Байланысты: 4 І. Арнайы білім беру ж йесінде даму кемістіктері бар балалар т
2.3. Арнайы білім беру жүйесіндегі тәрбиелеуді ұйымдастыру түрлері
Білім беру кезінде ерекше қажеттіліктерді талап ететін балаларды тәрбие алғашқыда жекелендіріліп жүргілетін. Арнайы білім беру тарихында соқыр және керең балаларды жекелендіріп оқытуға мысал ретінде оларды үй жағдайларында немесе шіркеулерде білім алғандықтары туралы айтуға болады. Білім беруде ерекше қажеттіліктері бар балаларға жекелендіріп оқытуды ұйымдастыру олардың әрқайсысының өзіндік даму ауытқушылығына, әр баланың нақты жағдайына байланысты іс-тәжірибе- зерттеу кезінде анықталған методикалық әдістер бойынша жүргізіледі. Жекелендірілген деп кәсіптік және көркемдік оқытуды айтады.
Қазіргі заманғы арнайы педагогикада жекелендіріп оқыту түрін келесі жағдайларға байланысты ұйымдастырады:
ауыр және күрделі даму ауытқулары бар балаларды оқыту мен тәрбиелеуде жекелендіріп оқыту қолданылады, өйткені мұндай балалар топтық және ұжымдық жұмыстар шарттарында білімді меңгере алмайды. Баланың танымдық әрекетінің ерекшеліктеріне байланысты оқыту кезінже үздіксіз жеке психологиялық-педагогикалық қолдауды және сатылық бақылауды, жиі-жиі қайталауды талап етеді. Мұндай балалардың сенсорлық және моторлық жүйелері сыртқы ортамен қарым-қатынаста едәуір қиындықтар туғызады. Осылайша ақыл-есі кемдіктің ауыр түрлері мен қосарланған ауытқушылықтары бар балаларды тәрбиелеу, соқыр-мылқау балалардың алғашқы кезеңдерінің оқытуы ұйымдастырылады;
білім беру процесінің түріне, даму ауытқушылықтарының ерекшеліктеріне, жас ерекшеліктеріне (ерте жас) сәйкес фронталды жұмыстарды толықтыратын әр бала жекелендірілген психологиялық-педагогикалық, логопедиялық және басқа да түзету жұмыстарын қажет етеді. Бұл кезде нақты бір баланың өзіндік дамуының ауытқыған қызметтері мен жүйелерінің барлық ерекшелікері, жеке жетістіктерінің деңгейі мен дамуға қажетті барлық мүмкіндіктері есепке алынады. Осылайша естуі бұзылған балалардың сөйлеу тілін қалыптастыру мен дыбыстауын дамыту, қалдық есту қабілетін дамыту кезінде жекелендірілген жұмыстар жүргізіледі. Әр түрлі категориядағы балалардың сөйлеу тілінің ауытқуларын түзете оқыту осы жекеше түрде жүргізіледі. Психологиялық көмек, психокоррекциялық және психотерапевтикалық көмек тәрізді бірқатар жағдайлар жекелендірілген жұмыс түрінде өтеді;
егер бала үй жағдайларында білім алса.
Жекелендірілген сабақтардың ұзақтығы әдетте 20-30 минут.
Жекелендірілген – топтық түрде тәрбиелеуді ұйымдастыру арнайы білім беруде жекелендірілген түрдің жалғасы ретінде, яғни жекелендірілген жұмыстың нәтижесінде бірқатар түзету-педагогикалық әсерге қол жеткізілгеннен кейін жүргізілеті. Мысалы, түзету сабақтары (сөйлеу тілін дамыту, өз-өзіне қызмет ету дағдылары, кеңістікке бейімделу және т.б.), әсіресе интеграциялық (біріктіру) тәрбиелеу шарттарына кіші топтағы балалармен жұмыс жүргізу мүмкіндіктерін анықтайды. тәрбиелеудің белгілі бір түзету-педагогикалық әсерге қол жеткен соң, жекелендірілген-топтық түрде ұйымдастырылған оқыту аралас ауытқушылықтары, ақыл-есі кемдіктің ауыр түріндегі балалармен жұмыс кезінде қолданылады.
Сыныптық сабақ жүйесі. Сабақ оқыту процесін ұйымдаструдың негізгі түрі болып табылады. Сабақ жалпы мектептегідей оқу-танымдық әрекетті ғана емес, балалардың басқа да түрлі әрекеттерін дамытуға бағытталып ұйымдастырылады. Сабақ оқушыларды фронтальды, топтық және аз деңгейде жекелендірілген жұмыстарды сәйкестендіріп оқытуға мүмкіндік береді. Оның басқа оқыту түрлерінен айырмашылығы:
оқушылардың топтық құрамы тұрақты (бірақ біріктіріп оқыту шарттары бойынша оқушылар даму деңгейінің белгілеріне сәйкес, оқу әрекетінің ырғағына, даму ауытқуының сипатына, оқыту түріне сәйкес уақытша біріктірілуі мүмкін. Бұл кезде топ құрамының тұрақтылығы бұзылады: белгілі бір қасиеттеріне қарай балалар бір топқа біріктіріліп оқытылса, басқа қасиеттері бойынша келесі топқа біріктіріледі, мұғалім әрқасысының мүмкіндіктері мен ерекшеліктерін есепке ала отырып, барлық оқушылардың әрекеттерін басқарады;
оқушылар білімді тек сабақ кезінде меңгереді. Арнайы білімберу жүйесінде білімді меңгеруде педагог алдын-ала дайындаған басқа сабақтарға кірістірілген жаттығулар жүйесі, жекелендірілген сабақтар, оқытуды ұйымдастырудың қосымша түрлерін қолданады.
Көп жағдайда, әсіресе оқытудың алғашқы кезеңдерінде сабақ арнайы мектептерде аралас тип бойынша жүргізіледі. Бұл ауытқуы бар бастауыш сынып оқушыларының жаңа сабақты үлкен мөлшерде қабылдай алмауымен түсіндіріледі, яғни жаңа сабақты игеру үшін оқушылардың әрекетінде іс-тәжірибелік жаттығулар арқылы сабақтың барлық кезеңдерін сатылап, материалды меңгеруге жиі жекелендірілген бақылау жасап, оқыту кезінде туындаған қиындықтарды анықтап отыру қажет.
Арнайы мектептегі сабақтар топтық түрдегі жұмыстарды кеңінен қолданумен сипатталады (жұптасып немесе бригада). Әдетте бұл дифференциалдық-топтық түрдегі жұмыстарда оқушылар танымдық мүмкіндіктеріне, оқу әрекетінің ырғағына, түзете-оқыту процесінің міндеттеріне тәуелді топтасады, сондай-ақ бригадалықта балалар (өз қалауымен немесе педагогтың нұсқауымен) белгілі бір тапсырманы орындау кезінде уақытша топтасады.
Сабақтағы жекелендірілген жұмыс түрі танымдық мүмкіндіктері, танымдық әрекетінің ырғағы мен көлемі басқа балаларға қарағанда өзгешелентін балалармен жүргізіледі.
Арнайы білім беру жүйесінде тәрбиелеу процесін ұйымдастырудың қосымша түрлеріне экскурсиялар, қосымша сабақтар, педагогикалық жұмыстардың сыныптан тыс түрлері (мысалы, сыныптан тыс оқу), өзін-өзі дайындау (арнайы мектеп-интернаттағы сбақтарға дайындық).
Арнайы мектеп-интернаттағы тәрбиелеу процесін ұйымдастырудың көмекші түрлеріне факультатив сабақтар, үйірме және клубтық жұмыстар, сыныптан тыс іс-шаралар (олимпиада, жарыс, көрсетілімдер, байқау, тақырыптық кештер, викториналар, жорық және экспедициялар) жатады.
Негізгі сияқты, көмекші және қосымша тәрбиелеуді ұйымдастыру түрлері оқушылардың білім алудағы ерекше қажеттіліктерін, олардың түрлі оқыту және тәрбие жұмыстарын ұйымдастырылу түрлеріне қатысу мүмкіндіктерін есепке ала отырып жүргізіледі.