BarMax Ca (999 доллар). Бағдарлама
Калифорнияда заңгер болғысы келетін
адамдардың салалық емтиханға дайында-
луларына мүмкіндік береді. Қосымшада
жауаптары қоса берілген тесттер, Гар-
вард университетінің ең үздік профессор-
ларының жазбаша және аудиоформат-
тағы дәрістері қамтылған.
app.Cash (999 доллар). iPad-ты касса-
алық аппарат ретінде қолдануға мүмкін-
дік береді. Қосымшаны мұншама қымбат
болғанымен, әзірлеушілер бағдарлама-
ның жоғары сұранысқа ие екенін айтуда.
Agro (999 доллар). Фермерлердің жұ-
мысын жеңілдетіп, көп астық алуға мүм-
кіндік беретін қосымша. Қосымшада
өсімдіктерді қалай баптап-күту керекті-
гі туралы барлық қажетті нұсқаулықтар
қамтылған.
iDIA (399 доллар). Тез арада диагноз
қойып, жануарға тиісті ем тағайындауға
мүмкіндік беретін ветеринарға арналған
сандық көмекші.
Yablochno.com
Gartner
берген
бағасы
бойын-
ша 2017
жылы
жиын-
тықтап
алғанда
шамамен
269 млрд
қосымша
жүктеліп,
түскен
пайда
76,5 млрд
долларды
құрайтын
болады
жоғарырақ украиндық және бело-
рустық агенттіктерде беруге ты-
рысады. Бұл арзанырақ, сапасы да
көңілден шығады.
Десек те, IT-сарапшының сөзін-
ше, жоғары үміт күттіретін әзірле-
ушілер Қазақстанда да бар және
олардың саны жылдан-жылға ар-
тып келеді. Жергілікті ІТ-маман-
дар негізінен, төлем сервистерін,
банк бағдарламаларын, танымал
веб-сайттардың мобильді нұсқа-
ларын, сондай-ақ алуан түрлі
анықтамалық қосымшалар жасап
шығарады. Жақсы мысал ретінде
банкоматтарды, айырбастау пун-
кттерін, нотариустарды және басқа
да қаржы сервистерін іздеуге ар-
налған «Point+ Қазақстан» қосым-
шасын, төлемді кез келген банк
карталарынан жүргізуге болатын «Mypay.kz» онлайн-төлемдері
бойынша алғашқы әмбебап мобильді қосымшасын, Homebank.
kz, Kolesa.kz және Ticketon.kz сервистерін келтіруге болады.
Бұл индустрия жеткілікті дамымағандықтан, қазақстандық жо-
баларға салынатын қандай да бір инвестициялап туралы да ай-
тудың реті жоқ. «Инвесторлар салымдар салған стартаптар сау-
сақпен санарлық. Әрине бұл өкінішті», – деді Горожанкин.
Қайткенмен де, мобильді қосымшалар нарығы – барлық әзірле-
ушілер қай елде тұратындықтарына қарамастан, алпауыт дүкен-
дермен теңдей ынтымақтастық қатынас орната алатын жаһандық
виртуалды алаң. Мұндағы табыс факторлары – өзіндік идеялар,
қажырлы еңбек және Ғаламторға кіру мүмкіндігі.
Осы орайда J’son&Partners жасаған болжамдарға сүйенсек, қо-
сымшалар сататын дүкендердің әлемдік нарығының көлемі құны
жағынан 2015 жылы 36 млрд долларға жуықтайтын болады. Өз
кезегінде, Gartner зерттеу компаниясының берген бағасы бойын-
ша 2017 жылы жиынтықтап алғанда шамамен 269 млрд қосымша
жүктеліп, түскен пайда 76,5 млрд долларды құрайтын болады. Де-
мек, мобильді қосымшалардан келтірілетін кірістілік алдағы бола-
шақта өседі.
dIGITAl Money
Мобильді қосымшалар
42
№3(05) маусым 2014
Жоғары нәтижелі
менеджерді немесе
кәсіби ораторды үш
күннің ішінде қалай
дайындауға болады.
Жанар Жансейіт
Жұлдыздар фабрИкасы
Қазақстандық консалтинг
15 жылдық жұмыс өтілі бар бизнес-жаттықтырушы
Мая Цыганенконың пікірінше, отандық коучинг (ағылш.
coaching – жаттықтыру, дайындау) нарығы көптеген ұсы-
ныстарға қарамастан, әлі де болса жеткілікті дамымай
келеді. «Әйтпесе, тапсырыс берушілер нарықтың бұл
түрінде жұмыс істеген мұншалықты қиын болмайтын
еді. Әрине, біз өзімізді тыныштандырып, нарықта же-
келеген бизнес-жаттықтырушылар мен оқыту жөніндегі
SMArT Money
Тренингтер
43
№3(05) маусым 2014
провайдерлер бар дей аламыз. Алайда нарықтың жетіл-
генін бизнес-оқытуларға деген сұраныстың, әсіресе кор-
поративтік форматта қаншалықты қанағаттандырылға-
ны көрсетеді».
Тренингтердің бірыңғай топтастырылуы жоқ. Бірақ
жалпылап айтқанда олар дағдылық, психотерапевттік
және әлеуметтік- психологиялық болып бөлінеді. Әдет-
те, оқыту процессі рөлдік ойындар, кейстер, топ арасын-
дағы пікір-талас, бейне талдау, модерация түрлерінде
өтеді.
Қазақстанда кеңінен team building түріндегі тре-
нингтер өткізіледі. Мұндағы міндетті шарттардың бірі –
олардың жұмыс кеңістігіне ұқсамайтын орында өткізілуі.
Топ мүшелері болса, тапсырмалардың бәрін бірігіп, жұ-
мыла орындаулары тиіс. Бұл белгілі бір нәтижені мы-
салы, сатылым көлемін, телефон арқылы жүргізілетін
сатылымды арттыруды, көздеген бизнес-тренингтер бо-
луы мүмкін. Не болмаса, қызметкерлердің қарым-қа-
тынас орната білу, күйзеліске төзімділік, өз-өзіне деген
сенімділік сияқты жеке қабілеттерін дамытуға бағыт-
талған тренингтер болуы мүмкін.
Отандық жаттықтырушылардың айтуынша, жеке қа-
білеттер жекелеген техникаларды мысалы, шешендік
өнерді, күйзелісті жеңе білуді, жақсы есте сақтауды,
уақытты басқара білуді меңгеру арқылы дамытылады.
Десек те, коучерлердің айтуынша, қызметкерлер пси-
хологиялық сипаттағы проблемаларды ұжым арасында
емес, жеке шешкенді қалайтын көрінеді.
«Жергілікті компаниялар тайм-менеджмент пен көш-
басшылыққа арналған тренингтерге жиі ұмтылады.
Топ ішіндегі жұмысқа және басқару қабілеттерін да-
мыту мәселелеріне арналған бағдарламалар да көп қы-
зығушылық туғызады. Ал қызметкерлеріне телефондық
сұхбат және көпшіліктің ортасында сөйлеу дағдыла-
рын үйрету тренингтеріне құлшыныс көп білдіріле бер-
мейді - дейді бизнес- тренингтерді үйлестіруші Елена
Васильченко.
Төрешілер кімдер?
«Қазақстанда мойындалған беделді тұлғаларды бірі
бірдей бірыңғай қабылдамайды, сол себепті де жат-
тықтырушыны таңдаған уақытта басшылыққа алуға бо-
латын ұсынымдарды нақты жазып айту мүмкін емес,
- дейді Елена. – Негізінен, біздің компаниялар әріпте-
стерінің пікірлеріне, танымал аттарға сүйенеді. Сон-
дай-ақ БАҚ жарнамаларға құлақ асады. Бұл жерде ақша
мәселесі де өзекті. Жалпы, қазақстандық нарықтағы тре-
нингтердің бәрі бірдей, айырмашылықтары саусақпен
санарлық», Кейбір деректерге сүйенсек, өз ісінің шебер-
лері 20% аспайды. Жақсы компанияда сапалы қызмет
көрсету мен мінсіз ұйымдастырушылық сәттерден басқа,
тұрақты жаттықтырушылар тобы бо-
луы тиіс. Бұл компания өзінің әрбір
жаттықтырушысының алдында жа-
уапкершілік көтере отырып, өз бе-
делін қабірлей білетінін көрсетеді.
Негізі, тренингтің алдында қызмет-
керлер арасында шұғыл-диагностика
жүргізіліп отыруы қажет.
Бизнес-жаттықтырушы
деген
кәсіп атауы жоқ болғандықтан, са-
бақтарды әртүрлі мамандықтағы
адамдар өткізуі мүмкін. Сол үшін
де бұл кәсіпте «сырттан келген»
адамдар өте көп. Таңдалып отырған
жаттықтырушының
түйіндемесін
әбден зерттеу керектігін айтпаса да
болатын шығар.
Келдім. Көрдім. Үйреттім
Біздің нарықта өз нанын Ресей
мен Украинадан келетін тренерлер
тауып отыр. АҚШ пен Еуропадан ке-
летін жаттықтырушылар да жиі қо-
нақта болады. Гастролерлердің ара-
сында Ирина Хакамаданың
(оның бірнеше жыл бұрын ұй-
ымдастырылған курсы 60 000 теңге-
ге жуық болған), бүгін де көпке та-
нымал жазушы Оксана Робскидің
(Tengri Society Club «Бестселлерді қа-
лай жазуға болады» атты үш сағат-
тық дәрісін 45 000 теңгеге оқыған),
сондай-ақ
дүрліктірген
деректі
фильм пен аттас «Секрет» кітабының
сарапшы-кейіпкерлері Джеймс Арм-
стронг пен Самуэль Хоардың (10 000-
40 000 теңге) тренингтері жоғары та-
бысқа ие.
Қазақстанға жиі келетін қонақтар
арасында тайм-менеджмент бой-
ынша бірқатар кітаптардың авторы
Глеб Архангельский басқаратын ре-
сейлік консалтингтік компания бар.
Ресейдің басты «тайм-менеджері»
уақытты ресурс деп қарастыратын-
дықтан, жоғары құрметке ие.
Бағасы қандай
Қазақстанда топ арасындағы ко-
учингтің бағасы қанша? Кеңестің
тақырыбына қарамастан, бағалар әр
SMArT Money
Тренингтер
ПіКіР
Сектанттар
іспеттес
Біраз уақыт бұрын
менің бірнеше таны-
старым әр уақытта
әртүрлі тренингтер-
ге барып жүрді. Тре-
нингтерден кейін біре-
улері бойларынан осы
уақытқа дейін ашыл-
маған көптеген жақ-
сы қасиеттерді тауып,
діттеген мақсаттары-
на көбірек ұмытылып,
бос сөзден нақты
істерге тезірек көшу-
ді үйренді. Екіншілері
болса, мүлдем өзгеріп
кетті. Ой-саналары
бұрынғыға қарағанда
мүлдем өзгеріп шыға
келді, бұрын-соңды ай-
налыспаған істермен
білек түріп айналысып
кетті. Кейде баста-
рында әлдебір идея
пайда болса, бәрін
ұмытып, жан-тәнімен
соған беріліп кетеді.
Сырттан қарасаң, есі
ауысқан адам ба деп
ойлап қаласың. Ал
егер тренинг бірнеше
кезеңдерден тұратын
болса, бір кезеңінен
өтсе болды, міндетті
түрде келесі кезеңінен
өтуге ұмтылады. Тре-
нингтердің бағасы ар-
зан болмағандықтан,
мұның бәрі сектаны
еске салады. Мұның
бәрі емін-еркін ортада
бәрімен бірге әлдебір
жаңа нәрсеге үйре-
нетін, күш-қуаты, бос
уақыты көп, балалық
шағын сағынып жүр-
ген адамдар үшін (өз
заңдары, өз қағидала-
ры, өз идеясы бар) таң-
сық жаңа дін іспеттес
Полина С., Алматы
44
№3(05) маусым 2014
алуын. Ең қымбаты бизнес-курстар десек, өтірік айтқан
боламыз. Қайсыбір курстардың тарифтеріндегі логика-
ны танып-айту тіпті мүмкін емес.
Мысалы, көшбасшылық және басқару дағдылары бой-
ынша үш күндік тренинг үшін 82 500 теңге төлеуіңізге
тура келеді. Келіссөздер жөніндегі мінсіз кәсіпқой болу
екі есе арзанға түседі. Жапондық «кайдзен» менед-
жментін меңгеру 30 000 теңге тұрады.
Оңашада әйелдердің тартымдылығын арттыру кур-
стары – 80 000 теңге. Ал сексуалдық энергияңды кү-
шейту –20 000 теңгеге қымбатырақ. «Әйел болу өнері»
әлдеқайда арзан – 35 000 теңге.
Ой-санаңды өзгертуді ұсынатын абстрактылы семи-
нар үшін бар-жоғы 20 000 теңге берсеңіз болды. Ішкі кө-
кекөзіңе үңілуді үйрету тіпті арзан– 2 000 теңге.
Бұл тұста тегін тренингтік сайттардың да өрбіп жүр-
генін айтқан жөн. Әрине, бұл жерде сіздің нақты бір
нәтижеге қол жеткізетініңізге ешкім кепіл бермей-
ді. Сонысымен де тегін. Ал қазақстандық тренингтер
ТАРих
КоУчинг ҚАлАй
ПАйДА БолДы
SMArT Money
Тренингтер
Бір жарым-екі айдан
соң-ақ, алған әсерлер
суып, меңгерген
дағдылар мен
білім деңгейі қайта
төмендейді. Ал,
«өзгеріс үстіндегі»
тұлға болса, өзінің
сүйікті дағдыларына
қайта оралады.
Тренингтердің даму тарихы да,
оқытудың даму тарихы сияқты
мың жылды құрайтындықтан, бұл
құбылыстың даму тарихының қай
уақыттан бастау алатынын дөп ба-
сып айту мүмкін емес. Бүгінгі күнгі
коучингтің негізін салушы танымал
неміс әлеуметтік психолог Курт Ле-
вин деп айтуға болады. Екінші дү-
ниежүзілік соғыстан кейін Левин
мен оның әріптестерінің бірлескен
еңбегінің арқасында алғашқы тре-
нингтік топтардың негізі қаланған.
Қарым-қатынастардағы біліктілік-
ті арттыру зерттеушілерді кейінгі
зерттеулерге ынталандырған еді.
Бұлардың
нәтижесінде
зертте-
ушілер
қатысушылардың
жеке
әсерлерін топ мүшелерінің ара-
сында талдаған уақытта көбірек
нәтиже алатындығын байқаған.
Сол уақыттан бері жарты ғасыр-
дан астам уақыт өтті. Бүгін де бұл
іс үшін жаттықтырушылар үшін де,
шетелдік оқытушылардың қаты-
суымен өтетені тренингтердің ұй-
ымдастырылуына жауапты event-
компаниялар үшін де кәсіпке,
тіпті жақсы табыс көзіне айналып
отыр. Білімді, дағдыны, қабілетті
және әлеуметтік қағидаттарды да-
мытуға бағытталған бей-берекет
етек алып келе жатқан бұл белсен-
ді оқыту әдісі қазақстандықтардың
өміріне кеңес үкіметі заманынан
кейін АҚШ елінен келді.
45
№3(05) маусым 2014
бойынша бүкіл ақпаратты seminar.
kz, vsetreningi.kz, managers.kz. сайт-
тарынан табуға болады.
Коучингтің тізгініне іліну
Ел аузында тренингтер – бір кір-
сең шыға алмайтын тәуелділік де-
ген сөз бар. Бұл жерде, әңгімен
салалық тренингтер жөнінде бол-
маса керек. Интернет-форумдар-
да білдірілген пікірлерге қараған-
да, адамдар көбінесе, «қаржылық
күйреуден құтылу», «жеке өміріңді
жақсарту», «үйірімпаздылық пен
тартымдылыққа дағдыландыру» си-
яқты жеке бастың мәселесіне қа-
тысты коучингтер жөнінде теріс
пікірде.
Не болса да, ең бастысы, тренинг
қаншалықты нәтижелі болса да, адам
бір нәрсеге үйренуге, бір нәрсені
SMArT Money
Тренингтер
ЕЛ
аузында тре-
нингтер – бір кірсең
шыға алмайтын тәу-
елділік деген сөз бар
өзгертуге өзі құлшыныс білдіріп, ұмтылуы қажет деп
санайды кеңесшілер. Қыруар ақша жұмсап, небір кур-
старға баруға да болады, ақша төлемей-ақ Интернетті
ашып, қызықты әрі пайдалы жаңа нәрселермен танысуға
да болады. «Тренингтерге барып қана қоймай, шынайы
өмірдегі мәселелерді шешуді үйреніңіз, - деп кеңес бе-
реді Елена Васильченко. – Сапалы тренингтік жұмыс дәл
осыған арналған. Алған білімді нығайтып отыру қажет».
Сарапшының айтуынша, оқыту процессіне деген мақ-
сатқа бағыт алған әрі жүйелі амал «тренинг тигізген
әсерді» ұзартады. Әйтпесе, Бір жарым-екі айдан соң-ақ,
алған әсерлер суып, меңгерген дағдылар мен білім дең-
гейі қайта төмендейді. Ал, «өзгеріс үстіндегі» тұлға бол-
са, өзінің сүйікті дағдыларына қайта оралады. Бұл өт-
кен тренингтің сапасыз болғанын емес, меңгерген дағды
жаңа әдетке айналғанша, алған зарядты ұстап және ұзар-
тып отыру керектігін білдіреді. Қайтадан үйреткенше,
жаңадан үйреткен жеңілірек болғандықтан, тәжірибелі
қызметкерлерден гөрі жаңа келген жұмыскерлерді дағ-
дыландыру жеңілірек.
46
№3(05) маусым 2014
Бала жастайынан ақшаның құнын
түсінуі үшін не істеу керек?
кішкентай
Инвестор
Алғашқы тәрбие
Ақша туралы түсінік бала кезден
қалыптасады. Әрине, мұндай түсінік-
тің қалыптасуы ең алдымен, ата-
аналардың ықпалына, дәлірек ай-
тсақ, олардың өмірде ақшаға де-
ген көзқарастарына және қандай
үлгі көрсететіндіктеріне байланы-
сты. Баланың сөздік қоры «ақша»,
«жалақы», «ақша жинау» деген сөз-
дермен толыққан сәтке дейін ол өз
FAMIly Money
Тәрбие
Ольга Никольникова
ата-анасының осы ұғымдарға байла-
нысты білдірілетін қандай да бір эмо-
цияларын іштей сезінеді.
Балалардың бойында ақша туралы
түсінікті қалыптастырудағы ең басты
фактор әрине, ата-ананың беретін
тәрбиесі. Көп ата-ана осы алғашқы
білімді баланың дүниетанымына
іргетас етіп қалап отырғанын то-
лыққанды түсіне бермей, өз балала-
рына әлдебір нәрселерді үйретеді,
ақыл айтады, тәрбие бе-
реді. Уақыт өте келе бала
есейген уақытта бір кездері
берілген ақыл оның эмо-
циялық шалдығуына және
бұрыс әрекеттер жасауына
себепкер болып жатады.
Американдық
зертте-
ушілер көпшілік ата-ана-
лардың балаларына қан-
дай «қаржылық тәрбие»
47
№3(05) маусым 2014
Бала от-
басылық
бюджетті
талқы-
лау және
жоспар-
лау әң-
гімесіне
белсенді
қатысуы
қажет
FAMIly Money
Тәрбие
беретіндерін айтып, нақты мысалдар
келтірді. Мысалы:
«Анам жұмаққа тек кедей-кепшік-
тер ғана түседі деп айтады».
«Менің ата-анам маған, доста-
рымның менімен тек біз бай болған-
дықтан және біздің үлкен үйіміз бен
бассейніміз бар болғандықтан ғана
менімен дос болып жүргендерін
айтты».
«Ата-анам маған егер мен бола-
шақта табысты болмасам, қартайған
кезде қарттар үйінде тұратындықта-
рын айтты».
«Анам әдемі әйел өзінің көп ақша
табатынын көрсетпеу керектігін
айтты».
«Әкем маған ер адам әйелдерге
көп ақша табатынын айтпау керек,
әйтпесе олар ақшаңды тартып алғы-
сы келеді деп айтты».
«Ата-анам маған бай болу үшін
байлықтың құпиясын білу керек,
бірақ біздің үйде ол құпияны ешкім
білмейтінін айтты».
«Күндердің күнінде кедей болып
оянбауым үшін ата-анам маған күні-
не бір доллардан артық ақша жұмса-
уыма тыйым салды. Сол себепті мен
бір күні кедей болып оянбау үшін ұй-
ықтауға қорқатынмын».
Сондықтан да болар батыс зерт-
теушілер ақшаға қатысты психи-
калық ауытқулардың (сараңдық,
ысырапшылық, құмар ойындарға
тәуелділік, клептомания, шопого-
лизм) көпшілігін отбасындағы про-
блемалармен байланыстырады. Көп
жағдайда ата-аналар балаларға деген
сезімдерін ақшаның көмегімен біл-
діріп жатады. Мектепте жақсы баға
алса болмаса айтқандарын істеп,
тыңдаса, ақша береді, ал егер керісін-
ше, мұны істемесе, жаза ретінде ұсақ
ақшасын тартып алады.
Кейбір
балалар
ата-аналары-
ның бір кездері берген тәрбиесіне қа-
рама-қарсы әрекеттер жасап, бәрін
де керісінше жасайды. Мысалы, аса
үнемшіл отбасында, ақшаны оңды-сол-
ды шашып, ысырап қылатын бала өсуі
мүмкін. Енді бір балалар ауқатты ми-
стер Скрудж болуға тырысады. Енді
біреулері ақшаға деген көзқараста-
рымен және іс-әрекеттерімен матери-
алдық игіліктерге қызықпайтынын,
«өзгелер сияқты еместігін» көрсетеді.
Тағы біреулері болса, байлық пен ақ-
шаға лайық емеспіз деп санап, істеген
жұмыстарының лайықты ақысын си-
рек алады.
Психологтардың пікірінше, ақ-
шаға деген көзқарас эмоцияның да-
муы, ата-анамен, достармен, көр-
шілермен және ұстаздармен арадағы
қарым-қатынастардың нәтижесінде
балалық шақта қалыптасады. Мәде-
ни және діни дәстүрлердің, заманауи
технологиялардың және бұқаралық
ақпарат құралдарының алатын орны
да ерекше.
әуел баста
Бала дұрыс дамуы үшін ата-ана-
лар өз балаларымен ақша туралы,
байлық пен кедейшілік туралы біл-
ген-түйгендерімен
бөлісу
керек.
Бала отбасылық бюджетті талқылау
және жоспарлау әңгімесіне белсен-
ді қатысуы қажет. Егер ата-ана ба-
лаға қаржылық тәрбие бергісі келсе,
ең алдымен өздеріне бірнеше сауал
қойып, оларға жауап бере
алу керек.
• Ақшаға
байланысты
маңызды мәселелерді
талқылай алу үшін от-
басы арасында сенімді
қарым-қатынастарды
қалай орнату керек?
• Балаларға ақшаны қа-
лай беру керек – ұсақ
ақша ретінде күнде бел-
гілі бір соманы беріп
отыру керек пе, әлде
басқа бір тәсілдерді қол-
дану қажет пе?
• Ақшаның
табиға-
ты
жөнінде
біз
білетін білім балаға
қаржылық тәрбие беру
кезінде септігін тигізе
алады ма?
• Баланың «қаржылық»
дамуының әр кезең-
дерінде балалар пси-
хикасын қалай назарға
алып отыру керек?
• Балалардың қаржылық
сұранысын
сауатты
түрде қалай қанағат-
тандыруға
болады?
48
№3(05) маусым 2014
Аса
үнемшіл
отбасын-
да, ақ-
шаны оң-
ды-солды
шашып,
ысырап
қылатын
бала өсуі
мүмкін
Жарнаманың ықпалы-
на қалай төтеп беруге
болады?
Балаларды
қаржылық
тәрбиелеу және негізгі эко-
номикалық білімді үйрету
кішкентай инвесторларды
болашақта ересек өмірге
дайындап қана қоймайды.
Құнды білім балаларыңызға
ақшаның жақсы да, жаман
да жақтарын түсініп, білуге
көмектеседі. Мысалы, ба-
лалар адам біреуге сыйлық
сатып алған уақытта өзінің
сол адамға деген сүйіспен-
шілігін көрсеткісі келетінін,
бірақ бұл үшін көзқарасың-
ды сыйлықпен емес, жылы
сөздер мен нақты іспен біл-
дірген әлдеқайда маңызды-
рақ екенін білетін болады.
Достарыңызбен бөлісу: |