Арнайы мектепке дейінгі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидалары


Арнайы орта білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидалары



бет8/30
Дата18.01.2023
өлшемі173,42 Kb.
#61799
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   30
Арнайы орта білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидалары



  1. Жалпы қағидалар

1. Осы қызметтің үлгілік қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар)  меншік нысандары мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес бастауыш, негізгі орта, жалпы орта жалпы білім беру бағдарламалары, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламалары негізінде әзірленген арнайы оқу бағдарламаларын іске асырушы білім беру ұйымдарының қызмет тәртібін анықтайды.


2. Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес бастауыш, негізгі орта, жалпы орта жалпы білім беру бағдарламалары, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламалары негізінде әзірленген арнайы оқу бағдарламаларын іске асырушы білім беру ұйымдары келесідей түрлерге бөлінеді:
1) арнайы мектеп;
2) арнайы мектеп-интернат;
3) арнайы «балабақша – мектеп - интернат» кешені;
4) арнайы «мектеп – интернат - колледж» кешені.
3. Арнайы білім беру ұйымы дербес заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы мен өзінің атауы бейнеленген мөріне, Қазақстан Республикасының заңнамасы шотымен белгіленген ағымдағы шотына және басқаларына ие.
4. Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта жалпы білім беру бағдарламалары, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламалары негізінде әзірленген арнайы оқу бағдарламаларын іске асырушы білім беру ұйымдары оқытуды, тәрбиелеуді, балалардың дене және (немесе) психикалық жеткіліксіздігін түзетуді, ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларды (тұлғаларды) күту және медициналық қызмет көрсетуді қамтамасыз етеді.
5. Арнайы білім беру ұйымдары жалпы білім беру ұйымымен бірге негізгі міндеттерді шеше отырып, жоғалған қызметтерді қалпына келтіруге бағытталған арнаулы, біріншілік және екіншілік бұзылыстарды түзетуді, сақталған анализаторлардың қызметін дамытуды бір уақытта орындайды:
1) азаматшылыққа және патриоттыққа, өз Отаны - Қазақстан Республикасына деген махаббатын, мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, халық дәстүрін қадірлеуге, конституцияға қарсы және қоғамға қайшы кез-келген көріністерге төзімсіздікке тәрбиелеу;
2) әлеуметтік-еңбекке бейімдеуге, оңалтуға және қоғамға балалар мен жасөспірімдерді кіріктіруге көмектесетін орын толтырушы дағдыларды қалыптастыру;
3) республиканың қоғамдық-саяси, экономиалық және мәдени өміріне қатысу қажеттіліктерін, тұлғаның өз құқықтары мен міндеттеріне саналы қарым-қатынасын қалыптастыру;
4) әлемдік және қоғамдық мәдениетке жетуге тарту, қазақ және республиканың басқа да ұлттарының тарихтын, салттары мен дәстүрлерін зерделеу, мемлекеттік, орыс, шетел тілдерін меңгеру;
5) оқытудың жаңа технологияларын ендіру, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желіге шығу.
6. Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес бастауыш, негізгі орта, жалпы орта жалпы білім беру бағдарламалары, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламалары негізінде әзірленген арнайы оқу бағдарламаларын іске асырушы білім беру ұйымдары ерекше блім беруге қажеттілігі бар балалардың даму ерекшеліктерін ескере отырып арнайы оқу жоспарларына, арнайы бағдарламаларға сәйкес білім беру процесін іске асырады.
7. Білім беру процесінің нақты міндеттері мен ерекшелігіне, білім алушылар мен тәрбиеленушілерді оңалту бойынша қызмет бағыттарына, сондай-ақ білім беру бағдарламаларын іске асыру деңгейлеріне байланысты арнайы білім беру ұйымдары:
1) көру қабілетінде бұзылыстары бар (көрмейтін, нашар көретін, кейіннен көрмей қалған) балалар үшін;
2) есту қабілетінде бұзылыстары бар (естімейтін, нашар еститін және кейіннен естімей қалған) балалар үшін;
3) сөйлеу тілінде бұзылыстары бар балалар үшін;
4) тірек-қозғалыс аппаратында бұзылыстары бар балалар үшін;
5) зерде (ақыл-ой кемістігімен) бұзылыстары бар балалар үшін;
6) психикалық дамуы тежелген балалар үшін;
7) ерік-жігер аясы мен мінез-құлқының ауытқушылықтары бар балалар үшін;
8) біріктірілген, оның ішінде күрделі бұзылыстары бар балалар үшін құрылады.
8. Арнайы білім беру ұйымдарындағы сыныптардың толықтырылуы құрайды:
1) есту қабілетінде бұзылыстары бар: естімейтін балаларға арналған – 8 баладан артық емес, нашар еститін және кейіннен естімей қалған балаларға арналған – 10 баладан артық емес;
2) көру қабілетінде бұзылыстары бар: көрмейтін балаларға арналған –
8 баладан артық емес, нашар көретін және кейіннен көрмей қалған балаларға арналған – 10 баладан артық емес;
3) тірек-қозғалыс аппаратында бұзылыстары бар балаларға арналған –
8 баладан артық емес;
4) сөйлеу тілінде бұзылыстары бар балаларға арналған – 12 баладан артық емес;
5) психикалық дамуы тежелген балаларға арналған – 12 баладан артық емес;
6) зияткерлік жеткіліксіздігімен (жеңіл ақыл-ой кемістігімен) –
10 баладан артық емес, (орташа ақыл-ой кемістігімен) – 6 баладан артық емес;
7) ерік-жігер аясы мен мінез-құлқының ауытқушылықтары бар балаларға – 6 баладан артық емес;
8) біріктірілген, оның ішінде күрделі бұзылыстары бар балаларға –
6 баладан артық емес.
Жалпы толықтырылуы 6 баладан артық емес болған кезде шағын жинақты мектеп ұстанымы бойынша әр түрлі жастағы сыныптар құрылуы мүмкін.
Оқушыларды қабылдау және сыныптарды жинақтау психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияларға (бұдан әрі - ПМПК) сәйкес жүргізіледі.
9. Ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестациялау құзыреттілігіне сәйкес білім беруді басқаратын мемлекеттік органдармен жоспарланған тәртіпте бес жылда бір рет жүргізіледі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   30




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет