«Қаржылық есептілік аудиті» рәсімдік стандарты 1- бөлім. Жалпы ережелер


- тарау. Қаржы инвестициялары мен қаржылық міндеттемелер аудиті



бет10/23
Дата31.08.2023
өлшемі0,51 Mb.
#105707
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   23
Байланысты:
2. ! $ 07.docx (1)

3- тарау. Қаржы инвестициялары мен қаржылық міндеттемелер аудиті

93. Қаржы инвестициялары мен қаржылық міндеттемелер аудитінің мақсаты бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік жөніндегі нормативтік құқықтық актілерге сәйкес «Қаржы инвестициялары мен қаржылық міндеттемелер» бөлімі бойынша қаржылық есептіліктің дәйектілігі туралы аудиторлық пікірді қалыптастыру болып табылады.


Қаржы инвестициялары мен қаржылық міндеттемелер міндеттері болып мыналар табылады:
құрамы мен құрылымын зерделеу;
ішкі бақылау мен бухгалтерлік есеп жүйесін бастапқы бағалауды растау;
бухгалтерлік есепте көрсетілуін уақтылы және толық тексеру;
тиісті кезеңде қаржы инвестициялары мен қаржылық міндеттемелернің қозғалысы бойынша операцияларды есепке алуда ресімдеу мен көрсетілуінің дұрыстығын тексеру;
қаржылық міндеттемелер бойынша сыйақылар сомасының дұрыс есептелуін және есепке алуда оның дәйекті көрсетілуін тексеру;
тексерілетін кезеңге қаржылық есептіліктің айтарлықтай әсер ететін бұрмалауларының жоқтығын растау;
тиісті есепті кезеңде есеп пен есептілікті көрсету;
қаржы инвестициялары мен қаржылық міндеттемелеріне уақтылы түгендеу жүргізу;
қаржы инвестицияларымен операциялар бойынша кірістерді міндеттемелер бойынша шығыстарды есепке алуда есептелуінің, түсуінің және көрсетілуінің дәйектілігін растау.
94. Мемлекеттік аудитор қаржы инвестициялары мен қаржылық міндеттемелерге аудит жүргізген кезде мыналарды басшылыққа алады:
1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 «Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы»;
2008 жылғы 6 маусымдағы № 543 «Жекелеген заңды тұлғалар акцияларының мемлекеттік пакеттерін (қатысу үлестерін) иелену және пайдалану құқықтарын берудің кейбір мәселелері туралы»;
2013 жылғы 2 мамырдағы №448 «Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың таза табысының бір бөлігін аудару нормативін бекіту және «Республикалық бюджетке түсетін түсiмдердiң алынуына, артық (қате) төленген соманың бюджеттен қайтарылуына және (немесе) есепке алынуына және салықтық емес түсiмдердiң, негiзгi капиталды сатудан түсетiн түсiмдердiң, трансферттердiң, бюджеттiк кредиттердi өтеу, мемлекеттiң қаржы активтерiн сатудан түсетiн соманың, қарыздардың бюджетке түсуiн бақылауды жүзеге асыруға жауапты уәкiлеттi органдардың тiзбесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2008 жылғы 31 желтоқсандағы № 1339 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларын;
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 25 ақпандағы № 134 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде №10545 болып тіркелген) бұйрығымен бекітілген Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың таза табысының бір бөлігін аудару нормативі, мемлекеттік кәсіпорындардың таза табысының бір бөлігін аудару нормативтері бойынша жергілікті атқарушы органдардың қаулыларын, сондай ақ осы Стандарттың 8, 76 -тармақтарында көрсетілген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің басқа бұйрықтарын.
95. Аудиторлық дәлелдер көздері:
акционерлік қоғамдардың мемлекеттік акциялар пакетін иелену және пайдалану құқықтарын қабылдап алу-беру актілері, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерде мемлекеттік қатысу үлесін иелену мен пайдалану құқықтарын қабылдап алу-беру актілері, мемлекеттік меншікті қабылдап алу-беру актілері,
Нысандар альбомының OС-1-нысаны активтерін қабылдап алу-беру (ауыстыру) актілері, беру актілері, жарғылық капиталының мөлшері туралы анықтамалар, республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың жарғылары, мемлекеттік мүлікті иелік ету жөніндегі уәкілетті органның хаттары мен бұйрықтары, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің жарғылық капиталына салымдар аудару туралы қазынашылық үзінді-көшірмелер мен төлем тапсырмалары, бағалы қағаздар үшін төлеуге мүлікті (активтерді) беруге жүкқұжаттар, пайданы бөлу туралы квазимемлекеттік сектор субъектілерінің анықтамалары, хаттамалары/шешімдері, таза табыстың бір бөлігін бюджетке аудару, қарыздарды өтеу және қызмет көрсету туралы қарыз алу шарттары, төлем тапсырмалары, түгендеу тізімдемесі;
бағалы қағаздар нарығын реттеуді және қадағалауды жүзеге асыратын уәкілетті органның куәлігі, жарияланған акциялар (бағалы қағаздар) шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы;
мемлекеттік мекеменің міндеттемелері мен төлемдері бойынша жеке қаржыландыру жоспары;
көп бағанды карточка Нысандар альбомының 283-нысаны;
демеушілік және қайырымдылық көмек, уақытша ақша орналастыру, шетел валютасындағы шоттар мен арнайы шоттар, басқа да ақшалай қаражат, қаржы инвестициялары мен қаржы міндеттемелері ҚБШ кітабы Нысандар альбомының 292-нысаны;
карточка Нысандар альбомының 292-а-нысаны;
жоспарлы тағайындаулар мен шығыстарды есепке алу кітабы Нысандар альбомының 294-нысаны;
«Кітап-басы» журналы Нысандар альбомының 308-нысаны;
15-мемориалды ордер – «Айырбасталмайтын операциялардан кірістерді есептеудің жинақтау ведомосі» Нысандар альбомының 409 нысаны;
17-мемориалды ордер – «Активтерді басқарудан түсетін кірістерді есептеудің жинақтау ведомосі» Нысандар альбомының 409-б нысаны;
19-мемориалды ордер – «Операциялық шығыстарды есептеудің жинақтау ведомосі; Нысандар альбомының 458 нысаны;
21-мемориалды ордер – «Активтерді басқару бойынша шығыстарды есептеудің жинақтау ведомосі Нысандар альбомының 458-б нысаны болып табылады.
96. Қаржы инвестициялары мен қаржылық міндеттемелерді аудиті бухгалтерлік есеп тіркелімдерінің негізінде жүргізіледі. Қажет болған жағдайда сыртқы көздерден сұрау салу жүргізіледі.
97. Аудиторлық дәлелдемелерді жинау Ішкі мемлекеттік аудит қағидаларына сәйкес аудиторлық рәсімдерді жүргізу жолымен жүргізіледі.
Аудиторлық дәлелдемелер жинауды жүргізу өлшемдері:
пайда болуы – бухгалтерлік есепте көрсетілген қаржы инвестициялары мен қаржылық міндеттемелер бойынша операциялар шын мәнінде аудиттің осы объектісіне жатады;
толықтығы – қаржы инвестициялары мен қаржылық міндеттемелер бухгалтерлік есепте есепке алынған және қаржылық есептілікте көрсетілген және олар бойынша ақпарат ашық;
дәлдігі және бөлінуі - қаржы инвестициялары мен қаржылық міндеттемелер есепті кезең ішінде тиісті сомада көрсетілген және бөлінген (бөліп тасталған);
болуы - қаржы инвестициялары мен қаржылық міндеттемелер қаржылық есептілікте көрсетілген, шын мәнінде есепті күнгі жағдай бойынша бар;
құқықтары мен міндеттемелері – қаржы инвестициялары мен қаржылық міндеттемелерге аудит объектісінің құқықтары құжатпен расталған;
бағалауы және бөлуі - қаржы инвестициялары мен қаржылық міндеттемелер бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілікте дұрыс бағалаумен көрсетілген, есепке алу саясатының кезеңдері бойынша жүйелі түрде бөлінген;
түсініктілігі - қаржылық ақпарат сенімді ұсынылған және ашылуы айқын көрсетілген;
сәйкестігі – қаржы инвестицияларымен және қаржылық міндеттемелермен операциялар Қазақстан Республикасында бухгалтерлік есепті жүргізу тәртібін реттейтін нормативтік актілерге сәйкес бухгалтерлік есепте көрсетілген.
Қаржы инвестициялары мен қаржылық міндеттемелер аудиті осы Стандартқа 15-қосымшаға сәйкес нысан бойынша «ЖҚ – Қаржылық инвестициялар мен қаржылық міндеттемелердің аудиторлық рәсімдерін жүргізу бағдарламасы (ЖҚ-ҚИҚМБ)» жұмыс құжатында ресімделеді.
98. Егер қаржылық есептілік аудиті аудит объектісінде алғаш рет өткізілген жағдайда, аудитті жүзеге асырып отырған мемлекеттік аудитор тексерілетін кезеңнің басына қаржы инвестициялары мен қаржы міндеттемелерді есепке алу шоттары бойынша қалдықтар тексерілетін кезеңнің қаржылық есептілігіне айтарлықтай әсер етуі мүмкін бұрмалауларды қамтымайтынына және алдыңғы есепті кезеңнен дұрыс ауыстырылғанына дәлелдемелер алуы қажет.
99. Қаржы инвестициялары мен қаржылық міндеттемелердің кіріс және шығыс сальдосының дәйектілігі аудиторлық ресімдермен, оның ішінде сыртқы растауға сұрау салу арқылы тексеріледі.
Есепті кезеңнің сальдосын растауды тексеру тексерілетін кезеңнің соңында бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік тіркелімдерінің деректерін салыстыру арқылы жүргізіледі. Сальдоны растау үшін тексерілетіннің алдындағы жылдың соңындағы жағдай бойынша жүргізілген түгендеу деректері қаралуы мүмкін.
Қаржы инвестициялары мен қаржылық міндеттемелердің кіріс сальдосы аудитінің нәтижелері осы Стандартқа 16-қосымшаға сәйкес нысан бойынша «ЖҚ - Қаржы инвестициялары мен қаржылық міндеттемелердің кіріс сальдосы (ЖҚ-ҚИҚМКС)» жұмыс құжатында ресімделеді.
Салыстырып тексеру нәтижелерін осы Стандартқа 17-қосымшаға сәйкес нысан бойынша «ЖҚ - Қаржы инвестициялары мен қаржылық міндеттемелердің шығыс сальдосы (ЖҚ-ҚИҚМШС)» жұмыс құжатында ресімделеді.
100. Мемлекеттік аудитор тестілеу өткізу арқылы қаржы инвестициялары мен қаржылық міндеттемелердің ішкі бақылау және бухгалтерлік есеп жүйесіне бастапқы бағалауға растау рәсімінен жүргізуі қажет.
Ішкі бақылау жүйесін тестілеу нәтижесінде ақылға қонымды қорытындылар жасауға мүмкіндік беретін дәлелді алу қажет, оған тәуекелді бағалау жөніндегі рәсімдерді орындау арқылы аудиторлық пікір негізделетін болады.
101. Қаржы инвестициялары мен қаржы міндеттемелерін есепке алу бойынша ішкі бақылау жүйесін бағалау осы Стандартқа 18-қосымшаға сәйкес нысан бойынша «Қаржылық инвестициялар мен қаржылық міндеттемелер бойынша ішкі бақылау құралының тәуекелдерін бағалау тесті (ЖҚ-ІБТБТ)» жұмыс құжатында ресімделеді.
Әрбір жауап ішкі аудит қызметінің жұмыс құжаттарын міндетті түрде қоса бере отырып, қысқаша ескертпемен бірге беріледі.
Егер мемлекеттік аудитор қолдануға келетін төмен деңгейге дейін тәуекелді төмендетуді болжамдаса, онда ішкі бақылау құралына қосымша тестілеуді орындау талап етіледі.
102. Қаржы инвестициялары мен қаржы міндеттемелерінің құрамын зерделеу үшін мемлекеттік аудитор құжаттарды сұратуы, қаржы қызметінің қызметшілерімен сұхбат жүргізуі қажет.
Мемлекеттік аудитор жалпы аудиторлық тәуекелді ыңғайлы деңгейге дейін төмендету үшін есепке алудың қандай баптарын мұқият зерделеуі және қандай жағдайларда аудиторлық бөлуді және (немесе) талдамалық рәсімдерді қолдануы керек екенін шешуі қажет.
Қаржы инвестициялары мен қаржылық міндеттемелер аудиті іріктеп жүргізіледі.
Аудитордың аудиторлық рәсімдерін одан әрі айқындау үшін мемлекеттік аудитор өтеу мерзімі бойынша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) қаржы инвестициялары мен қаржылық міндеттемелерінің сыныптамасын (акциялар, облигациялар, салымдар, туынды бағалы қағаздар және басқалары) анықтап алуы қажет.
Аудит объектісін алдын ала зерделеу барысында мемлекеттік аудитор аудит объектісіне мемлекеттік акциялар пакетін және квазимемлекеттік сектор субъектілеріне жататын ұйымдарға мемлекеттік қатысу үлестерін иелену және пайдалану құқығы берілгенін анықтауы қажет.
103. Қаржы инвестициялары мен қаржылық міндеттемелерді есепке алу шоттары бойынша сальдоны тексеру үшін іріктеме және олармен операциялар көлемі жоспарлау сатысында орындалатын ішкі бақылау мен аудиторлық жүйесін бағалау негізінде айқындалады.
Мемлекеттік аудитор бас жиынтықтың әрбір элементінің іріктемеге түсуге бірдей ықтималдығы болатындай етіп таңдау элементтерін іріктейді. Бағалы қағаздардың, қарыз шарттарының, түгендеу ведомосіндегі немесе картотекадағы оларға тиісті жазбалардың жиынтығы бас жиынтық болады.
104. Таңдалған бас жиынтықтан міндетті тексеруге жататын операциялардың түрлерін ескере отырып, мемлекеттік аудитор жеке тексеруге жататын элементтерді іріктейді.
105. барлық бас жиынтық, егер ол басым құнды элементтердің шамалы санынан тұрса немесе жоғары аудиторлық тәуекел болса және басқа құралдар жеткілікті тиісті аудиторлық дәлелдер алуға мүмкіндік бермесе жаппай тексеруге ұшырайды.
106. Мемлекеттік аудитор бас жиынтықтың ерекше элементтерін іріктеуі қажет. Ерекше элементтерді іріктеу мемлекеттік аудиторды кәсіби пайымдау және аудит объектісі қызметін оның түсінуі негізінде жүзеге асырылады. Егер бас жиынтықтың қалған бөлігі маңызды болып табылса, мемлекеттік аудитор тиісті дәлелдемелер алу қажеттілігін талдауы тиісті. Егер жиынтықтың қалған бөлігін тестілеу туралы шешім қабылданса одан тексеруге жататын жеке элементтер іріктеледі.
107. Ішінара тексеру үшін элементтерді іріктеу кезінде мемлекеттік аудитор қаржы инвестициялары мен қаржылық міндеттемелерді және олармен жасалатын операцияларды есепке алу шоттары бойынша қалдықтарды қаржы инвестициялары мен қаржылық міндеттемелердің әрбір бабы мен операциясының әрбір түрі тең ықтималдықпен тексерілуі үшін іріктелетіндей етіп салыстырады. Қаржы инвестициялары мен қаржылық міндеттемелер жиынтығы түрлері немесе құндық белгісі бойынша топтарға жинақталуы мүмкін.
108. Жүргізілген аудиторлық рәсімдердің нәтижелерін ескере отырып мемлекеттік аудитор рәсімді мәні бойынша жүзеге асырады − бухгалтерлік есепте қаржы инвестициялармен және қаржылық міндеттемелермен операцияларды уақтылы және толық көрсетуді егжей-тегжейлі тексеру.
Бұрмалауларды ІБҚ-ның таппауы тәуекелін бағалау жоғары деңгейде болған кезде мемлекеттік аудитор мәні бойынша тексерудің аудиторлық рәсімдерінің көлемін ұлғайту қажет.
Бұрмалауларды ІБҚ-ның таппауы тәуекелін орта және төмен деңгейде дейін төмендету үшін мемлекеттік аудитор бақылау құралдарына қосымша тестілеуді орындайды.
109. Мемлекеттік аудитор берілген бюджеттік қарыздар және кредиттер бойынша төлемдер, бюджет алдында есептелген міндеттемелер кестесін, бюджет алдындағы міндеттемелердің уақытылы өтелуін тексеру жолымен берілген бюджеттік қарыздар және кредиттерді инспекциялайды.
Бухгалтерлік есепте көрсету тәртібін анықтау мақсатында мемлекеттік аудитор мыналарды:
наличие в утвержденном плане финансирования по платежам для осуществления платежей в счет выполнения принятых обязательств;
қабылданған міндеттемелердің есебінен төлемдерді атқаруды іске асыру үшін төлемдер бойынша қаржыландырудың бекітілген жоспарында бар болуын;
белгіленген қағидаларға сәйкес бастапқы құжаттарды, барлық деректемелердің толтырылуын, жауапты тұлғалар қойған қолдардың түпнұсқалығын тексереді.
Жұмыс нәтижесі осы Стандартқа 19-қосымшаға сәйкес нысан бойынша «Бюджеттік қарыздар мен кредиттер (ЖҚ-БҚК)» жұмыс құжатында ресімделеді.
110. Алынған қарыздар кезінде мемлекеттік аудитор қаржыландыру жоспарында алдағы төлемдер сомасының бар-жоғын тексереді, пайыздың тиімді мөлшерлемесінің қолданылатын әдісіне қайта есептеу жүргізеді.
Жұмыс нәтижесі осы Стандартқа 20-қосымшаға сәйкес нысан бойынша «ЖҚ - Алынған қарыздар (ЖҚ-АҚ)» жұмыс құжатында ресімделеді.
111. Мемлекеттік аудитор бастапқы құжаттардың дұрыс ресімделуін, барлық деректемелердің толтырылуын, жауапты тұлғалар қойған қолдарының түпнұсқалығын тексереді.
Табылған қателер мен дәйексіз деректерді мемлекеттік аудитор жұмыс құжатында ресімдейді.
112. Бухгалтерлік есепте қаржы инвестициялары мен қаржылық міндеттемелерді көрсету дұрыстығын тексеру кезінде мемлекеттік аудитор өтеу кестесіне қысқа мерзімді қаржы инвестицияларының құрамында өтеу кестесіне сәйкес өтеу мерзімі 12 айдан кем, ұзақ мерзімді қаржы инвестицияларының құрамында өтеу мерзімі 12 айдан астам сома көрсетілгеніне көз жеткізуі қажет.
Ұқсас рәсімдер алынған қарыздар нысанында қаржы міндеттемелеріне қатысты жүргізіледі.
Сыйақыны есептеу осы Стандартқа 21-қосымшаға сәйкес нысан бойынша «ЖҚ – Қаржы инвистициялары мен қаржылық міндеттемелер бойынша сыйақыны есептеу (ЖҚ-ҚИҚМС)» жұмыс құжатында ресімделеді.
113. Мемлекеттік аудитор квазимемлекеттік сектор субъектісінің теңгерімі деректерін және аудит объектісінің қаржылық есептілігі ақпаратын ашуды салыстыру арқылы мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлік есебінде қаржы инвестициялары мен қаржылық міндеттемелерді қалпына келтірудің дұрыстығын тексеруі қажет.
114. Мемлекеттік аудитор мыналарды:
талдамалық есепке алу ұйымдастыруды;
түгендеу жүргізуді;
қаржы инвестицияларын құнсыздану бойынша резервтерді қалыптастыруды орнату үшін қаржы инвестициялары мен қаржылық міндеттемелерді ішкі бақылау мен бухгалтерлік есепке алу жүйелерін бастапқы бағалауды растау рәсімін жүргізуі қажет.
115. Жүргізілген аудиторлық рәсімдердің қорытындылары бойынша мемлекеттік аудитор мәні бойынша рәсімдерді жүзеге асыруы - қаржы инвестициялары мен қаржылық міндеттемелер операцияларының бухгалтерлік есепте уақтылы және толық көрсетілуін егжей-тегжейлі тексеруі қажет.
116. Мемлекеттік аудитор алынған құжаттарды талдап, қаржы инвестицияларына заңды негіздің бар-жоғына және қаржы инвестицияларымен және қаржылық міндеттемелермен операциялар тексерілетін кезеңге жататындығына көз жеткізуі қажет.
117. Мемлекеттік аудитор бастапқы құжаттарда міндетті деректемелердің бар-жоғына, көз жеткізуі, қаржы инвестицияларымен және қаржылық міндеттемелермен байланысты шығындардың заңдылығы мен құжаттамалық растамасын тексеруі қажет.
118. Мемлекеттік аудитор:
1) қаржы инвестицияларын квазимемлекеттік сектор субъектілеріне беру тәртібі мен шарттарын инвестицияларға арналған негіздерді зерделеу арқылы анықтауы (Қазақстан Республикасы Үкіметінің, жергілікті атқарушы органдардың, мемлекеттік мүлікті иелену жөніндегі уәкілетті органның шешімі);
2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бағалаушы жүргізген берілетін негізгі құралдардың немесе материалдық емес активтердің әділ құнын бағалаудың дәйектілігін тексеруі қажет.
119. Мемлекеттік аудитор Бухгалтерлік есепті жүргізу қағидаларының талаптарына сәйкес қаржы инвестициялары мен қаржылық міндеттемелерді кейіннен есепке алуды, резерв есебінде қаржы инвестицияларының құнсыздануын дұрыс көрсетуді тексеруі қажет.
120. Аудит жүргізу кезінде үкіметтік қарыздар, байланысты гранттар, байланысты гранттарды бірлесіп қаржыландыру, мемлекет кепілдік берген қарыздар, мемлекет кепілгерлігімен берілетін қарыздар, бюджеттік кредиттер қаражатын пайдалану кезінде мемлекеттік аудитор төлемге берілетін шоттарды және бірлесіп қаржыландыру қаражатын алуға өтінімді тексереді.
121. Мемлекеттік аудитор аудит объектісі есепте ішкі кредит беру бойынша сыйақыны есептелгені және төленгені, бюджетпен есеп айырысу бойынша шығыстар есептелгені екенін көрсеткеніне көз жеткізуі қажет.
122. Мемлекеттік аудитор қарыздар алынған кезде кері ведомості, қарыздар бойынша шарттарды инспекциялайды, төлемдер кестесінің бұзылуының бар екенін немесе жоқ екенін, пайыздың тиімді мөлшерлемесінің әдісін қолдану дұрыстығын тексереді.
Мемлекеттік аудитор негізгі борышты өтеу, сыйақыларды төлеу, қаржылық есептілікте берілген қарыздарды тануды тоқтату кезінде шоттар корреспонденциясының көрсетілу дұрыстығына көз жеткізуі қажет.
Егер қарыз шартымен қаражатты мақсатты пайдалану көзделсе, мемлекеттік аудитор қарыз қаражатын пайдаланудың мақсатты сипатын растайтын қарыз алушының қаржылық және есептілік құжаттарын тексереді.
123. Мемлекеттік аудитор берілген бюджеттік қарыздар мен кредиттерді зерделеуі, төлемдер, бюджет алдында есептелген міндеттемелер, бюджет алдында міндеттемелерді уақтылы өтеу кестесін тексеруі қажет.
124. Мемлекеттік аудитор есептелген дивидендтер бойынша бухгалтерлік жазулардың орындалуының дұрыстығын, квазимемлекеттік сектор субъектісінің қабылданған шешіміне сәйкес таза табыстың бір бөлігін, сыйақылар бойынша алынған кірістер бойынша бюджет алдындағы міндеттемелерді, осы операциялар бойынша ақшалай құжаттарды тануды және оларды қаржы есептілігінде көрсетуді тексеруі қажет.
125. Жеткілікті тиісті дәлелдемелерді жинау үшін мемлекеттік аудитор мынадай талдамалық рәсімдерді жүргізеді:
аудит объектісі қызметін түсіну үшін құрылымды талдайды;
қаржы инвестицияларының өтімділігін талдайды;
қаржыландыру көздерін талдайды;
өзге.
126. Мемлекеттік аудитор егер аудит барысында түгендеу жүргізілсе түгендеуге қатысады.
Қаржы инвестицияларының бар-жоғына және сақталуына тексеру жүргізу барысында мемлекеттік аудитор түгендеу үдерісін ұйымдастыру бағалы қағаздардың санын есептеу және олардың нақты болуына көз жеткізуді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
127. Мемлекеттік аудитор түгендеу құжаттарын (түгендеу тізімдемелері, түгендеу комиссиялары отырыстарының хаттамалары, түгендеу қорытындылары бойынша басшысының шешімдері) инспекциялау арқылы түгендеу жүргізудің тәртібі мен мерзімдерін реттейтін бухгалтерлік есеп бойынша ережелердің және түгендеудің уақтылы жүргізілуі, оның есепте толық және дұрыс көрсетілуі мәніне бухгалтерлік анықтамалардың сақталуына көз жеткізуі тиіс.
128. Басқа ұйымдардың жарғылық капиталдарына қаржы инвестициялары мен басқа ұйымдар берген қарыздар түгендеу кезінде тиісті құжаттармен расталуға тиіс.
129. Бағалы қағаздарға түгендеу жүргізуді тексеруді аудитор бастапқы құжаттарды (түгендеу тізімдемелерін, түгендеу комиссиялары отырыстарының хаттамалары, түгендеу жүргізу қорытындылары бойынша түгендеу комиссиясының шешімдері) пайдалана отырып, жүзеге асырады.
Мемлекеттік аудитор актіде атауын, сериясын, нөмірін, номиналды және іс жүзіндегі құнын, өтеу мерзімдерін және жалпы сомасын көрсете отырып, жеке эмитенттер бойынша бағалы қағаздарға түгендеу жүргізілгенін тексереді. Жұмыс нәтижелері осы Стандартқа 22-қосымшаға сәйкес нысан бойынша «Бағалы қағаздарды түгендеу (ЖҚ-БҚТ)» жұмыс құжатымен ресімделеді.
130. Мемлекеттік аудитор аудит объектісінің басшылығы түгендеу нәтижелерін қалай талдайтынын, егер түгендеу нәтижесінде артық немесе жетіспеушілік анықталса қандай шаралар қолданылатынын анықтауы қажет.
131. Егер аудит жүргізу мерзімдері түгендеу жүргізу күнімен сәйкес келмесе қаржы инвестицияларының бар екеніне тексеру жүргізу қажет.
Қаржы инвестицияларына құқықтарды куәландыратын тиісті құжаттардың іс жүзінде болуы қаржы инвестицияларының бар екенін растау болып табылады.
Аудит объектісінде бағалы қағаздарды сақтау кезінде түгендеу аудит объектісінің кассасында ақшалай қаражатты түгендеумен бір мезгілде жүргізіледі.
132. бағалы қағаздар арнайы ұйымдарды (банктерде, депозитарийлерде, мамандандырылған қоймаларда) сақтау кезінде түгендеу осы арнайы ұйымдардың үзінді көшірмелерінің деректерімен бухгалтерлік есептің тиісті шоттарында есепте тұрған сомалар қалдықтарын салыстырып тексерумен жасалады. Мемлекеттік аудитор көрсетілген ұйымдардан сұрау салу әдісімен қаржы құралдарының атауы, саны, құны және басқа да елеулі деректемелері туралы жазбаша растау алуы қажет.
133. Қаржы инвестицияларының құнсыздануына резерв есебі болған кезде қаржылық есептіліктің айтарлықтай бұрмалауларының тәуекелі артады. Мұндай жағдайларда мемлекеттік аудиторда аудит объектісінің бағалау мәндерін растайтын жеткілікті тиісті аудиторлық дәлелдері алуы қажет.
Егер түгендеу актісінде қаржы инвестицияларының құнсыздану фактісі, құнсыздану себептері көрсетілген жағдайда, мемлекеттік аудитор құнсыздану себептерінің болуын және құнсыздануға арналған резерв есебінде көрсетілуін тексеруі қажет.
134. Мемлекеттік аудитор құнсызданудан болған шығынның көлемін анықтау дұрыстығына, болжамды болашақ ақша қаражаты ағындарының дисконтталған құнын есептеу дұрыстығына арифметикалық тексеруді жүзеге асыруы қажет.
135. Тексеру нәтижелерін қорыта келе мемлекеттік аудитор жұмыс құжаттарында жиналған дәлелдемелерді жүйелеуі қажет. Жүйелі сипаты бар бұзушылықтар бойынша анықталған қателерді барлық тексерілетін жиынтыққа таратқан жөн. Анықталған ауытқулардың маңыздылығы таңдау мөлшері және қателердің жүйелі сипаты ескеріле отырып, анықталады.
Анықталған ауытқулар осы Стандартқа 23-қосымшаға сәйкес нысан бойынша «ЖҚ - Қаржы инвестициялары мен қаржылық міндеттемелер қателерінің жиынтығы (ЖҚ-ҚИҚМҚЖ)» жұмыс құжатында тіркеледі. Есеп құжатының деректері негізінде мемлекеттік аудитор қаржылық есептілікті қалыптастыруға әсер ететін бұрмалауларды талдайды.
136. Ішкі мемлекеттік аудит жүргізуге жауапты тұлға және (немесе) мемлекеттік аудитор әрбір жеке бұрмалауды операциялардың тиісті сыныптарына, шоттар мен ашу сальдосына оның әсерін, операциялардың осындай нақты сыныбы, шот немесе ашу сальдосы үшін белгіленген маңыздылық деңгейі артылғаны туралы мәселені қосқанда бағалау үшін қарайды.
Егер жеке елеулі емес бұрмалаулар көп саны кездескен жағдайда мемлекеттік аудитор саны мен ақшалай мәндегі бұрмалаулардың жалпы әсері туралы ақпаратты береді.
Қаржы инвестициялары мен қаржылық міндеттемелер аудитінің аяқталуы бойынша мемлекеттік аудитор пікір қалыптастырады, аудиторлық есептің бір бөлігін жасайды және жұмыс құжаттамасымен бірге аудит тобының басшысына және (немесе) ішкі мемлекеттік аудитті жүргізуге жауапты тұлғаға ұсынады.
«Қаржы инвестициялары мен қаржылық міндеттемелер» бабы аудитінің нәтижелері осы Стандартқа 24-қосымшасына сәйкес нысан бойынша «ЖҚ - Қаржы инвестициялары мен қаржылық міндеттемелер – қорытындылар (ЖҚ ҚИҚМҚ)» жұмыс құжатымен ресімделеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет