2.2 Көру қабілетінде бұзылыстары бар балалар үшін
14. Көрмейтін, нашар көретін және кейіннен көрмей қалған балаларға арналған арнайы жалпы білім беру ұйымының міндеттері алғашқы ауытқушылықтар, қимыл-қозғалыс аясының бұзылыстарының, кеңістікте бағдарлауының орнын толтыру, ұғымдар мен түсініктер жүйесін қалыптастыру, заттық-практикалық қызметін, әлеуметтік қарым-қатынас дағдыларын дамыту.
15. Жалпы орта және кәсіптік орта білім алу мақсатында оқуды жалғастыру төмендегідей:
1) бастауыш білім беру деңгейі – 0, 1-4 сыныптар,
2) негізгі орта білім беру деңгейі – 5-10 сыныптар,
3) жалпы орта білім беру деңгейі – 11-12 сыныптар.
Нашар көретін балалардың жалпы білім беретін мектепке ауысуы оқытудың кез келген кезеңінде мүмкін.
16. Көрмейтін және нашар көретін оқушыларды оқыту негізгі мектептегі оқыту мерзімі ұлғаюына байланысты оқу материалын өзгерту және қайта қарастыру ескерілген жалпы білім беру мектебінің бағдарламалары бойынша іске асырылады.
Көрмейтін оқушыларды оқыту процесінде Брайль жүйесі бойынша рельефті-нүктелік қаріппен басылған жалпы білім беру мектебінің оқулықтары, оқу құралдары мен әдебиеттері қолданылады.
Нашар көретін оқушыларды оқыту көру арқылы қабылдауы үшін қолжетімді ірі қаріппен және арнайы дайындалған суреттермен басылған жалпы білім беру мектебінің оқулықтары бойынша жүргізіледі.
Күрделі бұзылыстары бар көрмейтін және нашар көретін оқушылар барлық оқу жылдарында арнайы оқу жоспарлары мен бағдарламалар бойынша білім алады.
17. Көрмейтін, нашар көретін және кейіннен көрмей қалған балаларды оқыту процесінде жұмыстың арнайы түрлері мен әдістері, көрнекі құралдар, тифлотехника және басқалары қолданылады.
2.3 Тірек-қозғалыс аппаратында бұзылыстары бар балалар үшін
18. Тірек-қозғалыс аппаратында бұзылыстары бар балаларға арналған арнайы білім беру ұйымы: қимыл-қозғалыс қызметтерін қалпына келтіру, қалыптастыру және дамыту, балалардың психикалық және сөйлеу тілінің ауытқушылықтарын түзету, арнайы ұйымдастырылған қимыл-қозғалыс режимі мен заттық-практикалық қызмет негізінде оларды әлеуметтік-еңбекке бейімдеу және қоғамға кіріктіру міндеттерін шешеді.
19. Интеллектісі сақталған тірек-қозғалыс аппаратында бұзылыстары бар балаларға білім беру жалпы орта білім беру көлемінде іске асырылады.
Мектепте білім беру құрылымы:
1) бастауыш білім беру деңгейі – 0, 1-4 сыныптар,
2) негізгі орта білім беру деңгейі – 5-10 сыныптар,
3) жалпы орта білім беру деңгейі – 11-12 сыныптар.
Оқыту негізгі орта білім беру сатысында оқыту мерзімін бір жылға ұзарту арқылы жалпы білім беретін мектептің бағдарламалары мен оқулықтары бойынша іске асырылады.
Арнайы ұйымдастырылған қимыл режимін сақтау қарастырылған. Түзету-педагогикалық қолдау логопедиялық жұмысты, емдік дене шынықтыруды, ортопедиялық жұмысты, физиотерапиялық емдеу шараларын және басқаларын қосады.
20. Ортаны әлеуметтік тұрғыдан бейімдеу және түзету жұмысын жүргізу қажеттілігі: пандустардың, кең есіктердің, мүгедектердің арбасын көтеретін көтергіштердің, баспалдақтың бойына қойылған көтергіштің, автоматты түрде есікті ашу құралының, сондай-ақ емдік дене шынықтыруға арнайы, емдеу шараларын (массаж, физиотерапиялық ем, бассейн) жүргізуге арнайы жабдықталған кабинеттердің болуын қарастырады.
Іргелес аумақ пен арнайы (түзету) ұйымдардың және жүріп-тұруы шектелген балаларға арналған арнайы сыныптар ашылған жалпы білім беру ұйымдарының бөлмелері бар ғимараттардың қолжетімділігі сәулет, қала құрылысы мен құрылыс салаларындағы қолданыстағы мемлекеттік нормативтерге сәйкес қамтамасыз етіледі.
Тірек-қозғалыс аппаратында ауыр бұзылыстары бар, қозғала алмайтын, өзіне-өзі қызмет көрсете алмайтын балалар Қазақстан Республикасының заңнамаларымен белгіленген тәртіпте үйде білім алады.
Достарыңызбен бөлісу: |