Арнайы мектепке дейінгі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидалары


Сөйлеу тілінде бұзылыстары бар балалар үшін



бет11/30
Дата18.01.2023
өлшемі173,42 Kb.
#61799
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   30
Байланысты:
@8; 65=85 07 (1)

2.4 Сөйлеу тілінде бұзылыстары бар балалар үшін

21. Сөйлеу тілінде бұзылыстары бар балаларға арналған арнайы (түзету) білім беру ұйымының ерекше міндеті сөйлеу тілінің дамымауын алдын алу және онымен байланысты психикалық даму ерекшеліктері болып табылады.


Сөйлеу тілінде бұзылыстары бар балаларға мектепте білім беру құрылымы төмендегідей:
1) бастауыш білім беру деңгейі 0, 1-4 сыныптар;
2) негізгі орта білім беру деңгейі – 5-10 сыныптар.
Негізгі орта білім беру деңгейінен кейін бітірушілер жалпы орта білім беру деңгейінде және мамандық алу үшін жалпы білім беру мектебіне немесе техникалық кәсіптік колледждерге ауысады.
22. Бастауыш білім беру деңгейінде оқыту арнайы дидактикалық материалдарды қолдану арқылы арнайы бағдарламалар бойынша іске асырылады. Негізгі орта білім беру деңгейінде оқу процесі мазмұны бейімделетін және оқыту мерзімдерін бір жылға арттыруды ескере отырып қарастырылатын жалпы білім беру бағдарламалары бойынша іске асырылады.
Білім алушылардың сөйлеу тілінің даму деңгейін ескере отырып, қазақ, орыс және шетел тілдерін оқытуға сағаттарды бөлуде нұсқалық рұқсат етіледі.
23. Логопедиялық түзету жұмысы оқушының тұлғалық және зияткерлік әлеуетін дамытуды қамтамасыз ететін сөйлеу тілінде бұзылыстары бар балаларға мектепте білім беру жүйесінің қажетті компоненті болып табылады. Арнайы логопедиялық және түзету-педагогикалық қолдау сөйлеу тілі режимін сақтай отырып, барлық сабақтарда және сабақтан тыс уақытта көрсетіледі.


2.5 Психикалық дамуы тежелген балалар үшін

24. Психикалық дамуы тежелген балаларға арналған арнайы (түзету) білім беру ұйымы ерекше: оқушылардың психикалық дамуы мен эмоционалды-ерік аясын түзету, олардың танымдық қызметін белсендіру, оқу қызметін қалыптастыру міндеттерін шешеді.


25. Психикалық дамуы тежелген балаларға мектепте білім берудің құрылымы төмендегідей:
1) бастауыш білім беру деңгейі – мектепке даярлық сыныптар (бұдан әрі - мдс), 1-4 сыныптар;
2) негізгі орта білім беру деңгейі – 5-10 сыныптар.
Негізгі орта білім беру деңгейінен кейін бітірушілер жалпы орта білім беру деңгейінде және мамандық алу үшін жалпы білім беру мектебіне немесе техникалық кәсіптік колледждерге ауысады.
26. Арнайы сыныптарды толымдау оқытудың бастапқы сатысында – мдс,
1-сыныптар мен кейбірде 2-сыныпта іске асырылады. Оқушыларды жалпы типтегі жалпы білім беру сыныптарына кіріктіру оқытудың кез келген сатысында қарастырылған, сондай-ақ психикалық дамуының айқын байқалатын тежелістері кезінде негізгі орта білім беру деңгейінде арнайы сынып жағдайында білім алуды жалғастыру мүмкіндігі қарастырылған.
27. Оқу күнінің ұзақтығы балалардың шамадан тыс шаршауын ескере отырып белгіленеді: ұзартылған күн тәртібінде бірінші ауысымда оқыту.
28. Бастауыш білім беру деңгейінде арнайы бағдарламалар мен арнайы әдістемелік және дидактикалық материалдарды қолдану қарастырылған. Негізгі орта білім беру деңгейінде оқушылар мазмұны оқыту мерзімі (1 жылға) ұлғаюына байланысты қайта қарастырылатын және әр пән-мұғалімі оқушылардың мүмкіндіктеріне бейімделетін жалпы білім беру мектеп бағдарламалары бойынша білім алады.
29. Оқытудың түзете-дамыту бағыттылығы жалпы білім беру циклінің пәндері, түзету пәндері шеңберінде, сондай-ақ қосымша білім беру жүйесінде жүзеге асырылады. Басқа пәндерге балама ретінде эмоциялық-тұлғалық аясын түзетуді және оқушылардың танымдық әрекетін белсендіруді іске асыруға мүмкіндік беретін эстетикалық циклдегі пәндер (музыка, бейнелеу өнері, дене шынықтыру) саналуы тиіс.
30. Оқу жоспарының түзету компоненті мынадай түзету курстарын («Қоршаған ортамен таныстыру және сөйлеу тілін дамыту», «Түзету ырғағы», «Әлеуметтік-тұрмыстық бағдарлау» (ӘТБ) және жеке-топтық түзету сабақтарын («Сөйлеу тілінің кемшіліктерін түзету» (логопедиялық сабақтар), «Білім алуындағы олқылықтардың орнын толтыру бойынша міндетті түрдегі жеке және топтық түзету сабақтары») қосады.
31. «Білім алуындағы олқылықтардың орнын толтыру бойынша жеке және топтық түзету сабақтары» оқу бағдарламасын меңгеруде қиындыққа кездесетін оқушылар үшін ұйымдастырылады. Сабақтар жеке немесе оқу қиындықтарының ұқсастығы негізінде жинақталған шағын топтарда (2-4 оқушы) жүргізіледі. Бастауыш сынып оқышуларымен жеке-шағын топтық түзету сабақтарын сыныптың негізгі мұғалімі өткізеді. Сабақтарды өткізу ұзақтығы 20-25 минут. Түзету сабақтары жұмыстың әртүрлі нысандары мен түрлерін, балалардың заттық-практикалық және ойын әрекеттерін қолдана отырып, мазмұнын, оқу сабақтары нысанын қайталамауы тиіс.
32. 6-10 сыныптарда білім алуындағы олқылықтардың орнын толтыру бойынша жеке-топтық сабақтарға бөлінген сағаттар пән-мұғалімдері арасында бөлінеді. Білім алушының белгілі бір топта болу ұзақтығы ерекше қиындықтарды түзету дәрежесімен және сыныппен бірге тапсырмаларды орындау дайындығымен анықталады. Сөйлеу тілінде бұзылыстары бар оқушылар үшін логопедпен жеке және шағын топтық сабақтар жүргізіледі.
33. Даму кемшіліктерін алдын алуға («Бейнелеу әрекеті», «Қолданбалы өнер», жүзу, ЕДШ) және еңбекке даярлау бойынша қосымша сабақтарға бағытталған факультативтердің сағаттарын балалардың әлеуметтенуіне мүмкіндік беретін («Сөйлеу тілі және қарым-қатынас мәдениеті», «Өмірлік іс-әрекет қауіпсіздігін қамтамасыз ету», «Экономикаға кіріспе») курстар үшін қолданған жөн.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   30




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет