Арнайы білім берудің технологиялары мен әдіс-тәсілдері


Ерекше білім алу қажеттіліктері бар балалардың тәрбие процесіндегі педагог жеке тұлғасының ролі



бет8/12
Дата05.05.2023
өлшемі0,61 Mb.
#90252
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
Байланысты:
4 І. Арнайы білім беру ж йесінде даму кемістіктері бар балалар т

2.2. Ерекше білім алу қажеттіліктері бар балалардың тәрбие процесіндегі педагог жеке тұлғасының ролі

Арнайы білім беруде тәрбие процестері күрделі жағдайларды өтеді: білім беру жүйесінде жалпы қабылданған тәрбиелеу міндеттерін тәрбиеленушілердің шектеулі мүмкіндіктеріне сүйене отырып шешіп қана қоймай, сондай-ақ даму ауытқуларының әр категориясындағы тәрбиеленушілердің ерекше қажеттіліктерін қанағаттандыруды қамтамасыз ету, алғашқы және екінші даму ауытқуларының себептеріне байланысты әлеуметтік, оның ішінде коммуникативтік, мінез-құлықтық және басқа да дағыларын, жекелік сапаларын қалыптастыру қажет. Тәрбие процесі баланың дамуының барлық ерекшеліктерін басшылыққа ала отырып, педагог пен баланың бірлесіп жекеше түрде немесе балалар тобымен жұмыс кезінде жүзеге асырылады. Арнайы білім беру жүйесінде тәрбие арнайы оқыту, түзету жұмыстарымен бөлінгісіз тығыз байланыста бола отырып, баланың күнделікті тіршілік кезеңінің барлық кезіне тән. Білім беру жүйесінде тәрбие өзіне дәстүрлі тәрбие жұмысын қосып қоймай, сондай-ақ оқу әрекетін, коррекциялық-педагогикалық жұмыс (шетелде бұл «терапия» терминімен айтылады, тәрбиеленушіге сәйкес кез келген коррекциялық-педагогикалық, бейімделу әрекеттерін белгілейді) және күтім жасау жұмыстарын қосады. Бұл жағдайда тәрбиеші, педагог мүмкіндігі шектеулі балаға білім беру технологиясында оңтайлы көмек, әдістер мен тәрбие ұйымдастырудың ең тиімді жолдары мен құрал-жабдықтарын байланыстырып қолдану үшін үздіксіз шығармашылық іздену үстінде болады.


Мүмкіндігі шектеулі баланың денсаулығының, дамуының барлық ерекшеліктерін есепке ала отырып, жалпы және арнайы педагогикадағы тәрбие әдістері классификациясының үш негізгі тобына тоқталамыз:
ақпараттық әдіс (бұқаралық ақпарат құралдарын, әдебиеттермен өнер арқылы әңгімелесу, кеңес беру, қоршаған ортадан мысал келтіру, мұның ішінде педагогтың мысалдары да)
тәжірибелік-әрекеттік әдістер – үйрету, дағдыландыру, баулу, жаттығу, тәрбиелеуші жағдайлар, ойын, қол еңбегі, бейнелеу және көркемдік әрекеттері, дәстүрлі емес әдістер – арттерапия (өнер құралдары арқылы коррекциялық-педагогикалық көмек), иппотерапия (ат үстінде жүру арқылы коррекциялық-педагогикалық көмек) және т.б.
қозғаушы-бағалаушылық әдістер – педагогикалық талап, мадақтау, айыптау, сөгу (ұяалту), жазалау.
Тәрбие әдістерін іріктеу мен жүйелеу балалардың жастық және жүйкелік ерекшеліктеріне, даму ауытқуының мінезі мен деңгейінің айқындығына қарай отбасының қатысымен жүзеге асырылады.
Арнайы білім беру жүйесінде қолданылатын кейбір тәрбие әдістерін қарастырамыз.
Даму ауытқуы бар балаларға тәжірибелік-әрекеттік тәрбие әдістері едәір оңтайлы болып табылады. Әсіресе бұл әдістер мектепке дейінгі және бастауыш мектеп балаларына сәйкес, сондай-ақ келесі категория балаларына, яғни ақыл ойында ауытқуы бар, психикалық дамуы артта қалғандар, сөйлеуінде және естуінде ауытқуы бар балаларға қолданылады.
Үйрету және жаттықтыру әдісі әлеуметтік тәртібінің тұрақты дағдыларын, санитарлық-гигиеналық және шаруашылық-тұрмыстық білімін, өзін-өзі ұйымдастыру дағдыларын қалыптастыруда қолданылады. Осы әдіс және басқа тәжірибелік-әрекеттік әдістер (ойын, тәрбиелеуші жағдайлар) түрлі ақпараттық әдістермен қоса сәйкестендіріліп пайдаланылады. Тәрбиелейтін ақпараттарды адекватты қабылдау оның мазмұнының күрделілігіне және баланың сенсорлық мүмкіндіктерінің деңгейіне тәуелді болады. Арнайы білім берудің алғашқы кезеңдерінде әңгімелердің, әңгімелесудің, түсіндірудің, көркем әдебиеттерді оқудың мүмкіншілігі жалпы білім беру жүйесіне қарағанда едәуір төмен. Сөйлеу тілінің дамымауы, интеллектуалдық жетіспеушілік, тұрмыстық және әлеуметтік тәжірибелерінің жұтаңдығы даму ауытқуы бар балалардың көпшілігіне ұлттық ертегілердің танымдық-этикалық потенциялын меңгеруде, прозалық және өлеңдік мәтіндерді түсіну және олардан оқу-тәрбиелік мәнін ұғуына мүмкіндік бермейді. Осыған байланысты педагогтың нұсқаулары мен түсіндірулерімен қатар визуалдық ақпараттарға сүйенетін әдістердің үлкен тәрбиелік мәні болады, сондай-ақ баланы қоршаған өмірден, педагогтың жеке тәжірибесінен алынған мысалдарды пайдалану жақсы нәтижелер береді. Сонымен бірге мектепке дейінге және бастауыш мектеп жасындағы даму мүмкіндігі шектелген балалар үшін педагогтың және тәрбиешінің қимылдары, іс-әрекеті, көзқарастары, түсініктері, әдеттері ұзақ уақыт бойы еліктеу үлгісі болып табылады. Қалыпты дамудағы балалармен салыстырғанда даму мүмкіндігі шектеулі балалар педагогпен психологиялық және әлеуметтік тұрғыда өте тығыз байланысты болып, барлығы жағынан оған ұқсауға тырысады. Осы тұрғыда мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеудегі педагогтың орны мен ролін бағалау қиын емес.
Қозғаушы-бағалаушылық әдістер (мадақтау, сөгу, жазалау) балаға түсінікті мадақтау сөздері («жақсы», «дұрыс», «жарайсың») арқылы тәжірибелік-әрекеттік және материалдық нұсқада жүзеге асырылады. Мадақтауға қатысты материалдық қндылық деңгейі жайлап кеми түседі: тәттілер, ойыншықтар – олардың бейнелеріне ауыстырылады (тәттілер мен ойыншықтар бейнеленген суреттер) – абстрактілі ауыстыру (фишка немесе басқа мадақтау белгісі: жалауша, жұлдыз, «+» белгісі және т.б.) – текқана сөздік мадақтаулар да қолданылады.
Жазалау әдістері сондай-ақ тәжірибелік-әрекеттік мақмұнға ие, өйткені қатаң түрдегі сөздік ескертулер ешқалайда тәрбиелеуде қолданылмайды.
Моральдық нормалар, әлеуметтік қарым-қатынас, әлеуметтік тәртіп туралы білімі мен тәжірибесі жеткіліксіз, өзінің іс-әрекетіне, көңіл-күйіне, қылықтарына белгісі деңгейде есеп беріп, орындай алмайтын бала өзінің жасаған соған айыпты болған іс-әрекетіне кінәлі бола алмайды. Сонымен қатар әдетте бала одан не талап етілетінін, үлкенге нақты не ұнамай тұрғанын түсіне алмайды. Сондықтан педагог, тәрбиеші баланы сөгу кезінде әрқашанда қажетті ұстамдылық пен сабырлылық танытып, баланың іс-әрекетін қатал жаратпаушылық көзқараспен қарау, басын шайқау (дұрыс емес), жаратымсыздық белгісін білдіретін: «жаман», «лайықсыз», «ұят», «маған мұны көру жақпайды» және т.б. сөздері арқылы білдіру керек. Ерекше жағдайларда ғана бала жасаған жарамсыз қылығының салдарын түзеу немесе жою үшін іс-әрекетіне қарапайым шек қоюды қолданады. Баланың даму деңгейіне қарай сөздік жазалау түрлері: сөз арқылы ұялту, сөгу мүмкін болады.
Кез келген жағдайды алсақ та жазалау әдісін қолдану тек мына жағдайларда ғаға нәтижелі болады: егер бала жаман қылық жасағанын түсініп отырса; егер жазалау баланы кемсітіп, мұқатып және оған физикалық ауыртпалық келтірмесе; егер жазалау әдісі жиі қолданылмай, яғни бала оған үйреншікті дағдыланып қалмайтындай болғанда ғана.
Мынаны қосқанымыз жөн болар, баланы ешқашанда еңбекпен, жалпы іс-әрекетпен жазалауға болмайды, өйткені осы және басқа да – бала үшін тартымды нәрселер болғандықтан оларды жазалау негізінде қолданып бағасыздандыруға болмайды. Бұдан да баланы белгілі іске, ойынға, қарым-қатынас жасауға шек қою едәір әсерлі болып табылады.
Педагог, тәрбиеші еш уақытта балаға дауыс көтермеуі тиіс, тіпті сөгу кезінде де. Бұл тәртіп тек баланың жасаған әрекеті тікелей оның өмірі мен денсаулығына қауып-қатер тигізетін кезде ғана ескерілмеуі мүмкін. Педагог, тәрбиешінің әдеттен тыс көтерілген дауысы бұл жағдайда бала үшін қауып-қатер белгісі, алдын-ала ескерту, сақтандыру белгісі болып табылады.
Жасөспірімдік және жеткіншектік жаста мүмкіншілі шектелген тұлғаның дамуына көрсетілген коррекциялық-педагогикалық көмектің нақты нәтижелері байқалған кезде тәрбиеленушілердің интеллектуалдық және сөйлеу мүмкіндігіне сүйенетін (әңгімелесулер, кездесулер, кеңес беру өнер мен әдебиет құралдарын жұмылдыру, мадақтау, сенім, сөгу, айыптаушылық және т.б.) ақпараттық және ынталандырушы тәрбие әдістері орын алады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет