Арнайы мектепке дейінгі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидалары


Зерде бұзылыстары бар (ақыл-ой кемістігімен) балалар үшін



бет5/30
Дата18.01.2023
өлшемі173,42 Kb.
#61799
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30
Байланысты:
@8; 65=85 07 (1)

2.5 Зерде бұзылыстары бар (ақыл-ой кемістігімен) балалар үшін

42. Зерде бұзылыстары бар (ақыл-ой кемістігімен) балаларға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпы білім беру оқу бағдарламалары негізінде әзірленген арнайы оқу бағдарламаларды іске асырушы арнайы білім беру ұйымдарына (топтарына) ақыл-ой кемістігімен және түрлі генездегі зияткерлік жеткіліксіздігі бар балалар, сондай-ақ зияткерлік жеткіліксіздігімен қатар жүретін аутистік спектрдегі бұзылыстары бар балалар қабылданады.


43. Балалардың зияткерлік бұзылыстарының ауырлық дәрежесіне байланысты топтардың толықтырылуы төмендегідей балалар үшін:
1) жеңіл ақыл-ой кемістігі – 12 баладан артық емес;
2) орташа ақыл-ой кемістігі – 6 баладан артық емес.
44. Зияткерлік бұзылыстардың ауырлығы мен сипатына қарай психикалық дамуы тежелген (бұдан әрі - ПДТ), жеңіл және орташа ақыл-ой кемістігі бар балалар үшін топтар құрылады.
45. Балаларға түзете – дамыту көмегі жеке бағдарлама негізінде көрсетіледі.
46. Ақыл-ой кемістігі бар балалардың даму бұзылыстарын түзетуді топтық, шағын топтық және жеке сабақтар нысанында олигофренопедагог, мұғалім-логопед жүзеге асырады.
2.6 Психикалық дамуы тежелген балалар үшін

47. Психикалық дамуы тежелген балаларға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпы білім беру оқу бағдарламалары негізінде әзірленген арнайы оқу бағдарламаларды іске асырушы арнайы білім беру ұйымдарына (топқа):


1) психикалық дамуы тежелген балалар;
2) 0-6 жас аралығында қойылған кохлеарлы импланты бар балалар;
3) эмоциялық ерік-жігер аясының бұзылуымен қатар аутистикалық спектрдағы бұзылыстардың психикалық даму тежелісімен үйлесетін балалар қабылданады.
48. Психикалық дамуы тежелген балалар үшін (3 жасқа дейін және одан жоғары) жасына байланысты топтардың толықтырылуы төмендегіні құрайды:
1) 3 жасқа дейін – 8 баладан артық емес;
2) 3 жастан жоғары – 12 баладан артық емес.
49. Психикалық дамуы тежелген балаларға арналған мектепке дейінгі ұйымда балалардың болу узақтығы психикалық даму тежелісінің ауырлығына қарай ПМПК-ның қортындысына сәйкес бекітіледі.
50. Балалардың даму бұзылыстарын түзетуді дефектолог (олигофренопедагог, мұғалім-логопед), психолог топтық, шағын топтық және жеке түзету сабақтары нысанында жүзеге асырады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет