Арнайы мектепке дейінгі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидалары


Сөйлеу тілінде бұзылыстары бар балалар үшін



бет4/30
Дата18.01.2023
өлшемі173,42 Kb.
#61799
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30
Байланысты:
@8; 65=85 07 (1)

2.3 Сөйлеу тілінде бұзылыстары бар балалар үшін

32. Сөйлеу тілінде бұзылыстары бар (бұдан әрі - СТБ) балаларға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпы білім беру оқу бағдарламалары негізінде әзірленген арнайы оқу бағдарламаларды іске асырушы арнайы білім беру ұйымына (топқа) 2 жастан мектеп жасына дейінгі:


1) сөйлеу тілінің дамуы тежелген (2-ден 3 жасқа дейін);
2) алалия, афазия, дизартрия, ринолалия, тұтықпа, 1-2 деңгейдегі саңырау және басқа да сөйлеу тілінде бұзылыстары себебінен 1-3 деңгейіндегі жалпы сөйлеу тілі жетілмеген;
3) 0 жастан 6 жасқа дейінгі балаларға кохлеарлы имплант қойылған;
4) бастапқы интеллектісі сақталған кезде сөйлеу тілінде бұзылыстары белгіленген аутистік спектрдегі бұзылулары бар балаларды қабылдау жүзеге асырылады.
Бұл балаларды оқыту мен тәрбиелеу олардың жеке ерекшеліктерін ескере отырып, жүзеге асырылады. Түзете-дамыту көмегі жеке оңалту бағдарламасы негізінде көрсетіледі.
33. Сөйлеу тілінде бұзылыстары бар балалар үшін топтардың жасына байланысты (3 жасқа дейін және одан жоғары) толықтырылуы:
1) 3жасқа дейін – 10 баладан артық емес;
2) 3 жастан кейін – 12 баладан артық емес құрайды.
34. Сөйлеу тілінде бұзылыстары бар балаларға арналған мектепке дейінгі ұйымда балалардың болу узақтығы сөйлеу тілінің бұзылыс ауырлығына байланысты психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның (бұдан әрі – ПМПК) қорытындысы бойынша бекітіледі.
35. Сөйлеу тілінде бұзылыстары бар балаларға арналған топтар балалардың жасына және сөйлеу тілінің даму деңгейіне қарай толымдалады.
36. 5-7 жастағы сөйлеу тілінің фонетикалық және фонетикалық-фонематикалық дамымауы бар балаларға мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында топтар ашылады немесе логопедиялық пункттерде түзету көмегі көрсетіледі.
37. Сөйлеу тілінің даму бұзылыстарын түзетуді мұғалім – логопед топтық, шағын топтық және жеке түзету сабақтары нысанында жүзеге асырады.


2.4 Тірек-қозғалыс аппаратында бұзылыстары бар балалар үшін

38. Тірек-қозғалыс аппаратында бұзылыстары бар балаларға (бұдан әрі - ТҚАБ) арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпы білім беру оқу бағдарламалары негізінде әзірленген арнайы оқу бағдарламаларды іске асырушы арнайы білім беру ұйымына (тобына):


1) жеке күтуді қажет етпейтін, өз бетінше қозғала алатындар;
2) арнайы қозғалыс құралдары және/немесе техникалық компенсаторлық (көмекші) құралдары көмегімен қозғала алатындар;
3) балабақшаға физикалық қолжетімділік үшін арнайы жағдайларды: пандустармен, кең есіктермен, мүгедектер арбасын көтергішпен, баспалдақ бойындағы көтерілетін жолмен, есікті автоматты ашу құралымен қамтамасыз еткен жағдайда өз бетінше қозғала алмайтындар;
4) 0 жастан 6 жасқа дейін белгіленген кохлеарлы импланты бар балалар қабылданады.
39. Тірек-қозғалыс аппаратында бұзылыстары бар балалар үшін топтардың жасына байланысты (3 жасқа дейін және одан жоғары) толықтырылуы:
1) 3 жасқа дейін – 10 баладан артық емес;
2) 3 жастан жоғары – 12 баладан артық емес.
40. Қимыл-қозғалыс бұзылыстарымен қатар жеңіл және орташа ақыл-ой кемістігі бар балаларға түзете-дамыту көмегі жеке бағдарлама негізінде көрсетіледі.
41. ТҚАБ бар балаларға оқыту процесін психологиялық-педагогикалық ықпал етуді қамтамасыз ету үшін мектепке дейінгі ұйымдарда арнайы емдік дене шынықтыру (бұдан әрі - ЕДШ) кабинеттері жабдықталады. ТҚАБ бар балаларды ЕДШ сабақтары үшін топтар бойынша бөледі:
1) жеке күтуді қажет етпейтін, өз бетінше қозғала алатын;
2) қимыл-қозғалыс белсенділігі орташа шектелген;
3) анық байқалатын (ауыр) қимыл-қозғалыс бұзылыстары бар.
Жеке күтуді қажет етпейтін, өз бетінше қозғала алатын балалар 10-15 адамнан тұратын ЕДШ жалпы топтарында дайындала алады.
Қимыл-қозғалыс белсенділігі орташа шектелген балалар 10-15 адамнан тұратын жалпы топтарда және ЕДШ нұсқаушысымен жеке дайындала алады.
Анық байқалатын (ауыр) қимыл-қозғалыс бұзылыстары бар балалар ЕДШ-ды ата-аналарымен бірге күніне 2 рет 30-35 минуттан жеке дайындалады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет