Қарыз алушының ісі


–  Сіз  осы  жобаларда  өзіңізді  кім  деп



Pdf көрінісі
бет2/8
Дата31.03.2017
өлшемі12,41 Mb.
#10788
1   2   3   4   5   6   7   8

–  Сіз  осы  жобаларда  өзіңізді  кім  деп 

білесіз? Бұл сізге не үшін қажет? 

–  Менің  басты  уәжім  –  мен  сүйікті  ісіммен 

айналысамын.  Егер  қандай  да  бір  коммерци-

ялық  тұстарды  шетке  қоятын  болсақ,  музыка 

кез  келген  адамға  көп  нәрсе  –  бедел,  рухани-

лық, ақшамен өлшенбейтін нәрселерді береді. 

Жақында Еркеш Шәкеев маған: «Мен  поп-му-

зыка – профанация екенін түсіндім». Неліктен 

Стингтің  мадригал  жанрында  ән  салып,  сим-

фониялық  оркестрдің  сүйемелдеуімен  жұмыс 

істей  бастағанын,  неліктен    «А-студио»  тобы-

ның  үлкен  симфониялық  оркестрді  жай  ғана 

аккомпанемент емес, өз бағдарламасының то-

лыққанды бөлігі ретінде таңдағандарын, нелік-

тен  ең  үздік  кинофильмдердің  классикалық 

әуен мен үлкен симфониялық оркестрді пайда-

ланатынын енді түсіндім. Өйткені бұл бізді Ға-

рышпен  байланыстыратын  мінсіз  үндестікте-

гі құрал болса керек. Сол себепті де музыканы 

қаржы жағынан бағалауға болмайды. 



– Біз іскерлік басылым болғандықтан әң-

гімеміз қаржы жөнінде. 

–  Неліктен  классикалық  музыкаға  өмір-

ден  мезі  болған  адамдар  мұқтаж?  Көп  нәрсе-

ге қол жеткізген адамдар бір кезде бәрінен де 

бас  тартып,  жандары  классикалық  музыканы 

ғана қалап жатады. Бұл неге байланысты? Бәл-

кім, бұл руханилықтың жоғары көрінісі шығар. 

Менің асқан бай, дәулетті достарым жандарын 

тебірентетін  жалғыз  ғана  нәрсе  –  классика-

лық музыка екенін айтады. Сол себепті де олар 



12

№3(05)  маусым 2014



VIP Money

Vis-a-vis

үнемі  классиканы  тыңдап  жүреді.  Бұл  да  көп 

нәрсені білдірсе керек. 



– Сіздің жұмыс кестеңіз қарбалас, гастроль-

деріңіз тағы бар. Мұндайда мінсіз көріну қан-

шалықты қиын, бұл үшін не істейсіз?

–  Қазақтар,  әсіресе  ер  азаматтар  табиға-

тынан  жалқау  болып  келеді.  Мен  мұны  әкеме 

қарап айта аламын. Әкем жатып алып арман-

дағанды ұнатушы еді. Мұндай жалқаулық кей-

де менде де болады. Бірақ мен егер бір орында 

тоқтап қалсам, өрге емес төменге қарай дома-

лайтынымды  білемін.  Ал  егер  демала  баста-

сам, бірден ауырып қаламын. Әкем жас кезінде 

көрікті болатын, кейін зейнеткерлікке шығып, 

жанарындағы оты сөне бастады. Кейін кеудіре-

ген  шалға  айналды.  Мен  үшін  бұл  сабақ  бол-

ды. Сол үшін мен ешқашан да зейнеткерлікке 

шықпаймын,  үнемі  жұмыс  істеп,  қозғалыста 

боламын және жиі-жиі ұшақтармен ұшып тұра-

мын деп шештім. Өйткені уақыт концепциясы-

ның өзі - өте субъективті. Менің байқағаным, 

егер айналаңдағы көріністі жиі өзгертіп отыр-

саң,  уақыт  та  ұзарғандай  көрінеді.  Керісінше, 

егер  бір  жерде  бір  аптадан  артық  аялдап  қал-

сам, уақыт қысқара бастағандай көрінеді. 

– Біраз уақыт бұрын жазушылық қырыңы-

здан танылып, жарыққа кітабыңыз шыққан 

болатын. Айтыңызшы, сіз сатылымнан қан-

дай да бір коммерциялық нәтиже күттіңіз бе?  

–  5  мың  дананың  бәрі  сатылды  десе  бола-

ды  (2011  жылы  жарық  көрген  «До...Ре…»  ав-

тобиографиялық  кітабы  –еск.  GM).  Кітабым 

қол жетімді бағада болды, мұқабасын да жұм-

сақ етіп шығардым. Неге екенін білмеймін біз-

де  кітап  тасқа  қашалғандай,  алтын,  мұқабасы 

қатты,  ауыр  болу  керек  деп  саналады.  Менің 

ойымша:  адамдар  кітапты  оқу  үшін  кітап 

жеңіл болуы тиіс. Кітап барынша қысқартылып 

жазылған,  кітап  музыка  сияқты  өтірік  пен 

екіжүзділікті  жақтыртпайды,  мұнда  барын-

ша ашық болу, әзілдей білу қажет. Мен мұның 

бәрін  кітапта  қамтуға  барынша  тырыстым. 

Оқырмандар бағалай білді деп ойлаймын. 

– Бұл коммерциялық жоба болмады ма?

– Менде әуелден пайда көріп қалайын деген 

ой болған емес. Мен кітап бестселлер болса екен 

дедім. Сыйлық ретінде бергім келмеді. Адамдар 

кітапты сатып алып оқығанын қаладым.

–  Әңгімемізді  материалдық  игіліктер 

жөніндегі  тақырыпта  жалғастырсақ.  Сіз 

үшін  жылжымайтын  мүлік  инвестициялық 

құрал ма, әлде қажеттілік пе? 

–  Мен  Англиядағы  үйімді  сатып,  Франция-

дан үй сатып алсам ба деп жүрмін.

Сатылған  үй  жақсы  инвестиция  болды. 

Өйткені  Англиядан  үй  сатып  алу  бір  кездері 

Франциядан немесе басқа бір жерден тіпті Қа-

зақстаннан  үй  сатып  алғаннан  гөрі  тиімдірек 

болды.  Неге  екенін  білмеймін,  бірақ  Англия-

дағы  үйлердің  бағасы  қымбаттап  келеді.  Қай-

ткенмен  де,  оларды  Алматыдағы  бағалармен 

салыстыруға тура келмейді. Егер мен оңтүстік 

астанадан жақсы бір пәтер сатып алуды шеш-

сем,  маған  Англиядағы  үйімді  сатуға  тура  ке-

лер еді. Алайда бұл да жетпейтін еді. 



–Бұл  сіздің  алғашқы  инвестициялық 

тәжірибеңіз болды ма?

– Мен ең алғашқы үйімді сонау 1992 жылы 

сатып алған болатынмын. Өкінішке орай, мен 

сол  кездері  бөлек  үй  сатып  ала  алмадым,  үй-

імнің  бір  қабырғасы  көршілерімнің  қабырға-

сымен ортақ болатын. Мен скрипкашы болған-

дықтан,  үйден  үнемі  скрипканың  әуені  шығып 

тұратын. Көршім болса, маған ашынып, шағы-

мын айтатын. Күндердің күнінде үйімі әкімдік-

тен адамдар келіп, «дыбыстық сараптама» жүр-

гізіп,  ол  үйден  кетуім  керектігін  айтты.  Амал 

қанша,  үйімді  сатуыма  тура  келді.  2-3  жылда 

бағалар  көтерілгендіктен,  аздап  табыс  көрдім. 

Әрине,  егер  сол  үйде  он  жыл  тұрғанымда  үй-

імнің бағасы 2-2,5 есеге өсер еді! Араға 10 жыл 

салып  Йоркширден  үй  сатып  алғанымда  сол 

кездегі үйлердің бағасы үш есеге өскен еді!

Иә,  Англиядан  үй  сатып  алуым,  әсіресе, 

1990-шы жылдары менің ең дұрыс инвестици-

ям болды деуге болады. Бүгін салым салу кеш-

теу. Сол сияқты Страдивари скрипкасын сатып 

алу  да  инвестиция  болып  саналмайды.  Өйт-

кені  бағалардың  шарықтап  тұрғаны  сонша, 

кейін сатып жіберуің екі талай. Қазіргі уақыт-

та Франциядан жылжымайтын мүлік сатып алу 

қаншалықты  тиімді  екенін  білмедім,  алайда 

бағалар Лондон мен Алматымен салыстырған-

да  әлдеқайда,  қол  жетімді.  Меніңше,  оңтүстік 

астанада  жылжымайтын  мүліктің  құны  тым 

қымбат, тіпті санаңа да қонбайды. 



–  Акциялар  нарығындағы  тәжірибеңіз 

жөнінде айтып беріңізші.

–  Өкінішке  орай,  мұндай  тәжірибем  маған 

тек  кесірін  тигізді.  Өзімнің  еңбектеп  тапқан 

ақшамды  Killik&Co  компаниясына  берген 

Мен бір кездері аш 

жүргендіктен көп нәр-

сеге қол жеткіздім. 

Мәскеудегі жатақха-

нада күнімді көру үшін 

аптасына 3 рубль жұм-

сайтынмын. Ата-анам 

маған көмектеспей-

тін, бірақ бұл оларға 

деген махаббатыма 

нұқсан келтірген емес. 

Бұл мені шыңдай түсті. 

Қабырғаға тірелген 

адам кенеттен тек 

дарындылығын ғана 

емес, бойындағы бар-

лық мүмкіншіліктерін 

сыртқа шығарады



13

№3(05)  маусым 2014



VIP Money

Vis-a-vis

болатынмын.  Сол  кезде  олардың  акциялары 

шарықтап тұрған еді. Білесіз бе, басымнан өт-

кен  бұл  жағдай  маған  «Уолл-стрит  қасқыры» 

фильміндегі «СтрэттонОукмонт» компаниясын 

еске салады. Маған мені ақша салуға көндірген 

дәл  сондай  «қасқыр»  жолықты  деуге  болады. 

Сол  жылдары  интернет-компаниялар  дамып 

келе  жатқан  болатын.  Бірнеше  айдың  үстінде 

капиталым бірнеше есеге өсіп шыға келді. Сон-

да мен тағы біраз ақша салдым. Біраз уақыттан 

соң әп-сәтте бәрі төмен түсті. Сол кездегі бет-

жүзім  бар  ақшасынан  айырылған  тура  ДиКа-

прио  персонажындағыдай  еді.  Мені  көрсеңіз-

дер ғой. Осыдан кейін мен білетін салаға ғана 

инвестиция салу керектігін түсіндім. Меніңше, 

анағұрлым аз тәуекелді инвестиция – жылжы-

майтын мүлік. Әрине, егер мұндай мүлік төң-

керіс  болмайтын  тұрақты  мемлекетте  ғана 

болса. Мысал ретінде Йоркширдегі үйімді айта 

аламын. 


– Сіз жолы болғыш инвестор да екенсіз ғой!

– Мүмкін солай шығар, бірақ көрген қиын-

шылықтарым  да  аз  болмады.  Мысалы,  маған 

жетпеген  ақшаны  табу  қиын  болды.  Ол  жер-

дегі ипотеканың шарттары аса қолайлы. Жыл-

дығы небәрі 2,5%. Алайда несие алу өте қиын. 

Өйткені  мейлі  вахтер  болып  жұмыс  істесең 

де, тұрақты жұмысың болуы керек. Ал мен си-

яқты фрилансерлер жақсы табыс тапқанымен, 

ешнәрсе  дәлелдей  алмайды.  Ал    Бирмингем 

консерваториясында  профессор  болып  жұ-

мыс істегенімде несиені еш қиындықсыз алған 

едім. Бүгін де мен концерттерімді қойып, бір-

шама  табыс  тауып  жүрмін,  алайда  мен  бұл 

кірісім тұрақты екенін дәлелдей алмаймын.   

– Мүмкін Депардье сияқты кетіп қалатын 

шығарсыз?

–  Жоқ,  Депардье  сияқты  болу  қайда  маған. 

Ол  миллионер  болғандықтан  табысының  75% 

салық  ретінде  төлеуге  мәжбүр  болғандықтан 

кетіп  қалды.  Мен  оны  түсінемін.  Оның  ор-

нында  болсам  мен  де  басқа  мемлекетке  ке-

тетін едім. Бірақ маған мұндайы қауіп төнбей-

ді.    Францияда  тұратын  қарапайым  адамдар 

үшін  Франция  социалистік  ел.  Мұнда  социа-

лизм  Кеңес  Одағы  дәуіріндегіден  артық.  Өмір 

сүруге  өте  қолайлы  мемлекет,  әлеуметтік  ар-

тықшылықтар да баршылық.



–  Музыкалық  аспаптарға  инвестиция  са-

ласыз ба, әлде оларды тек кәсіби мақсаттар 

үшін сатып аласыз ба? 

–  Негізінен  өзім  үшін  сатып  аламын.  Мен 

дауысы жақсы аспаптарды ұнатамын. Бағасы 

қымбат  болуы  міндетті  емес.  Әрине,  уақыт 

өте келе олар инвестиция құралына айналуы 

мүмкін  –  жақсы  аспаптардың  бағасы  әрдай-

ым  көтеріліп  отырады.  Мануфактуралы,  қы-

тайлық  аспаптардың  бағасы  өспейді.  Тіпті 

XIX  ғасырдың  ортасында  жасалған  немістің 

мануфактуралы  аспаптарының  бағасы  бір 

центке  де  қымбаттамаған.    Инвестициялар 

– қолмен жасалған және дауысы керемет ав-

торлық  жұмыстар.  Сондықтан  да  кейбір  ас-

паптар мінсіз көрінгенімен де, дауысы нашар 

болып келеді.  

– Табысқа жетуіңіздің сыры неде?  

–  Теория  жүзінде  аштықтық  арқасы  деп 

білемін. Мен бір кездері аш жүргендіктен көп 

нәрсеге  қол  жеткіздім.  Мәскеудегі  жатақхана-

да  күнімді  көру  үшін  аптасына  3  рубль  жұм-

сайтынмын.  Ата-анам  маған  көмектеспейтін, 

бірақ  бұл  оларға  деген  махаббатыма  нұқсан 

келтірген  емес.  Бұл  мені  шыңдай  түсті.  Қа-

бырғаға  тірелген  адам  кенеттен  тек  дарын-

дылығын  ғана  емес,  бойындағы  барлық  мүм-

кіншіліктерін  сыртқа  шығарады.  Жаның 

қиналса,  көп  нәрсеге  қол  жеткізесің.  Мен  Ан-

глияда  осындай  күйді  бастан  кешірдім.  Әй-

еліммен  ажырастым.  Қиын  сәттерді  бастан 

кешірдім.  Дәл  осы  кезде  мен  өзгеріп,  басқа 

адамға айналдым. Көріп отырғандарыңыздай, 

нәтиже көп күттірмеді. 

 


14

№3(05)  маусым 2014



nATIonAl Money

Болған оқиғалар 

Банктер

Капитал 

ұлғайту 

Адамдар


Қызметке 

тағайындалды

Bank RBK 2 млн жай акцияны орна-

ластыру  есебінен  жыл  басынан  бері 

өзінің жарғылық капиталын 20 млрд 

теңгеге  ұлғайтты.  Тартылған  қара-

жат  экономиканың  корпоративтік 

секторын  қаржыландыруға  және 

ШОБ  несиелендіруге  жіберілетін  бо-

лады.  Банктің  жарғылық  капиталы 

жаңа  эмиссиядағы  акциялардың  ор-

наластырылуынан  кейін  2,5  есеге 

(34,5  млрд  теңгеге  дейін),  меншікті 

капиталы  –130%  (37,6  млрд  теңгеге 

дейін)  өсті.  Банк  жыл  соңына  дейін  

жиынтық капиталын 40 млрд теңгеге 

дейін жеткізуді көздеп отыр. 

«Жарғылық  капиталдың  20  млрд 

теңгеге  ұлғайтылуы  акционерлер 

бекіткен  банктің  капиталданды-

рылуын  кезеңбе-кезең  өсіру  жоспа-

рының  аясында  жүргізілді.  Егер  Еу-

разиялық  экономикалық  одақтың 

құрылуы  және  ДСҰ  кіру  сияқты  ішкі 

немесе сыртқы алғышарттар банктің 

бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін 

акционерлерден  қосымша  «жоспар-

дан  артық»  салымдарды  талап  етсе, 

мұндай  инвестициялар  күттірмей 

бірден  жүзеге  асырылатын  болады. 

Банк жаһандық және аймақтық инте-

грациялануда өзі үшін жаңа мүмкін-

шіліктерді  көріп  отыр.  Акционерлер 

болса,  мұндай  мүмкіншіліктер  іске 

асуы  үшін  банкке  уақытылы  қажет-

ті  қаржыландыру  ұсынуға  бел  буып 

отыр», - деп хабарлады Bank RBK ди-

ректорлар кеңесінің төрағасы Фарид 

Люхудзяев.

Qazaq Вanki басқарма төрағасы ауысты. 20 мамырдан бастап, бұл 

лауазымға  Мирлан  Тәшметов  тағайындалды.  Басқарма  төрайымы 

қызметін бұған дейін атқарып келген Бикеш Жұмашева қазіргі уақыт-

та Qazaq Вanki директорлар кеңесінің мүшесі лауазымын атқаруда.

Мирлан  Ташметов  өзінің  еңбек  жолын  ҚР  Ұлттық  банкінде 

бастаған. ҚҚА мен Бағалы қағаздардың орталық депозитарийінде 

жұмыс істеп келген. Әр жылдары «Сентрас Секьюритиз» компани-

ясында,  БТА  Банкте,  «Қазына  Капитал  Менеджмент»  АҚ,    «Отан» 

ЖЗҚ басшылық лауазымдарын атқарған. «Қазақстан қор биржасы» 

АҚ, «БТА Секьюритис» АҚ, «Grantum Asset Management» АҚ тәуел-

сіз директоры болып табылады.

«2013 жылы Qazaq Banki акционерлері мен басқарушылары ауы-

сты.  Топ-менеджерлер  мен  банк  ұжымының  қажырлы  еңбегінің 

арқасында  банк  аз  уақыттың  ішінде  ребрендинг  жүргізіп,  бүкіл 

бизнес-процестерді  жандандырып,  бизнестің  барлық  бағыттары 

бойынша елеулі нәтижелерге қол жеткізді. Таяуда жарғылық капи-

талдың екі есеге ұлғаюы осының айғағы. Бұл банк орнықтылығы-

ның нығайғанын ғана емес, акционерлердің тағы жаңа белестерді 

бағындыруға  ниетті  екендіктерін  және  сол  үшін    топ-менеджер-

лердің  алдына  бұдан  да  күрделі  міндеттер  қойып  отырғандарын 

айшықтайды.  Мен  үшін  Qazaq  Banki»  даму  стратегиясын  дамыту 

жұмыстарын  жалғастыру  үлкен  құрмет,  үлкен  жауапкершілік,  – 

деді Мирлан Тәшметов.

Салықтар


Жақсы жағдайлар 

жасалуда

4 маусымда ҚР Мәжілісі инвестициялық ортаның жақсартылуына 

бағытталған түзетулерді мақұлдады. Заң жобасымен жасалып оты-

рған келісімшарттардың аясында мемлекет тарапынан көрсетілетін 

қолдаудың қосымша шаралары енгізілмек. Атап айтқанда: КТС мен 

жер салығын төлеуден 10 жылға, мүлік салығын – 8 жылға босату, 

нысан пайдалануға енгізілгеннен кейін инвестордың күрделі жұм-

салымдарының 30% дейінгі көлемін мемлекеттің өтеуі, инвестици-

ялық  келісімшарт  жасалған  сәттен  бастап,  салық  ставкаларының 

(ҚҚС  мен  акциздерден  басқа),  экологиялық  алымдар  ме  төлем-

дердің  10  жылға  дейінгі  мерзімге  «тұрақтытылуы»,  нысан  пайда-

лануға енгізілгенге дейін кезеңге квотадан тыс және рұқсаттарсыз 

шетелдік жұмыс күшін тарту құқығына тағы бір жыл қосу. Заңнама 

инвесторлардың құқықтары мен мүддесін қорғау үшін  «инвестици-

ялық омбудсмен» институтын енгізіп отыр. 


15

№3(05)  маусым 2014

Құралдар

Мұхит асқан эмитент

4 мамыр күні KASE Bank of America жай акцияларының сауда-сат-

тығы  басталды.  Сауда-саттықтың  алғашқы  күнінде  бір  акцияның 

құны 2 785 теңге бағамен 67 бағалы қағаз сатылды. «Біз сауда-сат-

тықтың  жоғары  белсенділігіне  үміт  артпай,  сауда-саттықты  әдейі 

мереке күндері бастадық. Бұл ең алдымен, біздің бүкіл техникалық 

процедураларымызды жолға қою үшін жасалған қадам болды. Сол 

үшін күн тыныш өтті – біз небәрі екі мәміле жасастық. Есесіне, біз 

жүйеміздің  қалыпты  жұмыс  істейтініне  және  бағалық  қағаздарға 

баға  белгілей  алатынымызға  көз  жеткіздік»,–  деді  листинг  баста-

масшысы болған Freedom Finance инвестициялық компаниясының 

бас директоры Тимур Турлов алғашқы сауда күнінің қорытындысын 

түйіндеп.  Оның  пікірінше,  Bank  of  America  акциялары  Қазақстан 

қор биржасында анағұрлым өтімді акциялардың бірі болады. 

Қаражат

Сену-

сенбеу өз 

еркіңізде…

Өндіріс


Жергілікті колорит

Еуразиялық  экономикалық  одақ 

(ЕЭО) шеңберіндегі бірыңғай валюта 

11 жылдан кейін ғана пайда болады. 3 

маусым күні Еуразиялық экономика-

лық кеңестің (ЕЭК) интеграция және 

макроэкономика жөніндегі министрі 

Татьяна Валовая мәлімдегендей, ЕЭК 

2025 жылы бірыңғай қаржы нарығы 

қалыптасқанға дейін бірыңғай валю-

таға көшудің маңызы жоқ деп санай-

ды.  Оның  айтуынша,  қазіргі  уақыт-

та  ЕЭО  деңгейінде  валюталық  одақ 

перспективалары  мен  бірыңғай  ва-

люта  құру  мәселелері  талқыланбау-

да. Өз кезегінде ЕЭК сауда министрі 

Андрей Слепнев бірыңғай валютаны 

енгізудегі қиындықтар ұлттық валю-

талар мен ұлттық экономикалардың 

сыртқы конъюнктурасына, атап айт- 

қанда,  мұнай  нарығының  серпініне 

әртүрлі көзқарастарға байланысты бо-

лып отырғанын мәлімдеді.

Өздеріңіз  білетіндей,  29  мамыр 

күні Астана қаласында Беларусь, Қа-

зақстан  және  Ресей  елдерінің  пре-

зиденттері  ЕЭО  туралы  шартқа  қол 

қойған  болатын.  2015  жылдың  1 

қаңтарынан  бастап  күшінен  енетін 

құжат экономикалардың жоғары дең-

гейдегі интеграциялануын көздейтін 

болады.  Осы  арқылы  одаққа  мүше 

мемлекеттер  тауарлардың,  қызмет-

тердің,  капитал  мен  жұмыс  күшінің 

еркін 

қозғалысына, 



энергетика, 

өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, көлік 

сияқты  негізгі  салаларда  бір  ымы-

раға келіп, келісілген саясаттың жүр-

гізілуіне  кепілдік  береді.  Былайша, 

ТМД кеңістігінде (170 млн адам) үл-

кен ортақ нарық қалыптастырылады 

Bank RBK өңдеу өнеркәсібінде ШОБ қолдау көрсетудің мемлекеттік 

бағдарламасы шеңберінде Алматы қаласында  салынатын лак-бояу за-

уытының құрылысын қаржыландыратын болады.  «COLOR International 

Technologies»  компаниясы  жобаның  іске  асырылуына  бөліп  отырған 

214,65  млн  теңге  мөлшеріндегі  несие  жеңілдік  қарастырылған  жыл-

дығы 6% мөлшерлеме бойынша қайта қаржыландырылмақ. 

Испандық  заманауи  құрылғылармен  жарақталатын  зауыт 

COLORIT  сауда  белгісімен  жоғары  сапалы  әрі  экологиялық  таза 

(органикалық  еріткіштерсіз)  интерьерлік,  қасбетті,  және  декора-

тивтік бояуларды шығаратын болады. Кәсіпорын толық өндіріс қу-

атына  (жылына  30  000  тонна  өнім)  шыққан  уақытта  80-ге  жуық 

жұмыс орнын құруды жоспарлап отыр. 2014 жылдың соңына дейін 

зауыт өндіретін өнімдер Қазақстанның барлық ірі қалаларына са-

туға шығарылады деп көзделуде. 

«Аталмыш  мемлекеттік  бағдарламаның  аясында  біздің  банкке 

ШОБ қаржыландыру үшін барлығы 2 млрд теңге бөлінді, – деді Bank 

RBK басқарушы директоры Тимур Шәріпов. – «COLOR International 

Technologies» ЖШС тізгініндегі алғашқы жоба мақұлданып үлгерді. 

Әлі біраз өтінімдер қарастырылу үстінде. Бизнеске арналған несие-

лендірудің шарттары өте тиімді, бағдарламаға қатысуға деген ниет 

те жоғары. Сол себепті біз бөлінген қаражатты түпкі қарыз алушы-

ларға барынша аз уақыттың ішінде жеткізуді көздеп отырмыз». 

Банктердің баспасөз қызметі, Kursiv.kz, 

Lenta.ru, Интерфакс-Қазақстан

nATIonAl Money

Болған оқиғалар



алдағы амнИстИя 

шеңберінде 

қайтарылмайтын 

сомалар 


ешқашан қайтып 

оралмайды



Еуразиялық қаржылық консалтинг орталығының 

президенті, бірқатар отандық банктердің директорлар 

кеңесінің кеңесшісі Жомарт Ертаевтың пікірінше, 

активтерді заңдастыру үшін Қазақстанда ең 

лайықты уақыт таңдалды. Ішкі және сыртқы 

алғышарттар акциялардан келтірілетін жоғары 

әсерді көздеуге мүмкіндік беріп, экономикада 

инвестициялық белсенділіктің өсуіне әкеледі.

Виолетта Шен

nATIonAl Money

Заңдастыру

16

№3(05)  маусым 2014



17

18

№3(05)  маусым 2014



–  Қалай  ойлайсыз,  мемлекеттің  осымен 

үшінші мәрте капитал амнистиясын жария-

лауының себебі неде?

–  Формалды  себеп  –  2018  жылға  жоспар-

ланған Қазақстандағы кіріс пен мүлікті жап-

пай декларациялау. Мұндай қадам қарсаңын-

да  мемлекеттің  өз  азаматтарына  активтерін 

заңдастыруға  құқық  беруі  орынды  жайт. 

Мемлекет  мұндай  қадамға  адамдардың  са-

лық декларациясын жауапты түрде және адал 

толтырады,  кірісін  адал  көрсетіп,  бюджетке 

тиісті салықтардың бәрін төлейді деген есеп-

пен  барып  отыр.  Бұл  азамат  пен  мемлекет 

арасындағы  өркениетті  қарым-қатынастар 

және  де  егер  біз  өркениетті  қоғамда  тұрып, 

қоғам  игіліктерін  пайдаланғымыз  келсе, 

жаппай  декларациялау  оның  атрибуттары-

ның  бірі  болып  табылатынын  түсінуіміз  ке-

рек. Ал мұндай қарым-қатынасқа көшу үшін 

адамдарға  бүгінгі  таңда  де-факто  иеленіп 

отырған  мүлігі  мен  жинақтарына  құқықта-

рын  де-юре  рәсімдеуге  мүмкіншілік  беру 

орынды болған болар еді. «Амнистия» сөзінің 

өзі  осы  науқанды  пайдалануға  ниет  білдір-

ген азаматтарға құқық қорғау органдары та-

рапынан қандай да бір қуғындаудың болмай-

тына кепілдік берілетінін меңзейді. Бұл ретте 

адамдарға нақты сигнал берілуі тиіс: науқан 

мерзімі  аяқталғаннан  кейін  заңдастырыл-

маған  активтер  барлық  салдарымен  қоса, 

заңсыз болып саналады. 

– Сіз қазір формалды себебін айтып отыр-

сыз. Ал формалды емес себептері бар ма?

–  Формалды  деуге  келмес,  дұрысы  -  өза-

ра  байланысты  немесе  өзара  толықтырушы, 

қазіргі  конъюнктураның сұранысы деп айтуға 

болатын шығар. Қазақстан экономикасы үшін 

инвестициялар  тарту  мәселесі  қазір  бірқатар 

себептер  бойынша  ерекше  өзектілікке  ие  бо-

лып отыр. Қашағандағы өндіріс кейінге қалды-

рылды.  БЖЗҚ  шоғырландырылған  зейнетақы 

қорларының      ресурстары  әлі  де  айналыстан 

шығарылып  отыр.  Депозиттердің  есебінен 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет