Арнайы мектепке дейінгі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидалары



бет1/30
Дата18.01.2023
өлшемі173,42 Kb.
#61799
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30
Байланысты:
@8; 65=85 07 (1)


Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2017 жылғы ________ «____ »
бұйрығына № _______
1-қосымша

Арнайы мектепке дейінгі білім беру ұйымдары
қызметінің үлгілік қағидалары



  1. Жалпы ережелер

1. Осы қызметтің үлгілік қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) меншік нысаны және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпы білім беру оқу бағдарламалары негізінде әзірленген арнайы оқу бағдарламаларды іске асырушы білім беру ұйымдары қызметінің тәртібін айқындайды.


2. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпы білім беру оқу бағдарламалары негізінде әзірленген арнайы оқу бағдарламаларды іске асырушы білім беру ұйымдары келесі түрлерге бөлінеді:
1) арнайы бөбекжай балабақша;
2) арнайы балабақша;
3) арнайы «балабақша – мектеп - интернат» кешені.
3. Арнайы бөбекжай балабақша, балабақша, «балабақша-мектеп-интернат» тәрбиелеуді, оқытуды, балалардың дене және (немесе) психикалық даму кемшіліктерін түзетуді, мектеп жасына жеткенге дейін балаларды күту мен медициналық қызмет көрсетуді қамтамасыз етеді.
4. Арнайы бөбекжай балабақша, балабақша, «балабақша-мектеп-интернат» кешені төмендегідей міндеттерді шешеді:
1) балалардың дамуындағы психикалық және дене даму ерекшеліктерін ескере отырып, балаларды әлеуметтік бейімдеуге, тәрбиелеу мен оқытуға арналған қолайлы жағдайлармен қамтамасыз ету;

  1. баланың жеке дамуын кешенді сүйемелдеумен қамтамасыз ету;

  2. балалардың дене және (немесе) психикалық дамуындағы кемшіліктерді түзетуді жүзеге асыру;

  3. әлеуметтік бейімдеуге ықпал ететін қызметтің орын толтыру тәсілдерін қалыптастыру;

  4. мүмкіндіктері шектеулі балаларды мектепте оқыту үшін бастапқы тең мүмкіндіктерді қамтамасыз ету;

  5. балаларға тамақтану мен медициналық қызмет көрсетуді қамтамасыз ету.

Медициналық қызмет көрсету, балалардың өмірі мен денсаулығын сақтауды қамтамасыз ету Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
5. Білім беру процесінің нақты міндеттеріне және ерекшеліктеріне, білім алушылар мен тәрбиеленушілерді оңалту бойынша қызметінің бағыттарына, сондай-ақ жүзеге асырылатын білім беру бағдарламалары деңгейлеріне байланысты арнайы бөбекжай балабақшалар, балабақшалар, «балабақша-мектеп-интернат» кешендері ерекше білім беруге қажеттілігі бар:
1) көру қабілетінде бұзылыстары бар (көрмейтін, нашар көретін, кейіннен көрмей қалған) балалар үшін;
2) есту қабілетінде бұзылыстары бар (естімейтін, нашар еститін, кейіннен естімей қалған) балалар үшін;
3) сөйлеу тілінде бұзылыстары бар балалар үшін;
4) тірек-қозғалыс аппаратында бұзылыстары бар балалар үшін;
5) зерде (ақыл-ой кемістігі) бұзылыстары бар балалар үшін;
6) психикалық дамуы тежелген балалар үшін;
7) эмоциялық ерік-жігер сферасы мен мінез-құлқында бұзылыстары бар балалар үшін;
8) біріктірілген, соның ішінде күрделі бұзылыстары бар балалар үшін құрылады.
Балаларды қабылдау және топтарды жинақтау психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация қорытындысымен сәйкес жүргізіледі.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет