Қаржы кафедрасы жорабаева Ж. К. Кукиев А. Ж. "САҚтандыру ұйымдары" ПӘні бойынша алматы, 2016 ж. МазмұНЫ



бет21/35
Дата08.12.2022
өлшемі0,59 Mb.
#55862
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   35
Байланысты:
annotation68524

теңіз және әуе тасымалдаулары бойынша:

- әр жапа шегушінің өміріне және денсаулығына зиян үшін:


ажал болған жағдайда – 2000;
мүгедектің белгіленуі:
I топ – 1600;
ІІ топ – 1200;
ІІІ топ – 800;
- жарақат немесе мүгедектің белгіленуінсіз денсаулықтың басқа зақымдалуы – амбулаторлық немесе стационарлық емдеудің емдеу шығын-дары көлеміне тең, бір-ақ 200-ден көп емес;
- осымен бірге сационарлық емдеудің әр күні үшін айлық есептеу көрсекішінің 1,5-нан кем болмауы керек;
- әр жапа шегушінің мүлкіне тигізілген зиян үшін - тигізілген зиян көлемінде, бірақ 250-ден көп емес;

2) темір жол, ішкі су және автомобильді тасымалдаулар бойынша:


- әр жапа шегушінің өмірі мен денсаулығына тигізіген зияны үшін:


ажал болған жағдайда - 1000;
мүгедектің белгіленуі:
I топ - 800;
II топ - 600;
III топ - 400;
Тасымалдаушы жауапкершілігін міндетті сақтандыру келісім-шарты бойынша франшизасы бір сақтандыру жағдайы және әр жапа шегуші бойынша айлық есептеу көсеткішінің 5 есе көлемін құрайды. Тигізілген зиянның көлемі белгіленген франшиза көлемінен асып кеткен жағдайларда сақтандыру өтелімі толық көлемде төленеді. Жапа шегүшінің өміріне және денсаулығына тигізілген зияны үшін сақтандыру төлемі франшизаның қолданылуынсыз іске асырылады.
Сақтандыру өтелімін төлеу туралы талаптар, сақтанушы немесе табыс алушы болып табылатын басқа тұлғамен сақтандырушыға, сақтандыру төлемдерін төлеуге қажетті және міндетті құжаттар негізінде жазбалы түрде қойылады. Сақтандыру өтелімін төлеу туралы арызбен бірге, келесі түрдегі құжаттар талап етіледі:
- сақтандыру полисі (оның көшірмесі);
- сақтандыру жағдайын және жапа шегушілерге тигізілген зиян көлемін растайтын құжаты;
- тасымалдаушының, көлікте болған сақтандыру жағдайы туралы жасаған актісі;
- жолаушыға билет беру немесе заң жүзінде белгіленген бетімен безендірілген күәлік көрсеткіштер жағдайында, жол жүру билеті немесе оның орнын ауыстыратын, құжаты (билеттерді сату тізбесінің көшірмесі немесе тасымалдаушы арқылы расталған билет);
- уақытша мерзімді еңбекке жарамсыздық туралы денсаулық сақтау ұйымының анықтамасының көшірмесі немесе жапа шегушінің мүгедектігінің белгіленуі туралы арнайы мекемелердің анықтамасы - оның белгіленуі жағдайында;
- наториалды расталған, жапа шегушінің өлімі туралы жеке куәлік көшірмесінің және пайда алушының зиян орнын толтыру құқығын растайтын құжаты (көшірмесі) – оның мерт болған жағдайында;
- жапа шегушінің жоғалған, жетпенген немесе зақымдалған мүлігінің тізімі – мүлекке зиян тигізілген жағдайында;
- сақтандыру оқиғасы болған кезде шығынның көлемін ескету немесе азайту мақсатында, сақтанушының шеккен шығындарын растайтын құжаты – олардың бар жағдайында.
Аталған құжаттарды сақтандырушымен алған күннен бастап, сақтандыру өтелімі 7 жұмыс күні ішінде төленеді. Егерде, сақтандыру төлемінің мөлшері табыс алушымен (выгодоприобретатель) өз пайдасына талап етілсе, бұл жағдайда сақтандырушы осы мерзімде дауға салынбайтын бөлігін төлеп беруге тиіс. Дауға салынған бөлігін сақтандырушы бейбіт келісім-шарт жасасқан күннен бастап үш күннің ішінде және осы дау бойынша шешімнің заңдық күшіне енгені жайында соттың бекітілуімен төлеуі керек. Зиян шегушінің денсаулығы күрт нашарласа (мүгедектік және жоғары деңгейдегі мүгедектік байқалса) немесе өлім жағдайы орын алса, сақтандырушы зиян шегушінің түсірген арызы негізінде және осыған сәйкес құжат бойынша сақтандыру төлемінің сомасын қайта есептеуге міндетті. Сақтандыру өтелімін қайта есептеуде алдан ала төленген сомалар есепке алынады.
Сақтандыру төлемін төлеген сақтандырушы сақтанушыдан келесі жағдайларда төленген сома көлемін кері қайтару құқықтарына ие, егер:
- шұғыл қорғаныс және өте шұғылдылық жағдайында істелген әрекеттен тыс, сақтандыру жағдайын тудыратын немесе оның пайда болуына әсер ететін, сақтанушының азаматтық-құқықтық жауапкершілігінің арнайы әрекеттер салдарынан пайда болуына қарай;
- алкагольді, наркотикалық немесе токсикоманиялық ішкілік жағдайында көлік құралдарын жүргізу салдарының әсерінен сақтанушының азаматтық-құқықтық жауапкершілігінің пайда болуына қарай;
- көлік құралын жүргізуге тұлғаның құқығы болмаған жағдайда;
- көлік құралының техникалық бұзылуы туралы сақтанушы білген немесе білу керек салдарынан, яғни соттық талқылау нәтижесінде сақтандыру жағдайының болуы анықталса;
- сақтанушы әдейі сақтандыру жағдайының шығындарын азайту шара-ларын қолданбаса.
Сақтандырушы сақтандыру төлемін төлеуде толықтай немесе жартылай бас тарту құқығына ие, егер сақтандыру жағдайы мыналардың салдарынан орын алса:
- шұғыл қорғаныс және өте шұғылдылық жағдайында істелген әрекеттен тыс, сақтандыру жағдайының пайда болуына бағытталған пайда алушының арнайы әрекеті негізінде;
- Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгіленген, әдейі қыл-мыстар және әкімшілік құқық бұзушылықтармен сақтандыру жағдайының байланысын тудыратын, пайда алушының әрекеттері негізінде;
- зиянды келтірген тұлғадан сақтанушы шығындардың орнын толтыра-тын өтелімді алған жағдайда;
- сақтандыру жағдайы туралы ақпаратты сақтандырушыға дер кезінде немесе мүлдем жеткізбеген жағдайда;
- ақшалай, бағалы қағаз, алтын, күмістік бұйымдар, құнды заттар, әше-кейлер, өнер туындылары және басқа құндылықтар түріндегі жапа шегушінің мүлігіне зиян тигізілген жағдайда.
Сақтандырушы сақтандыру төлемін төлеуден босатылады, егер сақтан-дыру жағдайы мыналардың салдарынан туындаса:

3) ядролық жарылыс, радияциялар және радиоактивтік жұғудың орын алуы;


4) әскери іс-қимылдар;


5) азаматтық соғыс, халықтық толқулардың әртүрлері, жаппай тәртіпсіз-діктер және көтерілістер.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   35




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет