«Қаржылық есептілік аудиті» рәсімдік стандарты 1- бөлім. Жалпы ережелер



бет11/23
Дата31.08.2023
өлшемі0,51 Mb.
#105707
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   23
Байланысты:
2. ! $ 07.docx (1)

4- тарау. Қорлар аудиті

137. Мемлекеттік аудитор аудит объектісінің қаржылық есептілігінде көрсетілген қорлар туралы ақпараттың дәйектілігі мен толықтығы туралы пікір қалыптастыру үшін жеткілікті және тиісті аудиторлық дәлелдемелер алуы қажет.


Аудит міндеттері болып мыналар:
қорлар құрамын зерделеу;
ішкі бақылау және бухгалтерлік есеп жүйесіне бастапқы бағалауды растау;
бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілікте бастапқы тану кезінде қорлардың дұрыс көрсетілуін тексеру;
қорлар қозғалысы бойынша операцияларды есепке алуда құжаттық ресімдеу дұрыстығын және көрсетілуін тексеру;
кіріс және шығыс сальдосының дұрыстығын растау;
қорлардың бар екендігін және сақталуын растау табылады.
138. Қорларға аудит жүргізген кезде мемлекеттік аудитор «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңын;
Қазақстан Республикасы Үкіметінің:
2009 жылғы 11 тамыздағы № 1210 «Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына арналған жанар-жағармай материалдары шығыстарының және автокөлікті күтіп ұстауға арналған шығыстардың нормаларын бекіту туралы»;
2011 жылғы 1 маусымдағы № 615 «Дүлей зілзалалар мен авариялар салдарынан физикалық немесе моральдық тозуынан жарамсыз болған мемлекеттік мүліктің жекелеген түрлерінің бұзылуын және жойылуын ресімдеу қағидасын бекіту туралы» қаулыларын;
Қазақстан Республикасы Қаржы және ұлттық экономика министрлігтерінің осы Стандарттың 8, 76, 94 тармақтарында көрсетілген бұйрықтарын;
басқа нормативтік құқықтық актілерді басшылыққа алады.
139. Аудиторлық дәлелдемелер көздері мыналар болып табылады:
мемлекеттік мекемені қаржыландырудың жеке жоспары;
қорларды жеткізу шарттары, шот-фактуралар, жүкқұжаттар, актілер, түгендеу тізімдемелері;
жеңіл автомобилдің жол парағы Нысандар альбомының АТ-3 нысаныы;
сенімхат Нысандар альбомының М-2а нысаны;
берілген сенімхаттарды есепке алу журналы Нысандар альбомының М-3 нысаны;
арнайы киімді және басқа да жеке пайдалану заттарын есепке алудың жеке карточкасы Нысандар альбомының МБ-6 нысаны;
арнайы киімді және басқа да жеке пайдалану заттарын беруді (қайтаруды) есепке алу ведомосі Нысандар альбомының МБ-7 нысаны;
қорларды қоймаға есепке алу кітабы Нысандар альбомының М-17 нысаны;
қорлар шоттары бойынша айналым ведомосі Нысандар альбомының М-44 нысаны;
талондар мен жанар-жағармай материалдарын есепке алу карточкасы Нысандар альбомының 292-а нысаны;
қорларды есепке алудың сандық сомалық кітабы Нысандар альбомының 296 нысаны;
қорларды есепке алудың сандық сомалық кітабы Нысандар альбомының 296-а нысаны;
қорларды есепке алудың сандық сомалық кітабы Нысандар альбомының 296-б нысаны;
азық-түлік беруге арналған мәзір-талап Нысандар альбомының 299 нысаны;
тамақ өнімдерінің кірісі бойынша жинақтаушы ведомосі Нысандар альбомының 300 нысаны;
толық материалдық жауапкершілік туралы үлгі шарт Нысандар альбомының 321 нысаны;
сынған ыдыстарды тіркеу журналы Нысандар альбомының 325 нысаны;
жем-шөп пен фуражды беру ведомосі Нысандар альбомының 397 нысаны;
тамақ өнімдерінің шығысы бойынша жинақтаушы ведомосі 399 нысаны;
арнайы киім мен басқа да жеке пайдалану заттарының қозғалысы Нысандар альбомының 402 нысаны;
мемлекеттік мекемесінің қажетіне арналған материалдарды беру ведомосі Нысандар альбомының 410 нысаны;
арнайы киім, жеке пайдалану заттары мен басқа да материалдар қозғалысын жедел (сандық) есепке алу ведомосі Нысандар альбомының 412 нысаны;
қорларды қабылдау актісі Нысандар альбомының 429 нысаны;
сыртқы карта Нысандар альбомының 431 нысаны;
басқа жаққа қорларды жіберу жүкқұжаты Нысандар альбомының 434-с нысаны;
қорларды ішке орналастыру жүкқұжаты Нысандар альбомының 434-з нысаны;
арнайы киімді және басқа да жеке пайдаланудағы заттарды баланстан есептен шығару актісі, Нысандар альбомының 443-а нысаны;
жүргізушілердің есептілігінен жанар және жағар майларды есептен шығару ведомосі Нысандар альбомының 457 нысаны;
8-мемориалды ордер - «Есеп беретін тұлғалардың бекітілген аванстық есептері жөніндегі жинақтаушы ведомосі» Нысандар альбомының 406 нысаны;
10-мемориалды ордер - «Арнайы киімді және басқа да жеке пайдаланудағы заттарды шығару және орналастыру жинақтау ведомосі Нысандар альбомының 438 нысаны;
11-мемориалды ордер - «Тамақ өнімдерін кіріске алу жөніндегі жинақтаушы ведомостер жиыны» Нысандар альбомының 398 нысаны;
12-мемориалды ордер - «Тамақ өнімдерін жұмсау жөніндегі жинақтаушы ведомостер жиыны» Нысандар альбомының 411 нысаны;
13-мемориалды ордер - «Материалдар жұмсау жөніндегі жинақтаушы ведомосі» Нысандар альбомының 396 нысаны;
«Журнал-басты» кітабы Нысандар альбомының 308 нысаны.
140. Аудит қорларды бухгалтерлік есеп тіркелімдерінің негізінде жүргізіледі. Қажет болған жағдайда сыртқы көздерден сұрау салу жүргізіледі.
Мемлекеттік аудитор қорлар бойынша ішкі бақылау жүйесінің тәуекелін бағалауды жүзеге асыру үшін ақпаратты қамтамасыз ететін құжаттарды сұратады.
141. Аудиторлық дәлелдемелерді жинау осы Стандартқа 25-қосымшаға сәйкес нысан бойынша «ЖҚ - Қорларды есепке алудың аудиторлық рәсімдердін жүргізу бағдарламасы (ЖҚ-ҚР)» жұмыс құжатына сәйкес аудиторлық рәсімдер жүргізу арқылы жүзеге асырылады.
142. Қорлар бойынша кіріс және шығыс сальдосы аудитінің дәйектілігі аудиторлық рәсімдермен тексеріледі.
Мемлекеттік аудитор қорларды есепке алу шоттары бойынша сальдо дұрыс көрсетілуі (бекітулерге сәйкес) және құрамында бұрмалаулар жоқ екеніне көз жеткізу үшін тексерілетін кезеңнің басына және соңына бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік тіркелімдері деректерін салыстырады.
Қорлардың кіріс сальдосының дәйектілігі туралы тиісті аудиторлық дәлелді сыртқы сұрау салу нәтижесінде растама алуға болады.
Қорлар бойынша кіріс сальдосы аудитінің нәтижелері осы Стандартқа 26-қосымшаға сәйкес нысан бойынша «ЖҚ - Қорлардың кіріс сальдосы (ЖҚ-ҚКС)» жұмыс құжатымен ресімделеді.
Салыстыру нәтижелері осы Стандартқа 27-қосымшаға сәйкес нысан бойынша «ЖҚ - Қорлардың шығыс сальдосы (ЖҚ-ҚШС)» жұмыс құжатымен ресімделеді.
143. Мемлекеттік аудитор ішкі бақылау жүйесі мен бухгалтерлік есеп жүйесін бағалау үшін мәселелердің тізімін жасауы қажет.
Ішкі бақылау жүйесінің тиімді жұмыс істеуіне қатысты жеткілікті және тиісті аудиторлық дәлелдерді алу үшін мемлекеттік аудитор тексеру рәсімдерінің мәні бойынша сипатын, орындалу мерзімі мен ауқымын жоспарлайды.
Қорларды есепке алудың ішкі бақылау жүйесін тестілеу кезінде мемлекеттік аудитор ақылға қонымды қорытындылар жасауға мүмкіндік беретін дәлелдемені алады, оған тәуекелдерді бағалау жөніндегі рәсімдерді орындау арқылы аудиторлық пікір негізделетін болады.
Мемлекеттік аудитор ішкі бақылау жүйесі жосықсыз іс-әрекеттерден туынадған бұрмалаулар мен жосықсыз іс-әрекеттерді анықтауға немесе алдын алуға мүмкіндік беретініне көз жеткізуі қажет
Қорларды есепке алу бойынша ішкі бақылау жүйесін бағалау осы Стандартқа 28-қосымшаға сәйкес нысан бойынша «ЖҚ - Қорлар бойынша ішкі бақылау қаражатының тәуекелдерін бағалау тесті (ЖҚ-ТБТ)» жұмыс құжатымен ресімделеді.
Егер мемлекеттік аудитор ыңғайлы төмен деңгейге дейін тәуекелді төмендетуді болжамдаса, онда ішкі бақылау құралдарын қосымша тестілеуді орындау талап етіледі.
144. Мемлекеттік аудитор қорларды сатып алу, кіріске алу, пайдалану және тануды тоқтату рәсімін зерделейді.
145. Бастапқы құжаттарды тексеру кезінде мемлекеттік аудитор мынаны:
операциялар тексерілетін кезеңге шын мәнінде жататынын;
бухгалтерлік есеп шоттарында көрсетілген қорларды сатып алу құны бастапқы құжаттардың деректері сәйкес келетінін анықтайды.
146. Мемлекеттік аудитор басқа мемлекеттік мекемеден алынған өзіндік құнын тану дұрыстығын тексереді:
басқа қаладан жеткізулер бойынша төленген жолдағы қорларды есепке алу;
орталықтандырылған жабдықтау бойынша түскен қорлар;
түгендеу комиссиясы актілерінің болуы;
құнсыздану себебін көрсете отырып, қорлардың құнсыздану фактілерінің болуы;
аудит объектісінің қажеттіліктеріне қорларды есептен шығару;
өзге де.
Қорларды сатып алу және беру құжаттары бухгалтерлік есеп деректерімен салыстырылады. Бастапқы құжаттарды инспекциялау арқылы қорларды сатып алу, қорларды жеткізу шарттарының талаптарын орындау тәртібі тексеріледі.
147. Мемлекеттік аудитор қорларды ұзақ мерзімді активтерге және керісінше ұзақ мерзімді активтерден қорларға аударудың орындылығын тексереді.
Қорлардың болуына және сақталуына аудит жүргізу кезінде мемлекеттік аудитор:
іс жүзінде болуын;
бастапқы танылуын;
ұзақ мерзімді активтердің қорлар құрамына және қорлардың ұзақ мерзімді активтерге ауыстырылуының орындылығын;
бастапқы құжаттарды ресімдеудің толықтығы мен дұрыстығын зерделейді.
148. Қорларды шығарған кезде мемлекеттік аудитор мынадай талдау рісімдерін орындайды:
қабылдап алу-беру актісін сұратады;
қорларды беруге және оларды құжаттамалық ресімдеуге тиісті рұқсаттың болуын тексереді;
қорларды есептен шығару дұрыстығын талдайды;
бухгалтерлік тіркелімдерді зерделейді.
149. Шығыстарға қорлардың құнын есептен шығару дұрыстығы есепті кезең ішінде ұсынылған құжаттардың деректерін бухгалтерлік есеп деректерімен салыстыру арқылы тексеріледі.
Есепті кезеңнің шығыстарына есептен шығарылған жанар-жағар майлар бекітілген есептен шығару нормаларына сәйкес тексеріледі.
Қорларды есептен шығару актілерін құжаттық ресімдеу толықтығы мен дұрыстығы тексеріледі. Жұмыс нәтижелері осы Стандартқа 29-қосымшаға сәйкес нысан бойынша «ЖҚ - Қорларды есептен шығару (ЖҚ-ҚШ)» жұмыс құжатында ресімделеді.
150. толықтығын дәлелдеуге аудиторлық дәлелдемелерді алу үшін мемлекеттік аудитор қорларға таңдау жүргізеді, олардың бухгалтерлік есепте көрсетілуін тексереді. Одан кейін бухгалтерлік есептен деректерді іріктеу және қорлардың іс жүзінде бар екенін қарау жолымен кері тексеруді жүргізеді.
Мемлекеттік аудитор пайдаланылмаған және пайдалануға жарамсыз қорларды анықтау үшін қорларға іріктеп бақылап тексеру жүргізеді.
151. Анықталмау тәуекелін бағалау мәні аудиторлық одан әрі іріктеу көлемін анықтау үшін қолданылады.
Мемлекеттік аудитор іріктеу элементтерін бас жиынтықтың әрбір элементі іріктемеге түсуге бірдей ықтималдығы болатындай етіп таңдауы қажет. Түгендеу ведомосіндегі немесе картотекадағы қорлардың қолдағы бар жиынтығы және оларға тиісті жазбалар бас жиынтық болып табылады. Ықтимал бұрмалаулар – олар туралы жазбалар болмаған жағдайда қорлардың болуы немесе қорлар болмаған жағдайда жазбалардың болуы.
Таңдалған бас жиынтықтан мемлекеттік аудитор жеке тексеруге жататын барлық элементтерді іріктеуі қажет. Жаппай тексеруге барлық бас жиынтық, егер ол құны басым элементтердің көп емес санынан тұрса немесе жоғары аудиторлық тәуекел бар болса және басқа құралдар жеткілікті тиісті аудиторлық дәлелдемелерді алуға мүмкіндік бермесе, ұшырайды.
152. Мемлекеттік аудитордың аудит объектісінің қызметін кәсіби пайымдауы және оны түсінуі негізінде мемлекеттік аудитор бас жиынтықтың ерекше элементтерін іріктеп алуы қажет.
Егер бас жиынтықтың қалған бөлігі елеулі болып табылса, онда одан тексеруге жататын жеке элементтер іріктеледі.
Егер жиынтықтың қалған бөлігін тестілеу туралы шешім қабылданса, онда одан тексеруге жататын жеке элементтер іріктеледі.
Іріктеп тексеру үшін таңдау кезінде мемлекеттік аудитор тең ықтималдықпен тексерілуі үшін қордың әрбір бабы мен қорлар бойынша операцияның әрбір түрі іріктелуі үшін қорларды есепке алу шоттары бойынша қалдықтарды және операцияларды салыстыруы қажет. Мысалы, қорлардың ірі баптары немесе орналасқан жері бойынша.
153. Қорлардың сақталуын қамтамасыз етуді тексеру бастапқы құжаттарды (түгендеу тізімдемелерін, түгендеу комиссиялары отырыстарының хаттамаларын, түгендеу комиссиясының шешімдерін) тарта отырып, түгендеу жүргізу жолымен жүзеге асырылады.
Мемлекеттік аудитор түгендеу үдерісін ұйымдастыру Түгендеу жүргізу қағидаларына сәйкес жүзеге асырылатынына көз жеткізуі қажет.
154. Мемлекеттік аудитор аудит объектісінің басшысы түгендеу нәтижелері қалай талданатынын анықтайды.
Мемлекеттік аудитор түгендеу аяқталғаннан кейін есептеу деректері түгендеу тізімдемелерінде дұрыс көрсетілгеніне көз жеткізу үшін таңдап заттай есеп жүргізу жолымен бақылау түгендеу жүргізуге құқылы. Іріктеп тексеру түгендеу күнінен бастап есепті күнге дейін жүзеге асырылады.
жүргізілген есептердің деректері бухгалтерлік есепте көрсетілген деректермен салыстырылады және кез келген ауытқу сипатталады.
Жұмыс нәтижелері осы Стандартқа 30-қосымшаға сәйкес нысан бойынша «ЖҚ - Қорларды түгендеу (ЖҚ-ҚТ)» жұмыс құжатымен ресімделеді.
155. Мемлекеттік аудиторға құнсыздануға резервтің дұрыс есептелгендігін тексеруі, құнсыздану себебін зерделеуі қажет.
Мемлекеттік аудитті жүргізу үшін арнайы білім және тәжірибе қажет болған жағдайларда сыртқы білікті сарапшыларды тартылады.
156. Тексеру нәтижелерін қорыта келе мемлекеттік аудитор жұмыс құжаттарында жиналған дәлелдемелерді жүйелеуі қажет. Жүйелі сипаты бар бұзушылықтар бойынша анықталған қателерді барлық тексерілетін жиынтыққа таратқан жөн. Анықталған ауытқулардың елеулі екенін іріктеу мөлшері және қателердің жүйелі сипаты ескеріле отырып, анықталады.
Анықталған ауытқулар осы Стандартқа 31-қосымшаға сәйкес нысан бойынша «ЖҚ - қорлар қателерінің жиыны (ЖҚ-ҚҚЖ)» жұмыс құжатында тіркеледі.
Есепті құжат деректерінің негізінде мемлекеттік аудитор қаржылық есептілікті қалыптастыруға әсер ететін бұрмалауларды талдайды.
157. Мемлекеттік аудитор әрбір жеке бұрмалауды операциялардың тиісті сыныптарына, шоттар немесе ашу сальдосына оның әсерін бағалау үшін қарайды.
Егер елеулі емес бұрмалаулардың саны көп болған жағдайда, мемлекеттік аудитор саны және ақшалай мәндегі бұрмалаулардың жалпы әсері туралы ақпаратты ұсынады.
Қорлар аудитін аяқтау рәсімі мыналарды қамтиды:
аудит нәтижелерін тұжырымдау және бағалауды;
аудит жүргізу барысында анықталған қателерді талдау және олардың тексерілетін кезеңге қаржылық есептілігінің дұрыстығына әсері.
Жұмыс нәтижелері осы Стандартқа 32-қосымшаға сәйкес нысан бойынша «ЖҚ - Қорлар – қорытындылар (ЖҚ - Қорлар – қорытындылар)» жұмыс құжатымен ресімделеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет