1.3. «Бірінші дефект немесе кемістік» және «екінші ауытқулар». Кеміс дамудың себептері
Кеміс дамудың күрделі құрылысы алгашқы дефектінің болуын көрсетеді (егер биологиялық фактор әсер етсе) және бірінші дефектінің пайда болуы екінші бұзылуға әкеліп соғады.
Мысалы, есту аппаратының зақымдануы салдарынан есту қабілеті бұзылса бұл алғашқы дефект болады. Саңыраулық тілі шықпай тұрып пайда болса - яғни сөйлемейтін, саңыраулық-мылқаулыққа әкеледі, бұл екінші дефект болып саналады. Мұндай кезде баланың арнайы оқыту жағдайында сақталған анализаторлардың көмегімен тілі шығуы мүмкін. Әрине, мұндай жағдайда баланың тілі түсініксіз болады, толық болмайды, сөздік қоры шектеулі, және сөзді түсінуі де қиынға соғады. Сөйлеуде кемшілігі бар кезде бала айналасымен дұрыс қарым-қатынас жасай алмайды, сол себептен мінез-құлығы, жалпы психика қызметтері оңымен, дұрыс қалыптаспайды. Екінші ауытқулардың нәтижесінде кеңістікте бағдарлау жасауы жеткіліксіз бодады. Нақты бір затты айыра алмайды, жүрісінде өзгешілік болады.
Ақылдың, ой-өрістің жеткіліксіздігі, мидың органикалық зақымдалуынан, яғни алғашқы дефектінің нәтижесінде пайда болады. Белсеңді қабылдау, сөйлем, логикалық ойлау, зерденің еркін түрлері бұзылып, сонымен қатар сол бұзылулар баланың әлеуметтік даму процесінде байқалады. Егер дер кезінде екінші дефектіге әсер етсе, бірінші дефект азаюы мүмкін. Себебі, екінші дефектіні біршама дәрежеде түзетуге болады. Бірінші дефектіні жөндеуі, тузетүі медициналық дәрігерлік жәрдемді қажет етеді, бірақ оның көп жағдайда тиімділігі аздау болады.
Алғашқы ауытқуларды ертерек анықтау керек, кеміс балаларды емдеу керек, сондықтан екінші дефект дамымайды. Екінші дефектінің терендігі алғашқы дефектіге байланысты.
Түрлі кемістіктердің немесе кеміс дамудың негізінде жүйке жүйесімен белгілі бір талдағыштардың кызметтерінің бұзылуы жатады. Соның салдарынан мүшелермен тұтас организмінің атипикалық құрылысы және қызметі байқалады.
Ауытқулар баланың құсрақ ішіндегі даму кезеңінде, немесе туғаннан кейін жас бала шағы кезеңде, немесе тұқым қуалайтьш факторлардың әсерінен пайда болады.
Кемістіктердің себептері немесе этиологиясы олардың пайда болу себептеріне орай 2 топқа бөлінеді:
1) туа бітіп пайда болған
2) тіршілік барысында жүре келе пайда болған.
1) Бірінші топқа келесі себептер жатады: ол жүкті ананың құрсақ ішіндегі ұрыққа әсер ететін түрліше патогенді агенттер. Сондай-ақ, жағымсыз әсерлерге жұқпалы аурулар, физикалық және психикалық жарақаттар, жүкті кездегі жеріктіктер, интоксикациялар (улаңдырғыш заттардан улану), ауа температураның әсері, түрлі іш-құрылыстың соматикалық аурулары.
Ананың аштық күйі, дистрофиясы, нашар-теріс тамақтануы құрсақ ішінде дамып келе жатқан балада қоректік заттардың жетіспеушілігін тудырады. Жұқпалы аурулардың қоздырғыштары болып тұмау, қызылша, қызамық, т.б. аурулардың вирустары болып табылады.
Токсоплазмоз аурумен ауырған кезде жүйке жүйесімен көру, есту мүшелердің қызметтері бұзылады. Аталмыш ауру адамға құстардан, үй малдарынан жұғады. Қызылша ауруында көбінесе мөлдір көз бұршағы зақымданады (катаракта - көз ауруы). Құрсақ ішіндегі жүйке жүйесінің ауруларына микроцефалия, гидроцефалия, параличтар мен парездар жатады.
Кейбір жағдайларда дәрі-дәрмектерді өз бетінше, бақылаусыз ішу, ана тарапынан жүктілікті мерзімсіз үзу, ананың іш-құрылыс аурулары да баланың кеміс дамуына әкеліп соғады.
Құрсақ ішіндегі тұқымның ми зақымдануы ана мен бала қанының резус-үйлесімсіздігінен де болуы мумкін. Оның салдары деп самай ми жарты шарларымен есту нервінің қызметтері бұзылуы деп есептеледі.
Ауытқулардың ауырлығымен тереңдігі патогенді агенттердің дамып келе жатқан бала организміне әсер ету мерзіміне байланысты.
Тұқым немесе жаңа туған нәресте организмі қаншалықты ерте зақымданса, соншалықты екінші салдары ауырлау басым болады.
Туа біткен кемістіктердің екінші тобьша тұқым қуалайтын ген арқылы берілетін ауытқулар жатады. Олар түрліше зат алмасудың бұзылуларымен сипатталады. Тұқым қуалайтын ауруларға олигофренияның (кемақылдық) кейбір түрлері жатады, мысалы Даун ауруы және хромосомдар санымен, құрылысы бұзылған салдарынан туындайтын психоздар. Сонымен қатар, саңыраулықпен кейбір көру талдағыш қызметтерінің түрлері хромосом арқылы анадан балаға беріледі.
Хромосом аурулары кезінде ми жарты шарларының дамуы тоқталып, ой, сана-сезімнің дамуы тежеледі.
Ата-аналардың маскүнемдігі мен нашақорлығы да балаларда туа біткен кемістіктердің пайда болуына септігін тигізеді. Көбінесе мұндай жағдайларға ұшыраған жанұяларда орталық жүйке жүйесінің қызметі бұзылған балалар дүниеге келеді.
2) Тіршілік барысында жүре келе пайда болған ауытқулар екі топқа бөлінеді, олар:
а) бала туу барысында
ә) дуниеге туғаннан кейінгі мезеттегі ауытқулар.
Туу барысында пайда болган ауытқулар туу процестің қате жүргізу салдарынан пайда болады, мысалы акушерлік қысқыштарды теріс пайдаланып баланың басын жарақаттау. Сол себептен ми қан тамырлары үзіліп, қан құйылуы мүмкін. Немесе туу процессі өте шапшаң, тиісті уақыттан жылдамдырақ өткен кезде құрсақ ішіндегі қысым атмосферлік қысымға өте тез айналып ауысады, сондықтан ауа қысымының айырмашылығынан қан ми ұлпасына құйылады.
Қан айналымның бұзылуына, соның салдарынан түрліше ауытқуларға асфиксия (гипоксиядан – оттегінің жетіспеушілігінен демнің тоқтап баланың тұншығып қалуы) апарып соғады.
Туу процессі ұзақка созылып кеткенде баланың иық нерв шиелешсуі зақымдануы мүмкін, сол себептен баланың қол сал ауруы (паралич) дамиды.
Баланың дуниеге келгеннен кейінгі мерзімде пайда болған ауытқулардың салдары болып табылады. Оған жүйке жүйесінің инфекциялық аурулар тобы жатады - нейроинфекциялар (жүйке жүйесінің вирусты жұқпалы аурулары). Оның ішінде вируспен бактериялар қоздыратын қабыну аурулар.
Менингит ауруы (ми қабықтарының қабынуы) гидроцефалияға, саңыраулыққа, психика дамуының тежелуіне және қозғалғыштың бұзылуына әкеліп соғады.
Бала шағында энцефалит ауруы (бас ми ұлпаларының қабынуы) психиканың тежелуіне себеп болады, баланың мінез-құлығы, көңіл-күйі өзгереді.
Менингоэнцефалит (ми қабынуы) ми мен жұлынның зақымдануына септігін тигізеді. Мұның салдарынан жүріс-қимылы, сөйлеу қабілеті бұзылады.
Полиомиелит ауруы баланың қозғалысын шектейді, жеке бұлшық еттердің сал ауруын тудырады.
Ауытқулардың басқаша да себептері болады. Мысалы, жарақаттар (жиі көру, есту талдағыштардың, ми жарақаттары). Соның салдарынан жылжу, психика қызметтерінің айқын бұзылуы, сөйлеу, зерденің төмендеуі, невроздар, қояншық байқалуы мүмкін.
Кейбір жағдайларда кемістіктің себебі больш уланулар табылалы. Арақ-шарап, наша (наркотик), қорғасын, сынап т.б. нерв жүйесіне негативті түрде әсер етеді. Дәрі-дәрмек қатарынан өте залалды болып стрептомицин сияқты антибиотик-дәрінін калыпты дозасынан артық мөлшерлері саналады. Ол есту нервінің қызметін бұзады.
Достарыңызбен бөлісу: |