«Қаржылық есептілік аудиті» рәсімдік стандарты 1- бөлім. Жалпы ережелер


- тарау. Ұзақ мерзімді активтердің аудиті



бет13/23
Дата31.08.2023
өлшемі0,51 Mb.
#105707
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   23
Байланысты:
2. ! $ 07.docx (1)

6- тарау. Ұзақ мерзімді активтердің аудиті

192. Ұзақ мерзімді активтер аудитінің мақсаты қаржылық есептілікте көрсетілген ұзақ мерзімді активтер туралы ақпараттың дұрыстығы мен толықтығы туралы аудиторлық пікірді қалыптастыру болып табылады.


193. Ұзақ мерзімді активтер аудитінің міндеттері мыналар:
олардың құрамы мен құрылымын, пайдалану шарттарын зерделеу;
ішкі бақылау мен бухгалтерлік есеп жүйесінің бастапқы бағалауын растау;
бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілікте бастапқы тану кезінде ұзақ мерзімді активтердің дұрыс көрсетілуін тексеру;
түскен ұзақ мерзімді активтер операцияларын бастапқы тану мен олардың бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілікте дұрыс көрсетілуін тексеру;
ұзақ мерзімді активтердің қозғалысы бойынша операцияларды (түсу, бастапқы мойындау, кейінгі бағалау, беру, есептен шығару) құжаттамалық ресімдеу мен есепте көрсету дұрыстығын тексеру;
есептелген амортизацияның дұрыстығын және оның есепте дұрыс көрсетілуін тексеру;
ұзақ мерзімді активтерді ағымдағы жөндеу бойынша есептелген шығыстардың көрсетілуінің дұрыстығын тексеру;
кіріс және шығыс сальдосының дұрыстыңын растау;
ұзақ мерзімді активтердің болуын және сақталуын растау болып табылады.
194. Ұзақ мерзімді активтерге аудит аудит жүргізген кезде мемлекеттік аудитор:
«Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңын;
Қазақстан Республикасы Үкіметінің мынадай қаулыларын:
2013 жылғы 21 қаңтардағы № 16 «Қазақстан Республикасы арнаулы мемлекеттік органдарының мүліктерін беру, өткізу, кәдеге жарату және есептен шығару, сондай-ақ жылжымайтын мүлкін мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру қағидаларын бекіту туралы»;
осы Стандарттың 138-тармағындағы көрсетілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларын;
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің 2015 жылғы 17 наурыздағы № 212 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру қағидалары (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10467 болып тіркелген);
осы Стандарттың 8, 76-тармақтарында көрсетілген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің бұйрықтарын;
өзге де нормативтік құқықтық актілерді басшылыққа алады.
Аудиторлық дәлелдемелер көздері мыналар болып табылады:
мемлекеттік мекеменің жеке қаржыландыру жоспары;
негізгі құралдар мен инвестициялық жылжымайтын мүлікті қабылдау-тапсыру (орналастыру) актісі Нысандар альбомындағы НҚ-1 нысаны;
негізгі құралдарды, инвестициялық жылжымайтын мүлікті есептен шығару актісі Нысандар альбомындағы НҚ-3 нысаны;
автокөлік құралдарын есептен шығару актісі Нысандар альбомындағы НҚ-4 нысаны;
мемлекеттік мекемелерде негізгі құралдарды және инвестициялық жылжымайтын мүлікті есепке алудың түгендеу карточкасы Нысандар альбомындағы НҚ-6 нысаны;
мемлекеттік мекемелерде ауыл шаруашылығы қызметімен байланысты емес жануарларды (жұмыс малын), өсімдіктерді есепке алудың түгендеу карточкасы Нысандар альбомындағы НҚ-8 нысаны;
мемлекеттік мекемелерде негізгі құралдарды, инвестициялық жылжымайтын мүлікті топтық есепке алудың түгендеу карточкасы Нысандар альбомындағы НҚ-9 нысаны;
мемлекеттік мекемелерде ұзақ мерзімді активтерді есепке алу бойынша түгендеу карточкаларының тізімдемесі Нысандар альбомындағы ҰА-10 нысаны;
ұзақ мерзімді активтерді түгендеу тізімі (олардың тұрған және пайдалану орны бойынша) Нысандар альбомындағы ҰА-13 нысаны;
ұзақ мерзімді активтерді амортизациялау сомасын есептейтін әзірлеме кестесі Нысандар альбомындағы 459 нысаны;
«Құралдарды, өндірістік және шаруашылық мүкәммалды теңгерімнен есептен шығару актісі» Нысандар альбомындағы 443 нысаны;
«Мемлекеттік мекемелерде кітапханадан әдебиеттерді есептен шығару актісі» Нысандар альбомындағы 444 нысаны;
«Негізгі құралдар бойынша айналым ведомосі» Нысандар альбомындағы 326-НҚ нысаны;
«Инвестициялық жылжымайтын мүлік бойынша айналым ведомосі» Нысандар альбомындағы 326-ИЖ нысаны;
«Биологиялық активтер бойынша айналым ведомосі» Нысандар альбомындағы 326-БА нысаны;
«Материалдық емес активтер бойынша айналым ведомосі» Нысандар альбомындағы 326-МА нысаны;
«Ұзақ мерзімді активтерді ішкі орналастыруға жүкқұжат» Нысандар альбомындағы 434 нысаны;
жобалау-сметалық құжаттама;
ұзақ мерзімді активтерді жеткізуге, ғылыми-зерттеу және ғылыми-конструкторлық жұмыстарға шарттар;
«Биологиялық активтерді (жануарларды) қабылдау-тапсыру (орналастыру) актісі» Нысандар альбомындағы БА-1 нысаны;
«Биологиялық активтерді (өсімдіктерді) қабылдау-тапсыру (орналастыру) актісі» БА-1А нысаны;
«Биологиялық активтерді (жануарларды) есептен шығару актісі» Нысандар альбомындағы БА-2 нысаны;
«Биологиялық активтерді (өсімдіктерді) есептен шығару актісі» Нысандар альбомындағы БА-2А нысаны;
«Мемлекеттік мекемелерде биологиялық активтерді (жануарларды) есепке алудың түгендеу карточкасы» Нысандар альбомындағы БА-3 нысаны;
«Мемлекеттік мекемелерде биологиялық активтерді (өсімдіктерді) есепке алудың түгендеу карточкасы» Нысандар альбомындағы БА-3А нысаны;
«Материалдық емес активтерді кабылдау-тапсыру актісі» Нысандар альбомындағы НОС-1 нысаны;
«Материалдық емес активтерді есептен шығару актісі» Нысандар альбомындағы НОС-3 нысаны;
«Материалдық емес активтерді есепке алудың түгендеу карточкасы» Нысандар альбомындағы НОС-6 нысаны;
6-мемориалды ордер «Ұйымдармен есеп бойынша жинақтау ведомосі» Нысандар альбомындағы 408 нысаны;
9-мемориалды ордер «Ұзақ мерзімді активтерді шығару және орналастыру бойынша жинақтау ведомосі» Нысандар альбомындағы 438 нысаны;
19- мемориалды ордер «Операциялық шығыстарды есептеудің жинақтау ведомосі» Нысандар альбомындағы 458 нысаны;
«Бас журнал» кітабы Нысандар альбомындағы 308 нысаны;
Аудиторлық дәлелдемелердің басқа көздері.
195. Аудиторлық дәлелдемелерді жинау осы Стандартқа
39-қосымшаға сәйкес нысан бойынша «ЖҚ – Ұзақ мерзімді активтердің аудиторлық рәсімдерін жүргізу бағдарламасына (ЖҚ-ҰАБ)» сәйкес аудиторлық рәсімдер жүргізу жолымен жүргізіледі.
Аудиторлық дәлелдемелер жинауды жүргізу өлшемшарттары:
пайда болуы – бухгалтерлік есепте көрсетілген ұзақ мерзімді активтердің қозғалысы бойынша операциялар шын мәнінде аудит объектісіне қатысты;
толықтығы – ұзақ мерзімді активтер бухгалтерлік есепте есепке алынған және қаржылық есептілікте көрсетілген әрі олар жөніндегі ақпарат ашылған;
нақтылығы және бөлінуі – ұзақ мерзімді активтер тиісті сомаға көрсетілген және есепті кезеңнің ішінде бөлінген (бөлініп тасталған);
сыныптау – ұзақ мерзімді активтерге сыныптау жүргізілді, олар бойынша операциялар тиісті шоттар бойынша орналастырылған;
бар болуы – қаржылық есептілікте көрсетілген ұзақ мерзімді активтер есепті күндегі жағдай бойынша шын мәнінде бар;
құқықтар мен міндеттемелер –аудит объектісінің ұзақ мерзімді активтерге құқықтары құжатпен расталған;
бағалау және бөлу – ұзақ мерзімді активтер есепке алу саясатының талаптарына сәйкес бухгалтерлік есепте және қаржылық есептілікте дұрыс бағалаумен көрсетілген;
түсініктілік – қаржылық ақпарат сенімді берілген және ашылуы нақты көрсетілген;
сәйкестігі – ұзақ мерзімді активтермен операциялар Қазақстан Республикасында бухгалтерлік есепті жүргізу тәртібін регламенттейтін нормативтік актілерге сәйкес бухгалтерлік есепте көрсетілген.
196. Егер қаржылық есептілік аудиті аудит объектісінде алғаш рет өткізілген жағдайда, аудитті жүзеге асырып отырған мемлекеттік аудиторға тексерілетін кезеңнің басындағы ұзақ мерзімді активтерді есепке алу шоттары бойынша қалдықтарда тексерілетін кезеңнің қаржылық есептілігіне айтарлықтай әсер ете алатын бұрмалаудың жоқ екендігі және алдыңғы есепті кезеңнен дұрыс ауыстырылғаны туралы дәлелдемелер алу қажет.
197. Кейінгі аудитте ұзақ мерзімді активтер шоттары бойынша қалдықтар алдыңғы есепті кезеңнің соңындағы қаржылық есептілікте расталған қалдықтарға сәйкес келетініне көз жеткізу керек.
Ұзақ мерзімді активтердің кіріс сальдосы аудиторлық рәсімдермен тексеріледі.
Кіріс сальдосының дұрыстығы туралы тиісінше аудиторлық дәлелдемені сырттан растауды сұрату нәтижесінде алуға болады.
Ұзақ мерзімді активтердің кіріс сальдосы аудитінің нәтижелері осы Стандартқа 40-қосымшаға сәйкес нысан бойынша «ЖҚ - Ұзақ мерзімді активтердің кіріс сальдосы (ЖҚ-ҰАКС)» жұмыс құжатында ресімделеді.
Есепті кезеңнің сальдосын растау рәсімі ұзақ мерзімді активтерді есепке алу шоттары бойынша сальдо дұрыс көрсетілгеніне (растауға сәйкес келетініне) және бұрмалаулар жоқ екендігіне көз жеткізу үшін тексерілетін кезеңнің басы мен соңындағы бухгалтерлік есеп тіркелімдерінің және қаржылық есептілік деректерін салыстыру жолымен жүргізіледі. Салыстыру нәтижелері осы Стандартқа 41-қосымшаға сәйкес нысан бойынша «ЖҚ - Ұзақ мерзімді активтердің шығыс сальдосы (ЖҚ-ҰАШС)» жұмыс құжатында ресімделеді.
198. Мемлекеттік аудиторға мәселелер тізімін жасау қажет. Алынған жауаптардың негізінде мемлекеттік аудитор аудит объектісінің ішкі бақылау жүйесіне баға береді.
Ішкі бақылау жүйесін бағалау осы Стандартқа 42-қосымшаға сәйкес нысан бойынша «ЖҚ - Ұзақ мерзімді активтерді ішкі бақылау құралдарының тәуекелдерін бағалау тесті (ЖҚ-ҰАБТ)» жұмыс құжатында ресімделеді.
Әрбір жауап жұмыс құжаттарын міндетті түрде қоса бере отырып, қысқаша ескертпемен беріледі.
199. Мемлекеттік аудитор ішкі бақылау мен ұзақ мерзімді активтерді есепке алу жүйелерінің жұмыс істеуі тиімділігіне қатысты жеткілікті және тиісті аудиторлық дәлелдемелер алу үшін тестілеу жүргізу жолымен олардың бастапқы бағасын растау рәсімін жүргізеді.
Ішкі бақылау жүйесінің тиімді жұмыс істеуін айқындау үшін мемлекеттік аудитор мәні бойынша тексерудің сипатын, оны орындау мерзімін және рәсімдерінің ауқымын жоспарлайды.
200. Ішкі бақылау жүйесін зерделеу ақпаратты жинаудың, жаңарту мен талдаудың үздіксіз процесі болып табылады және оған мынадай рәсімдердің көмегімен қол жеткізіледі:
аудит объектісінің бақылау құралдарын қадағалау, болуы мүмкін қателер мен жосықсыз іс-қимылдардың алдын алу мақсатында аудит объектісі белгілеген бақылау рәсімдерін талдау;
ұзақ мерзімді активтерді және аяқталмаған құрылысты есепке алуды қамтамасыз ететін мамандардың біліктілік деңгейін айқындау мақсатында сұхбат жүргізу;
дұрыс толтырылмаған құжат өзінің дәлелділігін бұзатындықтан, ұзақ мерзімді активтер және аяқталмаған құрылыс жөніндегі құжаттардың тиісінше ресімделуін бағалау;
алдыңғы тексеру материалдарын шолу;
мынадай ішкі құжаттарды:
лауазымдық нұсқаулықтарды;
тұрақты жұмыс істейтін түгендеу комиссиясын құруға бұйрықты;
түгендеу жүргізуге бұйрықты;
түгендеу тізімдемелерін;
толық материалдық жауапкершілік туралы шарттарды;
алдыңғы тексеру нәтижелерін;
аудит жүргізу қорытындылары бойынша аудит объектісі басшылығының шешімдерін;
басқа да құжаттарды инспекциялау.
Бұл үшін мемлекеттік аудитор ұзақ мерзімді активтер бойынша ішкі бақылау жүйесінің тәуекелін бағалауды жүзеге асыру үшін ақпаратты қамтамасыз ететін құжаттарды сұратады.
201. Ұзақ мерзімді активтерді есепке алу баптары бойынша ішкі бақылау жүйесін тестілеу кезінде мемлекеттік аудитор ақылға қонымды қорытынды жасауға мүмкіндік беретін дәлелдеме алады, оған тәуекелді бағалау бойынша рәсімдерді орындау арқылы аудиторлық пікір негізделетін болады.
Тестілеу нәтижелері бойынша мемлекеттік аудитор бақылау құралдарының тәуекелдерін айқындайды.
Бұрмалануды таппау тәуекелін бағалаудың жоғары деңгейі ішкі бақылау жүйесінің нашар жұмыс істейтіндігін білдіреді, мұның өзі мәні бойынша аудиторлық рәсімдердің көлемін ұлғайту қажеттілігін талап етеді.
Бұрмалануды таппау тәуекелін бағалаудың орта және төмен деңгейі ішкі бақылау жүйесінің қанағаттанарлық жұмыс істейтіндігін білдіреді, сондықтан да қолданылатын аудиторлық рәсімдердің көлемін азайтуға болады.
Егер мемлекеттік аудитор тәуекелді қолайлы төмен деңгейге дейін түсіруді ұйғарса, онда ішкі бақылау құралдарын қосымша тестілеуден өткізу талап етіледі.
202. Мемлекеттік аудитор аудит объектісі басшылығының немесе қызметкерлерінің өтімділігі жоғары активтерді иемдену не объектінің активтерін жеке мақсаттары үшін пайдалану жолымен (мысалы, нөлдік тарату құнымен ғимараттар, жер, жабдық) жосықсыз іс-қимылдар жасауына аудит жүргізеді.
Мұндай мән-жайларды ескере отырып, мемлекеттік аудиторға ішкі бақылау жүйесі осындай іс-қимылдардан туындаған жосықсыз іс-қимылдардың және бұрмалаудың алдын алуға немесе оларды анықтауға мүмкіндік беретініне көз жеткізу қажет.
203. Ұзақ мерзімді активтерді бағалау дұрыстығын тексеру тұтас (объектілер саны аз болған кезде) немесе іріктеп жүргізілуі мүмкін.
Тексеру кезінде мемлекеттік аудиторға мыналарды:
операциялар шынында да тексерілетін кезеңге жататындығын;
бухгалтерлік есептің шоттарында көрсетілген ұзақ мерзімді активтерді сатып алу құны бастапқы құжаттардың деректеріне сәйкес келетіндігін;
есеп пен есептілікте көрсетілген ұзақ мерзімді активтердің шығып қалуынан кірістер мен шығыстар бастапқы құжаттардың деректеріне сәйкес келетіндігін;
есептен шығарылған ұзақ мерзімді активтердің теңгерімдік құны талдамалық есептің деректеріне сәйкес келетіндігін;
есеп пен есептілікте ұзақ мерзімді активтерді сатып алу және сату операцияларының дұрыс көрсетілуін тексеру үшін қажетті басқа да мәселелерді анықтау қажет.
204. Инвестициялық жылжымайтын мүліктің іс жүзінде болуын алдын ала растау сатысында мемлекеттік мүлікке билік ету жөніндегі уәкілетті органға аудит объектісінің теңгерімінде есепте тұрған мүлікті жалға беруге:
жылжымайтын мүліктің жалпы алаңы және жалға берілетін алаңы туралы мәліметтер;
аудит объектісі инвестициялық жылжымайтын мүлікті тиісті кезеңде мойындағанын айқындау мақсатында жалдау шарттарының әрекет ету мерзімдері туралы сауал жасау қажет.
205. Аудиторлық рәсімдер нәтижелерін ескере отырып, мемлекеттік аудитор бухгалтерлік есепте айналым мен шоттар бойынша сальдоның дұрыс көрсетілуін егжей-тегжейлі тексеру сияқты мәні бойынша рәсімдер жүргізеді.
Мәні бойынша тексеру кезіндегі аудиторлық рәсімдер егжей-тегжейлі тестерден және талдамалық рәсімдерден тұрады.
Жеткілікті және тиісті дәлелдемелер алу мақсатында аудиторлық рәсімдерді жүргізу әдістері мыналар болып табылады:
инспекциялау;
қадағалау;
сұрату;
растау;
қайта есептеу;
қайтадан орындау.
206. Мемлекеттік аудитор ұзақ мерзімді активтерді қор құрамына және керісінше қордан ұзақ мерзімді активтерге ауыстыру жүргізілгенін тексереді.
207. Ұзақ мерзімді активтердің бар болуына және сақталуына аудит жүргізген кезде мемлекеттік аудитор мыналарды:
орнату, іске қосу, жаңғырту және қосымша жабдықтау кезінде ұзақ мерзімді активтердің құнына жүргізілген бағалаудың дұрыстығын;
есепте ұзақ мерзімді активтерді кіріске алу және есептен шығару бойынша операцияларды көрсету дұрыстығын;
ұзақ мерзімді активтерді қор құрамына және қордан ұзақ мерзімді активтерге ауыстырудың орындылығын;
іс жүзінде болуын;
бастапқы құжаттардың ресімделу дұрыстығын зерделейді.
208. Мемлекеттік аудитор мыналарды:
ұзақ мерзімді активтерді сатып алу-сату шарттарының болуын;
ұзақ мерзімді активтердің бастапқы құнын ұлғайтудың құқыққа заңдылығын;
құрылыс, күрделі жөндеу, қосып салу, қосымша жабдықтау, қайта құру және жаңғырту объектілерінің құнын айқындаудың заңдылығы мен орындылығын тексереді.
209. Мемлекеттік аудитор есепте ұзақ мерзімді активтерді квазимемлекеттік сектор субъектілерінің жарғылық капиталына берудің көрсетілуін тексереді.
210. Мемлекеттік аудитор бухгалтерлік есептің деректері мен бастапқы есепке алу құжаттарының негізінде объектілердің ұзақ мерзімді активтер құрамына уақытылы есепке алынуын тексереді.
211. Ұзақ мерзімді активтерді қатардан шығару кезінде аудитор мынадай рәсімдерді орындайды:
бастапқы құнын, қатардан шығару күніндегі жинақталған амортизация сомасын, қатардан шығару себебін; сатылу бағасын; операциядан болған қаржылық нәтижені көрсете отырып, есепті кезеңде қатардан шығарылған ұзақ мерзімді активтер объектілерінің тізімін сұратады;
алынған ақпарат деректерін ұзақ мерзімді активтерді есепке алу шоттарының кредиті, ұзақ мерзімді активтердің жинақталған амортизациясын есепке алу шоттарының дебеті, ұзақ мерзімді активтерді қатардан шығаруды есепке алу бойынша шығыстардың деректерімен салыстырады;
ұзақ мерзімді активтерді қатардан шығару бойынша операцияларға тиісті рұқсаттың болуын және олардың құжатпен ресімделуін тексереді;
қатардан шығарудың әрбір операциясы бойынша (айтарлықтай көлем болғанда ішінара) ұзақ мерзімді активтерді есептен шығару және қаржылық нәтижені айқындау дұрыстығын талдайды.
Ұзақ мерзімді активтерді қатардан шығаруды тексеру барысында аудитор есептен шығару себебін, операцияның орындылығы мен заңдылығын белгілейді.
212. Ұзақ мерзімді активтердің амортизациясын есептеу дұрыстығының аудиті тексерілетін кезеңдегі ұзақ мерзімді активтердің амортизациясын есептеу ведомосін зерделеу және тексеру үшін ірктеуді айқындау жолымен жүргізіледі. Бұл ретте іріктеу ұзақ мерзімді активтердің барлық топтарын, оның ішінде есепті кезеңде сатып алынғанын және қатардан шығарылғанын қамтитынына; қатардан шығарылған ұзақ мерзімді активтер бойынша амортизация есептеу тоқтатылғанына; амортизация нормаларын қолданудың дұрыстығына және оларды бухгалтерлік есептің тиісті шотында көрсетілуіне көз жеткізу қажет.
Амортизацияны дұрыс және толық есептеу аудиті кезінде ұзақ мерзімді активтердің объектілерін қабылдау-тапсыру актілерінің жазбалары объектілерді есепке алудың түгендеу карточкаларындағы жазбаларымен, ал түгендеу карточкаларының жазбалары ұзақ мерзімді активтердің амортизациясын есептеу тізімдемесінің жазбаларымен салыстырылады.
Ұзақ мерзімді активтердің саны отыз атаудан көп болған кезде көрсетілген салыстыруды ішінара әдіспен жүргізіледі. Амортизация есептелмейтін ұзақ мерзімді активтерді қоспағанда, ведомость бойынша ұзақ мерзімді активтердің теңгерімдік құны ұзақ мерзімді активтердің шоттары бойынша «Бас журнал» кітабының деректерімен салыстырылады.
100% тозған ұзақ мерзімді активтер болған кезде объектінің бастапқы құны есептелген амортизация сомасымен салыстырылады.
213. Ұзақ мерзімді активтерді жөндеу және оларға қызмет көрсету аудиті рәсімі мыналар:
ұзақ мерзімді активтерді жөндеуге және оларға қызмет көрсетуге арналған шығыстар сомасын талдау;
ұзақ мерзімді активтерді жөндеу және оларға қызмет көрсету бойынша шығыстардың дұрыс көрсетілуін ішінара растау;
күрделі жөндеуге, қайта құруға (жаңғыртуға) байланысты өзгерістер есеп пен қаржылық есептілікте және жөндеу объектісінің техникалық паспортында дұрыс көрсетілгені туралы жеткілікті және тиісті дәлелдемелер алу үшін жүргізіледі.
Мемлекеттік аудитор ұзақ мерзімді активтерге күрделі немесе ағымдағы жөндеу жүргізген мердігер ұйымдармен есеп айырысу тәртібін тексереді.
Жұмыс нәтижелері осы Стандартқа 43-қосымшаға сәйкес нысан бойынша «ЖҚ - Ұзақ мерзімді активтерді жөндеу және оларға қызмет көрсету (ЖҚ-ҰАЖ)» жұмыс құжатында ресімделеді.
214. Статистикалық іріктеуді қолданған кезде мемлекеттік аудитор ұзақ мерзімді активтердің әрбір элементі бірдей таңдалу мүмкіндігіне ие болуы үшін бас жиынтықты саны мен сапасы бойынша стратификациялайды (репрезентаттық іріктеу):
бар болу мен сақталу аудиті кезінде бас жиынтық – аудит күніндегі ұзақ мерзімді активтердің барлық сыныптары, ал страта – бір текті ұзақ мерзімді активтер (мысалы, құрылыстар, көлік құралдары, машиналар мен жабдық, жиһаз бен өзгелері) немесе аумақтық бөлімше (іс жүзінде орналасу орны бойынша);
ұзақ мерзімді активтерді бағалау дұрыстығы аудиті кезінде бас жиынтықтар – түскен және қайта бағаланған ұзақ мерзімді активтер тізілімдер, ал страталар – бір текті ұзақ мерзімді активтер топтары;
есептелген амортизация аудиті кезінде бас жиынтық – амортизацияны есептеу ведомосі, ал страталар – бір текті ұзақ мерзімді активтер топтары;
ағымдағы және күрделі жөндеулер аудиті кезінде бас жиынтық – жөндеу жұмыстарын жүргізген мердігер ұйымдардың тізілімі, ал страталар – жұмыс түрлері немесе бір текті ұзақ мерзімді активтер топтары.
Толықтығы туралы дәлелдемелер алу үшін мемлекеттік аудитор ұзақ мерзімді активтерден іріктеу жүргізеді, олардың бухгалтерлік есепте көрсетілуін тексереді. Содан соң бухгалтерлік есептен деректерді іріктеу және ұзақ мерзімді активтердің іс жүзінде болуын қарау жолымен кері тексеру жүргізеді.
215. Мемлекеттік аудитор ұзақ мерзімді активтерді іріктеп бақылап қарау жолымен жарамсыз болған және есептен шығарылуы тиіс ұзақ мерзімді активтердің объектілері, сондай-ақ пайдаланылмайтын мүлік қолда бар екендігін зерделейді.
Мемлекеттік аудиторға ұзақ мерзімді активтердің барлық топтарынан іріктеу жүргізілгеніне көз жеткізу қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет