Арнайы білім берудің технологиялары мен әдіс-тәсілдері


ІІ. Арнайы білім берудің технологиялары мен әдіс-тәсілдері



бет7/12
Дата05.05.2023
өлшемі0,61 Mb.
#90252
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
4 І. Арнайы білім беру ж йесінде даму кемістіктері бар балалар т

ІІ. Арнайы білім берудің технологиялары мен әдіс-тәсілдері


2.1. Дамуында ауытқуы бар балаларды оқыту және тәрбиелеу әдістерін іріктеу және жүйелеп қолданудың ерекшеліктері
Коррекциялық-педагогикалық процесте арнайы білім беру принциптері сәйкес әдістер мен тәсілдер, сондай-ақ білім беру технологиялары да жүзеге асырылады.
Арнайы педагогика даму мүмкіндігі шектелген адамдардың білім алу процесінде арнайы білім беру технологияларының, оқыту және тәрбие әдістеріне жүктеледі.
Тәрбиелеу мен оқыту әдістері мұғалім мен оқушының өзара әрекетінің реттелген тәсілдері бола, білім мен дағдылар және танымдық қасиеттерінің дамуына бағытталады. Психологиялық-педагогикалық көмек даму мүмкіндігі шектелген адамның өмірінде жеке тұлға ретінде қалыптасуы мен дамуының арнайы тәрбие әдістерінің жүйесін құрайды.
Педагогикалық сананың қазіргі жағдайында есейіп келе жатқан баланың дамуы, қалыптасуы және әлеуметтенуі туралы тұрақты түсініктер қалыптасқан. Дамуында ауытқуы бар балаларға білім бру процесі өз кезегінде оқыту және тәрбиені біріктіріп жүзеге асырады. Бұл жағдайда оқыту мен тәрбие әдістерін бөліп алып қарастыру жасанды болып табылады және арнайы білім беру процесінің түрлі жақтарын аналитикалық зерттеу мақсаттарында ғана қолданылуы дұрыс болады.
Даму мүмкіншілігі шектелген балаларды тәрбиелеуде қолданылатын әдістер тобы балалардың оқу-танымдық әрекетін қалыптастыруға бағытталып ұйымдастырылады. Бұл топқа келесі әдіс топшалары жатады:
перцептивтік (сөз түрінде жеткізу әдісі және оқу материалын есту немесе көру арқылы қабылдауы, оны меңгеру тәсілін ұйымдастыру бойынша ақпарат беру; көрнекілік, іс-тәжірибелік әдістер);
логикалық (индуктивті және дедуктивті);
гностикалық (репродуктивті, мәселелі-ізденушілік, зерттеушілік);
Даму мүмкіншілігі шектелген балаларды тәрбиелеу жұмыстарында жоғарыда көрсетілген тобынан әдістерді таңдау бірқатар факторлармен анықталады.
Біріншіден, перцептивтік сферасының (есту, көру, тірек-қимыл жүйесі және т.б.) дамының ауытқуына байланысты оқушылардың есту, көру, тактильді-вибрациялық қабылдау және басқа да білімтүріндегі ақпаратты қабылдау мүмкіндігі қиындайды. Ақыл-ой дамуының ауытқулары білімдік ақпаратты толық қабылдауына мүмкіндік бермейді. Сондықтан білімдік ақпаратты толық жеткізуге, қабылдауға, зердеде ұстауға, өңдеуге оңтайлы әдістерді ағзаның сақталған талдағыштары мен қаситеттеріне, яғни берілген адамның табиғатына сәйкес ерекше білімдік қажеттіліктеріне сүйене отырып таңдау керек.
Даму мүмкіншілігі шектелген балалардың тәрбиелеудің алғашқы кезеңдерінде баланың сенсомоторлық негіздегі көріністерін және танысдық түсінігін қалыптастыратын бірінші орында перцептивтік әдістер топшасынан іс-тәжірибелік және көрнекілік әдістер таңдалынады. Бұл әдістерге толықтыру ретінде білімдік ақпаратты сөз түрінде жеткізу әдісі жатады. Кеңірек сөздік әдіс қолданылатын әдістер жүйесінде маңызды орынды алады.
Екіншіден, даму ауытқуының кез-келген түрінде баланың сөйлеу тілі бұзылады. Бұл әсіресе оқытудың алғашқы кезеңдерінде мұғалімнің сөзі, сөз түріндегі түсіндірулері, сөздік әдістері барлығы жетекші ретінде қолданыла алмайтынын түсіндіреді.
Үшіншіден, дамудың бұзылуының түрлі типтерінде сөздік-логикалық ойлауының қалыптасуы қиындап, бұл өз кезегінде оқыту процесінде логикалық және гностикалық әдістерді қолдану мүмкіндігін едәуір шектеп, осыған байланысты индуктивті әдіс қолданылады. Сондай-ақ түсіндірмелі-иллюстративті, репродуктивті және ізденушілік әдістер қолданылады.
Жалпы мектепте сөз түріндегі әдістер ішіндегі әңгімелесу әдісі кеңінен тараған. Әрине, әңгімелесу балаларды оқу процесіне жұмылдыруға, қарым-қатынас жасауға үйретіп, баланың білім деңгейін анықтауға және тұрақтандыруға септігін тигізеді. Сондай-ақ дефектолог ғалымдар мысалы, С.А.Зыков, бұл әдістің арнайы білім берудегі бірқатар кері жақтарын көрсетеді: әдетте бұл әдіс оқушы әрекетінің бір түрін көрсетуде – баладағы бар білімді шығаруда ғана жетекші болады. Әңгімелесу әдісінде мұғалім сабақ кезінде белсенді тұлға болып, ал баланың қабілеті мен мүмкіндіктері, әр баланың психологиялық ерекшелігі онша есепке алынбайды. Оқушылардың жауабы жиі формальді болып, алдын-ала жатталынған болады. Көп балаларда өзінің даму мүмкіншілігіне қарай әңгімелесу дағдылары мүлдем болмайды. Оларға өз түсінігін сөз түрінде жинақтау үшін, әңгіме кезінде ойша талқылау, өз ойын айту, мұғалімге сұрақ қою, жаңа нәрселерді мұғалімнен топтан білу үшін едәуір уақыт талап етіледі. Бұдан білім алуды ерекше қажеттіліктері бар балалардың бірқатар категорияларының жаңа білімді игерудің алғашқы кезеңдерінде әңгімелесу әдісі онша өнімді еместігі байқалады.
Даму мүмкіншілігі шектелген балалардың қабылдауы жәй, нақты емес, затты бөлшектеп қабылдап, анализі мен синтезі толық емес, детальдердің ұқсастығы мен өзгешелігін табу қиын заттарды піші бойынша тануы нашар болады. Осы себептен оқытуда көрнекілік әдісі қолданылады. Көрнекілік әдісте педагог затты көрсетіп қана қоймай, балаларға объектті зерттеуді үйрету үшін бақылау ұйымдастыру керек.
Тәрбиелеу жұмысының нәтижелігі көрнекілік әдіспен іс-тәжірибелік әдісті қатар қолданғанда артады. Көрнекілік және іс-тәжірибелік әдістер арқылы баланың сенсомоторлық және әлеуметтік тәжірибесі, оқу-танымдық әрекетінің дағдылары, сөйлеуі дамиды.
Тәрбиелеудегі іс-тәжірибелік әдіс түріне дидактикалық ойындар жатады. Ойындар баланың танымдық және ерік көңіл-күй сферасын дамытуға бағытталған, дәлелденген педагогикалық мақсат қызметі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет