Арнайы мектепте қазақ тілі јдістемесі



бет34/67
Дата08.05.2023
өлшемі450,92 Kb.
#91062
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   67
Байланысты:
Àðíàéû ìåêòåïòå ?àçà? ò³ë³ ¼ä³ñòåìåñ³

15-16 сабақ


Тақырыбы: У әрпі
Мақсаты: У у әрпімен таныстыру және жазуға дағдыландыру. Әліппеде у әрпінің жазылуы 45 те көрсетілген.
Сабақты көрсетілімділік және көрнекі құралдар арқылы бекіту. Бұл сабақта алдыңғы сабақтардағы бағандағы сөздерде кездескендей, сөзге дыбысты қосу арқылы сөзден сөз туындатып оқуға оқушылардың назарын аударту. Мысалы, ауа-науа, аула, ау-тау. А-нау-нан. сөйлемді талдап жазғызу. Сондай-ақ сөздің бір дыбысын өзгерту арқылы жаңа сөз жасау. Мысалы, ну-ту. Осы ерекшеліктерді мұғалім барлық сабақтарда да өз назарынан тыс қалдырмауы тиіс.

17-18 сабақ


Тақырыбы: Қ қ дыбысы
Әліппеде 58 те берілген. Қ дауыссыз дыбыс, ол сөздің барлық буынында келетінін оқушылар өздері қорытындылайды.
Оқулықтағы қаз, лақ, қошқар суреттері таныстырылып талданады және тұтатас созып оқытылады.
Схема бойынша буындар мен қысқа сөздер мұғаліммен бірге хормен және жеке оқытылады. Бағандағы сөздерді оқып, мағынасын түсіндіру.
Суретке қарап оқушылардың өздеріне сұрақ-жауап арқылы сөйлемдер құрату. Сұрақты дұрыс қоя білуге, толық жауап қайтаруға үйрету.
Оқулықтың 59 індегі бағандағы сөздерді оқып, мағынасын түсіндіру. Әр бағандағы сөздерді жасалу жолдарына қарай салыстыру.Сұрақ-жауап сөйлемдердің жаңа түрімен таныстыру. Сөйлемдерді дұрыс интонациямен оқуға жағдыландыру.
Әліппеде берілген 60 тегі суретке қарап сұрақтар бойынша әңгіме құрау.

19-20 сабақ


Тақырыбы: Қ қ әрпі
Мақсаты: Бірінші сабақта 58 тегі кіші қ әрпімен және буындар, қысқа сөздерді жазып дағдыландыру.Үлестірмелі дидактикалық материалдар
арқылы сабақты бекіту.Сабақты көрсетілімділік және көрнекі құралдар арқылы бекіту. Бұл сабақта алдыңғы сабақтардағы бағандағы сөздерде кездескендей, сөзге дыбысты қосу арқылы сөзден сөз туындатып оқуға оқушылардың назарын аударту. Мысалы, қар, қой, қара сөздерді талдап жазғызу. Ал екінші сабақта үлкен Қ әрпімен таныстыру.Сурет бойынша жұмыс жүргізу. Қанат, Қуат деген сөздерді буындап және тұтас жазуға дағдыландыру.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   67




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет