.  Алайда  бұл  швейцариялық 

маркалар  емес.  Сән  әлеміндегі  әйгілі  атаулар-

мен  аттас  болғандықтан  мұндай  сағаттардың 

бағасы 300-600 доллардың үстінде. 

Жапондық техно

Күн  шығыс  елінде  сағат  индустриясы  XIX  ға-

сырда  пайда  болды.  Мысалы,  Seiko  корпораци-

ясының  тарихы  1881  жылы  Токио  қаласында 

ашылған шағын сағат дүкенінен бастау алады. Бү-

гін де Seiko құны 300 доллардан 2 000 долларға же-

тетін кварцты сағаттар шығару ісін жолға қойған. 

Жапония  электрониканы  дамытудың  арқа-

сында  сағат  державасы  атанып  отыр.  Seiko 

ХХ  ғасырдың  екінші  жартысында  кварцты 

(электрондық)  сағаттарды  шығара  бастап,  на-

рықты жаулап алды. Ерекше танымалдыққа ие 

болғаны  –  Casio  фирмасы.  Бұл  брендтің  негіз-

гі артықшылығы – көптеген функциялар. Casio 

модельдік қатарында қойын дәптері, калькуля-

торы,  жүрек  лүпілін,  теңіз  деңгейінен  биіктік-

ті, температураны, атмосфералық қысымды өл-

шейтін өлшеуіші сағаттар бар. Бұл сағаттардың 

бағасы 40-600 доллардың аралығында. 

Orient 


сағаттары 

негізінен, 

механика-

лық.  Олар  ең  сенімді  болып  саналады.  Жаңа 



STyle Money

Керек-жарақтар



57

№3(05)  маусым 2014



STyle Money

Керек-жарақтар



САРАПТАМА

ҚолДАн ЖАСАлғАн САғАТТАРДы ҚАлАй АныҚТАУғА БолАДы

Сағат көшірмесін бағасы мен сапасына қарай шартты 

түрде үш топқа бөлуге болады: үстіртін, жақсы және дәл-

ме-дәл (репликалар). 



Үстіртін көшірмелер. Мұндай сағаттардың назар са-

лып  қараған  уақытта  бірден  байқалатын  кемшіліктері 

жетіп артылады. Бұл сағаттардың циферблаттары ұқыпсыз 

жасалып,  сандар  мен  кертілген  таңбалары  ығысып,  осьі 

бойынша  сәл  бұрылған  болуы  мүмкін.  Жазулардың  шет-

тері  үнемі  тегіс  болмайды.  Корпустағы  өрнектеу  әдет-

те  болмайды,  бірақ  кейде  «Swiss  Made»  және  тіпті  «Made 

in  Switzerland»  деген  дөрекі  жазулар  кездеседі  (  «Made  in 

Switzerland» таңбалауы швейцариялық сағат өндірушілер-

мен қарастырылмаған). Мұндай сағаттардың бауы былға-

ры алмастырғыштардан ұқыпсыз жасалады. Бауды бүккен 

кезде анық байқалатын қатпарлар мен кертіктер пайда бо-

лады. Тігістері қисық, кейбір жерлерінде жіптері адырай-

ып тұрады. Білезіктері де нашар – дөрекі штамптар, ішкі 

жағы қалай болса солай  ажарланған.

Жақсы  көшірмелер.    Мұндай  көшірмелер  түпнұсқа-

мен  салыстыруға  келеді.  Егер  сіз  түпнұсқа  сағат  көріп 

жүрген  болсаңыз,  белгілердің  орналасуы  мен  бедерле-

месіне  қарап,  сағат  көшірмесін  оңай  анықтай  аласыз. 

Мұндағы  жазулар  сәл  жоғары  немесе  сәл  төмен  орна-

ласады.  Белгілердің  бояуы  тегіс  болмауы  немесе  кей 

жерлерінде  сәл  сырылған  болуы  мүмкін.    Сағат  тілінің 

пішіні  төл  сағаттағыға  қарағанда  өзгеше  болуы  мүм-

кін.  Мұндай  сағаттардың  корпустары  мен  білезіктерін-

де бірқалыпты түсірілмеген жазулар байқалады. Көшір-

мелерді  жасайтын  өндірушілер  бүгілген  жабындарға 

түсіру  үшін  жалпақ  штамптар  қолданады,  сол  үшін  де 

бедерлемесінің тереңдігі біркелкі емес. Штамптар сирек 

ауыстырылады,  сол  себепті  де  уақыт  өте  келе  олардың 

шеттері өшіп қалуы мүмкін. Осыдан шеткі әріптер мен 

әріптердің шығыңқы  элементтері анық басылмайды. 



Дәлме-дәл  көшірмелер.  Швейцариядағы  фабри-

када  шығарылмағанынан  басқа,  түпнұсқадан  айыр-

машылығы  жоқтың  қасы.  Дәлме-дәл  көшірме  жасау 

қымбатқа  түсетін  іс.  Сондықтан  да  көп  жағдайда  олар-

дың  бағасы  жоғары.  Мұндай  сағаттардың  корпусын-

дағы  өңдеулер  әдетте,  түпнұсқаның  сипаттамаларын 

қайталайды. Корпустың ысып жылтыратылуы тиіс бола-

тын бөліктері ысып жылтыратылған, ал ажарлануы тиіс 

бөліктері ажарланған болады. Дәлме-дәл көшірмені түп-

нұсқадан ажырату үшін төл сағатты жан-жақты зерттеп 

тануға  тура  келеді.  Мамандардың  айтуынша,  ажырату 

мүмкін емес көшірмелер жоқ не болмаса жоқтың қасы. 

Өйткені  мұндай  көшірменің  бағасы  қыруар  ақша  тұра-

тын  еді  ғой.  Жалпы,  түпнұсқа  деп  отырған  сапалы  ре-

пликаны айқындай аса күрделі деуге болады. Корпустың 

ішін ашып көріп, механизмін қарап, жан-жақты жіті тек-

серу жүргізбей жатып, тіпті маман да қателесуі мүмкін. 

Көне  швейцариялық  Jaquet  Droz  сағат  шығару  компа-

ниясының  бас  директоры  Мануэль  Эмштің  айтуынша, 

швейцариялық  сағаттың  түпнұсқалығын  анықтау  үшін 

алдымен  оның  артқы  қақпағын  ашу  керек:  «Сағаттың 

түпнұсқалығын  механизмінің  сәнділігі  мен  көркемдігі 

шынайы растайды».


58

№3(05)  маусым 2014



Садақа сұрап 

байыған

Сауд  Арабиясында  жарты  жылға 

жуық уақыт садақа сұрап келген 100 

жасар  қарт  әйел  көз  жұмды.  Белгілі 

болғандай,  өмірінің  жартысын  қай-

ыр сұраумен өткізген бейшара әйел-

дің артында құны миллионға жететін 

қазына-мүлік қалған.

Джидда  қаласының  орталығында 

жылдар бойы қайыр тілеп жүрген Аи-

шаның бет-жүзін тұрғындардың бәрі 

дерлік  танитын.  Алайда,  Аишаны 

қандай  мұрагерлік  жинағынан  бәрі 

біле  бермеген  көрінеді.  Кейін  анық 

болғандай, анасы да қызы да қайыр-

шылықпен күн көрген Аишаның қала 

орталығында төрт үйі, бірталай баға-

лы әшекейлері мен алтын тиындары 

болған  екен.    Бәрін  есептеп  қосқан-

да,  жиған-терген  байлығының  құны 

миллион доллардан асып жығылған. 

Қария  үйіне  кедей-кепшіктерді 

кіргізіп,  тегін  тұрғызған.  Қайтыс 

болған  қарияның  бар  мүлігі  мемле-

кет меншігіне өтетін болады. Бұл осы 

үйде  тұрып  келген  адамдарға  басқа 

пана іздеуге тура келеді деген сөз.

FUn Money

Қызықты жайттар 



ойыншықтар 

арқылы алынған 

әсерлер

 

Чехияда  пүліш  аюларға  арналған 

туристік  агенттік  ашылды.  Пүліш  ой-

ыншықтар  үшін  Прагаға  бару  саяха-

тының құны 90 еуро. Саяхат келесідей 

жүзеге  асырылады:  қожайын  ойын-

шығын  Чехияға  сәлемдеме  арқылы 

жіберіп,  кейін  ойыншығының  бүгін 

қандай жерлерде болғаны туралы күн 

сайын электрондық хаттар алып оты-

рады.  Тур  аяқталған  соң  пүліш  ойын-

шық  Праганың  көрікті  жерлерінің 

қасында түскен фотосуреттері көшіріл-

ген  компакт-дискі  мен  арнайы  серти-

фикат қосылып беріліп кері жіберіледі. 

Бұған қоса, ароматерапия, массаж, 

фотоальбом,  сондай-ақ  ойыншыққа 

арналған  ыңғайлырақ  қорап  ұсыны-

латын  қымбатырақ  саяхат  та  ұсыны-

лады.    Турагенттік  клиенттері  доста-

рының  алдында  әлеуметтік  желілерде 

ерекше  фотосуреттерімен  мақтанып 

қалғысы  келетін  батыс  елдерінің  қал-

талы азаматтары болады деген үмітте. 



Қалтаны 

жұқартқан 

махаббат

Флорида  штатының  тұрғыны  тері 

ісігінің  бір  түріне  шалдыққан  Ареба 

есімді  тұты  құсының  еміне  75  мың 

долларға  жуық  қаражат  жұмсаған. 

Медицина  қызметкерлері  Ареба  екі 

айдан  артық  өмір  сүрмейді  деп  бол-

жам  айтқан  болатын.  Тұты  құстың 

салық  салу  жөніндегі  маман  болып 

жұмыс істейтін иесі Анна Лоури тоты 

құсына  жүргізілген  химиотерапия 

курсының ақысын төлеуге келіскен. 

Құс тәулік бойы ветеринарлардың 

қарауында  болған.  Алайда  тоты  құс 

бір жылдан кейін 42 жаста өліп қал-

ды. Лоури жұмсаған ақшасының құр 

кетпегеніне  сенімді.  Өйткені  жүр-

гізілген  ем    Аребаның  өмірін  ұзар-

туға  мүмкіндік  берді.  Айта  кететін 

жайт, Анна Лоуринің үйінде тағы 121 

тоты құс тұратын көрінеді. 


59

№3(05)  маусым 2014



FUn Money

Қызықты жайттар 

Korrespondent.net, Lenta.ru, Mirror, Netlore.ru материалдары бойынша

Қолы ашық зейнеткер

Немістің  Ашаффенбург  қаласының  тұрғыны  орталық 

көшелердің  біріне  шығып,  өтіп  бара  жатқан  адамдарға 

ақша  тарата  бастап,  мұнысымен  халықты  аң-таң  қалды-

рып, елеңдеткен. Мұндай ерекше әрекетке барған қарттың 

мойнында «Мен жұмыссыз емеспін, қаңғыбас та емеспін. 

Менің жұбайым, отбасым бар. Менде бәрі де жақсы, сол 

себепті де сізге бір еуро сыйға тартқым келеді». Ер азамат-

тың бұл қылығы көпшілікті таң қалдырып, біреулер оны 

алаяқ деп ойлап, тіпті полицияға хабарлаған көрінеді. 

Оқиға  орнына  келген  полиция  ер  азаматты  ұстап 

әкетеді.  Белгілі  болғандай,  ол  жақында  зейнеткерлік-

ке  шығып,  өзінің  бұл  қуанышымен  халықпен  бөліскісі 

келген. Ақша таратуға заңмен тыйым салынбағандықтан, 

жаңа зейнеткер бостандыққа жіберілген екен. 

Алтынды қай жерде 

сақтаған жөн

Үндістан ауруханаларының біріндегі хирургтар 63 жа-

сар    бизнесменнің  асқазанынан  алтын  құймалар  тап- 

қан.  Ер  азамат  ас  қорытуына  және  құса  беретініне 

шағымданған.  Ауруханаға  жатқызылған  кәсіпкерге  ота 

жасау  кезінде  дәрігерлер  оның  асқазанынан  салмағы 

400 грамм (14 унций) 12 алтын құйманы шығарып алды. 

Мұндай жағдайды бұрын-соңды көрмеген дәрігерлер сол 

бойда ауруханаға милиция мен кеденшілерді шақырып, 

құқық қорғау органдары алтындарды тәркілеген екен. 

Бизнесмен құймаларды осылайша, кеден арқылы өткіз-

се керек. Өткен жылы Үндістан үкіметі балағы металдарға 

сұранысты бақылауда ұстау үшін алтынға салынатын им-

порттық бажды үш есеге көтерген. 



Пүліш ойыншықты 

психиатрия

Интернеттің  неміс  аймағында  пүліш  ойыншықтарға 

арналған психиатриялық аурухана – parapluesch.de бар. 

Бұл  әлдебір  психологиялық  ойын.  Ойыншы  психиатр 

болып жұмыс істейді. Оның бес емделушісі бар: сусиыр 

Лило, қолтырауын Кроко, қой Долли, тасбақа Даб және 

жылан  Слай.  Олардың  әрқайсысына  жеке  диагноз  қой-

ылған:  бегемотта  аутизм,  қой  екі  жүзділікпен  аурады, 

қолтырауынға артынан біреу аңдып жүргендей көрінеді, 

ал жылан болса, елесті ауруға душар. Науқастарды тек-

серіп көруге (алайда, бұған мүмкіндік бермеуі мүмкін), 

арнайы бағдарламалардың көмегімен сынауға, екпелер 

егуге болады. Бұл үшін ем әдістері сілтелген  психиатрия 

оқулықтарының көмегіне жүгінуге болады. 

Егер ойланып, қалай және қандай реттілікпен әрекет ету 

керектігін  ойласа  –  пациенттің  жағдайы  оңалады.  Мұнда 

шынайы ауруханадағыдай, дәрігерлер кеңесу немесе тәжіри-

бе  алмасу  мақсатында  бір-бірлеріне  жазбалар  қалдыратын 

кітапша бар. Егер  науқастардың жағдайы тіпті мүшкіл болса, 

медициналық форумда консилиум жинауға болады. 

Ең  қызығы,  ұзақ  уақытты  емдеу  талпыныстарының 

немен  аяқталғанын  көру.  Соңында,  бұл  жай  ғана  он-

лайн-ойын  ғана  емес,  бізді  осындай  ерекше  тәсілмен  ем-

деген  ойыншықтардың  бірін  сатып  алуға  көндіретін  Ин-

тернет-дүкендердің  бірі  болып  шығады.  Психология!  Біз 

білетініміздей, дәрігерлердің көпшілігі өздерінің пациент-



теріне үйреніп, бауыр басып қалады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет