Арнайы мектепке дейінгі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидалары


Есту қабілетінде бұзылыстары бар (естімейтін және нашар еститін, кейіннен естімей қалған) балалар үшін



бет3/30
Дата18.01.2023
өлшемі173,42 Kb.
#61799
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30
Байланысты:
@8; 65=85 07 (1)

2.2 Есту қабілетінде бұзылыстары бар (естімейтін және нашар еститін, кейіннен естімей қалған) балалар үшін

20. Есту қабілетінде бұзылыстары бар балаларға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпы білім беру оқу бағдарламалары негізінде әзірленген арнайы оқу бағдарламаларды іске асырушы арнайы білім беру ұйымына (топқа) қабылданады:


1) естімейтін, нашар еститін және кейіннен естімей қалған сөйлеу аймағының 40-тан 80 Дб-ге дейінгі және одан жоғары (жиілігі 500 герцтен бастап 4000 герцке дейін) аралығындағы есту қабілетін жоғалтқан;
2) белсенді сөйлеу қабілетінің қабылдауы мен дамуының деңгейі төмен кохлеарлы импланты бар балалар, бастапқы интеллектісі сақталған есту қабілеті бұзылған аутистік спектрдегі бұзылыстары бар қабылданады.
21. Есту қабілетінде бұзылыстары бар балаларға арналған топтарға төмендегідей балалар қабылданады:
1) қатты дауысқа елең етпейтін балалар;
2) қатты дауысты елейтін балалар;
3) құлақ қалқанының қасында қалыпты сөйлеу диапазонындағы дауыстарды елейтін балалар;
4) кейбір сөйлеу тілі дыбыстарын (а, о, у, р) ажырата алатын, құлақ қалқанының қасында жоғары айтылған қатты дауыстарды елейтін, сөйлеу тілінде 90 дб-ден көп есту қабілетінің орташа бұзылыстары бар балалар.
22. Нашар еститін және кейіннен естімей қалған балаларға арналған топтарға төмендегі:
1) мектепке дейінгі және мектеп жасындағы естімей қалған, бірақ айқын бұзылыстарымен сөйлеу тілін сақтаған;
2) 40-тан 80 дб-ге дейінгі сөйлеу тілі аймағында есту қабілетінің орташа бұзылысы бар, сөйлеу тілін (құлақ қалканынан 3 метр қашықтықта қалыпты сөйлесу қаттылығында сөйлемдер, сөздер) ажырата алатын және сөйлеу тілінің түрлі денгейде дамымауы бар есту қабілетінің жеткіліксіздігі салдарынан зардап шеккен;
3) 80 дб-ден 90 дб-ге дейінгі сөйлеу тілінің аймағындағы есту қабілетінде бұзылыстары бар балалар (диагностикалық (сынақ) оқытуға қабылданады);
4) есту қабілеті 40 дб-ден 80 дб-ге дейінгі аралықта бұзылған есту (аудиторлық) нейропатиясы мен сөйлеуді қабылдауы бұзылған;
5) белсенді сөйлеу қабілетінің қабылдауы мен дамуының деңгейі төмен кохлеарлы импланты бар балалар қабылданады.
23. Жасына байланысты топтарды толықтыру (3 жасқа дейін және одан жоғары) төмендегі балалар үшін құрылады:
1) естімейтіндерге екі жас ерекшелік топ үшін 8 баладан артық емес;
2) 3 жасқа дейінгі нашар еститіндерге және кейіннен естімей қалғандарға – 8 баладан артық емес және 3 жастан жоғары – 10 баладан артық емес.
24. Есту қабілетінде бұзылыстары бар балаларға арналған топтар жас ерекшелігі және сөйлеу тілінің даму деңгейін ескере отырып, топтастырылады.
25. Жаңадан қабылданатын балалар жас ерекшелігіне қарамастан бірінші жылдағы тәрбиелеу және оқу топтарына қабылданады. Бірінші жылдағы тәрбиелеу мен оқыту бағдарламасынан өтпеген 5-6 жастағы балалар өз бетінше топтарға қабылданады және бір жыл ішінде алғашқы үш жылдың бағдарламасын өтеді.
26. Диагностикалық түзете-дамыта оқытуға сөйлеу аймағында есту қабілеті 80-нен 90 дБ-ге дейін бұзылған, 40-тан 80 дБ-ге дейін есту қабілетінен жеңіл деңгейде айырылған сөйлеу қабілетінің бұзылулары бар (сенсорлық компоненті бар сенсоневралды естімеу) балалар қабылданады.
27. 30-дан 40 дБ-ге дейін есту қабілетінен айырылған балалар мектепке дейінгі ұйымдарға жолданады.
28. Төртінші деңгейдегі естімейтін балаларды оқыту шарттарын және білім беру бағдарламасының типін анықтау барысында есту қабілетінен айрылу деңгейіне қарай олардың мүмкіндіктерін ескеру қажет:
1) 1 а тобы – төменгі жиіліктегі есту сезімдері сақталған кезде жоғары жиіліктегі есту қабілетінің жоғалуы; есту қабілетінің 250 Гц жиілікте төмендеуі 35 дБ-ден аспайды; сөйлеу диапазонындағы 1000 Гц-тен жоғары барлық жиілікте есту қабілетінің 20 дБ-ге дейін төмендеуі және есту қабілетінің жоғалуы кемінде 80 дБ.
Аталған топтағы балалар сөйлеу тілінің дамуы үшін кеңірек сөйлеу диапазоны мен жағымды болжамға ие, қарапайым фразалық сөйлеу тілін меңгереді және нашар еститін балаларға арналған бағдарлама бойынша оқиды;
2) 1 б тобы – төменгі жиіліктегі есту сезімдері аздап төмендеген кезде жоғары жиіліктегі есту қабілетінің жоғалуы; 250 Гц жиілікте есту қабілетінің төмендеуі 45-55 дБ-ді құрайды; жоғары жиілік аймағындағы есту қабілетінің түсуі 80 дБ-ден асады.
Балалардың сөйлеу тілі нашар еститін балаларға арналған бағдарлама бойынша білім алуына мүмкіндік беретін сөздер және сөз тіркестері көрсетілген.
3) 2 а тобы – 65-тен 85 дБ-ге дейінгі барлық жиілікте бір қалыпта есту қабілетінің жоғалуы; сөйлеу тілі бөлек былдыр сөздерді қолданумен ерекшеленеді;
4) 2 б тобы – 90 дБ-ден жоғары есту қабілетінің кенеттен бір қалыпта төмендеуі, аталған топтағы балалар сөйлей алмайды.
Төртінші деңгейдегі 2 а – 2 б топтарындағы саңырау балалар естімейтін балаларға арналған бағдарлама бойынша білім алады.
29. Арнайы мектепке дейінгі ұйымдарда мектепалды даярлықтан өтпеген
6 жастағы есту қабілетінде бұзылыстары бар балалар есту қабілетінде бұзылыстары бар балаларға арналған арнайы жалпы білім беру ұйымдарының мектепалды даярлық сыныптарына қабылданады.
30. Есту қабілетінде бұзылыстары бар балалардың даму ауытқуларын түзету естіп қабылдауын дамыту бойынша топтық, шағын топтық және жеке түзету сабақтары нысанында дефектолог (сурдопедагог) жүзеге асырады.
31. Зерде бұзылыстары бар (жеңіл және орташа ақыл-ой кемістігі) естімейтін, нашар еститін және кейіннен естімей қалған, тірек-қозғалыс аппаратында немесе көру қабілетінде бұзылыстары бар балаларға түзете-дамыту көмегі жеке оңалту бағдарламасы негізінде көрсетіледі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет