Арнайы мектепке дейінгі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидалары



бет7/30
Дата18.01.2023
өлшемі173,42 Kb.
#61799
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   30
Байланысты:
@8; 65=85 07 (1)

Оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру

60. Зерде бұзылыстары бар (ақыл-ой кемістігімен) балаларға арналған ұйымдарды қоспағандағы арнайы білім беру ұйымдарының оқу-тәрбие әрекеті мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты (бұдан әрі - МЖМБС) негізінде әзірленген оқу жоспарлары мен бағдарламаларына сәйкес іске асырылады.
Арнайы білім беру ұйымындағы білім мазмұны тәрбиеленушілердің психикалық және дене даму ерекшеліктері мен жеке мүмкіндіктерін ескеріп әзірленген білім беру бағдарламасымен айқындалады.
61. Оқу-тәрбие процесі баланы психологиялық-медициналық-педагогикалық және клиникалық тексеру мәліметтерімен шартталған сараланған және жеке ықпал қағидасы негізінде іске асырылады.
62. Білім беру процесін ұйымдастыру оқу жоспары негізінде құрылады және жылдық күнтізбелік оқу жоспары мен сабақ кестесімен реттеледі.
63. Арнайы білім беру ұйымындағы сабақ кестесі арнайы білім беру ұйымының әкімшілігімен әзірленеді және бекітіледі.
Кестеде күн сайынғы саны, оқу және жеке түзету сабақтарының ұзақтығы мен кезектілігі көрсетіледі.
Сабақтың ұзақтығы бекітілген нормадағы ұзақтыққа сәйкес жүреді. Арнайы білім беру ұйымдарындағы оқу сабақтары сағат 8-ден ерте басталмайды.
64. Даму ауытқуларын алдын алу мақсатында арнайы ұйымның оқушылары (тәрбиеленушілері) үшін (логопедтің, олигофренопедагогтың, тифло және сурдопедагогтың) топтық және жеке түзету сабақтары жүргізіледі.
65. Арнайы білім беру ұйымдарының педагогтарымен қажет болған жағдайда түзету сабақтарын ұйымдастыру бойынша ата-аналарға (заңды өкілдеріне) кеңестер жүргізіледі.
66. Арнайы білім беру ұйымының педагогикалық кеңесі білім алуда қиындыққа кездесетін оқушылар үшін де, мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты шеңберінде қабілетті балалар үшін де жеке оқыту бағдарламалары мен оқу жоспарларын бекітеді.
67. Топтарды жинақтау тәртібі ұйым Жарғысымен және осы Үлгілік қағидалармен реттеледі. Бала дамуының жеке психикалық және дене даму ерекшеліктерімен анықталатын жеке кестесі бойынша арнайы білім беру ұйымына бару рұқсат етіледі.
Топтар бір жас шамасы немесе әр түрлі жас шамасы қағидасы бойынша жинақталады. Бұзылыс түріне қарай баланы топқа жіберу психикалық және дене деңгейі, сөйлеу тілін дамыту, эмоциялық-еріктік жетілуі болып табылады.
68. Арнайы білім беру ұйымына баланы жолдау, болу ұзақтығы мен ауыстыру психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациямен және ата-аналарының (заңды өкілдерінің) келісімімен анықталады.
69. Мектепке дейінгі арнайы ұйымдардың педагог қызметкерлері мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың МЖМБС-ын сақтаған жағдайда баламалы авторлық бағдарламаларды, оқыту мен тәрбиелеудегі жаңа технологияларды таңдауға және пайдалануға, даму мүмкіндігі шектеулі балаларды сауықтыруға құқылы. Жергілікті жағдайға байланысты білім беру ұйымдары қосалқы шаруашылық, оқу-тәжірибелік аумақ, оқу-өндірістік шеберханалар құрады.
70. Арнайы білім беру ұйымында баланың орны сақталады, яғни:
1) бала сырқаттары;
2) баланы медициналық, санаторлық-шипажай және басқа да ұйымдарда емдеу мен сауықтыру;
3) ата-аналардың (заңды өкілінің) біреуіне еңбек демалысын ұсыну;
4) жазғы уақытта екі айға дейін баланы сауықтыру.
71. Арнайы білім беру ұйымы және баланың ата-аналары (заңды өкілдері) арасындағы өзара қарым-қатынас екі жақтың да құқықтары мен міндеттерін реттеуші Шартпен реттеледі. Бала арнайы мектепке дейінгі ұйымға кіретін кезде, сондай-ақ жеке кесте бойынша бала мектепке дейінгі ұйымға баратын кезде Шарт жасалады.
72. Білім беру, тәрбиелеу және түзету процесстерін қамтамасыз ету үшін арнайы мектепке дейінгі ұйымның штатына мамандар (олигофренопедагог, сурдопедагог, тифлопедагог, мұғалім-логопед), сондай-ақ психологтар, әлеуметтік педагогтар, педагог-психологтар, емдік дене шынықтыру нұсқаушылары, тәрбиешілер, тәрбиешінің көмекшілері және басқалары бала санына байланысты кіреді.
73. Арнайы мектепке дейінгі ұйымдардың медициналық қызметкерлері атқаратын қызметіне сәйкес маманның сертификатты болуға міндетті.
Арнайы мектепке дейінгі ұйымдардың медициналық қызметкерлері денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органмен бекітілген тәртіпте аттестациядан өтеді.
74. Арнайы білім беру ұйымын басқару Қазақстан Республикасының заңнамасына, осы Қағидаларға және оқу мекемесінің жарлығына сәйкес іске асырылады.
Басқарудағы алқаластықтың түрлері педагогикалық кеңес, қамқоршылық кеңес, әдістемелік кеңес және басқалары болып табылады.
Арнайы білім беру ұйымын тікелей басқаруды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес белгіленген тәртіпте қызметке тағайындалған және қызметінен босатылған басшы іске асырады.
75. Арнайы білім беру ұйымын құру, қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес іске асырылады.

Қазақстан Республикасы


Білім және ғылым министрінің
2017 жылғы ________ «____ »
№ ____ бұйрығына
3-қосымша




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   30




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет